Жалпы ережелер «Полицияның жас көмекшілері» (ары қарай – ПЖК) топтарын жергілікті жердегі ішкі істер бөлімдері мен білім бөлімдері, жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің басшыларының қолдауымен ұйымдастырылады. Аталған топтар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қаңғыбастық, қараусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында білім беру мекемелерінде құрылады.
«Полицияның жас көмекшілері» топтары –заңнамалар мен нормативтік актілерді меңгерген, бойларында жауапкершілік сезімдері мен кәсіптік бағдарлары қалыптасқан оқушылардың еркін ұйымы. Өздерінің білгендерін мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларына насихаттап, оларды осы топтарға бейімдейді.
Аталған топтар аудандық (қалалық) ішкі істер бөлімдерінің ықпалымен білім беру мекемелерінде құрылады.
Аудандар мен Тараз қаласында құрылған топтардың жұмысын жергілікті ішкі істер бөлімдерінің учаскелік немесе мектеп инспекторлары үйлестіреді. Мектеп әкімшілігі олармен келісе отырып, педагогтар тарапынан топ жетекшісін тағайындайды.