206
сультативтік байланыс бар. Маңызды шешімдер жоғарыда қа-
былданады, бірақ қарамағындағыларға көптеген нақты шешім-
дер сеніп тапсырылады.
4.
Партисипативтік жүйе. Ол өзін-өзі басқаруды білдіреді
және қызметкерлердің негізгі шешімдер қабылдауына қаты-
суына негізделген. Р. Лайкерт оны ең пайдалы деп есептейді.
Қарамағындағылар мен жетекшілер арасындағы байланыс өзара
сенімді, достық сипатта, алшешім қабылдау орталықтандырыл-
маған. Тіл қатысу екі жақты және бейресми. Бұл жүйенің көш-
басшылары атқарушылардың басқаруға қатысуын қолдайтын
жетекшілерге сай келеді (Z теориясы). Эксплуататорлық-авто-
ритарлық жүйе жетекшілеріне қарама-қайшылықтағы олар жұ-
мысқа емес, адамға бағдарланған.
Р. Лайкерт сұлбасы қазіргі кезде «авторитарлық-либерал-
дықты» тереңдетуші және мүшелеуші, оған қатысты баламалы
емес континуум ретінде қарастырылады.
Бұл тәсілдердің барлығының жалпы ерекшелігі – олардың
бір өлшемділігі, жетекші стилін атап көрсетуге арналған қандай
да бір параметрдің болуы. Басқару іс-әрекетін қос өлшемдік
ұсынуға, жалпы басқару стильдерін атап көрсетудің екі көр-
сеткішінің сабақтасуына негізделген тәсіл әлдеқайда жетілген.
Мұнда Р. Лайкерттің жетекшілерді тек қана жұмысқа және тек
қана адамға зейін аударатын адамға бөлетін тезисінің қате
екендігі көрсетіледі. Жетекші бір мезгілде жұмысқа да, адамға
да бағдарлана алады. Демек, бұл бағдарланулардың сабақтасуы
стильдерді атап көрсетудің негізіне жатқызылуға тиіс. Қоры-
тындысында ол Р. Блейк және Д. Моутон ұсынған атақты
«бас-
қару торын» (managerіal grіd) береді.
Екі көрсеткіштің сабақтасуы арқылы жетекшіліктің бес стилі
атап көрсетіледі:
1. Бірлескен басқару (кедейліктен қорқу). Жетекші барынша
аз күш жұмсайды және басқалардан да жұмыстың орындалу
сапасы жұмыстан босатуды болдырмайтындай ғана дәрежеде
болуын талап етеді.
2. Қала сыртындағы клуб ретінде басқару (демалыс үйі).
Жетекші қарамағындағылармен достық қарым-қатынасты ұсы-
нады, тапсырманың ең тиімді орындалуына ұмтылмайды.
207
3. Билік-бағыну (үстемдік ету). Жетекші ұйымдағы жақсы
қарым-қатынасты ұстап тұруға аз зейін аударады, ол тиімді іс-
әрекетті қамтамасыз етуге толықтай берілген.
4. Ұйымдастыра басқару (ұйым). Қолжетімді сапаны қам-
тамасыз етуге ұмтыла отырып, жетекші тиімділік балансы мен
жақсы моральдық күй табады.
5. Топтық басқару (команда). Атқарушылар саналы түрде
ұйым мақсаттарына тартылады. Жетекші бұған жұмыс тиім-
ділігіне де, қарамағындағыларға да бір мезгілде тұрақты зейін
аудару барысында қол жеткізеді. Бұл жетекшінің ең табысты
стилі, өйткені адами жақсы қарым-қатынас пен ұйымдық қыз-
меттің жоғары нәтижелері қамтамасыз етіледі.
Жағдайлық тәсіл. Алдыңғы екі тәсілде қарастырылған же-
текшілік пен көшбасшылық проблемасын дамыту, тұлға-
лық сапалар мен стильдер өз-өзінен басқару іс-әрекетінің
тиімділігін әлі де анықтамайтынын көрсетті. Стиль мен жағ-
дайлардың сай келуі оның басты шарты болып табылады.
Бірқатар оқиғаларда осы қосымша жағдайлық факторлар
жетекшілік тиімділігінде басшылық рөл атқарады. Бұл бас-
қарымдық іс-әрекет сипаты: орындалатын тапсырмалар типі;
жетекшінің қарамағылармен қарым-қатынасы, қарамағын-
дағылардың есею деңгейі; олардың үстем қажеттіліктері,
сыртқы және ішкі ұйымдастыру ортасының жағдайлары, т.б.
нәтижесінде ерекше жағдайлық тәсіл рәсімделеді, басқару-
дың белгілі бір жағдайларына әлдеқайда сай келетін мінез-
құлық пен сапа стильдерін таңдау оның мақсаты болып та-
былады.
Ф. Фидлердің жетекшіліктің жағдайлық моделі жағдайлық
тұжырымдамалар арасындағы ең танымал және жетілген түрі
болып табылады. Белгілі бір жағдайда жетекшінің мінез-құл-
қына ең күшті ықпал ететін және бір мезгілде жағдайдың өзін
сипаттайтын негізгі үш фактор бар:
1) жетекші мен қол астындағылар арасындағы қарым-қаты-
нас;
2) мәселе құрылымы, оның параметрлері – тұжырымның
нақтылығы мен айқындылығы, құрылымдануы, әдеттілігі және
түсініктілігі;
208
3) өзіне жетекшіге тиесілі заңды биліктің нормативтік көле-
мін және оны қол астындағылардың нақты қолдау көрсету дең-
гейін қосып алатын, қызметтік өкілеттіліктер.
Әрбір параметрлерді максималды және минималды деңгей-
лерде сипаттауға болады.
Ф. Фидлер жағдайлар қолайлылығының жалпы көрсеткіші
болып табылатын «жағдайлық бақылау» ұғымын ұсынады.
Ф. Фидлердің зерттеулері нәтижесінде мынадай басты заңды-
лық айқындалды: әртүрлі стильдегі жетекшілерде басқару
іс-әрекетінің тиімділігі әртүрлі. Мәселеге бағдарланған жетек-
ші ең қиын және ең жақсы жағдайларда ерекше табысты жұ-
мыс істейді. Қарым-қатынасқа бағдарланған жетекші жағдайға
бақылаудың дәрежесі орташа шарттарда табыстырақ жұмыс
істейді.
Жоғары және төмен жағдайлық бақылау шарттары үшін
авторитарлық, жетекшілік, мамыражай авторитарлық бақылау
үшін – демократиялық жетекшілік оңтайлы болады.
Достарыңызбен бөлісу: