305
оның жылы өтіп, асы берілгенше айтылады.
Жоқтау барлық
адамның жан дүниесiн тебiрентетiн, сай-сүйегiн сырқырататын,
егiлтетiн болуы керек. «Өлеңмен жер қойнына кiрер денең» деп
ұлы Абай атамыз айтқандай, жоқтау әсем дауысты әйелдердiң
айтуымен құлаққа жетсе, күңiренген жұрт ұйып тыңдап, ерiксiз
егiледi.
Жоқтау
өлеңдерінің
тәрбиелік
мәні
Жоқтау тәрбиелік үлгі-өнегесі бар, мәдениеттілік пен адам-
ды бағалаудың және оны есте сақтаудың
бір белгісі ретінде
қалыптасқан. Жоқтау – аза ғұрпын көтере түсетін, қайғыны
басатын, қазаға аса лайықты қаралы салттың бірегей түрі.
Қайтыс болған адамның жақсылығын, еліне істеген қызметін,
үлгі-өнегесін паш ететін тұрмыс-салт дәстүрі, жыры, зарлы
өлең.
Жоқтаудың
дінге қатысы жоқ, ол қалыпты халықтық салт,
өлімнің берік әдет-ғұрпы деп ұғыну керек. «Боздағым» деп
басталатын қазақтың жоқтау жырлары – елге үлгi. Қазақ жыр-
ларынан бастау алатын жоқтаулардағы зарлы,
өкiнiштi сезiм-
дердi бейнелейтiн тұсына ел өзегi өртене өксiсе, ендi бiрде оның
терең өмiр белестеріне үңілте отырып, мәндi де мағыналы ой
түйiндеуi сөзсiз.
Осындай аса ауыр күйзелісті қайғыға түскен адамға жұрт
келіп,
көңіл
айтады
.
Көңіл
айту
– азалы адамды жұбатуға арналған дәстүрлі
ғұрыптық салт. Бұл ізгі дәстүр көптеген халықта ертеден бар.
Көңіл айту
жаны
ашығандықты
,
қайғыға
Достарыңызбен бөлісу: