Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


Емшектегі және мектепке дейінгінің алдындағы (бөбектік) жастағы балалардың күн тәртібі



бет172/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

6.2 Емшектегі және мектепке дейінгінің алдындағы (бөбектік) жастағы балалардың күн тәртібі.
Балалардың бірінші үш айлық жасындағы күн тәртібінің негізгі компоненттері ұйқы, тамақтану, сергу болып табылады. Ұйқы өте ұзақ – 16-18 сағатқа дейін, ол болар-болмас сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен жетілмеген жүйке жүйесінің тез әлсірейтіндігімен және қорғаныштық тежелудің дамуымен түсіндіріледі. Ұйқы кезеңдерінің саны 4–3. Екінші айға қарай, ұйқының тәуліктік ырғағы тұрақталады: түнгі ұйқы (10–11 сағат) және күндізгі ұйқы (6–6,5 сағат). Сергу уақытының жиынтық ұзақтығы 5–6 сағаттан, ал әрбір кезеңнің ұзақтығы 1-1,5 сағаттан аспайды.
Өмірінің бірінші жылының кейінгі айларында сергу уақыты біртіндеп ұзартылып, 1 жастың соңында 9–10 сағатқа жетеді. Сергу уақытымен қатар, ұйқының тәуліктік ұзақтығы 14–15 сағатқа дейін, ал ұйықтау кезеңінің саны–2–2,5 дейін азаяды. Емшектегі балаларда тамақ қабылдауының басым (доминанта) болатыны айқын көрінеді. Сондықтан, күн тәртібінде, тағамға деген қажеттілікті бала оянғаннан кейін қанағаттандырып, тиімді сергу және одан соң жеңіл ұйықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін келесі реттілікті сақтайды: ұйқы – тамақтану – сергу – ұйқы. Жасы үлкендеу балаларда, 10 ай және одан жоғары жаста, тамақ доминантасы біртіндеп төмендейді, оның орнын белсенді сергу алады. Сондықтан, емшектегі балаларға қарағанда, 1–3 жастағы балалардың күн тәртібінің құрамдас бөлігінің реттілігі басқаша: ұйқы – сергу – тамақтану. Сергу уақыты 11–12 сағатқа дейін ұзарады, ал, әрбір сергу кезеңінің ұзақтығы 5–6 сағатқа дейін жетеді. Ұйқының ұзақтығы, керісінше, 13–12 сағатқа дейін азаяды, тек, ұзақтығы 2–3 сағаттық, бір ғана күндізгі ұйқы қалады. Емшектегі балалардың сергу уақыты, негізінен гигиеналық күтім және балалар қоршаунда (манеж) жеке баланың ойыны, кейін еңбектеу және жүру дағдыларын меңгеру үшін қолданылады. 1–3 жасар балаларда сергу біршама белсенді бола бастайды, оның құрамына әр түрлі ойындар, таза ауада серуендеу, сонымен бірге, сөйлеуді, сенсорлық қабылдауды, қимыл қозғалыстарды дамытуға ықпал ететін және қоршаған әлеммен таныстыратын арнайы сабақтар мен ән сабақтары кіреді. Бұл жастағы балалардың орталық жүйке жүйесі дамуының ерекшеліктеріне байланысты, олар бір іске ұзақ уақыт көңіл тоқтата алмайды, жиі алаңдайды, тез шаршайды, сондықтан да апта бойына әрқайсының ұзақтығы 8–10 минут көлемде 10–11 сабақ өткізіледі. Күніне 2 сабақ өткізіледі – біреуі түске дейін, екіншісі – түстен кейін. Сабақты жеке немесе кіші топтарда жүргізу (5–6 адам) орынды деп саналады. Жаз айларында сабақтарды және ойындарды таза ауада өткізу өте маңызды болып табылады. Қыста міндетті түрде 2 реттен кем емес, ұзақтығы 1–2 сағаттық серуендеу қажет.
Сонымен, емшек жасындағы және мектепке дейінгінің алдындағы жастағы балаларда күн тәртібі бірнеше рет өзгереді, оны тиімді етіп құру, осы жастағы балаларды тәрбиелеудегі негізгі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет