Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т



Pdf көрінісі
бет1/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
6391

Н.Қ. Жуе  пов
ф о ж , ош ртан  
,йырда  щ  ШрІшиІ  ж ар т 
.
.«еы
Павлодар, 2007

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЖҮСШОВ НАРТАЙ ҚУАНДЫҚҮЛЫ
Қазақ фольклортану ғылымы: 
ХХғасырдың бірінші жартысы
Павлодар, 2007

УДҚ 398 (574)
ББК 82;3 (5 К аз)
Ж?1  "
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 
Ғылыми кенесі ұсынған.
ҚР ҮҒА  академигі, филология ғылымдарыньщ докторы, профессор 
С.А.Қаскабасов.
филология ғылымдарыньщ докторы, профессор  Б.С.Рахимов 
филология ғылымдарының докторы, профессор  Е.Түрсынов
Жүсіпов Н.Қ. Қазақ фольклортану ғылымы: XX гасырдын бірінші 
жартысы.  Монография.-Павлодар. 2007.-381  б.
І5ВИ  9965-583-28-5
Монографияда XX ғасырдьщ бірінші жартысындағы қазақ фольклоры 
туралы  ғылымньщ  жай-жапсары,  оның  салаларынын  даму  барысын 
зерттеу,  фольклортану  ғылымының  қандай  межелерге  жеткенін,  қандай 
максаттар  қойып,  қандай  проблемаларды  қандай  дәрежеде  шешкені 
анықталады.  Сондай-ақ  сол түстағы  фольклористиканың  қай  аспеқтілері 
зерттелгені,  қандай  түжырымдар  жасалып,  олардың  ғылым  мен  оқу 
процесіне  қаншалықты  енгені  сөз  болады.  Сонымен  бірге  монографияда 
жарты ғасыр  ішінде қазак  фольклоры  калай  жиналды және қандай түрде 
жарияланды, әрі зерттелді деген мәселелер қарастырылды. Бүлармен қатар 
өткен  ғасырдың  алғашқы  жартысындағы  фольклортануға  өздерінің 
жинаушылық,  жариялаушылық  өрі  зерттеушілік  істерімен  айтарлықтай 
үлес қосқан окымыстылар мен қайраткерлердің еңбектері тапданады.
Монографияны  жоғарғы  оқу  орны  студенттеріне  арналған  қазақ 
фольклоры  бойынша  оқылатын  дөрістерді,  сондай-ақ  арнайы  курстар, 
семинарлар  жүргізгенде  кеңінен  пайдалануға  болады.  Енбек  қазақ 
фолыслорын  зерттеушілерге,  оқытушыларға,  студенттерге,  аспиранттар 
мен магистранттарға, жалпы халық мүрасына кызығушы копшілік қауымға 
арналады. 
________
Жауапты редакторы:
Пікір жазғандар:
С-Торайгыроа 
|| 
ятындағы  ПМУ-дІң 
|
І5ВИ  9965-І58&ЗІ1&ІК  С.Бвйсвмбаеі'' 
ББК 82.3  (5 Каз)

Кіріспе
Қазақ  халық  ауыз  әдебиеті  туралы  ғылым  толық  зерттелді  деп 
айтуға әлі  негіз жоқ.  Оның қалай туып, ғылым ретінде қалыптасқаны 
жайында «Қазақ әдебиетінің тарихы»  (Алматы.  1948.  439  б.),  «Қазақ 
әдебиетінің  тарихы»  (1  том.  Алматы.  1960.  740  б.),  «Қазақ 
фольклористикасы» 
(Алматы. 
1972. 
299 
б.), 
«Қазақ 
фольклористикасының тарихы» (Алматы.  1988. 432 б.) атты үжымдық 
еңбектер  жарыкка шыққаны белгілі.
XX  ғасырдың  алғашқы  жартысындағы  қазақ  фольклортану 
ғылымын  қазақ  әдебиеттану  ғылымы  тарихының  бір  саласы  «Қазақ 
әдебиетінің  тарихы»  ішінде  қарастырған  алғашқы  монографиялық 
еңбек  «Қазақ  әдебиетінің  тарихы»  деген  атпен  1948  жылы  басылым 
көрді  [1].  Еңбекгі  жазуға  белгілі  ғалымдар  М.Әуезов,  Қ.Жұмалиев, 
Е.Смаилов,  Ә.Марғүлан,  Б.Кенжебаев,  Ә.Қоңыратбаев,  Б.Шалабаең, 
Ә.  Мәметовалар  ат  салысты.  Кітап  іштей  9  бөлімге  ажыратылып, 
негізінен,  1917  жылғы  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  халық  ауыз 
өдебиетінің  жағдайы  қамтылды.  Кітапта  қазақ  фольклоры  туральі 
ғылымның  хал-жағдайы,  түрмыс-салт  жырлары,  ертегілер,  батырлар 
жыры,  ғашықтық  жырлар,  айтыс  өлеңцері,  шешендік  сөздер,  тарнхи 
өлеңдер  т.б.  төрізді  сол  кездегі  өз  алдына  жеке  ажыратылған 
фольклорлық  жанрлардың  өзіндік  ерекшеліктері  т.с.с.  әдебиеттану 
түрғысьшан  талданған.
Еңбектің «Қазақ фольклорын зерттеу тарихынан» атты бөлімшесін 
ғалым  Б.Кенжебаев  жазды.  Мүнда қазақ  фольклорын  жинау,  зерттеу 
ісі XIX ғасьфдың орта кезінен басталатыны діттеліп, сол кездің саяси, 
әлеуметтік  жағдайына 
қысқаша  шолу  жасалған.  Одан  әрі  автор 
Ш.Ш.Уәлиханов, 
В.В.Радлов, 
Г.Н.Потанин, 
Ә.Диваев, 
М.Ж.Көпеевтердің 
фольклортанушылык 
еңбектеріне 
қысқаша 
снпаттама  береді  де,  негізінен,  XX  ғасырдың  алғашқы  жартысымен 
шектеледі.
Фольклорпгану  ғылымының  жай-күйі  1960  жылы  шыққан  «Қазақ 
әдебиетінің  тарихы»  атты  үжымдық  еңбекте  [2]  де  біршама  кең 
қарастырылды.  Мүнда  қазақ  фольклоры  туралы  ғылымның  XX 
ғасырдьщ  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  кезеңін  ғалым  Н.С.Смирнова 
жазды  [3].  Бүл  бөлімде  қазақ  фолыслорының  тегі  ерте  заманда 
жатқандығы, 
ауыз 
әдебиеті 
үлгілерінің 
өзі 
Орхон-Енисей 
жазуларынан  (У-УП  ғ.)  байқалатыны,  ал  хатқа  түсуі  кейінірек  XI 
ғасырда  басталатыны  (М.Қашғари  «Диуан  лүғат  ат-  түрік», 
Ж.Баласағүни  «Қүгадғу білік» т.с.с.)  шолу түрінде айтылған. Сондай- 
ақ  қазақ  фольклоры  туралы  ғылымның  XX  гасырдың  Қазан
3

төңкерісіне  дейінгі  екі  түрлі  кезеңі  бөліп  көрсетілген:  бірі-  XVIII 
ғасырдан XIX ғасырдың оргасына дейінгісін;  екіншісі- XIX ғасырдың 
екінші жартысынан XX ғасырдың басына дейінгісін қамтиды.
Кезең  ерекшеліктері  ретінде  ғалым  Н.С.Смирнова:  қазак  хапық 
ауыз  әдебиетін  зерттеу  ісінің  әяі  ғылымның  дербес  саласы  болып 
бөлінбегенін;  бұл  кезеңдегі  енбектерде  фольклор  үлгілері  қырғыз- 
қайсақ даласы туралы жазылған тарихи деректерді дәлелдеу үшін ғана 
келтірілетінін;  ол  кездегі  фольклор  нүсқаларын  жазып  алушылардың 
көпшілігі  ғылымға  қатысы  жоқ,  чиновниктер  мен  әскери  адамдар 
болғанын;  бүл  адамдардың  бірен-сараны  болмаса,  көпшілігі  казак 
тілін білмегендікген де олар халық әдебиетін жинау ісінде ел билеуші 
әкімдерге  және  тілмапггарға  бағынышты  болғандығын;  орыстың 
түркітанушы  мамандары  мен  қазақ  оқымыстыларының  күш  біріктіре 
отырып  зерттегенін  т.б.  анықтаған.  Сондай-ақ  ғалым  осы  кезеңдегі 
көрнекті  фольклортанушылар: 
Ш.Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин, 
В.В.Радлов, 
Г.Н.Потанин, 
Ә.Диваевтардың 
омірі 
мен 
фольклорганушылық  қызметін  баяндайтын  қысқаша  шолу  түріндегі 
портреттік тараушаларды да енгізген.
XX  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  қазақ  фольклортану 
ғылымын 
М.Әуезов,  С.Сейфуллин,  С.Мүқанов,  Қ.Жүмалиев, 
Б.Кенжебаев,  Е.Ысмайылов,  Ә.Марғүлан,  Н.Смирновалардың  дамыта 
түскен 
еңбектері 
1972 
жылы 
жарьгқ 
көрген 
«Қазак 
фольклористикасы»  деген  кітапта  жинақталып  сарагггалғаны  белгілі 
[4].  Өз  кезені  үшін  өте  пайдалы  болған  бүл  еңбек  оқымыстылардьщ 
ізденістерін  талдап,  бағалауда  сол  түста  үстемдік  еткен  солақай, 
таптық  партиялық  идеологияның  ықпалынан  шыға  алмағанын  да 
ескерген  жөн.  Оның  үстіне  сол  түстағы  ғылым  деңгейі  төмендігінен 
туындаған кемшіліктер де кітапта көрініс берді. Мысалы, фольклорды 
жазба әдебиеті түрғысынан карастырған  ғаггымдардың,  сондай-ақ сол 
кездегі  фольклорды  тек  таптық  көзқараспен  зергтеген  адамдардың 
олқылықтары  мен  қателіктері  ашылмай  кала  берді,  бүл  мәселелерді 
айналып  өту орын  алды.  Сондьщтан «Қазақ фольклористикасы»  атгы 
1972  жылғы  кітап  XX  ғасырдағы  фольклортану  тарихын,  оның  зәру 
проблемаларын  жан-жақты  ашып  берді  деп  айта  алмаймыз.  Оның 
үстіне  1920-1940  жылдары  еңбек  етіп,  көптеген  мақалалар  жазған, 
бүгінгі  фольклортануға  өз  үлесін  қосқан  бірталай  адам  шет  қалды. 
Жекелеген  жанрларға  арналган  мақалаларда да ол  кісілердін есімдері 
де,  еңбектері  де  аталмады.  Ә.  Бекейханов,  А.  Байтүрсынов,  Мәшһүр 
Жүсіп  Көпеев,  X.  Досмүхаметов,  М.  Шокай,  М.  Жолдыбаев,  тағы 
басқа  да  адамдар  өмірде  болмағандай,  ештеңе  жазбағандай  болып, 
ғылым  тарихынан  алынып  тасталды.  Қазақ  халық  ауыз  әдебиеті
4

ғылымыыың  қалай  туып,  ғылым  ретінде  қалыптасқанына  арналған 
«Қазақ  фольклористикасының  тарихы»  атгы  ұжымдық  үлкен  еңбек 
1988 жылы жарыққа шыкты.  Бүл кітапта қазақ фольклортану ғылымы
XVIII  ғасырдан  басталатыны,  XIX  ғасырдың  соңында  жеке  ғылым 
ретінде 
қалыптасып 
орныққаны 
тұжырымдалған 
концепция 
ұсынылды.  Ол  ғалымдар  тарапынан  қолдау  тапты.  Сонымен  бірге 
онда  ХҮШ  ғасырдан  арғы  дәуірлердегі  фольклортануға  негіз  болған 
бастаулары  туралы  да  шолу  түрінде  сөз  қозғалған.  Демек  бүл 
ұжымдық монографияда ежелгі дәуірден бастап XX ғасырдағы Қазан 
төңкерісіне  дейінгі  аралықтағы  қазақ  фольклоры  жөнінде  жазылған, 
айтылған  пікірлер  барынша  қамтылып,  талданды  деуге  болады. 
Нактылап  айтар болсақ, еңбектің кіріспесінде зерттеу жұмыстарыньщ 
бағыт  пен  мақсаттары;  халык  мұрасының  жиналу,  жариялау, 
насихатгалу, 
зерттелу 
тарихының 
басталу 
көздері 
ғасырлар 
қойнауында  жататыны;  яғни  У-УШ  ғасьфлардағы  тасқа  жазылған 
Орхон-Енисей  жәдігерлері,  XV  ғасырда  хатқа  түсті  делінген  «Дәде 
Қорқыт кітабы», Махмүд Қашғаридың «Диуан лүғат ат-түркінде» (XI 
ғасыр)  т.б.  шығармалары  соған  дәлел  екені;  сондай-ақ  Монғол 
тарихьгаа  қатысты  фольклор  үлгілерін  сөз  ететін  Рашид-ад-диннің 
шежіресінде,  Қадырғали  Жаланрдің  «Жамиғ  ат-тауариғында», 
Абылғазы  ханның  т.б.  шежірелерінде  де  бүл  дәстүр  сақталғандығы 
т.б.  жан-жақты  саралануы  —  бәрі  ортағасырлық  Қазақстанньщ 
фольклоры  мен  әдебиетінде  бұл  салаға  жете  көңіл  бөлген  бай 
дәстүрдің сақталып, дамып отырғандығын дітгеу жүзеге асқан [5].
Бұл  кітапта  кіріспеден  соң  төрт  үлкен  щолу  тарау  берілген.  Әр 
тарау  фольклордын  даму  кезеңдеріне  арналып,  тараудың  ішінде  аса 
көрнекті  зерттеушілер  туралы  жекелеген  портреттер  келтірілген. 
Мәселен,  алғашқы  тарауда  XVIII  ғасыр  мен  XIX  ғасырдың  бірінші 
жартысындағы  қазақ  фольклоры  туралы  жазбаларға  шолу  жасалады 
да, Шоқан Уәлиханов еңбегі  жеке қарастырылады.  Сол сиякты  келесі 
тарауда  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  ұлттық  фолыслорымыз 
жайында кімнің не жазғаны, не жинап, не жариялағаны кең сөз болып, 
Ы.  Алтынсарин,  Г.Н.  Потанин,  А.  Құнанбаев,  В.В.  Радлов  секілді 
қайраткерлерге жекелеген монографиялық тараушылар арналған.
Біздің  тақырыбымыз  бен  проблемаларымызға  тікелей  қатысты 
болғандықтан,  аталған  ұжымдық  еңбеюсе  кеңірек  тоқталу  қажет  деп 
санаймыз.  Еңбектің  бірінші  тарауы  XVIII  ғасыр  мен  XIX  ғасырдыц 
бірінші  жартысындағы  қазақ  фольклортану  ғылымының  алғашқы 
кезеңіне  арналған  [6].  Саяси-өлеуметгік  жағдайға  сай  осы  кезеңнің 
фольклортануы  жол-жөнекей  қысқа  түжырым-байқаулар  түрінде 
көрініс  бергені  дәлелденген.  Атап  айтқанда,  Қазакстанның  Ресей
5

қүрамына  енуіне  байланысты  өлкенің  жер  жағдайын,  табиғатын, 
тарнхын, этноірафнясын, мәдениетін т.б. зерттеу қажеттілігі туындап, 
арнайы  экспедициялар  үйымдастырылғаны,  оныц  күрамында  болған 
Е.П.  Ковалевский,  Н.А.  Северцев,  В.И.  Даль,  В.И.  Небольсин,  В.П. 
Васильев,  Н.В.  Ханыков,  Г.И.  Данилевский,  М.  Поспелов  т.б. 
адамдардың  алуан  түрлі  деректер  жинап,  ой-пікірлер  түйгені  кен 
сарапанған.
Сондай-ақ  қазақ  даласына  түрлі  себептермен  жер  аударылған 
Ф.  Достоевский,  Т.Шевченко,  А.Янушкевич  төрізді  қайраткерлердің 
де  казақ  тарихына,  оның  ішінде  өзіндік  мәдениетіне,  фольклорына 
қатысты 
қүнды 
деректер 
қалдырғаны 
сөз 
болады. 
Қазақ 
фолыслорының  жиналып,  зерттелуіне  1800  жылы  Қазанда  ашьшған 
Азия  халықтарының  баспаханасы  мен  1808  жылы  іске  косылған 
Университет  баспаханасының,  сондай-ақ  1845  жылдан  іске  кіріскен 
Орыс  географиялық  қоғамының  игі  істері  өз  алдына  зертгеуді  кажет 
ететіні де көрсетілген.
Айтылған  тарауда  XVIII  ғасырдағы  қазақ  фолыслорының  мән- 
жайы  белгілі  ғалымдар  П.  Паллас,  Н.  Рычков,  И.  Георги,  Г.Ю. 
Клапрот,  Г.И.  Спасский,  Г.Мейендорф  т.б.  еңбектері  негізінде 
қарастырылған. Онда, негізінен, өлкенің тарихымен, жер жағдайымен 
қатар,  халықтың  әдет-ғүрпы,  аңыз-әңгімелері,  түрмыс-тіршіпігі 
туралы ақпараттык деректер берілгендігі анықталған.
Әсіресе,  қазақтың  тегі,  тарихына  байланысты  аныз-әңгімелерді 
жинастырған А.И.Левшин еңбегі жан-жакты қарастырылған. Яғни сол 
шақта  жарияланған  саяхатнама,  сипаттама,  жазбалар  түріндегі 
еңбектердің  ішіндегі  ең.көлемдісі  де,  маңыздысы  да  А.И.Левшиннін 
«Қырғыз-қазак  немесе  қырғыз-қайсақ  ордалары  мен  далаларының 
сипаттамасы»  (Спб.,  1832)  атты  үш  томдық  зерттеу  еңбегі  екені 
дәлелденген.
Тараудың авторы Ш. Ыбыраев бүл дәуірде фольклортану ғылымы 
үлкен  профессионалдық  жолға  түспегенімен,  ғылым  ретінде 
жекелеген  белгілері  туып,  қалыптаса  бастағаньш,  әсіресе  қазақ 
фольклоры туралы,  этнографиялық негізде болса да, пікір айту,  онын 
халық өмірінен алатын орнын белгілеу, жинау, жазып алу, орыс тіліне 
аудару сияқты жүмыстардың рөлі ерекше болғанын ескертеді [7].
Еңбекте  одан  әрі  қазақтың  түңғыш  фольклортанушы  ғалымы 
Шоқан  Уәлихановтың  өмірі,  өскен  ортасы,  фольклортанушылык 
еңбектері  дәйектелген  [8].  Ш.Уәлиханов  ел  аузынан  жинап, 
жариялаған:  Абылай  атына  қатысты  аңыздар;  «Қозы  Көрпеш-Баян 
сүлу»,  «Ер  Көкше»,  «Едіге»  тәрізді  жырлар;  Жүмағүл,  Жанак, 
Орынбай,  Арыстанбай,  Шөже  сынды  ақын-жыршылар  туындылары;
6

Бөгенбай,  Жанатай,  Сырымбет,  Жәнібек,  Байғозы,  Оразымбет, 
Малайсарыға,  Баянға  т.б.  қатысты  деректі  әңгімелер  шоғыры-  бәрі 
ғалым 
Р.Бердібай  тарапынан 
жан-жақты  ашылған: 
«Ш. 
Уәлихановтың еңбектерінде халықтардың наным-сенімі, әдет-гурып, 
салт-санасы  жөнінде ойлар мен  тужырымдар мол.  Мундай  пікірлер 
оның  барлық  туындыларында  там-тумдап  аралас  келіп  отырады. 
Жалпы  Шоқан  шыгармаларының  бір  ерекшелігі  олардың  белгілі  бір 
мәселеге 
гана 
арналмай, 
қубылыстарды 
кең 
қамтитын 
әмбебаптыгында.  Алдына  үлкен  э/сауапты  саяси,  мемлекеттк 
міндеттер  қойган  сапарларының  барлыгында  да  Ш.Уәлиханов  өзі 
таныган шындықты негурлым молырақ қамтуга умтылган. Мәселен, 
өзі  көрген  елдің  географиялық  жагдайын  айта  отырып,  тарих  пен 
этнографиясын  тасада  қалдырмайды.  Әсіресе  халықтың  аңыз- 
әңгімелерін,  шежіресін, мифтік угымдарын,  өнерін бір-бірімен тыгыз 
байланыста  алып  қарайтынын  көреміз.  Сондықтан  да  галымның 
фольклорга 
тікелей 
арналмаган 
зерттеулерінде 
де 
халық 
шыгармалары туралы ойлары қатарласа журеді», - делінген [8,84 б.].
Кітаптың  келесі  шолу  тарауында  XIX  ғасырдың  екінші 
жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы жайы қарастырылады [9]. 
Бұл  кезде  қазақ  фольклортану  ғылымының  өз  алдына  жеке  ғылым 
саласы  ретінде  қалыптаса  бастағаны  да  нақгы  көрсетілген.  Сонымен 
катар^фолыслор  үлгілерін  жинау,  жариялау,  зерттеу  жұмыстары 
мақсатты  түрде  жүргізілгені;  фолыслорлық  мәтіндер,  көбінесе 
саяхатнамалық  очерк,  күнделік,  сипаттама,  жазбалар  т.б.  түрінде 
кездесуі;  орталык,  әрі  жергілікті  басылымдарда  жариялана  бастауы, 
т.б.  -   бәрі  Ресейдің  экономикалық,  саяси-әлеуметтік  жағдайынан 
туындаған  отаршылдық  сипатта  туған  реформалармен  тығыз 
байланысты жүргені анық.
Сондай-ақ  қазақ  фолыслоры 
мен 
этнографиясын 
зерттеу 
жұмыстары қалай жүргені:  бірде- арнайы тапсырмамен  келген  әскери 
адамдар,  саяхатшылар Қазақстанның топографиясын  жасаумен  қатар, 
жер-су, тау-тас,  мекен жайына байланысты әңгіме-аңыздар мазмұнын 
хатқа түсіріп отырса; бірде-чиновниктер мен миссионерлер қазақ тілін 
зерттеп,  қазақша-орысша,  орысша-казақша  сөздіктер  жасағаны;  ал, 
енді  бірде-  орыс  өрпінде  жазылған  оқулықтар  дайындағаны  т.с.с.  -  
бәрінде дерлік  фольклордың әр түрлі  мақсатта  пайдаланылғаны  жете 
сөз болады  [9,92 б.].
Сонымен  қатар  аталған  тарауда  қазақ  фольклорын,  тілін, 
этнографиясын 
таза 
ғылыми 
мақсатта, 
академиялық 
түрде 
зерттегендер  болғандығына  арнайы  назар  аударылған.  Бұл  кезеңнің 
өзі іпггей шарггы түрде үш белеңге бөліп қарастырылады [10]. Бірінші
7

кезең -  1860 жылға дейінгі уақытгы қамтиды. Негізінен, бұл аралықта 
фольклорды  жинау жұмысының  қалай  жүргені,  көбінесе  мәтіндердің 
жолжазбалық очерктер ішінде,  кұнделіктерде, жазбалар түрінде  орын 
алғаны діттеледі.  Екінші  кезең-  1860 пен  1880-шы  жылдар аралығын 
қамтиды.  Бүл кезеңде фольклорды жинау жүмыстарымен бірге  баспа 
арқылы  жариялау жұмыстары  да  қолға  алына  бастағаны  көрсетіледі. 
Ал,  үпгінші  белеңге  (1880-1900  жылдар  аралығы)  тән  ерекшелік: 
фольклор  нүсқалары  тек  жиналып,  жарияланып  қоймай,  сондай-ақ 
белгілі  орыс  ғалымдары  В.В.Стасов,  В.Ф.Миллер,  А.Н.  Веселовский 
т.б. тарапынан да тереңірек зерттеле басталғаны айтылады.
Сонымен  қатар  бүл  тарауда  қазақтың  белгілі  фольклортанушы 
ғалымдары  Ы.Алтынсарин  [11],  А.Қүнанбаев  [12],  В.В.Радлов  [13], 
Г.Н.Потаниндердің  [14]  фольклорды  жинау,  жариялау  мен  зертгеу 
жүмыстары өз алдына жеке-жеке жан-жақты карастырылған.
XIX 
ғасырдың екінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы 
тарихын  зерттеген  С.А.Қасқабасов  мынадай  түйін  жасайды:  «Бул 
кезеңде  қазақ  фолъклористикасы  гылымның  жеке  саласы  ретінде 
толыц  қалыптасып  болды.  Ол  процесс  сол  кездегі  қогамның  саяси- 
әлеуметтік,  тарихи-мәдениеттік  жагдайының  ауқымында  өтіп, 
гылыми, әдеби дамумен бірге жүрді. Алгашқы он жылда  (1850-1860), 
пегізінен,  қазақ  фольклоры  туралы  тек  дерек  қана  жиналды...  Тек 
1860  жылдардан  бастап  қазақ  ауыз  әдебиеті  кең  түрде  жинала 
бастаган...  Қазақ  фольклорын  жинаумен  қатар,  зерттеу  мақсаты 
1880-1900 жылдар арасында мықтап қолга алынды» [15].
Еңбектің  үшінші  тарауында  XX  ғасыр  басындағы  қазақ 
фольклортану  ғылымы сөз болады [16]. Ғасыр басындағы Ресейде әрі 
өлеуметтік-экономикалық,  әрі  қоғамдык-мәдени  өзгерістердің  күрт 
дамуы өз кезінде Қазақстан экономикасы мен ғылымына біршама әсер 
еткені  айтылады.  Елді-мекендерде  түрлі  өндіріс  орындары  салынуы, 
қаланың өсуіне, сондай-ақ көптеген қоғамдық орындар мен бастауыш 
мектептердің  де  көбірек  ашылуына  ықпал  етті.  Мүның  бәрі  өз 
кезегінде 
халықтың 
тұрмыс-тіршілігіне, 
шаруашылығы 
мен 
мәдениетіне  ыкпал  жасағаны  сөз  болады.  Осындай  қоғамдық- 
әлеуметгік  жағдай  қазақ  халкының  мәдениетіне,  оның  фолыслорына 
деген  қызығушылықты  арттырып,  фольклортанудың тағы  бір кезеңін 
қалыптастырғаны  анық.  Сол  кезде  жиналған  көптеген  фольклор 
үлгілері  түрлі  баспа  орындарында,  ғылыми  жарияланымдарда,  газет- 
журнал  бетгерінде  тұрақты  түрде  болмаса  да,  жиі  жарияланып 
тұрғаны жіті аңғарыльш, біршама айқындалған.
Сонымен  қатар сөз  болып  отырған  шолу тарауда А.  Белослюдов,
А.  Васильев,  И.  Крафт,  Н.  Пантусов  сиякты  ғалымдардың

г 
фольклортанушылык  еңбекгері  де  карастырылғаи.  Атап  айтатын  бір 
нәрсе:  бұл  бөлімде  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  шығыс  халықтарының 
тарихымен,  тілімен,  әдебиетімен  шұгылданушы  орыс  авторларының 
казақ ішінен өздері жинаған әдеби нұсқаларды ауыз әдебиеті сапында 
карап,  сол  тұрғыда  тұсінгені  нақгы  көрсетілген.  Әсіресе  олардың 
қазақ  поэзиясын  жоғары  бағалаганы,  қазақ тілінде  кітап  шығару  ісін 
жандандырғаны  қамтылған.  Олар  діни  басылымдармен  бірге  шығыс 
әдебиетінің  аудармаларын,  фольклорльщ  мәтіндерін  (ертегілер, 
жырлар, мақал-мөтелдер, жұмбақтар, т.б.) жариялап және әр түрлі оқу 
құралдарын,  тағы  басқа  шығармаларды  бастырып,  елге таратты.  Осы 
кезде  қазақ  халқының  да  саяси,  мәдени  өмірінен  құнды  деректер 
Г 
беретін  түрлі  тарихи  деректер  мен  құжат  қазыналары  жарық  көріп 
жатты.  Әсіресе  А.Е.  Алекторовтың  үш  мыңнан  астам  мақалаларды 
қамтыған  библиографиялық  көрсеткішінің  [17]  жарьщ  көруі  -   сол 
тұстағы  фольклортану  ғылымының  даму  жағдайын,  бағыт-бағдарын 
анықтаған  еңбек  болды.  Сонымен  бірге  бөлімде  Ә.  Днваевтың 
фольклорды жинау, жариялау, әрі  зерттеу жұмыстары өз алдына жеке 
сараланған. 
Аталған 
кітаптағы 
төртінші 
тарау 
музыкалық 
фольклордың жиналуы мен зерттелуіне арналған [18].
Жалпы, бұл монографияда қазақ фольклортану ғылымының Қазан 
төңкерісіне  дейінгі  бай  тарихы,  казақ  мәдениетінің  даму  кезеңдері, 
елеулі  фактілері,  тенденциялары,  жүйелі  ойлары  мен  тұжырымдары 
т.б.  жан-жақты  сарапталған.  Әсіресе,  сол  шақтағы  қазақтан  шыққан 
алғашқы  зиялылардың 
фолыслор  мұраларын  жинау,  жариялау, 
зерттеудегі 
ізденістері 
тұңғыш 
жинақталып, 
ясұйеленіп 
қарастырылғаны — ғылымға  қосылған  үлкен  үлес  болды.  Солай  бола 
тұрса  да, 
жалпы  әдебиет  тарихының  басқа  да  өзекті  мәселелері 
төрізді  ұлттық  фольклортану  тарихы  саласында  да  қолға  алынбаған, 
қолдан  жасалған  «ақтаңдақтарымыз»  аз  емес  және  олар  әлі  зерттеу 
объектісіне айнала қойған жоқ.
тҚазақ фольклорын  жинаушы, жариялаушы, зертгеушілер дегендеу 
Ш.Ш.Уәлиханов, 
В.В.Радлов, 
Ы.Атгынсарин, 
А.Қүнанбаев, 
Г.Н.Потанин,  Ә.  Диваев т.б.  еңбектері  барынша  қарастырылғанымен,
 %од"салада ең көп жұмыс тыңдырған Мәшһүр-Жүсіп, сондай-ақ Кеңес 
өкіметі  тұсында  есімі  аталуына  тыйым  салынған  Ә.  Бөкейханов,
А.Байтұрсынов,  Х.Досмұхамедовтердің  еңбектері  енді-енді  ғылыми 
айналымға  ене  бастауы-  бұл  саладағы  ғылымның  кенжелеп  қалу 
себептерін  де,  аталған  ғылымның  қазіргі  жай-күйін  де  толық  андата 
алады.
Жалпы,  Кеңес  өкіметіне дейінгі  аралықтағы  қазақ фолыслорының 
жиналу, 
жариялану, 
зерттелу 
тарихына 
арналған 
«Қазақ
9

фольклористикасының  тарихы»  атты  монографияның  (А.,  Ғылым, 
1988)  әрі  қазақ  әдебиеттану,  әрі  фольклортану  гылымында  ерекше 
орын  алатыны  дау  тудырмайды.  Ал,  «XX  ғасырдың  бірінші 
жартысындағы  қазақ  фольклортану  ғылымына»  арналған  арнайы 
зерттеу  жұмысының  болмауы-  біз  қолға  алып  отырған  тақырыптың 
көкейкестілігін танытары күмәнсыз.
Бүгінгі  таңда  фольклортану  ғылымының,  бүрыңғы  еңбектердің 
жетістіктеріне  сүйене отырып, XX ғасырдын  ең ауыр кезеңінде,  яғни 
бірінші  жартысында  үлттық  фольклорымыз  туралы  ғылым  қалай 
дамыды,  қандай  асулардан  өтті,  басынан  не  кешірді,  оны  кімдер 
дамытты,  кімдер  не  қосты  деген  мәселелерді  жүйелі  түрде, 
концепцуалды  негізде,  ғылыми  түрғыдан  арнайы  зертгеу  қажеттігі, 
әрі  мүмкіндігі  туды.  Міне,  біздің  еңбек  осы  проблемаларды 
қарастыруға арналған.
Монографияда  XX  ғасырдың  бірінші  жартысындағы 
қазақ 
фольклоры туралы ғылымның жай-жапсары,  оның салаларының даму 
барысын  зерттеу,  фольклортану  ғылымының  қандай  межелерге 
жеткені,  нендей  мақсаттар  қойып,  қандай  проблемаларды  қандай 
дәрежеде 
шешкені 
аньпсгалады. 
Сондай-ақ 
сол 
түстағы 
фольклористиканьщ қай  аспектілері  зерттелгені,  қандай түжырымдар 
жасалып,  олардың  ғылым  мен  оқу  процесіне  қаншалыкты  енгені 
айқындалады.  Сонымен  бірге  еңбекте  жарты  ғасыр  ішінде  қазак 
фольклоры  қалай  жиналды  және  қандай  түрде  жарияланды,  әрі 
зертгелді  деген  мәселелер  жүйелі  түрде  қарастырылады.  Бүлармен 
қатар  өткен  ғасырдың  алғашқы  жартысындағы  фолыслортануға 
өздерінің  жинаушьшык, жариялаушылық,  ері  зерттеушілік  істерімен 
айтарлықтай  үлес  қосқан  оқымыстылар  мен  қайраткерлердің 
еңбектері сипатталып, талданады.
|  Фольклортану  ғылымының  үш  негізгі  түғыры  бар.  Олар  - 
мәтіндерді  жинау,  жариялау  және  зерттеу.  Бүл  үшеуін  бір-бірінен 
ажыратып,  жеке-жеке  талдау  -   фольклор  туралы  ғылымның  ішкі 
процесін  ашу  деген  сөз.  'Бүлардьщ  әрқайсысысының  өзі  -   жеке 
зерггеуге  лайық  мәселе.  Сол  себепті  монографияда  оларға  бір-бір 
тарау беріліп, олардың өзіндік ерекшеліктерін ашу ниет етілді. Сөйтіп, 
XX  ғасырдың  бірінші  жартысында  фольклор  үлгілерін  жинастыру 
ісінің  бүрьщғы,  яғни  XIX  ғасырдың  соңындағы  дәстүрді  пайдалана 
отырып,  жаңаша  бағыт  алғаны  аныкталды.  Алғашкы  -   15-20  жылда 
фольклорды  жннау,  сырттай  карағанда,  стихиялы  болып  көрінеді, 
алайда  зерттеу  барысында  фольклорлық  мәтіндердін  жеке  адамдар 
көмегімен  ғылыми  мақсатпен  жиналғаны  байқалды.  Мүны  тікелей
10

жазып  алу  тәсілімен  тәжірибе  жинактаған,  олардын  жинаудын 
амалдары мен тәсілдерін де жетілдіріп  отырғаны аныкталды./
Алдымен  айтар  нәрсе  -  мәтіндерді  ел  арасынан  жинаушының  өзі 
жазып  алу  машығы  орныққаны.  Рас,  жинаушылардың  ғылыми 
дайындығы  аз  болғандықтан  фольклор  шығармалары  ауызба-ауыз 
айтудан жазып алуға мән бермеуі  және дағдыланбауы  (1920-1950 ж.) 
да о£ын апды.
Екінші  тәсіл  -   жер  -   жердегі  арнайы  тілшілер  аркылы  жинау. 
Яғни  галым  өзінің  жер-жердегі  сенімді  хат  жазысып  тұратың 
адамдарының  көмегіне  сүйене  отырып,  сол  жердің  фольклорын 
жинастырады. Мұның ерекшелігі — тұрғылықты  болуы.
^ Тшінші  тәсіл  -   арнайы  экспедиция  ұйымдастыру,  экспедиция 
мүшелерінің дайындығы, міндеті айкындалуы/
XX ғасырдың бірінші жартысында қазақ фольклорын жариялау ісі 
алғашқыда  бұқара  көпшілікке  арналып,  бірте-бірте  ғылыми- 
көпшілікті 
кең  қамтуға  ойысты.  Жариялаудың  мақсаты  өзгеріп 
отырды.  Егер  1920  жылдарға  дейін,  негізінен,  газеттерде  жөне 
Қазандағы,  Орынбордағы  ғылыми  журналдарда  жарық  көрсе,  1920 
жылдардан  бастап  фольклор  мәтіндері  тәрбиелік,  ағартушылық 
мақсатга  жарияланды.  Зиялылар  еңбектері  оқулыққа  енгізілді, 
хрестоматияларға  кіргізілді,  бірте-бірте  эпостар  жеке  кітап  больш, 
фольклорлық 
жинақтар 
шыға 
бастады. 
Алғашқы 
кезеңде 
шығарушылар мәтінді  өңдеп,  оған текстологиялық  өзгертулер енгізіп 
отырды.  Ал,  1930  жылдардан  бастап  ғылыми-көпшілік  басылымдар 
пайда болды.  Оларда жинаққа,  немесе  кітапқа  енген  мәтінге қатысты 
қыскаша  кіріспе  мәлімет  берілуі,  бірақ  қажетті  комментарилер 
берілмеуі  орын  алды.  Осы  үрдіс  1950  жылдардың  аяғына  дейін 
сақталды.  Ал,  фольклорды  зерттеу  ісі  күрделі  жоддардан  өтті.  XX 
ғасырда  дүрсін-дүрсін  жүрген  идеологиялық  күрес  әсерін  тигізбей 
қойған  жок.  Дей 
түрғанмен,  үлттық  фольклорды  зертгеу 
карапайымдылықтан  күрделілікке  қарай  жол  тартты.  1920  жылдарға 
дейін  кызыктау  мен  таныстыру  мақсатында  жекелеген  мақалалар, 
очерк  іспетті  этнографиялық  жазбалар  басым  болды.  Одан  кейінгі 
тұста  қазақ  фольклоры  туралы  зерделі  зерттеулер  жазыла  бастады. 
Әсіресе,  1925-1940  жылдары  арнайы  жазылған  кітаптар  мен 
монографиялардың  шығуының  мәні  зор  болды.  Бұларда,  негізінен, 
фольклор  жалпы  түрде  қамтылған,  оның  басты-басты  жанрлары 
сипатталды,  әр  жанрға  тән  белгілер  анықталды,  және  жанрларды 
мінездейтін  шығармаларға  талдау  жасалды.  Бірақ  сол  кездегі  төртіп 
бойынша  шығармалардын  идеясы  мен  тақырыбына  мөн  беріліп, 
фольклорлык  кейіпкерлер  таптық-өлеуметтік  түрғыда  қаралды.  Ол
11

шақта  фольклорды  идеологиялық  кұрал деп түсіну  орныкты  да,  оған 
профессионалды  әдебиетгің  қасиетгері  танылып,  фолыслор  жазба 
әдебиетке  қойылатын  талап  бойынша  зертгелді.  Соның  салдарынан 
фольклортану ғылымы әдебиетганудың бір саласы деп танылды.  Осы 
кемшілік XX ғасырдың 70-80 жылдарына дейін үстем болып келді.
Қазақ фольклортануының әр түрлі  проблемалары  мен  аспектілері 
бүрын  да  қарастырылған.  Олар,  негізінен,  екі  бағытта  бодды.  Бірі  -  
фольклортану  ғылымының тарихы да,  екіншісі -  жеке  бір  ғалымның 
фолыслористік  еңбектерін  талдау  еді.  Соның  өзінде  фольклортану 
ғылым ыны ң тарихы белгілі бір мезгілмен шектеліп, ғылымның дамуы 
кезеңдерге  бөлініп  қаралды  да,  осы  кезеңдерде  кім  не  істеді, 
жекелеген адамдардың еңбектері сипаттапды.
Осы еңбек -  фольклортанудың ғылым ретінде даму тарихын, яғни 
танымды,  кәдімгі  тарих  талабымен  жүргізілген  зерттеу  емес.  Мүнда 
қазақ  фольклоры  XX  ғасырдың  бірінші  жартысында  калай  жиналды, 
қалай жарияланды және қалай зерттелді деген мәселе түңғьші рет осы 
аспектіде зерггеліп отыр. Өткен ғасырдың алғашкы жартысында қазақ 
фольклорын  кімдер  жинады,  жариялады  және  зерттеді,  олар  қапай 
жинады,  қалай  жариялады  һәм  қандай  дәрежеде  зерделеді  дейтін 
проблеманы  шешу  барысында  көп  уақытқа  дейін  аталмай  келген 
зиялыларымыздың  орасан  еңбегі,  өзіндік  ізденістері,  ғылыми 
шартгары  мен  көзкарастары  сарапталды.  Сондай-ақ  көптеген  соны 
материалдар,  бұрын  беймәлім  жатқан  мәтіндер  анықталды.  Солақай, 
сыңаржақ  саясат  кезінде  бұрмапанған  фактілер,  қате  жарияланған 
басылымдар қалпына келтірілді.  Бұрын теріс бағаланып, немесе  әдейі 
«үмытылып»  ясүрген  жәйттер тиісті  дәрежеде талданып,  өзіне лайық 
бағасын  алды.  Үлттық  фолыслор  мәтіндерін  жинауда үнемі  бірізділік 
сақгала  бермегені  айкындалды,  ал  мәтіндерді  жариялауда,  көбінесе 
практикалык  және  саяси  мақсат  алға  қойылып,  жарияланымдар, 
негізінен,  алғашқыда  бүқараға  арналған  көпшілікті,  кейін  ғылыми- 
көпшілік сипатта  болғаны  көрсетілді.  Фольклорды  зерттеу  саласында 
партиялық-идеологиялық мақсат бірінші  орында болып,  шығармалар, 
көбінесе таптық тұрғыдан  талданғаны  көрсетілді.  Ғылыми  мақсатпен 
жүргізілген  зерттеулерде  фольклорды  әдебиеттің  «төменгі»  түрі 
есебінде қарап, әдеби шығарма ретінде талдау орын алғаны айтылды. 
Кітапта текстологиялық салыстыру арқылы әр кезде жарыкка шыққан 
мөтіндердің алғашкы жинаушысы, түңғыш жариялаушысы кім екенін 
анықтау,  сөйтіп  әр  түрлі  себептермен  басқа  адамдар  атымен 
жарияланған  фольклорлық  дүниелердің  нақты  орындаушысын  табу 
және  әділетсіз  үмытылған  қайраткерлердің  есімін  жаңғырту,  әрі 
олардың еңбегін саралау жүзеге асты.
12


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет