Мультимедиялық оқыту презентацияларын құру ережелері



Дата22.01.2023
өлшемі118,1 Kb.
#62257
түріПрезентация
Байланысты:
Мультимедиялық оқыту презентацияларын құру ережелері

Мультимедиялық оқыту презентацияларын құру ережелері

Мультимедиа – бұл әртүрлі формада (мәтін, графика, дыбыс, бейне, анимация) берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің аппараттық және программалық құралдар кешені.

Мультимедиа – бұл әртүрлі формада (мәтін, графика, дыбыс, бейне, анимация) берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің аппараттық және программалық құралдар кешені.

Мультимедиа технологиясы (ағылшынның multimedia – көп компонетті орта) мәтін, графика және бейне мультипликацияны пайдалануға мүмкіндік береді, оқу процесіндегі компьютердің қолданылу саласын кеңейтеді.

Мульдимедиямен қамтамасыз етілген сабақ - оқыту үшін мультимедияны пайдаланатын сабақ.

Мульдимедиямен қамтамасыз етілген сабақ - оқыту үшін мультимедияны пайдаланатын сабақ.

Мультимедиялық презентация – материалдың көрнектілігі (сабақтың ақпараттық, дидактикалық, визуалды құрастырушысы).

Мульдимедиямен қамтамасыз ету уақыты – бірнеше минуттан бастап сабақтың толық уақыты.

Мультимедиялық сабақ, «Мини-технология» ретінде нақты мақсаты мен міндеттері көрсетілген сабақ жоспары - оқытудың негізгі нәтижесіне бағдарланған.

Мұғалімнің ролі – оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушысы, бағыттаушысы.

Мультимедиялық сабақты дайындау жоспары

1. Сабақтың тақырыбын тұжырымдау;

2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау;

3. Сабақтың құрылымын әзірлеу:

-кезеңдері;

-сабақта оқушылардың іс-әрекеттерінің түрлері;

- сабақтың әр кезеңінде бақылау түрлері;

4. Сабақты өткізу үшін бағдаламамен қамтамасыз етуін және құралдар жиынтығын анықтау;

5. Сабақтың мазмұнын анықтау және дайындау:

  • көрнектілік материал (мәтіндік, графикалық, дауыс беру, бейне және т.б.),
  • практикалық жұмысқа арналған материал;
  • өздік жұмысқа арналған материал;
  • бақылау-өлшеуіш материалдары;
  • қосымша, анықтамалық материалдар;
  • әдебиеттер мен ақпараттарға сілтемелер;
  • 6. Оқу контентін әзірлеу;

    7. Оны қарап шығу.

Мультимедиялық презентацияны құрастырған кезде келесілерді ескеру қажет:

  • Оқушылардың психологиялық және жас шамалық ерекшеліктері.
  • Оқытудың мақсаттары мен нәтижесі.
  • Танымдық кеңістігінің құрылымы.
  • Сабақта оқышылардың орналасуы.
  • Нақты сабақта нақты міндеттерді шешу үшін компьютерлік технологияның ең тиімді элементтерін таңдау.
  • Оқу материалының түстік үйлесімділігі.

Графика мен мәтінді қолдану
1. Презентацияның барлық слайдтарында түстік үйлесімділігі жинақы және бірдей болу керек.
2. Таблицалар, графикалар, схемалар, суреттер ашық және жылдам ойлап табуға икемдену керек.
3. Мәтін оқуға болатындай. Бірдей шрифт. Бір өлшем және бір түспен мәтінді белгілеу.
Мәтіннің астын сызуға ұсынылмайды!
Анимацияны қолдану
Кез келген процестің даму динамикасын көрсету үшін немесе оқушылардың назарын аудару үшін анимациялық эффектілерді пайдаланады. Мұндай эффектілерімен аса көп қолданбау керек, өйткені аудитория негативті әсерге шалдығады және оқу ақпаратын қабылдау әсері азаяды.
Гиперсілтемелерді қолдану 
1. Сабақтың интерактивті жоспарын құру.
2. Сабақтың оқу үзінділерінің әр түрлі тізбегін құрастыру
3.Сыртқы оқу материалдарына сілтемелер қосу (бейне, мәтіндер, тестілер, тренажерлар, анықтама қорлары, интернетке сілтемелер).
4. Өздік жұмыстырында оқушылар өздеріне қолайлы тапсырмаларды таңдау.

Оқу презентациясының құрылымы

Оқу презентациясының құрылымы

  • Басты бет (сыныбы, пәні, бөлімә, сабақтың тақырыбы, құрастырушысы)
  • Сабақтың құрылымы (гипермәтінді қолдану)
  • Мақсат, міндеттер (оқытушылық, дамытушылық)
  • Тірек білімнің картасы (сабақ басындағы білім)
  • Сабақ мазмұнының картасы (жаңа тақырыпты түсіндіру үшін қолданылатын материалдар)
  • Сабақтың мазмұны (жаңа тақырыпты түсіндіру)
  • Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар
  • Рефлексия (сабақтың қорытындысы)
  • Үй жұмысы
  • Қолданған әдебиеттерге сілтемелер.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет