Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет11/179
Дата23.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#109928
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   179
Байланысты:
133929 (1)

 
 
1.5 Иерархиялық құрылымдар 
Классикалық бюрократиялық ұйымдастырудың кемшіліктері 
оған тән орталықтандыруды жою және оның кейбір қызметтерін 
басқа шағын құрылымдарға беру қажеттігін туғызады. Қыз-
меттерді ұйымның жекелеген блоктары бойынша тарату үдерісі 
департаментализация (функционалды мамандандыру) деп 
аталады. Ұйым құрылымының басты 
иерархиялық
типі негізін-
де иерархия идеясын департаментализация ұғымымен біріктіру 
болады. Оның ең танымал түрленуі – басқаруды сызықтық-
функционалдық ұйымдастыру, тұрғызудың шахталық принципі 
осының негізі болып табылады. 
Ұйым жұмыстың мамандандырылған түрлері бойынша (өн-
діріс, қаржы, маркетинг, қызметкерлер, т.б.) бөлінеді. Сонан соң 
олардың әрқайсысы бойынша, ұйымды жоғарыдан төменге 


29 
дейін тізбектей өтетін қызмет иерархиясы («шахта») қалып-
тасады. Тік сызықтар бойынша басқарудың скалярлық тізбектер 
желісін түзетін басқару өкілдері беріледі. 
Басқарудың сызықтық-штабтық құрылымы – құрылымның 
иерархиялық тізімі тән екінші бір түрленуі. Оның кез келген 
деңгейі (жалпы иерархияны сақтаған кезде) көлденең бойынша 
үстемелерді білдіреді және басқару қызметтерін табысты жүзеге 
асыратын штабтармен үйлестіріледі. 
Құрылымның осы екі типі өзінің тиімділігіне байланысты 
кең таралған. 
Бірақ ірі фирманы басқаруда 5-6 функционалды бөлім- 
шелерді арасына «қыстырып» жіберу қиын. Оларға бұл жер- 
де жұмыстардың өте үлкен учаскелерін үйлестіруге тура келеді, ол 
үшін көптеген қосымша деңгейлер қажет болады. Сызықтық 
скалярлық тізбек ебедейсіз және тиімсіз бола түседі. Сондықтан 
жаңа принцип – дивизиялық құрылым (лат. 
d
і
v
і
s
і

– бөлім) 
туындайды. Соған сәйкес ұйым (құрылымның иерархиялылығын 
сақтай отырып) элементтер мен блоктарға басқа, жаңа тәсілдермен 
(тауарлар мен қызметтер түрлері бойынша, географиялық 
аймақтар бойынша) бөлінеді [31, 32]. 
Түрленулері қарастырылған иерархиялық құрылымдар 
класының негізіне субординация белгісі жатқызылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет