285
7. Қарсы пікір білдірушінің жеке басына емес, оның тек
әрекеттері мен қылықтарына баға бер, мәселеден жеке бас-
қа аттап кетпе. Оның абыройына нұсқан келтірме. Ол тіпті
қысым көрсетуде саған орын берсе де, мұны кешірмейді. Былай
айтуға болады: «Сіз екі рет өз уәдеңізді орындамадыңыз», бірақ
қарсы білдірушіге: «Сіз – уәдесінде тұрмайтын адамсыз» деп
ешқашан айтуға болмайды.
8. Оның пікірлері мен дағуаларының мәнін сұрақтардың
көмегімен жаңғырық түрінде көрсет: мақұлдаулар – кедергі-
лер, ал сұрақтар – жауап туғызады. Мұндай сұрақтардың мы-
салы мынадай болуы мүмкін: «Мен сізді дұрыс түсіндім бе?...»,
«...сіз осыны айтқыңыз келді ме?», «Егер мен сізді дұрыс
түсінген болсам, ...?». Бұл амал түсініспеушілікті болдырмай-
ды және адамға көңіл аудару мен құрметтеуді көрсетеді.
Өйткені түсіну – қарсы пікір білдірушімен келісу деген сөз
емес.
9. Егер өзіңнің кінәлі екеніңді сезінсең, кешірім сұраудан қо-
рықпа, бірақ мұны сұхбаттың соңында емес, жылдам, шешімді
түрде орында. Құлықтың осындай жолымен жүруі, біріншіден,
қарсы пікір білдірушіні қарусыз қалдырады және мүмкін болған
сынның алдын алады және екіншіден, оған құрмет туғызады,
өйткені кешірім сұрауға тек сенімді, әрі кемел адамдар ғана қа-
білетті. Кешірім сұрау мәселені шешуде ең арзан, әрі бағалы
үлес болуы мүмкін.
10. Қабылданған келісімді рәсімде және келешектегі өзара
қатынастар туралы келіс. Егер жанжалда тұйыққа тірелсеңдер,
пікірлер келісілмеген нүктеге қайта оралыңдар. Әрбір қол жет-
кізілген келісімді жазып отырыңдар.
11. Егер жанжал айғайға ұласса, бірінші кезекте тыныш-
тал. Адамдар егер өздерінің пікіріне сенімсіз әрі дұрыс емес-
тігін білсе, онда тыныштықта өздерін ыңғайсыз сезінеді. Үнсіз-
дік жиі шарасыз жағдай ретінде қабылданады және басқа тарап
бұл жағдайда кейде басқа шараны ұсынады. Үнсіздік ұрыстан
шығуға мүмкіндік береді. Кез келген жанжалда – екі тарап, егер
біреуі жоқ болса, онда кіммен ұрсысады? Бірақ мұнда үнсіздік
жәбірлі болуы керек (келемежсіз, табалаушылықсыз, шақыру-
сыз және т.б.).
286
12. Қарсы пікір білдірушінің эмоциялық жағдайын сипат-
таудан қаш. «Неге соншама бұрқырайсың?», «Неге қатты ашу-
ланасың» секілді «тыныштандырушы» сөздер жанжалдың да-
муын одан сайын нығайтады және күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: