Н. Назарбаев



Pdf көрінісі
Дата12.02.2017
өлшемі1,71 Mb.
#3966

«Егер де өзім бүгін заңға қайшы келсем, заңға 

қарсы шықсам, онда ертең құқығым табанға 

басылған кезде менің сол құқығымды кім 

жақтайды, 

 кім қолдайды?» деп ойлау керек. 

 

Н.Назарбаев 



27.05. 2015 ж – 08.05.2015 

“Оқушыларға азаматтық-құқықтық тәрбие беру” тақырыбындағы 

біліктілікті арттыру курсы 

 

Жоба тақырыбы: 



Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде ата – аналармен  

жүргізілетін жұмыстар 

 

Курс кураторы: аға оқытушы: Иманбай В. О. 



Топ мүшелері:  

Іліяс Г. Ж. (Ақтөбе облысы) 

Нуржикеева А. К. (Алматы облысы) 

Тлепбергенов Қ. М. (Алматы облысы) 

Хафизова Г. С. (Алматы облысы) 

Сахасова Ш. Х. (Батыс Қазақстан облысы) 

Тургунбаева Ж. А. (Шымкент облысы) 


Мазмұны: 

І. Кіріспе 



Құқықтық тәрбиенің ата-ана мен бала тәрбиесіндегі 

алатын орны 

ІІ. Негізгі бөлім: 

1. Ата-аналар балаларды тәрбилеу жөнінде 

құқықтары мен міндеттері  

2. Заң және ата-ана 

3. Құқықтық тәрбиені іске асыру жолдары 

ІІІ. Қорытынды бөлім. 



 

 

 



Мақсаты: 

1. Ата — ананың өмірге деген 

көзқарасын өзгерту; 

2. Баланың бүгінгі жасаған қадамы 

ертеңгі  тұлға  қалыптасуына  үлкен 

әсер ететінін атап өту; 

3. Ата – аналармен жұмыс жасаған 

кезде бірізділік қағидасын 

басшылыққа алу; 

  

 



Міндеті: 

 

1) Кәмелетке толмағандардың қараусыз қалмауын, құқық 



бұзушылықтарын болдырмау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі 

жұмыстары жөніндегі мәселелерді шешу. 

2) Заң қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп жұмыс 

атқаруын үйлестіру, 

3) Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық туралы 

мәселелерін қарау және қоғамдық тәртіпті қорғау мекемелері 

мен арнайы тәрбиелеу мекемелері арқылы әдістемелік жұмыс 

жүргізу. 

4)  Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы маскүнемдік, 

нашақорлық, жыныстық жүгенсіздік, зорлық-зомбылықтың 

етек алуымен күресу; 

5) Заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайын талдау, қорытындылау 

мен зерттеудің негізінде тиісті органдарға заң бұзушылықтың 

себептері мен оның болуына көмектесетін жағдайларды жою туралы 

ұсыныстар мен нұсқаулар беру. 

6) Құқықтық білім мен тәрбиені жан- жақты тереңдету; 

7) Құқықтық мәдениет пен адамгершілікті қалыптастыру 

Кіріспе. 

 

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру - үйлесімді тәрбиені білім 



беретін оқу орындарында пайдалану, оны жетілдіру, өзге тәрбие 

нысандарымен байланыстыра отырып, оқушылардың және ата-

аналардың  құқықтық  санасын  қалыптастыруда,  олардың  қоғам 

алдындағы жауапкершілігін арттыруда қолдану басты іс болып 

табылады. 

Сондықтан да қазіргі кезде құқықтық мәдениеті жоғары, білімді 



оқушылар  тәрбиелеу  және  қалыптастыру  ісі  кезек  күттірмей 

атқарылатын  мемлекеттік  маңызды  шаралардың  қатарында 

тұр.  Оқушылардың құқықтық мәдениетін жетілдіру бағытында 

атқарып  жатқан  іс-әрекеттердің  маңызы  мен  мәнін  саралау, 

оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда құқықтық 

тәрбиенің 

атқаратын 

рөлі, 


оқушылардың 

құқықтық 

мәдениетінің  қалыптасу  құрлымы  мен  даму  кезеңдері 

зерттеудің нақты обьектісін айқындайды. 



 

Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын 



айқындауда В.А. Сухомлинский “қандай да бір құқықтық тәрбие 

болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке 

адамның  мұқтаждығына  негізделсе,  екіншіден,  ұжымдық 

жұмыстарға  оқушылар  шаруашылықпен  қатысса,  соғұрлым 

алдыңғы  буын  ағалардың  әлеуметтік-  құқықтық  жетістіктерін, 

тәжірибелерін 

қабылдап, 

өз 


мінез 

– 

құлықтарына 



қалыптастырады” деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне 

кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше. 

Балалардың  мінез  -  құлқының  нормадан,  шамадан  ауытқуына 



түрлі  жағдайлар  себеп  болады.  Олардың  ішінде  ең  бастысы 

отбасы  жағдайы  боп  есептеледі.  Өйткені  тұлғаның  жеке 

басының  жаман  -  жақсы  қасиеттерінің  негізі  отбасынан 

қалыптасады.  Сондықтан  да,  балалардың  өнеге  алып  үлгі 

тұтары - ең алдымен өздерінің ата - аналары

 



А.С.Макаренко:  “Тәлім  -  тәрбие,  кең  түрде  алғанда 

әлеуметтік  процесс”.  Адамдар  да,  заттар  да 

тәрбиеленеді.  Дегенмен,  адамдардың  үлес  салмағы 

басым.  Солардың  ішінде  ата-аналар  мен  педагогтар 

бірінші  орынға  шығады  деген  екен.  Олай  болса, 

құқықтық  тәрбиені  нәтижелі  ұйымдастыру  үшін, 

отбасы  жағдайын  жан-  жақты  танып  білу  қажет. 

Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысы жүргізіледі деп айту 

қиын.  Соның  нәтижесінде  балалардың  мінезіндегі 

кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде 

байқалмауы,  түбінде  орны  толмас  үлкен  өкініштерге 

әкеліп тірейтіні даусыз мәселе. 

 




Ата-аналар балаларды тәрбилеу жөнінде 

құқықтары мен міндеттері : 

Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. 



Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған 

міндетті. 

Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын 



тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің 

қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, 

психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір 

сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте 

болады. 

 


Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. 

 Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға 



дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы 

бар. 


 Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді 

балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере 

отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың 

арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл 

келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе 

сотқа жүгінуге құқылы. 


 

Осы  міндеттерді    іске  асыруда  мынадай  шаралар  жүргізілген 



тиімді.      Ең  алдымен  балалардың  бақылаусыздығы  мен 

кезбелігінің  алдын  алу  мақсатында  жылына  екі  мәрте,  тамыз-

қыркүйек,  қаңтар  мен  ақпан  айларында,  «Мектепке  жол», 

«Қамқорлық»  акциялары  өткізіліп,  округтегі  әрбір  үй 

тексеріліп, балаларды мектепке тартылуын және мектепке келу 

мүмкіндіктері 

мен 

материалдық-әлеуметтік 



жағдайлары 

зерттеледі. 

Қажет 

деп 


табылған 

отбасы 


балаларына 

мүмкіндігінше  көмек  көрсетіліп,    балалар    үйірмелерге 

тартылады.    Әлеуметтік  сәтсіз  отбасылармен,  тәуекел 

тобындағы 

балалармен 

жұмысты 


ұйымдастыру 

үшін, 


біріншіден,    әлеуметтік  комиссия  құрып,  тәуекел  тобындағы 

балаларды  анықталады;  екіншіден,  қиын  жасөспірімді  жеке 

зерттеу  мен  сүйемелдеу  картасы,    әлеуметтік  қатерлі 

жағдайдағы  отбасы  және  балаларының  жеке  журналы,    сәтсіз 

отбасылар картасы ашылады. Содан кейін, қазан айында құқық 

айлығы  жүргізіліп,  балалардың  құқықтық  сауаттылығын 

арттыру  мақсатында  құқықтық  оқулар,  сауалнамалар,  тәрбие 

сағаттары, кездесулер өткізіледі 

 


Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең 

алдымен сынып жетекшілер озат тәжірибелерді  терең зерттеп, 

нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп 

пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді 

іздестіреді. 

Мысалы: 

Құқықтық лекторийлер. 



Лекторийлердің мақсаты -жеткіншектер мен жасөспірімдерді 

еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, 

құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау 

 «Заң тану» мектептерін ұйымдастыру. 



Негізгі мақсат – ата-аналарды  құқық және еңбек, азаматтық және 

құқықтық заңдары жайлы біліммен қаруландыру. 

Мектептердегі құқықтық тәрбиенің басқа формалары: дәріс, 



баяндама, әңгіме, пікірталас, олимпиада, кештер, сайыстар, 

кездесулер, кинофильмдер қарап талдау, ситуациялық жағдайлар 

сияқты шаралар бар. 

 


    

Ата  –  ананың  құқықтық  әлеуетін  көтеруде    мектептегі 

тәрбие жұмысы жүйелілікті қажет етеді. Ата – аналармен 

балалардың заңды мүдделерінің қорғауын қамтамасыз ету 

үрдісінде 

«Бала 


әлеміне 

байыпты 


қарайық!», 

«Қатыгездіксіз  балалық  шақ»,  «Ата  –  ана,  Сіз  үшін!», 

«Бала  –  біздің  бақытты  болашағымыз»,  «Бала  құқығы 

мемлекет  назарында»,  «Жазасыз  тәрбие  беру»,  «Бала  мен 

балалық  шақты  қорғаймыз!»,  «Бала  құқығы  –  асыл 

қазына»  т.б.  тақырыптарында  ата  –  аналар  жиналыстары, 

дәрістер,  заң  қызметкерлерінің  қатысуымен  кездесулер, 

ұстаздар  тәжірибесімен  ой  бөлісулер,  пікірталастар  мен 

дөңгелек  үстелдер  сияқты  ата  –  аналармен  тығыз 

байланыстағы  жұмыс  жолдары  жоспарға  сәйкес  өткізілу 

керек. 


Отбасы  тәрбиесінің,  ата-ананың  әлеуметтік-жауапкершілік  қызмет-әрекеті 

ретінде  басты  құқықтық  негізі  бар.  1989  жылдың  20  қарашасында  БҰҰ  Бас 

Ассамблеясы  қабылдаған  «Бала  құқығы  туралы  конвенция»  маңызды  негізгі 

құжат  болып  табылады.  Онда  «Балаға,  дене  жағынан  және  ақыл-ойының 

жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, оны туылғанға 

дейін және туылғаннан кейін тиісті құқықтық қорғау керек», - деп жазылған. 

Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, 



Конвенция  баланың  жеке    тұлғалық  дамуында  өзінің  дербестігін,  даралығын 

сақтау  құқығына  ерекше  көңіл  бөледі.  Сондай-ақ  баланың  ата-анаға  деген 

құқығы  да  ескеріледі.  Ата-ана  «баланың  мақсат-мүддесі  үшін  қажетін» 

орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады. 

Осы  Конвенцияға  қол  қойған  мемлекеттер  мына  міндеттерді  орындауы  тиіс: 



ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім алуға 

жағдай  жасау,  жоғары  білім  алуға  жол  ашу.  Конвенцияның  28  тарауында 

«мектептегі  тәртіп  баланың  адами  қадір-қасиетіне  құрмет  көрсететін  әдістер 

арқылы жүргізілуі тиіс» деп, ерекше аталып кеткен. 

Конвенция, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында 



қабылдаған  «Бала  құқығының  декларациясы»;  «Адам  құқықтарының  жалпы 

декларациясы»  және  басқа  да  көптеген  халықаралық  құжаттар  ҚР 

Конституциясының  ішкі  отбасылық  қатынастарды,  баланың  отбасы  мен 

қоғамдағы  тәрбиесі  және  ағартушылығы  мәселелерін  қамтитын  тарауларына 

негіз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген: 

1.  Неке  мен  отбасы,  аналық,  әкелік  және  балалық  мемлекет  қамқорлығының 



аясында; 

2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы және міндеті; 



3.  Кәмелетке  толған  және  еңбекке  жарамды  балалар  еңбекке  жарамсыз  ата-

аналарына қамқорлық жасауы тиіс. 

 


ҚР  Конституциясында  бекітілген  отбасы  тәрбиесінің  құқықтық  принциптері 

«Неке  және  отбасы  туралы»  заңда  (17.12.1998ж)  нақтыланған.  Онда  қазіргі 

заманға  отбасы  құқығының  бір  некелік,  некеге  тұрудың  бостандығы  мен 

еркіндігі,  ажырасу  еркіндігі,  ерлі-зайыптылардың  отбасы  қатынасындағы  тең 

құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар отбасы өміріндегі, 

отбасы  ұжымындағы  өзара  байланыстың  терең  демократияға  жол  ашады.  52 

тарауда  баланың  отбасылық  тәрбиесі,  оның  құқығын  және  мақсат-мүдделерін 

қорғаудың  баптары  келтірілген:  «Баланың  өз  ата-анасы  тарапынан 

тәрбиеленуіне,  оның  тілек-қалауларының  орындалуына,  жан-жақты  дамуына, 

оның  адами  қадір-қасиетінің  сыйлануына  құқығы  бар».  Бала  ата-ана  билігіне 

тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады. 

ҚР «Білім туралы» заңында (07.06.1999ж) елдегі білім беру-тәрбиелік процесті 



мемлекеттік-құқықтық  реттеудің  мәселелеріне  айрықша  көңіл  бөлінген.  Бұл 

құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға 

олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына құқықтық кепіл 

береді.  Ата-ана  және  басқа  құқық  өкілдері  балаларға  өмір сүру  мен  білім алу 

үшін  салауатты  және  қауіпсіз  жағдайлар  жасау  керек,  бала  жеке  тұлғасының 

интеллектуалды,  дене-күш  және  адамгершілік  қасиеттерінің  дамуын 

қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі 

білім  беру-тәрбие  процесін  жүзеге  асыратын  дамыған,  қызмет  етіп  тұрған 

құқықтық  негіз  бар,  отбасының  дамуына  кепіл  беретін  және  отбасы  өмірінің, 

отбасы  ұжымындағы  өзара  байланыстың  терең  демократиялы  қамтамасыз 

ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген. 

  



 

Оқушы

  

Ата – ана  



Мұғалім

  

Жас 



өспірімдер 

инспекторы  



Мектеп бойынша құқықтық тәрбиеге байланысты  

жүргізілетін жұмыстардың жоспары. 

Р/с

 

Жүргізілетін жұмыстар

 

Сыныбы

 

Уақыты



 



«Құқық және міндет»

 

Дебат

 

10-11 

ІІ

 



«Адам және заң»

 

Ашық тәрбие сағаты

 

7-8 

ІІІ

 



Мектепішілік ер балалар жиналысын өткізіп отыру

 

5-6-7, 

8-9-10-11 

Әр тоқсан 

сайын

 



Полиция қызметкерлерімен тығыз байланыста 

болып, ата

-

аналардан, мұғалімдерден түнгі 

кезекшілік ұйымдастыру

 

Уақытында

 



Жаңа  оқу жылына құқық бұзушылықтың алдын 

алуға жоспар құрып, бекіту

 

1-11 

ІХ

 



Құқық бұзушылыққа қарап ата

-

аналар жиналысын 

жасау

 

5-

11 сынып ата

-

аналары

 

5-11 

ІХ

 



«Заңға құрмет» атты пікірсайыс

 

8, 9 сын

 

Х

 



«Қиын топ» оқушыларын мектепішілік үйірмелерге 

тартып, қатыстыру

 

5-11 

Үнемі 

 



“Тәртіп сақшылары” тобы жұмысы

 

5-11 

Ай сайын

 

10 

Мөлтек ауданға түнгі кезекшіліктер құрып, ауданды 

аралау

 

Үнемі 

 

№ 

Іс-әрекет мазмұны 

(шаралар) 

Іс-

әрекеттің 

әдісі мен 

түрлері 

Кімдер қатысады, тартылады 



«Бейбіт өмір сыйлаған-Ата Заң» 

Конферен-

ция  

Ұстаздар 



"Конституция - ең маңызды Заң" 

Кітап 

көрмесі 

Білім алушылар, ұстаздар, 

қонақтар,  ата-аналар 



«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - 

бір тағдыр» 

Салтанат-

ты жиын 

Білім алушылар, ұстаздар, 

қонақтар,ата-аналар 



Білім күніне арналған  тәрбие сағаттары 

Ашық 

тәрбие 

сабақтары 

Білім алушылар, ұстаздар, 

қонақтар, ата-аналар 



«Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысын, яғни Ұлан 

басшысын сайлау 

Сайлау 

 (8-10 сынып білім алушылары) 

Отбасы күні 

Іс-шаралар  Білім алушылар, ұстаздар, ата-

аналар 



Абайлаңыз, балалар! 

Апталық 

Білім алушылар, ұстаздар, 

 ата-аналар 



Көше күтпеген жағдайларға толы 

МАИ 

қызметкері

мен кездесу 

Білім алушылары 



Көңілді бағдаршам 

Сайыс 

5-7сынып білім алушылары, 

ұстаздар, ата-аналар 



Қызыл, жасыл, сары 

Суреттер 

байқауы 

 3сынып білім алушылары 

10 

Мемлекеттік тіл-менің тілім 

Фестиваль 

Бастауыш сынып білім 

алушылары, ұстаздар, ата-аналар 

 

Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Қоғамдағы 

тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі - маскүнемдік. Азғындықтың 

құзына итермелейтін жағдайлардың алғы шарты осыдан 

басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс 

құбылыстың орын алып отырғаны жасырын емес. 

Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. 

Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -

керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен 

арам жолға барып қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай 

отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-

өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала 

қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады. Арамтамақтық 

өмірді жақсы көреді, өзімшіл болады. 

Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың 

алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар: 

-  тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал 

ететін жағдайды жою; 

- оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру; 

- оқу,еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру; 

- отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз 

бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды өткізу. 



Ата-ананың құқықтары мен 

міндеттері 

оқушы туралы кез-келген мәлiметтi алуға,  



пән мұғалiмдерi мен психологтан жеке кеңес алуға; 

мұғалiм келiсiмiмен сабаққа қатысуға, 



сабақтың қорытындысын талдауға; 

мектептегi кез-келген шараларға қатысуға; 



мектептегi өз  баласының  мүддесiн қорғауға; 

оқу- тәрбие жұмыстарының сапасын талап етуге; 



жұмсалған шығындардың есебiн талап етуге.   

 




Оқушы ата-анасының мiндетi: 

 



мектеп пен ата-ана арасында жасалған келiсiм шартты 

орындауға; 

 



мектептiң  Жарғы талаптарын орындауға



 

мектептiң материалдық базасын кеңейту мен ұйымдастыруда өз 



мүмкiншiлiктерiмен қатысуға; 

 



мектеп басшыларының өтiнiшi бойынша мектептегi үлкен 

шараларды өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысуға; 

 




  1. Баланың ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез - келген жағдайда 

лайықты ұстау. 



  2. Баланың оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын 



кеңейтуге, ынтамен жұмыс істеуге, сабаққа жүйелі  



түрде дайындалуға, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысуға жағдай 



жасау. 



  3.Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағының 



үлгерімін қадағалау. 



  4. Мінез-құлық ережелерін сақтау: 



    басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу; 



    баланың  денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу. 



   6. Ата-ана тарапынан  салауатты өмір салтын сақтау (темекі шекпеу, ішімдік 

пайдаланбау, нашақорлықпен күресу).  



   7.Оқушыны сабаққа уақытында  таза және ұқыпты мектеп формасымен 



жіберу, сабақтан кейін қарсы алу. 



   8.Сабаққа кедергі жасайтын түрлі техникалық құралдарға(ұялы 



телефон,аудио,видео,плеер)тыйым салу. 



   9. Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысуға 



жағдай жасау. 

 




10. Сабақтан тыс уақытта ата-аналар баланың тәртібіне жауап 

береді; 



  11.Баланың кешкі сағат 9-дан кейін көшеде жүруіне тыйым 



салады;  



  12.Баланы дүкенге темекі,алкогольді ішімдіктерге жұмсауға 



тыйым салады; 



  13.Көлік жүргізуге тыйым салу; 



  14.Баланың өз бетімен су жағасы мен балық аулауға, орман 

алаңына, баруына тыйым салады; 



  15.Жанұядағы ұл-қыздың тәрбиесіне, (әсіресе қыз бала 



тәрбиесіне) қатты көңіл  бөлу; 



  16.Заман талабына сай өзінің діни білімін көтеріп,балаға дұрыс 



бағыт беру. 



  17. Егер бала тарапынан  әдеттен тыс іс-әрекеттер байқалса



мектепке шұғыл хабарлау. 



 18.Оқушының тарапынан мектепке келтiрiлген материалдық 



залал ата-анасына қолхат арқылы хабардар 

етiліп,толықтырылады немесе жөнделеді. 



 19.Бiрнеше рет мектеп Жарғысын бұзған 3 -11 сынып оқушылары 



мектепішілік есепке қойылады. 

 


Қорытынды 

        


Мектеп 

оқушыларының 

құқықтық 

мәдениетін 

қалыптастыру  ісі  өте  күрделі  мәселелерді  шешуде  жаңаша 

ойланыстарды  талап  етуде.  Демек,  оқушылардың  құқықтық 

мәдениетін  қалыптастыруға  байланысты,  әлемдік  денгейде, 

өркениетті  негіздегі  тәрбиелік,  үлгі-насихаттық  іс-шаралар 

қоғамының  әлеуметтік-экономикалық  даму  бағытында 

туындайтын  өзгерістерді  тез  сезіп,  білім-тәрбие  беру 

ғаламдық  мәні  бар  мәселелерге  бейімдеуге  ыңғайланып 

отыруы  қажет.  Онсыз  мектеп  оқушыларының  құқықтық 

мәдениетін  қалыптастыру  ісі  өз  дәрежесінде  нетижесін 

бермейді. 

   Бүгінгі  қоғамды  дамыту  үшін  әрқайсысымыз  құқықтық  заңға 

құрметпен  қарап,  өз  бойымызда  құқықтық  сана  мен  жігерді 

шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс 

түрлерін  болдырмау,  оның  алдын  алу  үшін  құқықтық 

насихатты  күшейтіп,  құқықтық  тәрбиені  одан  әрі  жетілдіру 

қажет. 


 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет