Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет64/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Дәр әс-сәләм ملاسلا راد – Бейбіт үй, Бейбітшілік үйі немесе бейбітшілік мекені. 
Жаннаттың бір атауы. 
«Ал Алла (құлдарын) дәр әс-сәләмға [жұмаққа] шақырады һәм қалағанын 
тура жолға салады!» («Юнус» сүресі, 25-аят).
Дәргей. Дәргаһ. Құзыр, билік. «Дәргей» сөзі Аллаһ тағалаға дұға жасап, мінә-
жат еткен кезде «Өз дәргейіңде осы дұғамызды қабыл ет» деген тіркесте қолданы-
лады. Яғни Өзің құзыретіңде біздің дұға-тілектерімізді қабыл ет. 
«Шешесі сонда сөйледі, 
Уа дедім Құдайға
Дәргаһына бас ұрдым» (Қыз Жібек). 
«Не қылғаным, жасаған, 
Талай тышқанды асағам
Сенен қалай жасырам?!
Мейірімді түсір деп, 
Күнәйімді кешір деп, 
Дәргаһыңа бас ұрам» (М.Жұмабаев, Шығ.).
Дәрет. Дәрет (удуу) ءوضو – кейбір құлшылықты өтеу үшін арнайы тазала-
ну. Шариғатта намаз және басқа да ғибадаттардың қабыл болуы үшін таза сумен 
ауыз-мұрынды шаю, бетті, шынтақпен қоса екі қолды, тобықпен қоса аяқты жуу 
және басқа мәсіх тарту «дәрет» деп аталады. 
Дәрет алу тәртібі: дәрет алатын адам алдымен ниет етіп, Аллаһтың атымен 
бастайды. Сосын екі қолын саусақтарымен қоса білезігіне дейін ысқылап үш рет 
жуады. Кейін үш рет аузына су алып, шаяды. Ауызды мисуакпен немесе тіс щетка-
сымен тазалаған жақсы. Ол жоқ болса, сұқ саусақпен тазаласа да болады. Одан ке- 
йін алақанға су алып, мұрынға жібереді де, артынша сіңбіріп тастайды. Бұны да үш 
рет қайталайды. Сосын алақанға су алып, бетін толық үш рет жуады. Сонан соң оң 
қолын шынтақпен қоса үш рет, артынша сол қолын шынтақпен қоса үш рет жуады. 
Бұдан соң қолын сулап, басына маңдайынан бастап, желкесіне дейін бір рет артқа, 
сосын желкесінен маңдайына қарата бір рет алға мәсіх тартады. Сосын қолын қай-
та сулап, ішімен қосып екі құлағына мәсіх тартады. Содан соң екі қолдың жанымен 
мойынға мәсіх тартады. Одан кейін тобығымен қоса оң аяғын үш рет жуады. Аяқты 
жуған кезде бармақтардың арасына судың барғанын қадағалау керек. Пайғам-
бар (с.а.с.) қолының шынашағымен аяғының бармақтарының арасын жуатын 
еді. Одан кейін сол аяғын оң аяғы секілді үш рет жуады. Дәрет алып болғаннан 
кейін дәрет алған суынан дәм татады. Сосын тілін кәлимаға келтіріп, Пайғам-


93
барға (с.а.с.) салауат айтып, дәрет алғаннан кейін оқылатын дұғаны оқыған абзал
(Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат). Қазақ тілінде «дәрет» сөзі ислам шариғатын-
да көрсетілген терминдік мағынасында қолданылады. 
«Нағима ойдан серпіліп, дәретінің барында таза ниетпен таң намазын оқып 
алмақшы болды» (Б.Майлин, Шығ.).
«Бата жасалып, дастарқан жиналысымен екінді намазын өтемекке үйдегілер 
тысқа шығып дәрет ала бастады» (М.Абдірахманов, Көктем.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет