177
операциялауына байланысты. Бұл аспект өздерін басқалардың
көзқарасына қойып, жауапты іс-әрекеттерді болжау мен таңдау-
ға сүйенуді білдіреді.
2.
Коммуникативтік
аспект. Рефлексия – тілдесу мен тұл-
ғааралық қабылдаудың қажетті компоненті. Адам басқа тұлға үшін
ойлауға тырысады; басқа адамдардың не ойлайтынын, өзі тілдесіп
отырған әріптестері қалай қабылдайтынын түсінгісі келеді.
3.
Тұлғалық
аспект. Рефлексия «Мен» – физикалық дене
күші, «Мен» – биологиялық ағза, «Мен» – әлеуметтік жан,
«Мен» – өз мінез-құлқының субъектісі сияқты шағын құрылым-
дарды тұтас жүйеге интеграциялайды.
4.
Интеллектуалдық
аспект – рефлексия адамның өз іс-әре-
кетін атап көрсету, талдау және жағдаймен салыстыру, интел-
лектуалдық іс-әрекетін реттеу шеберлігі ретінде.
Өз іс-әрекетінің рефлексиясы негізгі үш: жағдайлық, ретро-
спективалық және перспективалық формаларда қарастырылады.
Бұл уақыт бойынша атқаратын функцияларға тәуелді болады.
Сондай-ақ рефлексия мен басқа адамдардың санасы объект
бола алады. Децентрация механизмі рефлексияның кез келген
түрінің негізі болып табылады, мұнда өмірдің тікелей процесі-
нің шегінен, ол туралы пікір айту үшін, тыс позиция алу үшін
ойша шығу орын алады.
Рефлексивтік процестер негізгі басқару шешімдерін жүзеге
асыруда негізгі рөл атқарады. Олардың тиімділігі еркін бақылау
дәлдігін анықтайды, ал бұл нақты рефлексивтік процестердің
қосылуын талап етеді. Практикалық-әлеуметтік интеллект құры-
лымында рефлексия маңызды орын алады. Психологиялық зерт-
теулер көрсеткендей, рефлексивтілік қасиеттің өзі интеллек-
туалдық іс-әрекеттің негізгі параметрлерімен байланыстың ең
көп санына ие болады.
Әлдеқайда тиімді іс-әрекет рефлексивтіліктің орташа ин-
дексі жетекшілерге тән.
Достарыңызбен бөлісу: