118
(арнайы) және жалпы ерекшеліктерді атап көрсетеді. Жалпы
ерекшеліктер бастапқы болады, өйткені үлкен дәрежеде ар-
найыларға қарағанда генетикалық айқындалған. Интеллект
психологиясының даму тарихы, сондай-ақ оның негізгі модель-
дері жеке және жалпы танымдық функциялардың, зерделік ерек-
шеліктер қатынасы туралы мәселе маңында шоғырланады.
Интеллектің алғашқы моделінің авторы К. Спирмен таным
дық процестердің (зейіннің, естің, қабылдаудың, т.б.) даму
деңгейлерінің өзара байланыстығын анықтады. Ол интеллекте
жалпы фактордың екі негізгі факторы (general factor, G –
фактор) және әрбір танымдық функция үшін өзіндік фактор (S –
фактор) бар деп болжанады.
Бұл модель «интеллектің қос факторлы теориясы» деп
аталады. Оның құрылымдық принципі – иерархиялық, қатарлас
бағыныңқы екі деңгейі (G – және S – факторлар) бар. К.Спирмен
G факторды «жалпы ақыл-ой энергиясы», интеллекттің өзі
ретінде анықтайды.
Л. Терстоунның көпфакторлы моделінде G – фактор-
дың болуы жоққа шығарылады, оның мәні интеллекттің
көптеген бастапқы ақыл-ойлық ерекшеліктерден тұратынында.
Л. Терстоун олардың жетеуін атап көрсетеді: 1) «S» – кеңістіктік
фактор, 2) «P» – қабылдау, 3) «N» – есептеу, 4) «V» – вербалдық,
5) «F» – тіл жылдамдығы, 6) «M» – ес, 7) «R» – логикалы
саналау.
Дж. Гилфорд моделі де көпфакторлық болып табыла-
ды, бірақ онда 120 тар мамандандырылған және бір-біріне
тәуелсіз танымдық ерекшеліктер атап көрсетіледі. Олар ин-
теллектуалдық іс-әрекеттің негізгі үш көрсеткішіне: мазмұнға
(4 типті), интеллектуалдық операциялар сипатына (5 типті) және
олардың мақсаттарына (6 түрлі) тәуелді болады. 4×5×6=120
арнайы ерекшеліктер (интеллектінің Гилфордтық кубтық мо-
делі).
Гилфордтың негізгі еңбегі – ойлаудың екі: дивергенттік
және конвергенттік типін атап көрсеткенінде. Біріншісі – бұл
шығармашылық бастау көрсеткіші, ал екіншісі логикалы ойлау
индикаторы бола отырып, жалғыз ғана оң шешім табуға ба-
ғытталған.
119
Р. Кеттел өз моделінде, жалпы және жеке (парциалды) фак-
торлардың болатынын жоққа шығармай, яғни кристалданған
(байланыстағы) және ағымдық (еркін) типтерін көрсетеді. Бірін-
шісі адамның өзі тиесілі қоғам мәдениетін игеруінің өлшемі бо-
лып табылады, екіншісі индивидтің жүйке жүйесінің биоло-
гиялық мүмкіндіктерін сипаттайды. Кристалданған тип вер-
балды интеллектпен көбірек байланысқан.
Соңынан Л. Хамфрейс интеллекттің осы екі типінің бір-
бірімен байланыста екенін және интеллектуалдық-түзілімдік
деп аталатын жалпы факторға кіретінін дәлелдеді, бұл осы
модельді К. Спирмен моделімен жақындастырады. Интеллекттің
әртүрлі жақтарын зерттеу кезіндегі жалпы психологиялық заң-
дылық – G фактордың айқын бөлінуі, бұл жалпы интеллекті-
нің даусыз психологиялық нақтылық ретінде болуын ай-
тады [51].
Интеллект құрылымы өте күрделі, ол жалпы факторға негіз-
делгенімен, бірақ оған жақындаспайды. Интеллектіні түсінуге
қазіргі күнгі қорытушы тәсілдердің бірі оны адамның «мен-
талдық» (ақыл-ойлық) тәжірибесінің және оның жинақталуын,
өңделуі мен қолданылуын қамтамасыз ететін тұтастай жүйесі
ретінде қарастырады. Интеллектте (менталдық тәжірибеде) үш
деңгей атап көрсетіледі.
1. Когнитивтік тәжірибе – ақпаратты сақтауды, жүйелеу-
ді және қолдануды қамтамасыз ететін құрылымдар, олар-
дың негізгі мақсаты – ағымдағы ақпаратты жедел қайта өң-
деу.
2. Метакогнитивті тәжірибе – адамға өзінің интеллектуалдық
белсенділігінің өзін реттеуін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
құрылымдар, олардың мақсаты – интеллектуалдық ресурстарды
бақылау.
3. Интенционалдық тәжірибе – жеке интеллектуалдық
қабілеттер негізінде жатқан құрылымдар, олардың мақсаты –
белгілі бір саланың субъективті басымдығы және шешімдерді
іздеуге бағыттау.
Жетекшінің интеллектуалдық іс-әрекетінің өзіндік байқа-
луы интеллект психологиясының келесі ұғымдарымен сипат-
талады.
120
Метакогнитивті хабарлану (ақпараттану) – өзінің интеллек-
туалдық сапаларын білу және оларды бағалай алу, өзінің ин-
теллектуалдық резервтерін күрделі проблемаларды шешу үшін
жұмылдыру қабілеті.
Ашық танымдық көзқарас – болмыс құбылысына жеңіл,
көңіл-күйлік оң сезімталдықтың болуы.
Интеллектуалдық стильдер арасынан басқару іс-әрекетінен
әлдеқайда нақты байқалатын негізгі үшеуі ерекшеленеді:
Достарыңызбен бөлісу: