Н. П. 6В07150-Электрэнергетикасы бб студенттері үшін «Автоматтандырылған электр жетегі теориясы» пәнінің зертханалық практикумына арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021 ж


Тұйықталған жүйеде электр жетегін жіберу



бет20/26
Дата29.09.2023
өлшемі446,9 Kb.
#111424
түріПрактикум
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
МУ-ТАЭ лаб каз

2 Тұйықталған жүйеде электр жетегін жіберу

Электр жетегінің жөнге салынған жүйесінде электр жетегінің бос жүрісінде жіберу осциллограммасын оқытушы берген кернеудің мәніне дейін түсіру:


- ТТҚ якорь тогын IЯ = f(t);
- ТТҚ якорінің кернеуін UЯ = f(t).
Электр жетегінің жіберуін РМ модулінің SA1 қайта қосқышымен жасау қолайлы.
Тәжірибе келесі реттілікпен орындалады:
1. РМ модулінің SA1 тумблері кез келген шеткі күйіне орнату.
2. РМ модулінің RP1 потенциометрімен якорь кернеуін орнату (оқытушы береді).
3. SA1 тумблерін ортанғы күйіне келтіру.
4.SA1 тумблерін кез келген шеткі күйіне келтіріп, электр жетектің жіберуін жүзеге асыру.
Электр жетегін жіберудің осциллограммаларын өңдеу кезінде үрдістің көрсеткіштерін анықтау және көрсету:
- үдеу кезінде якорь тогының максималды мәнін IЯМ;
- максимумға жету уақытын tМ;
- электр жетегі үдеуінің өтпелі үрдісі уақытын tПП.
Берілгендерді 7-кестеге енгізу.


3 Тұйықталған жүйенің механикалық сипаттамалары

Электр жетектің жөнге салынған жүйесіндегі механикалық және электр механикалық сипаттамалары ТТҚ жұмысының қозғалтқыштық, сонымен бірге рекуперативті режимдерінде алынады. ТТҚ қозғалтқыштық режимде жұмыс істегенде асинхронды қозғалтқыш ТТҚ-ң айналысына қарсы айналу бағытында қосылады, ТТҚ рекуперативті режимде жұмыс істегенде – ТТҚ-ң айналуына сәйкес қосылады. Сипаттамалар екі тапсырма сигналы кезінде түсіріледі, олардың шамасын оқытушы береді.


Статикалық момент якорь тогына пропорционалды
Электр жетегінің статикалық сипаттамаларын тәжірибелі түсіру:
- механикалық n = f(MС);
- электр механикалық n= f(IЯ);
- сыртқы UЯ = f(MС);
- реттегіштік UРН = f(MС), UРТ = f(MС).
Тәжірибе келесі реттілікпен орындалады:
1. РМ модулінің SA1 тумблерін шеткі күйіне орнату, RP1 потенциометрімен якорь кернеуін 100... 200 В диапазонында орнату.
2. ЖТ модулінің SA1 тумблерімен айналу бағытын таңдау.
3. ЖТ модулінің RP1 потенциометрімен жүктеме моментін беру.
Қозғалтқыштық және генераторлы режимде бірнеше нүкте түсіру. Берілгендерді 8-кестеге енгізу.
4. Тәжірибені өткізіп болғаннан кейін ЖТ модулінің RP1 потенциометрін «0» күйіне келтіру, ЖТ модулінің SA1 тумблерін ортанғы күйіне келтіру.
5.РМ модулінің SA1тумблерін ортанғы күйіне келтіру, RP1 потенциометрін «0» күйіне келтіру.
6. ТТ модулінің SA6 «Рұқсат» тумблерін төменгі күйіне орнату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет