MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фондта орналастырылған объектілер немесе текст тұруы мүмкін
MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фондта орналастырылған объектілер немесе текст тұруы мүмкін.
MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фондта орналастырылған объектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Слайд - көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер, дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.
Слайд фильмдерді жасаудың құралы - MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді.
Слайд дегеніміз - тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект.
Мультимедиялық презентацияға қойылатын талаптар
Презентация жасағанда мына ұсыныстарды ескеру керек:
1. Презентацияны алдын ала жоспарлау - оның мақсаты мен жалпы мазмұнын анық білу;
2. Әр слайд мәнді және есте қаларлықтай болуы керек;
3. Слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн;
4.Импортталатын бейне пішімін таңдағанда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру;
5. Кескіндегі объект фоннан түсі бойынша ерекшеленуі керек;
6. Фотокескінді редакциялау үшін арнайы программаларды қолдану тиімді;
7. Слайдты безендіру үшін кереғар және үйлесімді түстерді таңдау.
Стилі
Стилі
- Безендірудің біркелкі стилін сақтау;
- Презентацияның өзінен алаңдататын стильден аулақ болу;
- Көмекші ақпараттар (басқарушы тетіктер) негізгі ақпараттардан (мәтін, суреттер) басым болмауы қажет.
Фоны
- Фоны үшін неғұрлым суық реңдерді таңдау қажет (мысалы, көк немесе жасыл).