2.1.1.1 қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем,
фактура) суреттеу және түсіндіру
Сабақтыңмақсаты
Адамның бет әлпеті туралы білетіндерін қайталайды. Түс үйлесімінің не екенін біледі.
Түс пен көңіл күйдің байланысын зерттейді. Түс арқылы көңіл күйді көрсетуді үйренеді.
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыт
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Ұйымдастырусәті Адамдардың бет әлпеті туралы не білесің?
Адамдар бір-бірінен несімен ерекшеленеді?
Жаңасабақтытүсіндіру – Біз бүгін адамның бет әлпетін суреттеуді, түстің көңіл күймен байланысын білеміз.
Сабақта электронды қосымшаны қолдануға болады.
Мұғалімнің сұрағына жауап береді.
Сабақ тақырыбын анықтайды.
Бағалау критерийі: адамның ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтайды.
Оқулық, 6-бет.
Түрлі түсті фломастерлер, түсті қарындаштар.
2-сыныпқа арналған CD-диск.
Ортасы
ОқушылардыңқызығушылығыноятуМұғалім оқушылармен бірге 1-сыныпта адамдардың және өздерінің бет әлпеті туралы білгендерін еске түсіреді. Ол үшін тақтаға бет пішіні әр түрлі үш оқушыны шығарады.
Топтықжұмыс Нәтижесінде екі қорытынды жасалады:
балалардың қандай ұқсастықтары бар;
ерекшеліктері қандай?
Оқушылар алдымен тақтаға шыққан балалардың бет әлпетінде қандай айырмашылықтар мен ұқсастықтар бар, бет пішіндері қандай екенін айтады. Одан соң үш оқушының бет әлпетіне ғана емес, сондай-ақ тері, шаш, көздерінің түсіне де зейін қояды.
(ҚБ) Бас бармақ. Егер топтағы оқушылар тапсырманы дұрыс орындаса, мұғалім бас бармағын көрсетеді. Ал егер жауаптары дұрыс болмаса, бармағын жантайтады.
Шығармашылықтапсырма «Мен жер бетіндегі миллиондаған адамның бірімін» немесе «Мен ерекшемін, өзгелерге ұқсамаймын» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.
АдамжәнеоныңкөңілкүйіОқулықтың 7-бетіндегі суреттерге назар аударады.
Балалардың көңіл күйін қалай байқадың?
Суретші әртүрлі көңіл күйді көрсету үшін қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланған?
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауСергітусәті Жаңаұғымдардытүсіндіру Сабақтыңтақырыбы:Түс жәнекөңілкүй Түс үйлесімі (түс гаммасы) ұғымын түсіндіру. Тапсырма: әрбір шеңбердің көңіл күйін анықтау.
Қай түстер үйлесімі көңілді деп ойлайсың? Ал көңілсізі мен ашулысы қайсы?
Сенің күнделікті көңіл күйіңе қандай түс үйлесімі сәйкес келеді?
Материалдыбекіту Г. Ысмайылованың «Қазақ вальсі» және
«Ақтоқты рөліндегі Ш. Жандарбекова» картиналарын көрсету.
Түс арқылы көңіл күйді анықтай алдың ба?
Суретші пайдаланған түстерді ата.
Өз бет әлпеттеріне ерекше мән бере отырып, әңгіме құрастырады.
Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
№1 жұмыс дәптерінің 3–4- беттеріндегі тапсырмаларды орындайды.
Мұғалімнің сұрағына жауап береді.
Толық жауап береді. Картиналарда пайдаланылған түстерді атайды.
№1 жұмыс дәптерінің 5-бетіндегі тапсырманы орындайды.
Дескриптор:
адамның ұқсастықтарын табады;
адамның ерекшеліктерін анықтап, түсіндіреді.
(ҚБ) Бас бармақ
Дескриптор:
адамның сырт келбетін бейнелейді;
қыз бала мен ұлдың сырты келбетін ажырата алады;
құралдарды пайдаланады;
адамдардың ұқсастығын анықтайды;
түрлі түсті фломастерлер мен қарындаштарды қолданады.
(ҚБ) «Қос шапалақ» тәсілі. Мұғалім дұрыс жауапқа екі рет, дұрыс емес жауапқа бір рет шапалақ ұрады.
Дескриптор:
әрбір түс композициясының көңіл күйін анықтайды;
палитрада көңіл күйіне сәйкес бояуларды шығарады;
жұмыс дәптеріндегі түстік композицияны
салады.
Оқулық, 7-бет.
№1 жұмыс дәптерінің 3–4- беттері.
Оқулық, 8–9- беттер.
№1 жұмыс дәптері.
Соңы Рефлексия
– Бүгінгі сабақтан не үйрендің? Сабақтан алған әсеріңді айтып бер.