( Музыкалық аспаптар туралы)
1. Ұзын мойын екі ішек,
Қатар – қатар тепкішек.
Басып қалсаң бір-бірлеп,
Күй шығады күмбірлеп, ( Домбыра)
2.Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды. ( Сыбызғы)
3.Сексен бес тілі бар,
Әр тілдің өзіне тән үні бар. ( Күйсандық)
Ұсынылып отырған жұмбақтарды оқушыларды екі топқа бөліп жарыс түрінде өткіздік. ( 1- топтың баласы жұмбақты айтса, 2 – топтағы оқушылар жауабын табу керек т.с.с.)
2. Ойын « Тақия тастамақ». Ойынға қатысушылар дөңгелене тұрып, орталарынан жүргізуші тағайындайды. Ол балаларды бір айналып шығып былай дейді: « «Ойынның аты « Тақия тастамақ!». Бәріміз де дөңгелене отырамыз».
Балалардың бәрі дөңгелене отырды. Жүргізуші: «Ақырындап, асықпай сендерді айналып өтемін. Осы кезде тақияны білдірмей біреудің артына тастап кетемін. Егер оны байқамай қалсаң ,мен сол тақиямен сені ұрамын. Саған ойынды жүгізуге тура келеді».Осы сөзді айта жүре, жүргізуші тақияны білдірмей біреудің артына тастап кетеді. Жүргізушінің сөзі аяқталысымен балалар қолдарымен өздерінің маңдайынан тақияны іздей бастайды.Тақияны өзінің артынан тапқан бала, жүргізушіні қуып жетіп, тақияны оның басына кигізеді.
Егер ойнаушы жүргізушіні қуып жете алмаса,онда жүргізуші тақияны өзі алып, ойнаушыны қуып жүріп, ақырын тақиямен ұру керек. Осылайолар отырғандарды бір айналып шығады. Ойын тәртібі: ойын кезінде арттарына қарауға, сығалауға болмайды. Ойнаушы тақиямен жүргізушіні қуалағанда, отырғандарды бір рет қана айналып шығуы керек, яғни өзінің отырған орнына дейін ғана.
3. «Кім тез». Жаңылтпаш ойындар. 1. Құрықтан құлдырап түстім,
Сырықтан сылдырап түстім
2. Торта қойдым
Орта қойдым.
Орта қойдым
Жорта қойдым.
Жаңылтпашты үйреткенде қойылатын талаптар: мағынасына, сөздердің ұйқастылығы мен байланыстылығына көңіл бөлу:, қ,к, т, д, л, р, с – дыбыстарын анық, таза, дұрыс айтуға дағдыландырдық.