Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


Жалпы білім беретін мекемелерінің (ЖББМ) жоспарлануына қойылатын гигиеналық талаптар



бет185/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

8.3. Жалпы білім беретін мекемелерінің (ЖББМ) жоспарлануына қойылатын гигиеналық талаптар.
Жалпы білім беретін мекемелерінің жоспарлануына және жобалануына қойылатын гигиеналық талаптар келесі қағидаларды орындауға негізделеді:

  1. оқу-тәрбие үрдісін, сондай-ақ еңбек және жан-жақты дене шынықтыру тәрбиесін жүргізу үшін оңтайлы жағдайлар жасау

  2. бастауыш сыныптардағы оқушылар үшін қорғаныстық режимін қамтамасыз ету және жұқпалы аурулар таралуының алдын алу мақсатында оқушыларды жасына қарай оқшаулау

  3. қоршаған ортаның жағдайларын - ауа жылу режимін, табиғи және жасанды жарықтандыруды, ауа ортасының сапасын, жер телімі мен бөлмелерде санитарлық жағдайын қолайлы ету

  4. тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайлар қамтамасыз ету

  5. балалардың ұзартылған күн топтарында болуы, демалу және жаппай-мәдени жұмыстары үшін қолайлы жағдай жасау.

Оқу-тәрбие үрдісін толыққұнды ұйымдастыру үшін ЖББМ жер телімдерінің ауданын және оның құрамдас бөліктерін дұрыс орналастырудың үлкен маңызы бар. ЖББМ жер телімінің ауданы оқушылардың санына байланысты есептеліп, 1 оқушыға 35-тен 72 шаршы метрге дейін құрайды. Жер телімі бірнеше аймақтарға бөлінеді: оқу-тәжірибе, дене шынықтыру – спорт, демалу және шаруашылық.
Оқу-тәжірибе аймағына әр түрлі бөліктер: бастауыш сыныптардың бөлігі, саябақ және тәлімбақ, егін және көкөніс дақылдары, гүлді–сәндік өсімдіктер, зообұрышпен жылыжай, көшетхана, географиялық алаң және т.б. жатады. Бұл аймақтың ауданы жер телімнің 25% аспауы керек. Ол жер телімінің түкпірінде, шаруашылық және демалу аймақтарының арасында орналасуы тиіс.
Дене шынықтыру – спорт алаңы жер телімнің шамамен 35-45% құрайды. Ол сынып бөлмелерінің терезелері шықпайтын, ғимараттан 25 м кем емес қашықтықта отырғызылған егілген ағаштар жолағының сырт жағына орналастырылады. Бұл аймақта, айналмалы жүгіретін жолы бар, жеңіл атлетикалық спорт ядросын, баскетбол, волейбол және теннис алаңдарын, спорттық ойындарға, ұзындыққа және биіктікке секіруге, доп лақтыруға арналған құрама алаңдарын орналастыру қарастырылады.
Демалу аймағы жер телімінің 6-8% құрайды, мұнда қимылды ойындар мен тыныш демалатын алаңдар болуы тиіс. Тыныш демалыс алаңдарын спорт және қимылды ойындар алаңдарынан белгілі бір қашықтықта, жақсы көгалдандырылған аймақта орналастырғаны дұрыс. Ал, қимылды ойындарға арналған алаңдар үзіліс уақытында белсенді ойнау үшін ғимараттың кіре берісіне орналастырылады. Қимылды ойындар алаңы бастауыш және орта сыныпта оқитын оқушылар үшін жеке болуы тиіс. Белсенді демалыс үшін жоғары сыныптың оқушыларына дене-шынықтыру – спорт аймағы алаңдарын қолдану қарастырылады. Шаруашылық аймағын оқу-тәжірибе аймағына жақын және асхананың өндірістік бөлмелері жағына орналастырады. Оның өзінің жеке автокөлік кіретін жолы болуы тиіс. Бұл аймақта әр түрлі шаруашылық бөлмелері мен қоқыс жинағыштар болуы мүмкін.
ЖББМ ғимараттары, олардың жоспарлы сыйымдылығын ескеріп, жобаланады, ол гигиеналық талаптар бойынша 1000 оқушыдан (33-40 сынып) аспауы тиіс. Оқушылар санының жоғарылауы жұқпалы аурулардың өсуіне, оқу үрдісін ұйымдастырудың қиындауына, бір бөлмеден басқа бөлмеге ауысуларының саны мен ұзақтығының өсуіне, барлық оқу бөлмелеріне тиімді күн сәулесінің түсу режимін және ауа ортасының тиісті сапасын қатамасыз етуге мүмкіншілік болмауына, шу деңгейінің жоғарлауына, мекеменің санитарлық тәртібінің нашарлауына себеп болады. ЖББМ композициясының ең тиімдісі, жылы өтпе жолдармен қосылған, жеке оқу секциялық-блоктардан тұратын, топтастырылған ғимарат болып табылады.
Ғимараттың биіктігі 2-3 қабаттан аспауы тиіс, тек маңайындағы құрылыстың көптігінен жер телімі тар болған жағдайда ғана 4 қабаттық ғимаратты салу рұқсат етіледі (жоғары сейсмикалық аудандардан басқа жерлерде). Ғимараттың төртінші қабатында оқушылар сирек баратын бөлмелер орналастырылуы тиіс. Оқу бөлмелерін жоғарғы қабатта орналастыру мектеп учаскесінде белсенді демалу мүмкіндігіне кедергі жасайды, себебі үзілістің көп уақыты баспалдақпен түсіп, шығуына кетеді. Одан басқа, оқу бөлмелеріне, спорт залына, асханаға баратын жол ұзарады, қарама-қарсы оқушылар ағымынан баспалдақта кептеліс дамиды, қабаттарға көтерілу кезінде жүрек-қан тамырлар мен тыныс алу жүйелеріне жүктеме түседі.
Бөлмелердің құрамы мен ауданы жалпы білім беретін мекеменің түрлері мен типтеріне байланысты, себебі бұл мекемелер оқушылардың жасына байланысты топтарының арақатынасымен де, сонымен бірге, оқу үрдісінің мазмұнымен, түрлерімен, ұйымдастырылу әдістерімен де және профильдік оқытудың бағытымен де ерекшеленеді. Қазіргі кезде білім беру 3 сатыға бөлінеді: 1-сатысы – бастауыш жалпы білім беру (1-4 сыныптар), 2-сатысы – негізгі жалпы білім беру (5-9 сыныптары) және 3-сатысы – толық жалпы орта білім беру (10-11 немесе 8-11 сыныптар). Білім беру үрдісі әр түрлі мекемелерде жүргізіледі: бастауыш, негізгі және толық жалпы орта білім беретін мектептерде, жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын орта мектептерде, профильдік мектептерде, гимназияларда, лицейлерде. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда, гимназиялар мен лицейлерде білім берудің 2-ші және 3-ші сатылары бойынша, ал профильдік мектептерде 3-ші сатысы бойынша дайындық жүргізіледі. Гимназия 2-3 шетел тілін білетін, орта гуманитарлық білім береді. Лицей, бірқатар пәндерді тереңдете оқытып және сол пәндер бойынша мамандыққа дайындай отырып, үзіліссіз жүргізілетін орта және жоғары білім берудің бірінші сатысы болып табылады.
Ғимараттың құрылымындағы бөлмелер 2 негізгі топқа бөлінеді: оқу және жалпы мектептік. Оқу тобына – сынып бөлмелері, оқу кабинеттері, зертханалар, шеберханалар, спорт залдары, еңбек бөлмелері жатады. Жалпы мектептік бөлмелердің құрамында рекреация залдары, гардеробы бар вестибюль, мәжіліс залы, кітапхана, әкімшілік-шаруашылық бөлмелері, медициналық пункт, асхана және буфет, спорт залындағы киініп-шешінетін және душ қабылдау орны, санитарлық жүйе және т.б. кіреді.
Оқу бөлмелері 1-ші, 2-4-ші және 5-11 сыныптары үшін бөлек секцияларға топтастырылады. 1-саты оқушылары 2- және 3- саты бөлмелерінен оқшау, блоктың жеке секцияларында орналасқан өздеріне бекітілген сынып бөлмелерінде оқуға тиісті. Бірінші сыныптағылардың әрбір секциясына 3 сынып бөлмелері, сонымен қатар, ұйқы-ойын бөлмелері, рекреация және санжүйесі кіреді. 2-4 сыныптар оқушылары секцияларына, саны 6-дан аспайтын, сынып бөлмелерінен басқа, тыныш ойындарға арналған бөлмелер, ұзартылған күн топтары үшін, компьютер залы, әдістемелік бөлме, мұғалімдер бөлмесі, рекреация, санитарлық жүйелер болуы тиіс.
2- және 3- сатыдағы оқушыларды оқыту сынып - кабинет жүйесі бойынша жүзеге асырылады, мұнда пәндер арнайы жабдықталған сынып –кабинеттерде немесе мамандандырылған кабинеттерде (физика, химия, биология, информатика, сызу және т.б.), сонымен қатар, профильдік оқытуға арналған (гуманитарлық, физика-математикалық, химия-биологиялық және т.б.) мамандандырылған бөлмелер тобының кабинеттерінде жүргізіледі. Сыныптар мен кабинеттердің саны оқу топтарының санынан аз болмауы қажет. ЖББМ сыныптарының балалар санымен толуы 25 оқушыдан аспауы қажет, ал мектептердің жоғары сыныптарында, профильдік мектептерде, гимназияларда және лицейлерде оқушылардың санын 20-ға дейін азайтуға рұқсат етіледі.
Фронтальдық түрде жүргізілетін сабақ кезінде оқу сыныптары мен қабинеттерінің 1 оқушыға келетін ауданы 2,5м2, топтар бойынша және баланы жеке оқыту түріндегі сабақ кезінде - 3,5м2, аралас түріндегі оқыту кезінде, сондай-ақ, жаратылыс пәндері бойынша мамандырылған кабинеттерде – 2 кем болмауы тиіс. Фронтальдық сабақтар кезінде барлық оқушылар тақта мен мұғалім жаққа қарап отырады, ал топтық сабақтар кезінде сынып оқушыларын, 4-8 адамнан тұратын, кіші топтарға бөледі, олар бір-біріне қарама-қарсы отырып, ұжымдық тапсырманы орындайды, соған сәйкес оқушылардың оқу үстелдері орналастырылады.. Баланы жеке оқыту түріндегі сабақ кезінде тапсырманы өз беттерімен орындауы үшін, оқушылар бүкіл оқу бөлмесі ішіне жеке-жеке отырғызылуы мүмкін. Осыған сәйкес, сынып бөлмелері мен оқу кабинеттерінің ауданы – 62,5-87,5м2 болуы қажет. Бөлме биіктігі 3 м кем болмауы керек, одан аз биіктігі бір оқушыға қажетті ауа текшесін және ауа алмасу есесін қамтамасыз ете алмайды.
Сынып бөлмелерінің тік бұрышты, қабырғалары 3:4 қатынасында болуы және терезелері оқушылардың сол жағында орналасуы гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы болып табылады. Сол жақтан түскен жарық кезінде жұмыс үстелінің беті қолдың көлеңкесімен көлеңкеленбейді, ал тік бұрышты оқу бөлмесінде оқушылардың үстелдерн 3 қатар етіп орналастырған кезде, сынып тақтасының қажетті көз көрерлік бұрышы - көру сызығы мен тақтаның жазықтығы арасындағы көлденең бұрыш жеткілікті дәрежеде (бірінші сыныптағы балалар үшін 45º кем емес және 2-3 сатыдағы оқушылар үшін 35º кем емес) қамтамасыз етіледі. Егер бөлме шаршы немесе көлденең бағытта созылыңқы болса, онда үстелдерді 4 қатарға орналастырады, бұл кезде шеткі қатарлардағы оқушылардың көз көрерлік бұрышы күрт төмендейді, нәтижесінде көрудің зорлануы, дене мүсінің бұзылуы, омыртқаның қисаюы дамиды.
Оқу сыныптары мен кабинеттерінде оқушылар және оқытушылар үшін, оқушылардың топпен және жеке жұмыс істеуі үшін, белсенді жұмыстар үшін бөлінген жұмыс зоналары, сондай-ақ, оқу - көрнекі құралдарын, техникалық оқу құралдарын және оқушылардың жеке заттарын орналастыруға арналған қосымша орын болуы керек.
Физика, химия, биология пәндерінің оқу кабинеттері, сонымен қатар профильдік оқуға арналаған мамандырылған блоктардың құрамында зертхана, жаттықтыру сабақтар өткізілетін екі бөлме және зертханалық бөлме болуы тиіс. Информатика және есептеу техникасы, техникалық сызу, компьютерлік сынып кабинеттерін 10-12 орынға есептейді. Бір орынға белгілінген ауданы информатика кабинетінде 7,5м2, ал басқа 2 кабинетте 6м2.
Спорт залдары 2-ші қабаттан жоғары орналаспауы керек. Оқу секцияларынан оқшау, 1-ші қабатта орналасуы ең тиімдісі болып саналады. Бұл спорт залдан көтерілетін ластанған ауамен жоғары орналасқан бөлмелердің ластанбауына және сыныптар мен кабинеттерде шу деңгейінің жоғарыламауына мүмкіндік береді. Спорт залына оқу секциясы арқылы өтуге рұқсат етілмейді. Спорт залдарындағы ауа алмасуы, дене жүктемесі кезінде едәуір өсетін өттегінің оқушыларға қажеттілігін және ауаның тазалығын тиісті деңгейде сақтау үшін жеткілікті болуы қажет. Бұл мәселе бірінші кезекте залдың өлшемімен қамтамасыз етіледі. Спорт залдарының биіктігі 6 м кем болмауы қажет. Залдың ауданы мен саны оқушылардың және мектептегі параллель сыныптардың сандарына байланысты анықталады. Спорт залдарының ең кіші ауданы – 270м2 (18х30), ең үлкені – 1008м2 (42х24м). Спорт залдары гимнастика сабақтарымен қатар, әр түрлі ойындарды жүргізуге есептелуі қажет, сондықтан ойындарды өткізу кезінде 1 адамға бөлінетін аудан 15-20м2, ал гимнастикалық жаттығуларды орындау кезінде – 6-8 м2 кем болмауы керек. Спорт залдарының жанында снарядтық, қыздар үшін және ұлдар үшін бөлек киім ілетін, душ бөлмесі және санжүйелер қарастырылуы тиіс.
Еңбекке баулу бөлмелері: еңбек пен жұмыс технологияларын зерттеу шеберханалары (металл, ағаш, мата өңдеу жөніндегі және олардың технологиясы, кулинария және т.б.) және мамандандырылған шеберханалар (электротехника, радиоэлектроника, авто іс және т.б.) - оқу секцияларынан оқшау, 1 қабатта орналасуы тиіс, өздерінің учаскеге шығатын есігі болуы қажет. Жұмысты жүргізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, шеберханада бір уақытта сыныптың жартысы ғана жұмыс жасайды, ал 1 оқушыға есептелген ауданы, сынып бөлмелерімен салыстырғанда, 2-3 есе үлкен болып қарастырылады. Мысалы, еңбекті және жұмыс технологияларын зерттеу шеберханаларында бір балаға есептелген ауданы - 7,5м2, ал мамандандырылған шеберханаларда - 9-15м 2 құрайды.
Рекреациялық бөлмелерді 1 оқушыға 2м2 есебінен зал немесе дәліз түрінде жоспарлайды. Зал түріндегі бөлмелер тиімділеу болып келеді, себебі олар балалардың қимыл белсенділігі үшін үлкен мүмкіндіктер береді және таза ауаның жақсы резервуар болып табылады. Кабинеттердің бір жақты орналасуы кезіндегі дәліздің ені 4 м, ал екі жақты орналасқан кезде – 6 м кем болмауы қажет.
Гардеробтар, мектептің бастауыш, негізгі және жоғарғы сыныптарына арналған зоналарға бөлініп, оқшау орналасуы қажет. Оларды оқу бөлмелері мен рекреацияларда орналастыруға болмайды.
Медициналық пунктті көбінесе 1 қабатта орналастырылады, оның құрамына дәрігер-педиатрдың, тіс дәрігерінің, психологтың кабинеттері, егу және ем-шаралар жүргізілетін бөлмелер кіруі керек. Медициналық пункттің жеке санитарлық жүйесі болуы тиіс.
Мектеп асханасын ғимараттың бірінші қабатында, сыртқа шығатын есігі бар, жеке бөлігінде орналастырады. Бөлмелерінің құрамы, асхана шикізатпен бе немесе жартылай дайындалған өніммен жұмыс істейді ме, соған байланысты. Асхананың түстенетін залының ауданы әрбір оқушыға 0,8м2, ал орындардың саны оқушылардың және оқытушылар-әкімшілік құрамы санының 1/3 кем болмауы қажет. Асхананың кіре берісінде міндетті түрде қол жуғыштар қойылуы қажет.
Мектеп ғимаратының әрбір қабатында қыздар мен ұлдарға бөлек, 30 қыз балаға бір унитаз және бір қол жуғыш, 30 ұл балаға – 1 унитаз және бір қол жуғыш есебінен, есіктері ілмексіз, кабина түріндегі санитарлық жүйелер орнатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет