6. Жасыл эвглена мен вольвокстың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын түсіндіріңіз.
|
Жасыл эвглена
|
Вольвокс
|
Тіршілік ортасы
|
Тұщы су қоймаларында
|
Тұщы суларда немесе теңіздерде
|
Дене құрылысы
|
Тұрқы – 0,05 мм, бір жасушалы. Пішіні сүйір жапырақ тәрізді. Денесінің алды доғал, артқы жағы сүйір. Дене пішінін сақтайды, цитоплазма, ядро, қызыл көзше, хлоропласттары және 1 талшығы бар.
|
Шар тәрізді колониялы,жасыл түсті. Қызыл көзшеесі, хлорофилдері, цитоплазма, ядро, және 2 талшығы бар.
|
Қозғалысы
|
Ұзын талшығының арқасында бұранда тәрізді қозғалады
|
Ұсақ клеткалары арқылы
|
Қоректенуі
|
Миксотрофты.
Жарықта: фотосинтез жүргізеді.
Қараңғыда: органикалық заттарды денесімен сіңіреді.
|
Автотрофты
|
Тыныс алуы
|
Суда еріген оттегіні бүкіл денесімен сіңіреді.
|
Жиырылғыш вакуолі арқылы
|
Зәр шығаруы
|
Жиырылғыш вакуолі арқылы
|
Жиырылғыш вакуолі арқылы
|
Сезім мүшесі
|
Ол талшығының түбінде орналасқан қызыл көзшесі арқылы жарықты сезеді.
|
Қызыл көзшесі арқылы жарықты сезеді.
|
Көбеюі
|
Ұзынынан тік екіге бөліну арқылы көбейеді.
|
Жыныссыз, палинтомия жолымен көбейеді.Жынысты жолмен де көбейеді.Генеративті клеткалардан пайда болган гаметалардан зигота пайда болады.Колония түзеді.
|
Қолайсыз жағдайда
|
Циста түзеді
|
|
Талшықтыларға 6000-дай түр жатады. Олар көбінесе сулы ортада өмір сүреді. Және адам немесе жануарлар денесінде паразит ретінде тіршілік етіп, түрлі қауіпті ауруларды туғызу қабілетіне ие. Талшықтылардың құрылысындағы ерекшеліктерді сипаттау үшін жасыл эвглена мен вольвоксты салыстыруға болады. Екеуінің де тіршік ортасы: тұщы су қоймалары немесе теңіздерде. Жасыл эвглена бір жасушалы, пішіні сүйір жапырақ тәрізді. Денесінің алдыңғы бөлігі доғал, арты сүйір. Дене пішінін сақтайды, цитоплазма, ядро, қызыл көзше, хлоропласттары және 1 талшығы бар. Ал вольвокс шар тәрізді колониялы, жасыл түсті. Қызыл көзшеесі, хлорофилдері, цитоплазма, ядро, және 2 талшығы бар. Екеуінің де қоректенуі миксотрофты. Жасыл эвглена бүкіл денесімен судағы еріген оттекті сіңіріп тыныс алып, жиырылғыш вакуолі арқылы зәр шығарады. Вольвокста тыныс алу мен зәр шығару процестері жиырылғыш вакуолімен жүзеге асады. Екеуінің де қызыл көзшесі болады, және сол арқылы жарықты сезеді. Жасыл эвглена тек ұзынынан тік екіге бөлініп көбейетін болса, вольвокс жыныссыз, палинтомия жолымен, жынысты жолмен көбейеді. Генеративті клеткалардан пайда болган гаметалардан зигота пайда болады. Сонымен қатар қолайсыз жағдайда жасыл эвглена циста түзуге қабілетті.
98% уникальности
2-Блок
Достарыңызбен бөлісу: |