Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



бет62/68
Дата19.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#102324
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68
Байланысты:
165959 (1)

Әлеуметтік-теңсіздік әндерінің тақырыптары қазақтың ән жанрларының әр түрлерінде көрініс тапқан. Олар әсіресе еңбек такырыптарындағы сонымен бірге сатиралық әндерде көп кездеседі. Халық творчествосында демократиялық бағыттарының дамуында больш, негізгі тақырыбында әлеуметтік мәселе басты орын алады.
Өзінің кұрлымы жағынан әлеуметтік-теңсіздік әңдер лирикалық әндерге жақын болғанымен, өзінің мақсаттылығымен, интонациасының қаһарлығымен, мелодиясының айшықтылығымен және сергек те ширақ ырғағымен, кең диапозонымен ерекшеленеді.
Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық жырлар. "Эпос-идеялық, көркем мәні және композициялық құрлысы жағынан музыкалық- поэтикалық фольклордың ең күрделі, ең ірі жанры. Өйткені оның негізінде халық тарихындағы қиялы-қилы кезеңцер, халық тағдырына байланысты ірі проблемалық мәселелер алынған. Эпостарда қанатты философиялық сөздер жиі ұшырасады. Батырлар жырында кездесетін афоризмдер елге үлгі боларлықтай ерлік істі, каһармандықты бейнелесе, ғашықтық жырларындағы қанатты сөздер, жырдың ішкі мазмұнына сай әр алуан лирикалық сезімдерге құрылған. Бұған Асан, Қазтұрған, Бүхар жыраулардан бастап, Махамбет, Базар жырау, Кашаған, Нұрым, Майлықожа, Нұралы, Жамбыл, Мұрын, Тұрмағамбет секілді сөз жүйріктерінің туындыларынан мол мысал келтіруге болады.
Терменің ұлы міндеті - елге ізгі ұғымдарды тарату, халықты тарихтың тағылымы арқылы рухани жетілдіру, әрі эстетикалық ләззат беру. Терме өнерінің көркемдігі кемел, ғибараттылык қуанышы мол, асқақ та әдемі. Ерекше сүйкімді тыңдаушының кұлағын елітіп, жүрегін билейтін сазы, әуені, өздеріне лайық мақамы мен ырғағы бар. Өзінің халықкқа ерекше ұнамдылығымен, ғасырдың көркемдік даналығын саф таза қалпында бүгінгі қауымға жеткізуге мүмкіндігі молдығымен, өткен өмірдің ең жүрек жарды өсиетін, ата-бабалардьщ өмір сабағын, дүниетанымдылық құбылыстарға берген батасын, үміті мен арманын айта алатындығымен, терме өнері - рухани байлығымыздың, мәдениетіміздің заңды мұрагері. Жас буынды парасатка, биік адамгершілік, сергектік, әдептілік, ата-бабаның үлгі-өсиетін, қағидасын қадір тұту кең ойлап үйренушілік, дүниетанымдық рухында тәрбиелеуде қызметі ерекше.
Терме дидактикалық пәрменділігі риториялық сауалдар аркылы "Біріншіден не жаман?" - деп оған қолма-қол жауап беріліп, тәрбиенің шұрайлы сөздері мен жүрек қағысын еліктетін әуені мен қысыла отырып, тағылым сырлары төгіле береді. Сөйтіп, тыңдаушының назарын негізгі мақсатқа аударып, мәселеге ойланып, адамның ақыл-ой мен санасына эмоционалдық әсер береді.
Желдірме - жеддірме, речитативті әуен. Оның синонимі - "төкпе","төк" жылдам екпіндегі дыбыстар төгілмесі. Терме жоғарғы дауыспен басталған кіріспеден, кейде кіріспесіз айтылады, екпінді, жүрдек, ырғақты әнге құрылды.
Толғау - қазақ фольклорының көп тараған жанры, түрі мен мазмұны жағынан термеден кенірек те, дастанға қарағанда шағыңаду болып кедеді. Толғау - дала өмірінің дидактикалық, педагогикалық дастаны деуге келеді.
Дәстүрлі философиялық толғау Асан қайғы творчествосымен байланысты. Ел қамын ойлап, толғауын толғауларында дүниеде не жаксы не жаман деген ҰҒЫМ төңірегінде философиялық пікір тастаушы Асан қайғы ой пікірлері - жастар үшін мән-мағынасы жойылмаған дидактикалық қасиеті күшті тәрбиелік құрал.
Халық қамын жеген, біркелі бірлікке, достыкқа шакырып, сөз маржанын тізбектеп, терең ойды топшалай келе Асан қайғы:
Таза мінсіз, асыл сөз,
Ой түбіңде жатады.
