а) тақырып бойынша жалпы мәлімет; ә) теориялық материал;
б) оқушыларды ойлануға жетелейтін және жауаптарды өз бетінше іздеп, білімді меңгеруге ықпал ететін сұрақтар;
в) тақырып бойынша қосымша мәлімет іздеуге талаптандыратын кеңестер.
Иллюстрациялық материалдардан:
а) әлем жауһарларының репродукциялары;
ә) қазақстандық әйгілі суретшілердің туындыларының репродукциялары;
б) балалардың жасаған жұмыстары (бұл өз бетінше жұмыс істеуге ынталандырады);
в) табиғат нысандарының, сондай-ақ адамдардың, табиғат көрінісі және халқымыздың қол-өнер бұйымдарының фотосуреттері;
г) түстік және графикалық сызбалар.
Тақырып бойынша шығармашылық қорытынды тапсырмалар.
Жасаған бұйымын таныстыруға көмектесетін материалдар.
Білім мен білік қоржыны.
Терминдер сөздігі.
Оқулықтағы әрбір тақырып белгілі бір ретпен беріледі:
Тақырыпты меңгеру үшін білім, білік қорына шолу жасау.
Баланың тақырып бойынша ой-өрісін кеңейтетін материалды баяндау.
Қажетті теориялық мәліметтерден тұратын жаңа материалды түсіндіру.
Жаңа терминдермен танысу.
Материалды тереңірек түсінуге ықпал ететін иллюстрацияларға қарап, талдау жасау.
Жаңа тақырыпты тереңірек меңгеруге және меңгерілген материал бойынша жеке пікірін білдіруге арналған сұрақтар.
Тақырып бойынша қорытынды жұмыс жасауды түсіндіру. Қажет болса, жаңа материалдармен танысу.
Жұмысты таныстыру және талдау. Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.
Әртүрлі жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік ережелері мен тазалықты сақтау қажет.
Оқу пәнінің мазмұны:
1-бөлім. «Шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту» – қазақ халқының және басқа халықтардың дәстүрі мен мәдениетін меңгеріп, қоршаған ортада әртүрлі материалдарға зерттеу жасау процесінде, зерттеу дағдыларын және шығармашылық елестету қабілеттерін дамыту бағытында өз идеяларын жүзеге асырады;
2-бөлім. «Шығармашылық тапсырманы жасау және дайындау» – әртүрлі жұмыс тәсілдерін меңгеріп және өз іс-әрекетін жоспарлап, алуан түрлі материалдармен тәжірибе жүргізіп, қоршаған ортаны бейнелеу дағдыларын дамытуға бағытталған;
3-бөлім. «Таныстыру, талдау және бағалау» коммуникативтік және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған, соның аясында өзінің және басқалардың жұмысын бағалайды, таныстырады және түсіндіреді.