тікелей (жою, енгізу, акклиматизация, қорғау) және
жанама (ланшафтылар мен оның жеке құрамдас бөліктерінің өзгерісі - орманның кесілуі, жердің жыртылуы, пайдалы қазбалардың өндірілуі, карьерлердің, үйінді, террикондардың пайда болуы т.б.) болуы мүмкін. Жанама антропогендік факторлар бір уақытты көп аумақты қамти отырып, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде, қоршаған ортаға өзгерістерді тудырады.
Антропогендік факторлардың азайту жолдары
Рекульвитация бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны шаруашылық салаларына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешенді жұмыс. Рекульвитациялық жұмыстарды, табиғи, мсәдени, санитарлық-гигиеналық, тағы да басқа қоғамның талаптарын ескеріп, ландшафтың барлық элементтерін қалпына келуін қарастыратын жалпы аумақтық жоспарлау аясында жүргізілу керек. Рекульвитация жұмысының табыстылығы белгілі бір дәрежеде қарашірік қабатының жатуына, грунтты ұңғылау барысындағы тау-кен өндіру ісінің дұрыс жүргізілуіне байланысты.
Рекульвитацияның төрт бағыты болады:
*ауылшаруашылық қолданысы;
*орман егу;
*суқоймалары;
*тұрғын үй құрылысы.
Рекульвитацияланған жер шаруашылығы үшін, рекреациялық үйінділерін, карьерлердің жағалық шегін, санитарлық, эрозияға қарсы эстетикалық зоналар үшін пайдаланылады.
Мелиорация (лат. melioration - жақсарту, melior - ең жақсысы) - Жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Аумақтың су режимін жақсартуға бағытталған жұмыстар:
гидромелиорация;
биологиялық мелиорация;
агромелиорация:
құм, жыраларды көгалдандыру;
егістікті қорғайтын орман жолақтарын құру және
жерді үнемсіз жырту нәтижесінде эрозияға ұшыраған, шайылып кеткен топырақты шалғындандыру.
Ауаның экологиялық жағдайын жақсарту үшін жасалған іс-шаралардың бейне баяны : Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту үшін ескірген көліктерді азайту керек :https://youtu.be/a7grk6_XmI0