Ой түбіндее жатқан сөз,
Шер толқыса шығады, - деп толғана келе көрікті ойдың адам
сезімімен, көңіл-күйіне байланысты туатынын қортыңдылап, философиялық байлам жасады.
Казақ халқының аса мол дамыған дербес саласы - айтыс. Айтыс -"айту", "айтысу" деген сөздерден туған. Айтыс поэзиясының нышандары казақтың эпостык жырларынан көп кездесіп отырады.
Лирика әндер - қазақ музыкасында ең бай мұрасы. Идеялық-эмоциялық мазмұны кең, тақырыптары адамзаттың қуаныш-мұңы, өкініші, махабаты, табиғат сұлулығы, жан-жануарлар әлемі, сұлу қыз, жүйрік ат, алғыр тазы, өкіншті өмір т.б. туралы сан қилы болады.
Лирикалық әндердің поэтикалық мазмұны музыкалық әуенмен тамаша үйлесіп, көркем тоғысады. Сонымен бірге интонациялық ерекшелігі мен мәнерлік қасиеті сұлу сомдалады. Қайырмаларындағы "Ай-ай", "Беу-беу", "Ей", "Ахау", "Қарағым-ау", "Сәулем-ай", "Шіркін-ай" сияқты әсем әуен қозғалыстармен көмкеріліп әдемі көрік берді.
Қазіргі күні казақ халқы өзінің жаңа дамуын басынан кешіп, тәуелсіздік алып, өз туын қабылдап, тілін, дінін тереңірек игеруге бет алып отырған жағдайда "Елім-ай" әнінің ыргағы әр жүректі дүрсілдетіп, елін, жерін, Отаным деген ой-санасымен болашақтағы зор үмітімен астасьш жатқанын айтуға болады. Үлкен жүректі ел ағалары көтерген игі бастамаларын осы "Елім-ай" атымен айдарлап халық игілігіне үн қосуда. Дәстурлі халық әңдері өмірлік мәні бар дидактикалық маңыздылығы мен бала тәрбиесіне қолдануға өте қолайлы болып келеді. Оның поәтикалық тексі сезімді билеп қана қоймайды, ақыл-қиялын шарықтатып, түрлі ой салады, терең толғанысқа түсіреді.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында мектептердің жағдайы өте ауыр болды.
Казак, мектетеріңдегі оку-жоспарлары мен алғашқы оқулықтар 1922 жылы казақ халық ағарту комиссариатының "РСФСР-дің I және II басқыштағы бірыңғай еңбек мектептерінін программалары" негізінде жеті жылдық казақ мектептерінің оқу-жоспарын бекіткеннен соң ғана қолға алынды. Оқу тәрбие ісіндегі мұқтаждықтар балалардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін кажетті деңгейге ұйымдастыруға мүмкіңдік бермеді.
Қазақстандағы мектептерде ән-күй сабақтарының өте төмен дәрежеде өткізіліп, сапасының канағаттандырғысыз болғандығын Казақ ССР халық Ағарту Комиссариатының 30 жылдардың аяғындағы есептерін талдау барысында байкауға болады.
Салыстырмалы талдауға Б.Ғизатовтың (1984) және М.Балтабаевтың экспериментті (1988) оқу бағдарламалары алынды.
Казақтың халық әндері 1984 жылғы бағдарламада тым аз беріліп, әндер туралы теориялық мағлұматтар жуйесіз енгізілді. Мысалы, 1 сыныпта бар-жоғы 2-ақ ән енгізілген. Оның біреуі "Камажай", тыңдау үшін енгізілген де, авторлар осы әнді әнге салып айтуға, би билеуге болатындығын хабарлауды мақсат етіп қояды. Ал екінішсі - "Елім-ай" алынып, тыңдауға және үйреніп орындау барысында әннін шығу тарихын әңгімелеу, сипатын ажырату сияқты дидактикадық және тәрбиелік мақсаттар кең қойылған. Біздіңше, осы бағдарлама бойынша оқытқанда бірішпі синып окушыдары казақ халқының ән мұраларынан мүлде мақұрым калды десек артық айтқандық болмас еді.
Біздің ойымызша, осы мәселені шешудің бірден-бір жолы, ән үлгілерін дидактикалық принциптерді қатаң сақтай отырьш, ірікітелген оқу материалы осы еңбекте ұсынылған педагогикалық классификация негізінде қолданса, музыкалық-эстетикалық тәрбие өз мақсатында жетеді.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті идеалогиялық комиссиясының 1988 жылғы казан айының 4-дегі мәжілісінде бекітілген, "жас ұрпақка адамгерішлікті-эстетикалық тәрбие беру жөніндегі концепциясында "Республикамызда осы кезеңге дейінгі рухани өнер тәрбиесіңдегі орын алып келген кемшіліктердің беті ашылып көрсетілді. Олар мына тұрғыда болады: мектептегі музыкалық-эстетикалық тәрбие ұлттық және аймақтық мәдени ерекшеліктер мен дәстүрлерге бағдарланбады; сол себепті жастардың ұлттық сана-сезімдерінің дамуына түрткі бола алмады, оқу-төрбие жұмыстары халқамыздың ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогакасымен байланысты өтілмеді Сонымен катар бұл концепцияда осы кемшіліктерді шешудің жаңа принциптері, бағдарламалары берілді. Онда жастарға музыкалық-эстетакалық тәрбие беруде қазак поэтикалық мәденитіміздің түлеріне /айтыс, қисса, жыр, терме, мақал-мәтелдер т.б./ халық билері мен халықың қолтаңбалары өнері, фольклорлық ұлт аспаптарын игеруге балалар оркестр-ансамбльдерінің ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөлінуі керектігі айтылады. Міне осы айтылған талап-тілектерге сай ұлттық мектебі концепциясының негізінде "Елім-ай" атты ән-күй пәнінің жаңа бағдарламасы дүниеге келді. Профессор М.Х.Балтабаевтың баскарудағы шығарымпаздар тобы казір де республикамыздағы жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасының алғашқы кезенде әжептәуір жинақталды.
"Елім - ай" бағдарламасының басты мақсаты - окушының рухани дүниесін байытып, идеялық-эстетикалық талғамды дамыту және өмірді саналы да терең түсіне білуге баулу.
Осыған орай бағдарламада оқытудың сабақтастып, өнер түрлеріне сай музыкалық іс-әрекеті интеграциялылығы, тарихи принциптері де карастырылған. Көренекілік, білімділік сабақ процесін оптимизациялау сияқта жалпы оку принциптері де орын алады.
Сөйтіп "Елім-ай" - бағдарламасында ұлттық көркемдік мәдени дәстурге ерекше көңіл аудара отырып, халқымыздың рухани дүниесінің шығармаларын кеңірек пайдалануға ұмтылған. Оқушылар музыканы тек кабылдап қана қоймайды, оның өмір мен байланысы жайлы түбігейлі мәліметтер алады. Екінші жағынан мұнда жол басқа да халықтың ән-күйін түсінуге жоя ашады.
Енді бір көңіл аударарлық мәселе ән-күй тәжірибе жүзінде ұйымдастыру көзделген. Аспапты іс жүзінде игеру баланың білім дағдыларын дамыту (аспаппен өн айту, би билеу, сұйемелдеу, т.б.) "Елім-ай" бағдарламасының казақтың халық әндері материалдары ретінде көлемді орын алады. Сонымен бірге халық күйлерінің негізіңде әуен-жаттығулар айтқызу өте ұгымды педагогикалық тапқырлықпен карастырылған. Бағдарламада І-ші тоқсаңда казақтың халық әндерін іріктегенде бірізділік,
жүйелік, жас ерекшеліктері тағы баска принциптер жақсы сақталған. 2-3 тоқсаңдарда "Бала уатудан" соң "Той бастар", одан кейін "Карлығаш" келесісінде "Әй-әй бөпем", "Жаңа" әндеріне ұласады. Авторлар әрине, халық дәстүрін кеңінен пайдалануға ұмтылғанымен, шешуін таппаған мәселелер алі де болса өз мәнінде жүзеге асырылуын қажет етеді.
Біздің ойымызша, "Елім-ай" бағдарламасында халық әндерін енгізуде логикалық жүйелілік, жекеден жалпыға, карапайымнан күрделіге өрістеуде бірізділік тәрізді дидактикалық принциптердің сақталмауы балалардың қазақ фольклоры туралы түсінік, кабылдауларының біртұтастығын қамтамасыз ете алмады. Яғни музыкалық-эстетикалық төрбиелілігін оқу материалы ретінде халық әндерінің күңделікті өмірмен, халық тарихымен, елдің тыныс-тіршілігімен, сана-сезімімен түсіндіре алатын жанрлық сипатына сүйенгенде ғана өз мәнінде жузеге асыруға болады.
Бұл мақала алғашкы рет жарияланып отыр.
Ж.Ж.Еңсепов., А.Ж.Еңсепов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет