МУЗЫКА САБАҒЫНДАҒЫ ОҚУ-ТƏРБИЕ ПРОЦЕСІ
Музыканы оқыту білім беру мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтаумен ғана шектелмейді. Оқыту
мақсаттарына қандай амал, жолдармен жету керектігі музыкалық білім беру дидактикасындағы ең маңызды
мəселе болып табылады. Себебі білім берудің тиімділігі əрдайым оқыту əдістерін дұрыс таңдауға тікелей
байланысты болады.
«Əдіс» термині гректің «metodos», яғни ақиқатқа, күтілетін нəтижеге қол жеткізудің жолы, амалы деген
ұғымды білдіреді. Педагогикалық əдебиеттерде əдіс ұғымына берілген көптеген анықтамаларды кездестіруге
болады. Жалпы алғанда оқыту əдістері білім берудің мақсаттары мен міндеттерін шешуге бағытталған жолдар
жəне амалдар жиынтығы болып табылады.
Оқыту əдістері келесі үш белгімен сипатталады. Олар: оқыту мақсаты, меңгерту амалы жəне оқыту
субъектілерінің өзара əрекеттесу сипаты. Демек, оқыту əдістері төмендегілерді қамтиды:
- мұғалімнің оқыту жұмысының жəне оқушылардың оқу жұмыстарының өзара байланысты амалдары;
- олардың оқытудың түрлі мақсаттарына жетудегі жұмыстарының ерекшеліктері.
Мұғалім мен оқушылардың іс-əрекетінде қолданылатын оқыту əдістері – ақпараттандыру (мұғалім оқу
материалын баяндайды, түсіндіреді); оқушыларға практикалық дағды, іскерліктерді үйрету; оқушылардың
танымдық іс-əрекетін дамыту; мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-əрекетіне жетекшілік ету функцияларын
орындауы.
Оқыту процесінің мəні жəне оқыту мақсаттарының көп аспектілігі «оқыту əдістері» ұғымын түсіндіруде сан
түрлі трактовкалардың қалыптасуына ықпалын тигізеді:
- «…білім мазмұнын меңгертуді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланыстағы бірізді
əрекет ету жүйесі (Педагогикалық энциклопедиялық сөздік); »
- «…білім мазмұнын меңгертуге тұрақты түрде жүргізілетін, яки мақсатқа қол жеткізетін оқушының
танымдық жəне практикалық іс-əрекетін ұйымдастырудағы мұғалімнің бірізді əрекеті « (И.Я. Лернер);
- «…мұғалімнің оқушының танымдық əрекетіне жетекшілік ету амалы» (Т.А.Ильина);
- «…мұғалімнің зерттелетін материалды меңгертуге бағытталған, түрлі дидактикалық тапсырмаларды
шешу бойынша оқушының оқу-танымдық іс-əрекетін ұйымдастыру жəне оқыту жұмысының амалы» (И.Ф.
Харламов);
- «… білім мазмұнының белгілі бір бөлігін жеткізуге бағытталған жəне нормативтік жоспарда көрініс
тапқан, оқу жұмысының нақты формаларында жүзеге асырылуы мақсатындағы оқыту мен іс-əрекеті үлгісі»
(В.В. Краевский);
- «… оқу процесінің жетекші міндеттеріне, мақсаттарына сай пəннің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру
амалдары» (Э.Б. Абуллин);
Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды салыстырмалы түрде талдау, арқылы оларда мұғалім мен
оқушының іс-əрекеті (оқыту процесінің мəні, оның екі жақты сипаты), оқыту процесінің нəтижесі
(дамытушылық, білімділік, тəрбиелік) көрініс тапқанына көз жеткіземіз. Осы ретте музыканы оқыту əдістерін
оқу процесінің жетекші міндеттері мен мақсаттарына сай музыка пəнінің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру
амалдары деген анықтаманы негізге алуға болады. Себебі онда музыкалық білім мазмұны сияқты оқу
процесінің негізгі құрылымдық компоненттері көрініс тапқан.
Мұғалім мен оқушының біріккен іс-əрекетін бейнелейтін оқыту процесінің екі жақты сипаты оқыту
əдістерінің де дəл осылай екі жақтылығын анықтайды. Осыған байланысты мұғалім тарапынан ақпараттық,
басқарушылық, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, т.б. жəне оқушылар тарапынан білімді алу, меңгеру,
тыңдау, бақылау, практикалық, лабораториялық жұмыстар орындау сияқты əдістерді атап кетуге болады.
Сөздік əдістер. Бұл əдістің көмегімен ақпараттар жеткізетін құралдар мұғалімнің сөзі жəне баспа сөздері
болып табылады. Оларға əдістер жүйесінде жетекші орын алатындар кіреді: əңгіме, əңгімелесу,
түсіндіру,дискуссия, лекция, кітаппен жұмыс.
Көрнекілік əдістер əр түрлі суреттер, репродукциялар, кестелер, үлгілердің көмегімен табиғи түрде
немесе символдық түрде бейнеленген қоршаған ортадағы құбылыстармен қылылығын, өнердің, қоғамдық
сананың басқа да түрлерімен ұқсастығы мен айырмашылығын ұғындырады.
Талдап қорыту əдісі музыкалық сабақтарды ұйымдастырудың жетекші əдісі ретінде оқушылардың музыка
өнеріне саналы қарым-қатынасын дамытуға, көркемдік ой-өрісін қалыптастыруға бағытталады. Музыкалық
талдап қорыту əдісі, оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастыру аиалдарының жиынтығы ретінде, олардың музыка
жөніндегі негізгі білімін меңгертуде, жетікші іскерліктерін қалыптастыруда қолданылады. Бұл əдіс бірізділікті
əрекеттерден құралады.
Бірінші əрекет оқушылырға тəн бағдарламасының тақырыптарымен танысу, тереңдете меңгертуге
қажетті музыкалық тəжірибесін белсенділікпен пайдалануға талпындыру мақсатын жүзеге асырады.
Аталған əдісті қолдануда мұғалімге нақты жағдайға сəйкес ең қолайлы, тиімді, қажетті жақтарын таңдай
білу міндеті жүктеледі. Педагогикалық бақылау жəне баға беру тəсілдері музыка сабақтарында оқушылардың
жетістіктері мен кемшіліктерін есепке алуды қолданылатын əдіс. Олар оқушылардың музыкалық даму
барысында түзетулер енгізуде қосымша роль атқарады. Бақылау мен тексеру оқу процесінің өзінше жеке
элементі болып шет қалмауы, керісінше білімділік, дамытушылық, тəрбиелік, талпындыру функцияларын
атқарып отыруы тиіс.
Музыкалық білім беру жетістіктеріне қол жеткізу оқыту əдістерін қолайлы етіп таңдап алуға байланысты.
Ол үшін келесі өлшемдерді негізге алуға болады:
- оқу материалының мазмұны мен жалпы мақсаттары;
- оқу пəнінің ерекшелігі;
- дидактикалық талаптар;
- оқушының жас ерекшелігі;
- оқушылардың музыкалық білім саласындағы теориялық, практикалық даярлық деңгейі;
- оқушылырдың музыкалық тəрбиелік деңгейі;
- оқушылардың жеке дара ерекшеліктері;
- мектептің əлеуметтік ортасы, материалдық-техникалық базасы;
- музыка пəні мұғалімінің кəсіби шеберлік жəне тəжірибе деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |