Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет



бет11/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   296
5.3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ халықтың денсаулығын қорғау ісіндегі ерекше ауыртпалық Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне жүктелді. 1941-1942 жж. республикаға бірнеше жүздеген мың адам көшірілді, 361 мың немістер Қазақстанға жер аударылды, 220-ға жуық өнеркәсіп кәсіпорындары көшірілді, 1944 жылы Солтүстік Кавказдан 617 мың адам жер аударылды. Бұл республикамызда санитарлық жағдайды айтарлықтай қиындатты.
Эпидемиялар болдырмау үшін үлкен күш салынды. Осы ауыр кезеңде КСРО Денсаулық сақтау халық комиссариатының бұйрығымен 1943 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтында (ҚазММИ) санитарлық-гигиеналық факультет ашылды. Оның алдына соғыс уақытында және соғыс аяқталғаннан кейінгі жақын кезеңдерде отанды санитарлық қорғау үшін жоғары мамандандырылған эпидемиологтар мен санитарлық дәрігерлерді дайындау міндеті қойылды.
Соғыс уақытында пайда болған мұқтаждықтар Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің тармақтарын кеңейтуді қажет етті. Мысалы, егер 1941 жылы 43 санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, 137,5 мемлекеттік санитарлық инспекторлардың штаттық дәрігерлердің лауазымдары, 4 эпидемияға қарсы отряд, 783 дезинфекциялық камералар, 3907 моншалар болса, ал 1945 жылы СЭС саны 100 дейін, санинспекторлар штаты - 274,5 дейін, эпидемияға қарсы отрядтар – 45 дейін, дезинфекциялық камералар -1438 дейін көбейді, 3332 моншалар салынды.
ҚазММИ-дегі ғылыми зерттеулердің барлық тақырыптары соғыс уақытындағы қатаң талаптарға сәйкес болды. Бомбадан қорғанатын баспаналардың ауасын тазарту, әскери бөлімдерге санитарлық қызмет көрсету, соғыс уақыттарындағы жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы, тұрғындарға вакцина егу жөніндегі сұрақтары зерттелді.
Түгелдей соғыстың қажеттіліктеріне бағытталған ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыстармен эпидемиология, микробиология және гигиена өлкелік институты айналысты. Олар 20 жуық бактериялық препараттарды: бөртпе сүзегіне қарсы вакцина, сүзек - парасүзек вакциналарын, дизентерия бактериофагын, тырысқақ монофагын, тырысқаққа қарсы моновакцинаны өндірді.
1944 жылы шілде айында республикада Тропикалық аурулар институты ашылады, ол 1945 жылы Өлкелік патология институты деп аты өзгертіледі және өлкелік медициналық мәселелерді жете зерттейтін Қазақ КСР Ғылым академиясының негізгі ғылыми-зерттеу орталығы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет