8
әкімшілік басқару мәселелерін қарастыруды ескермеуінен,
өндірістің экономикалық мәселелерімен және саяси жақтарымен
шектеліп қалғанынан көрінеді. Сондай-ақ басқа ғылымдардың,
мысалы, психологияның мәліметтерін басқаруды жақсарту үшін
қолданудағы қиындықтар да кездеседі. Басқару ұзақ уақыт бойы
ешқандай да ғылым емес, тек қана өнер деп есептелінді. Басқа-
рушылардың өздерінің зейіні «технология», «баға», «кіріс»
сияқты ұғымдарға аударылып келді. Басқару теориясы сала-
сындағы мамандардың пайда болуы және олардың өндірісті
ұйымдастырудағы дербес әрі маңызды рөлін тану осы ұйым
иелерінің, кәсіпкерлердің билігін шектеуді білдіретін еді, әрине,
бұл соңғыларына жақпады [7, 8].
Басқару теориясын рәсімдеуде Ф.Тейлордың «Ғылыми бас-
қару принциптері» (1911) еңбегінің маңызы зор еді. Ф. Тейлор
ғылыми басқарудың негізін қалаушы болып есептеледі. Бас-
қарудың ғылым ретінде пайда болуына үлкен бизнестің қалып-
тасуы әсер етті, яғни қазіргі техниканың артықшылықтарын
пайдалануға тырысу және жұмысты орындаудың әлдеқайда
тиімді тәсілдерін ашуға тырысқан ізденімпаз адамдардың шағын
тобының жетістігі болды [9, 10, 11].
Достарыңызбен бөлісу: