Жұмыс органдары: Турнирді дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру және үйлестіру мақсатында облыстық білім басқармасының бұйрығы негізінде ұйымдастыру комитеті құрылады.
- облыстық ұйымдастыру комитеті облыстық байқаудың жалпы тәртібін белгілейді;
- тікелей басшылық жасауды жұзеге асырады;
- байқаудың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап
қорытады ;
- турнирдің өту барысын БАҚ жариялайды.
Қазылар алқасы: «Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» оқушылардың интеллектуалды турнирінің қазылар алқасы төрағадан, хатшыдан және 3-5 алқа мүшелерден түрады.