Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОНЫҢ ЕРТЕДЕН



бет65/68
Дата19.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#102324
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
165959 (1)

БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОНЫҢ ЕРТЕДЕН АЛЫПТАСҚАН ХАЛЫҚТЫҚ АРНАЛАРЫНА ТАБИҒИ ӘУЕЛДІЛІГІ
«Қазакстан - 2030» стратегиясы анықтап берген және Республиканың ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу болып табылады.
Педагогика немесе кез келген ғылым салаларының зерттейтін объектісінің құбылыстары мен зандылықтарын білу шарт. Білім беру процесінің мазмұны да осы заңдылықтармен сипатталуға тиіс. Бүгінгі таңда педагогикалық ой-сананың физика, химия, биология сияқты нақты ғылым салаларынан айырмашылығы оның халык дүниетанымының тарихы мен заңдылықтарын зерттеуінде болып отыр.
Дегенмен, педагогика ғылымында шешімін таппаған мәселелер аз емес. Оларды біз тарихи және теориялык проблемалар деп екі салаға жіктер едік. Осыдан келіп педагогикалық мақсаттар мен халықтык қағидаларды, білім беру әдістері мен кұралдарын зерттеумен айналысатын ғылымның теориялық негіздерін жасаудың маңыздылығы туады.
Соңғы жылдары педагогиканың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісіне де ерекше көңіл бөлініп отыр. Көптеген мамандар ғылымның осы саласында бай материалдардың жинакталғандығын атап көрсетуде. Бірак жекелеген айғақтардың, эмпиристік бақылаулар мен кейбір тұжырымдардың бәрі бірдей бұл ғылыми процесті жетілдіруге әкеле бермесе керек. Оның басты себебін педагогикалық зерттеулердің әдістемелік негіздерін жасауда теориялық ғылымның кенже қалып отырғандығынан іздеуміз керек.
Ғылымның жана белесіне көтерілу үшін әдістемелік зерттеу тәсілінің маңызы аса зор. Ол ғалымдарға ғана емес, әдіскер мұғалімдерге де ауадай қажет.
«Педагогикалық әдістеме» - ғылыми категория. Оның ерекшеліктерін қарастырған кезде біз еріксіз осы терминнің шығу тарихына оралуымыз қажет болады. Ежелгі грек тілімен айтқанда ол «әдіс туралы ғылым» немесе «әдістің теориясы» деген ұғым береді. Әдістеме дегеніміз – ғылыми процесс, қағидалар мен құбылыстарды жүйелі талдау әдістері негізінде зерттеу болып табылады.
Педагогикалық әдістеменің өзіндік ғылыми аппараты, дәлірек айтқанда «заң», «заңдылық» және «қағидалар» сиякгы негізгі категориялары бар. Аталған терминдердің өзіндік мән-мағыналары да бар.
Бірқатар зерттеушілер жоғарыда аталған терминдерді өзара сабақтас терминдер - синонимдер түрінде қолданып келеді. Олай болғанда бұл атаулардың өзара ерекшеліктері көмескіленіп, мағынасы ортақ болып көрінеді. Дұрысында бұл негізгі категориялар педагогика ғылымының барлық жұмыс категорияларының (мақсаттар, әдістер, гипотеза және т.б.) маңыздылығын айқындаса керек.
Й.Я.Лернер «заң» категориясын оқыту процесінде пайда болып, одан әрі даму үстінде болатын құбылыстардың ішкі байланыстары ретінде қарастырады. Ғалым көп жағдайларда оқыту заңдарын білімді игеру заңдарымен шатастырады деп дұрыс пайымдайды.
Ғылымда «заң» категориясымен қатар, «заңдылық» ұғымы да жиі қолданылады. И.Я.Лернер бүл ұғымның екі түрлі мағынасы бар екендігін атап көрсетеді. Олар: 1) «заңдылық» атауының «заң» терминіне қарағанда мағынасы кеңірек, яғни заңдылық табиғат пен қоғамның жалпы сипатын береді. Осыдан келіп табиғат пен коғам шеңберінен заңдарды бөліп алып қарастыруымыз қажет; 2) заңдылық деп «толық танылмаған заңдарды» айтуға болады, мұндай жағдайда кұбылыстардың жинактылығы, біршама тұрақтылығы негізгі назарда болады.
Педагогика ғылымы үшін «заңдылык» категориясының екінші анықтамасы әлдеқайда жақын. Осыған орай біз дидактикалық заңдылықтардың өзіндік ерекшелігі, оқытудың барлық үш элементі -ұстаздың және оқыту кызметі мен білім алу объектісінің, яғни білім берудің мағынасы арасындағы тұрақты тәуелділікті көрсету керек деген тұжырымға қосыламыз.
Енді «принцип» категориясын талдап көрелік. Ғылымда орнығып, қалыптасып қалған ұғым бойынша, принцип дегеніміз - негізгі қағида, белгілі бір теорияның, ғылыми концепцияның алғы шарттары, адамның өмір шындығына деген көзқарасының, қызметі мен іс-әрекетінің өлшемдері.
Енді бір анықтама бойынша «оқыту принциптері» дегеніміз болашак ұрпаққа білім беру және оны тәрбие мақсаттарына сай оқытудың сипатын аныктайтын негізгі қағидалар болып шығады. Энциклопедиялық басылымдарға жүгінер болсақ, онда дидактикалық қағидаларға мынадай анықтама берілген: «Дидактикалық принциптер оқу процесінің заңдылықтары мен болашақ ұрпаққа тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектептегі оқу жұмысының әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің мағынасын анықтайды. Дидактикалық қағидаларға оқу процесі заңдылықтарының көрсетілуі, оның тереңдігі мен дәлдігі педагогика және онымен сабақтас психология, жоғары нерв қызметінін физиологиясы сияқты басқа да ғылым салаларының даму дәрежесіне байланысты».
В.И.Загвязинскийдің айтуынша, «принцип» категориясы ғылыми жағынан терең әрі жан-жақты негізделуі шарт. Олардың ішінен зерттеуші мына қағидаларды айрықша атап көрсетеді: ғылымилық принципі, тарихи және логикалық бірлік принципі, зерттеудің концептуальдық бірлігінің принципі.
Бүгінгі ғылымда «оқыту принципі» талас тудырып отырған мәселелердің бірінен саналады. Мұндай пікірталастың өрбуі, біздің ойымызша, «принцип» сөзінің көп мағыналығында болса керек. Мысалы, белгілі педагог-зерттеуші В.Оконь «принцип» категориясының бұрынғы қалыптасып қалған анықтамадан өзгеше жаңа классификациясын берген. Оның көрсетуінше, бұл категорияның алғашқы мағынасы (принцип) белгілі бір процестерді бағыттайтын ғылыми заңдылыққа негізделген тұжырым болмак. Екіншіден, ол міндетті тәртіп нормасы. Ал, үшіншіден, белгілі бір концепциядан туындайтын тезис. Поляк ғалымы В.Оконь қағидалардың мұндай комплексті жүйесі оқу процесін тереңірек тусінуге мүмкіндік береді деп есептейді.
Білім беру процесінің кептүрлілігіне қарамастан ондағы бағыттаушы және айқындаушы қызметті дидактикалық принциптер атқарады. Біз «принциптер» категориясына оқу жүйесінің стратегиялык мақсатын көрсететін түпкі идеялардың жататындығын түсінуіміз қажет.
Окыту принциптері әдетте сол процесті талдау нәтижесінде белгіленеді. Осыған байланысты ғылымда қалыптасқан теориялық топшылаулар бар. Олар көбіне қоғамның мектеп алдына қойған мақсаттарын қабылдау, түсіну деңгейін және сол мақсаттарды жүзеге асырудың жолдары мен құралдарын, заңдылыктарын мойындау дәрежесін байқатады. Олай болса халық дүниетанымы жүйесінде жинақталған әлеуметтік тәжірибені игерумен қатар, қоғамдық тәжірибенің сол жеке адамның игілігіне айналдыратын әлеуметтік қызметін де зерттеу қажет болады.
Білім беру процесінің мазмұнын қоғамның экономикалық және идеологиялық құрылысынан, оның даму дәрежесі мен заңдылықтарынан бөліп қарауға болмайды. Кез келген ғылыми қағиданың, заңның немесе категорияның әдістемелік маңызы дүниені өзгерту, тәлімгерлік танымды дамытуда шешуші қызмет атқаруына орай бағаланса керек. Ғылыми негізде жасалған белгілі бір іс-әрекет регулятивті принциптерге бағынады.
Өз кезегінде зерттеу жұмыстарының нәтижесі осы принциптерге тікелей байланысты болады. Мысалы, бір ғылыми-педагогикалық мәселе жөніңде әр түрлі көзқарас, бір-біріне қарама-қарсы пікірлер туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда ғылым белгілі бір айғақтарды түсіндіру тәсілі ретінде қарастырылады және ол осы ғылыми түсініктің әдісіне сай келуі шарт.
Қазіргі уақытта әр түрлі тарихи кезеңдердегі білім беру принциптерін халықтың тарихи-әлеуметтік қарым-қатынастармен байланыстыра зерттеу мәселесіне құлшыныс байқалуда. Жаңа әдістемелік негіздердің жасалуы әлеуметтік өмірмен тығыз байланысып жатады.
Рас, бұған дейін «тарихи әдістеме» категориясы бой көрсеткен болатын. Бірақ ол көбіне бір дидактикалық айғақтарды қарастыруға, оларды тіркеп, талдау мен түсіндіруге негізделді. Бұл - себеп заңдарының ізденісі болмақ. Осы орайда В.Оконьнің халықтық қағидалардың теориялық арналарына ерекше мән беру - тарихи дәстүрлерге құрмет деген орынды пікірін атап көрсеткеніміз жөн.
Әлемдік ғылым тарихының жетістіктеріне сүйене келіп, білім берудің тиімді әрі прогрестік жүйелерінің негізі - жастардың халық дүниетанымы негізінде дамуын қамтамасыз етуге талпынушылық деген тұжырым жасауға болады. Бұл ғылыми жүйенің бағыт-бағдарын анықтайтын стратегиялық мақсат. Осы орайда В.Оконьнің тағы бір пікірін еске алу орынды болар еді. Оның пайымдауынша, тариха зерттеулердің мақсаты - өткенді зертгеуге мүмкіндік беретін жалпы заңдылықтарды ашып көрсету. Бұл мақсатты жүзеге асырмай тұрып бүгінгі құбылыстарды толық түсінуге, болашақты болжауға тағы болмайды.
Бүгінгі білім беру жүйесінің оның ертеден калыптасқан халықтық арналарына табиғи тәуелділігін зерттеудің қажеттілігі туды. Оқыту процесінің тиімділігі білім беру жүйесі мен белгілі бір ұлттық дәстүрлердің арасындағы сабақтастықты анықтап, оны барынша терең дамытуға тығыз байланысты екендігін ерекше атап өткеніміз жөн. Сонда ғана оқыту табиғаты мен халыктық қағидалар заңдылықтарын түсінуге, стратегиялық мақсаттарды дәл анықтауға, оқытудың өміршең әдістерін таңдап алуға мүмкіндік туады.
Әрбір халықтың тәлімгерлік тарихына назар салар болсақ, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан мол тәжірибені байқаймыз. Бүгінгі мақсат халық педагогикасының сол озық идеяларын жаңдандырьш, білім беру жүйесіне енгізу болып отыр.
Әрбір халық зиялылары сияқты қазақтың озық ойлы ағартушылары да тәлімдік жүйенің тарихи-әлеуметтік негіздерін іздестірумен болды. Онын бір жағы жастарға халыктық-эстетикалық тәрбие ұрығын егу ісімен байланысып жатты. Бері келе жастардың мәдени-рухани өсу сатыларын анықтау ісі өз алдына мәселе ретінде қойылды. Осылайша халық дүниетанымын ғылыми тұрғыдан бағалау және игеру ісіне жол салынды. Олай болса халық дүниетанымының негізгі қағидалары сол халыктың ғасырлар бойы жинақталған тәлімгерлік тәжірибесін талдау негізінде анықталуы керек. Соңда халық дүниетанымының мән-мағынасы түрлі айғақтар жөнінде ақпар беру немесе оны жинақтау ғана емес, жас ұрпақ бойында ұлттық сана-сезім қалыптастырып, оны белгілі бір тәлімгерлік тәсілдер аркылы ұғындыру болып табылатыны анықталды.
Осындай ғылыми-шығармашылық ізденістердің нәтижесінде оқытудың зандылықтары мен принциптері айкындалып, өз кезегінде ол халық дүниетанымы сияқты ауқымды тарихи процестің қайта жандануына ерекше ықпал жасайды.
Бұл мақала алғашқы рет жарияланып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет