105
Оперативті ес ақпаратының қарама-қайшылығы. Жетекші,
мысалы, қарамағындағылардың дәл келмейтін пікірлерінің,
көзқарастарының көптігін ескеруге тиіс.
Жоғары жұмылу әзірлігі – жетекшінің оперативті есінің
барлық ерекшеліктерін талдайтын маңызды интеграциялаушы
сапа. Ол жетекшінің басты оперативті – мнемоникалық сапасы
болып табылады.
Жетекшінің оперативті есін сипаттай келе, оның іс-әреке-
тінде қысқа мерзімді есті ұйымдастыру және оның басқа да ког-
нитивтік процестерімен өзара әсерлесуі кезіндегі ерекшелік-
теріне байланысты туындайтын ерекше құбылыстарды қарас-
тырған жөн. Жалпы алғанда, бұл – саналы іс-әрекеттің когни-
тивтік деформациялардың бір түрі.
«Қолжетімдік» эвристикасы. Субъект оқиғаны қаншалықты
жеңіл сақталатындай түрде, соншалықты ықтималды және нақ-
ты жағдайға сай деп есептейді.
«Нақтылық» эвристикасы. Оқиға туралы ақпарат неғұрлым
түсінікті және нақты болса, адам мәнін арттыру мен соған се-
нуге соғұрлым бейімірек келеді.
Ирвин әсері: көңіл-күйлік – позитивтік оқиға қысқа мерзімді
еске жеңіл әрі тезірек аударылады, сөйтіп «қолжетімдік» эврис-
тикасына сәйкес көтеріңкі баға алады, ал теріс оқиға басылады
және оның қысқа мерзімді еске ауысуы құрсауланады. Жара-
қаттанушы факторлардан психологиялық қорғау механизмі
жұмыс істей бастайды. Бұл қателік жетекші үшін типтік болып
табылады, оның жүйелі түрде қайталануы жетекшіліктегі «сыни
емес оптимизм» стиліне алып келуі мүмкін.
«Репрезентативтілік» эвристикасы. Оқиға адам тәжірибесіне
неғұрлым көбірек ұқсас болса, ол өзіне соғұрлым шынайы бо-
лып көрінеді. Адам өз тәжірибесінің тұтқынында.
Достарыңызбен бөлісу: