Музыка сабағындағы оқу-тəрбие процесі


Музыканы оқытуды ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата21.10.2022
өлшемі79,54 Kb.
#44755
1   2
 
Музыканы оқытуды ұйымдастыру
Мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары педагогика тарихындаең пікірталасты проблеме болып
келді. С.И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «форма – белгілі бір мазмұнымен шарттасатын түр, ұйымдастыру,
құру, тип, құрылым, түзіліс» деп пайымдалса, философиялық энцоклопедияда бұл термин «мазмұнның іштей
ұйымдастырылуы» - деп тұжырымдалған. Ал, оқытуға келсек, форма – ол оқыту процесінің арнайы түзілімі.
Бұл түзілім оқу процесінің мазмұнына, əдістеріне, тəсілдері мен құралдарына, оқушылардың іс-əрекет етуіне
сипат алады. Яки оқытудың осындай түзілімі оқу материалын меғгеру барысындағы мұғалім мен оқушының
өзара əрекеттесуінде көрініс алады. Олай болса, оқыту формасы деп белгілі бір оқу материалын жəне
іс-əрекет ету амалдарын меңгеруде мұғалім мен оқушының өзара əрекет етуінде жүзеге асырылатын оқыту
процесі бөліктерінің түзілімі мен циклдарын айтамыз.
Оқытуды ұйымдастыру формалары дидактика саласындағы түрлі өлшемдерге байланысты былайша
жүйеленген:
- оқушылардың саны;
- оқу орны;
- оқыту дəрістерінің ұзақтығы.


Оқушылардың санына байланысты көпшілік, ұжымдық, топтық, микротоптық, жеке оқыту формалары; оқыту
орны бойынша мектептегі, мектептен тыс ұзақтығына байланысты классикалық сабақ, қосарлы сабақ,
қысқартылған сабақ жəне бастауыш сыныптарда қолданылатын «қоңыраусыз» еркін созылатын сабақтар
болып бөлінеді.
Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талаптарына сəйкес сабақты өткізудің түрлі жолдары
қарастырылып, оны жетілдіруде қыруар ізденістер жүзеге асырылды. Сабақта ұйымдастыруда оқушылардың
танымдық іс-əрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу жəне т.б.
проблемалар бойынша толассыз ғылыми ізденістер жүргізілді.
Өнер пəні ретінде əн-күй сабақтарын ұйымдастыру проблемалары жөнінде О.А. Апраксина өз еңбектерінде
тұжырымды пайымдаулар жасады. Оның пікірінше, музыка мектеп пəні ретінде өзге сабақтармен ортақ
ұқсастығы бар болуымен қатар, оған мынадай ерекшеліктер де тəн:
1) Өзге пəндер сияқты музыка сабақтарының құрылымы психологиялық-педагогикалық заңдылықтарға
сүйенеді;
2) Өзге пəндерді оқыту сияқты музыка сабақтары жалпы дидактикалық принциптерді ұстанады;
3) Музыка пəнін оқыту өзге пəндермен жəне ұйымдастыру формаларымен байланысты болады;
4) Ұйымдастыру формаларының əртүрлілігіне қарамастын, музыка сабағы бір тұтастықта болуы тиіс;
5) Өзге пəндермен ортақтастығы – онда негізгі оқыту əдістері де қолданылатындығында.
О.А. Апраксина музыка сабақтарының басқа да ерекшеліктерін ашып көрсетті:
- Бірінші ерекшелігі – музыка сабағы өнер сабағы. Себебі музыка өнері оқушының сезімі мен эмоциялық
сферасын қамтитын болмысты бейнелейтін ерекше формасы. Музыкаға оқытуда танымдық процестің өзі тек
ой-сананың əрекеті ғана емес, эмоция мен ойдың, сана мен сезімнің бірлігінде жүзеге асырылады;
- Екінші ерекшелігі – музыка адамның психикасына, моторикасына жəне физиологиялық процестерге кешенді
түрде ықпал етеді. Яки адамды түрлі психикалық кейіпке түсіреді, оның бойында түрлі психикалық процестер
мен физиологиялық процестер жүріп жатады;
- Үшінші ерекшелігі – міндетті түрде саналылық пен эмоционалдық бірлестік болуына байланысты, сабақтың
əр элементі балалардың белсенді қызығушылықты қарым-қатынасын тудырады;
- Төртінші ерекшелігі – музыка сабағында эмоционалдық пен саналылықтың бірлігі ғана емес, көркемдік пен
техникалық бірлік те орын алады. Сондықтан тыңдауға, əн салуға арналған репертуар мен қатар жаттығулар
да көркем болуы тиіс. Тіпті унисонда орындалған бір дыбыстың өзі де əдемі, əрі көркем орындауды талап
етеді. Ондай көркемдік орындаушылық техникасын меңгеруге тікелей тəуелді болады. Сондықтан оқу
материалдары ретіндегі музыкалық шығармалардың мəнері образдылығы, көркемдік пен техникалықтың
бірлігінде жүзеге асырылуы тиіс.
Сонымен, музыка сабақтары мектептегі өзге пəндермен ортақ белгілерін сақтай отырып, өзіндік
ерекшеліктерін де сақтауы тиіс. Ондай ерекшелік, біріншіден, оқу материалы; екіншіден, оқушының танымдық,
сондай-ақ оқушының жалпы жалпы жəне арнайы қабілеттерінің дамуы; үшіншіден, оқыту əдістері; төртіншіден,
қолданылатын техникалық құралдар; бесіншіден, музыка пəні мұғалімінің тұлғалық, кəсіптік мүмкіндіктері
арқылы көрініс табады.
О.А. Апраксина өнер пəні ретінде музыка пəнінің өзіне тəн ерекшеліктерін жəне оқыту заңдылықтары мен
принциптерінен туындайтын білім беру, тəрбиелік, ұйымдастыру талаптарын былай қарастырады:
- музыка сабағының білім беру міндеттерінің нақты айқын болуы;
- музыка сабағының мазмұны оқу бағдарламасына, сабақтың мақсатына, оқушының даярлық деңгейлеріне
сəйкес анықталуы;
- музыка оқыту əдістерін қолайлы етіп таңдау;
- педагогикалық байланыстардың болуы;
- музыкалық білім беру педагогикасының ғылыми жетістіктерін пайдалану;


- жеке тұлғаның барлық сферасын дамыту;
- жалпыпедагогикалық іскерліктердің дамуы;
- музыкалық білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту;
- музыкалық тəрбие міндеттерінің нақты қалыптасуы;
- музыкалық дүниетанымын дамыту;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру;
- музыканы оқытудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
- педагогикалық əдеп, оқушылардың адамгершілік сапа-қасиеттерін дамыту;
- музыка сабақтарын нақты жоспарлау;
- музыка сабақтарының белгіленген құрылымын сақтау;
- музыка оқытудың түрлі құралдарын қолдану;
Музыкалық білім беру педагогикасында музыка сабақтарын өзінің дидактикалық мақсаты, мазмұны жəне
оқыту əдістемесіне қарай түрліше жүйелеу ұсынылған. Соңғы жылдары педагогикалық технология идеясының
жандануы, білім беру саласына ғылыми-техникалық жетістіктердің ендірілуіне байланысты сабақ беруді
жетілдіру, оны ұйымдастырудың тың жолдары іздестірілуде.
«Музыкалық білім беру педагогикасының жанры» - дегеніміз музыкалық-педагогикалық туынды ретіндегі
сабақтың өзіне тəн образын, эмоционалдық сферасын, музыкалық-педагогикалық құрылымдарын бейнелейтін
мазмұны мен ұйымдастырылуының жиынтықты сипаттамасы. Сөйтіп, сабақтың музыкалық-педагогикалық
поэма құрылымдарына сəйкес, ода, аңыз, фреска, вернисаж сияқты түрлі жанрларды тиімді пайдалана білуге
болады. Сонымен бірге рондо, вариация, реприза сияқты музыкалық формалардың құрылымы музыка
сабақтарының құрылымына сай келеді.
Музыка сабағы - музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары мен
міндеттері, мазмұны, əдіс-тəсілдері музыка сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа
да оқу пəндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық-педагогикалық даярлығын,
оқушылардық педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын ұйымдастырудың бұған
дейін белгілі болған амал-жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа жолдарын іздестіруді, сөйтіп музыка
сабақтарын оқыту тəжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.
Музыка пəні мұғалімінің сабақтарды өткізуге даярлығы басты екі кезеңнен оқу пəнін жүргізудегі жалпы жəне
əрбір жеке сабақты өткізуге даярлығынан құралады. Жалпы даярлық барысында мұғалім оқушылардың пəнге
деген қызығушылығын, қарым-қатынасын, бейімділіктерін жəне музыкалық даму деңгейлерін зерттейді.
Музыка пəні мұғалімінің əрбір жеке сабаққа даярлығы да едəуір ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл
жұмыстың алғашқы кезеңінде оқу материалының мазмұны ойластырылады. Əрине, мұғалім тек бағдарламада
қарастырылған оқу материалымен шектелмей, оқулықтарда, көмекші құралдарда берілген дидактикалық
материалдарды мейілінше терең меңгеруі тиіс.
Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда
бірізділікпен жоспарланған тақырыптардаң білімділік, тəрбиелік мақсаттары, қысқаша мазмұны, сабақтың түрі,
əдістері, қолданылатын көрнекіліктері, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін
бақылау жəне тексеру формасы, əр тақырыптың өтетін мерзімі көрініс табады.
Музыка пəні мұғалімі сабақты жоспарламас бұрын, ең алдымен оқушылар белгілі бір тақырыпты зерделеу
барысында, яки есте сақтау, білу оқу дағдылары жəне алған білімдерін түрлі ситуацияларды қолдану сияқты
нəтижелерге қол жеткізуі керектігін нақтылап белгілеп алғаны жөн.
Жеке сабақтарды ұйымдастыру күнтізбелік-тақырыптық жоспардың негізінде жүзеге асырылады. Əсіресе,
қызметін жаңа бастаған оқытушылар сабақтың мазмұнын, оқыту əдіс-тəсілдері нақтылы белгіленген конспект
дайындаған дұрыс.
Оқытудың нəтижелерін бақылау мен тексеру оқыту процесінің міндетті компоненттерінің бірінен саналады.
Оның мəні пəн бойынша оқушылардың меңгерген білім деңгейлерінің білім стандартына сəйкес құрылған


бағдарламалық талаптарға сай болуын анықтау болып табылады. Кеінгі кезде оқыту процесінде осы жұмысты
тиімділікпен жүзеге асыруда «педагогикалық диагностика» жиі қолданылып жүр:
1) алдын-ала тексеріс, мұғалімнің сабақты өткізуге дайындаған жоспары, материалдары қаралады жəне
түсіндірудің, бекітудің, оқушылардың өздік жұмыстарының тəсілдері, əдісі, формалары жөнінде əңгімелесу
жүргізіледі;
2) ағымдағы тексеріс, сабақтардың жүргізілу барысы тікелей бақыланады, оқушылардың білімі, дағдыларының
деңгейі, оқушылардың шығармашылық тапсырыстарды орындау сапасы тексеріледі. Бұндай тексерудің
барысында оқушылардың ұжымдық топпен бірге жəне жеке орындайтын музыкалық іс-əрекеттері есепке
алынады;
3) қорытынды тексеріс, жарты жылдықта немесе оқу жылының аяғында оқушыларға білім мен тəрбие беру
жұмыстарының нəтижелері сарапталады. Оларды сабақ-концерт түрінде де өткізуге болады. Себебі музыка
сабағында музыкалық іс-əрекеттер негізінен ұжымдық түрде жүзеге асырылатындақтан, тексеруді де ұжымдық
формада ұйымдастыру мүмкіндіктері бар.
Дидактикалық тесттер оқыту нəтижелерін тексеру мен баға беруде кейінгі жылдары көптен қолданылуда.
Оларды жалпылама төрт типке бөліп қарастырымыз:
- есте сақтауға жəне еске түсіруге тиісті мағлұматтар, фактілер, ұғымдар, заңдар, теория туралы білімдерді
тексеру;
- зерделенген материалдарға өз бетімен сыни тұрғыдан баға беру іскерліктерін тексеру;
- алынған мағлұматтар негізінде білімдерін жаңа нақты ситуацияларды пайдалана білу іскерліктерін тексеру.
Оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін тексеру, оқыту процесінің құрамдас бөлігі бола отырып,
оқушылардың оқу жұмысын тек қана тексеру емес, тəрбиелік, дамытушылық қызметтер де атқарады.
Тексеру əдістерін таңдау иексерушінің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне тікелей байланысты.
Оқушылардың үлгерімі мен білім сапасын тексеруде, оның жүйелілігі мен тереңдігін қамтамасыз ету үшін,
бұдан да басқа қалыпты емес түрлері, айталық, өздік баға беру, өзара баға беру сияқты əдістер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет