90
менеджмент (өндірісті, ұйымдық қызмет етуді стратегиялық
және жедел басқарудың синтезі). Бұл топқа жетекшінің қосым-
ша ерекшеліктерін, соның ішінде психологиялық ерекшелігін де
ашып көрсететін тағы да екі қызмет кіреді. Бұлар – инновация-
лық және маркетингтік қызметтер.
Инновациялық қызмет. Оның мәні «Жаңару немесе өлу»
деген сөзде. «Инновация» ұғымы мен тиісті қызмет мазмұны
кешенді, көптеген аспектілерден тұрады. Жаңа, озық техноло-
гиялардан басқа, бұл өндіріс құрылымын қайта ұйымдастыру,
шикізат пен өнімнің жаңа нарықтарына шығу; басқару идеоло-
гиясын, ұйым саясатын, оның имиджін ауыстыру. Мәнділігі
жағынан стратегиялық бұл мәселе өзінің негізгі ауырлығымен
жетекшіге жүктеледі. Осы мәселенің спектрі басқару іс-әре-
кетінің психологиялық мазмұнымен байланысты бірқатар аспек-
тілерден тұрады (басқару теориясының негізгі бағыты –
инно-
вациялық менеджмент). Бұл – жетекші іс-әрекеті мазмұнының
аспектісі ретіндегі инновациялық процестің жалпы құрылымы;
жаңалықтарға психологиялық кедергілер; инноватор-жетекші-
лердің тұлғалық сипаттар мәселесі; инновацияларға қолдау
көрсететін факторлар [44].
Инновациялық процесс үш кезеңнен тұрады:
1. Ұйымның жаңа енгізулерге қажеттілігін айқындау және
оның типін анықтау. Ол жүйенің ағымдық күйіне мониторинг
және оның сыртқы орта өзгерістерінің болашағын болжау
бойынша аналитикалық (талдау) жұмысына негізделеді.
2. Ұйым мүшелерінің жаңа енгізу қажеттігіне сендіру. Бұл
жұмыс өте қажет, өйткені дәл осы ұйым мүшелері тарапынан
инновацияға деген негізгі кедергілер туындайды. Жаңа енгізу-
лер нәтижелері оның жақтастары неғұрлым көбірек болса, со-
ғұрлым тиімдірек болады.
3. Тиісті типтегі нақты жаңа енгізуді іздеу және таңдау; ат-
қарушыларда оларға қатысты оң түсініктер қалыптастыру; бас-
шылықтың оны «іске қосу» туралы шешім қабылдауы; енгізу;
алынатын инновациялық пайданы қолдану.
Адамдар ұйымдық жаңа енгізулерге
экономикалық, тұлға-
лық және әлеуметтік-психологиялық себептер бойынша қарсы
болуы мүмкін.
91
Инновациялық кедергілер мәні – бұл адамның жаңа енгізу-
лерге оның психологиялық жайлылығы мен дербестігіне қол
сұғу ретіндегі кері әсері. Мұның негізгі психологиялық меха-
низмі – тұлғаның сыртқы, әсіресе мәжбүрлеу әсеріне реактивті
қарсыласуы.
Жетекшілердің тұлғалық ерекшеліктері және олардың пси-
хологиялық мінез-құлқының стандарттары – осы мәселенің
келесі маңызды психологиялық аспектісі. Жетекші-иннова-
торлардың тұлғалық ерекшеліктері: кәсіпкерлік пен ар-ождан-
дық, нарықтағы табысты бәсекелестік туғызатынына сенімділік;
қызметкерлердің шығармашылық құлшыныстарына еркіндік
беру және жаңа енгізулерді жүзеге асыратын ынтызар адамдарға
қолдау көрсету, нарықтық өзгерістерді көре білу және осыған
байланысты ұйым ішіндегі өзгерістерге дайын болу.
Мұндай мінез-құлық ұстанымының негізі – жаңашылдың
мотиві: бірінші болу арманы, өзін жеңімпаз ретінде сезіну. Бұл
ұстанымның қалыптасуы инновациялық процестерді қамтама-
сыз ету ұғымымен белгіленеді.
Маркетингтік қызмет (ағылш.
market – нарық) – тауарларға,
ұйымға, қызметкерлерге, адамдарға, аумаққа және идеяларға
деген сұранысты алмастыру арқылы көре білу, басқару және
қанағаттандыру.
Маркетинг мәселелері спектрінің кеңдігі оларды шешу үшін
ұйым құрылымында мамандандырылған бөлімшелер құруды
талап етеді. Маркетингті басқару келесі негізгі бағыттармен іске
асырылады.
1. Маркетинг мақсат қоюдан бастап, басқарудың барлық өзге
қызметтерін біріктіріп анықтайды. Қалған қызметтер ұйым іс-
әрекетінің тиімділігі мен оның өнімінің сапасын қамтамасыз етуге
бағытталған. Сапаның нақты өзі – шешуші маркетингтік фактор.
Табысты маркетингке инновация қызметі ықпал етеді.
2. Бұл қызметті жүзеге асыру кезіндегі жетекшінің басты
міндеті мамандандырылған бөлімшелер құру мен олардың іс-
әрекетін ұйымдастырудан көрінеді.
3. Маркетинг табыстылығы ұйымның жалпы имиджімен
анықталады, оны жасау мен танымал ету де жетекші күш-жіге-
рінің мақсаты болып табылады.
92
4. «Клиенттік мінез-құлық» – қызметкерлердің клиент сұ-
раныстарына бағдарланған маркетингтік ұстанымы.
Маркетингтің психологиялық мәселесіне байланысты қазіргі
кезде
жарнама психологиясы (психологияның арнайы саласы)
қарқынды дами түсуде.
Достарыңызбен бөлісу: