Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



бет79/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

Басқару іс-әрекетіндегі жалпы және арнайы қабілеттер 

Басқару қабілеттерінің үшінші санаты құрылымдық-психо-


логиялық көрсеткіш бойынша психологияда қолданған қабілет-
терді жалпыға және арнайыға бөлуді көрсете отырып анықта-
лады. Арнайы қабілеттер ұғымы екі жоспарда қарастырылады.
Басқару іс-әрекетінің тиімділігіне ықпал ететін жалпы қа-
білеттерге интеллект, креативтілік, оқыту, рефлексивтілік, бел-
сенділік, өзін-өзі реттеу жатқызылады. 
Басқару іс-әрекеті жетекшінің жалпы қабілеттерінің даму
шамасына байланысты табыстылығының өзіндік қисық сызықты 
тәуелділігі бар. Бұл факт интеллектіге, рефлексивтілікке және
креативтілікке қатыстылығы эксперименталды түрде дәлелден-
ген. Оқытулық қабілетке қатысты мәліметтер қазірше жоқ. Бірақ
мұнда жағдай осыған ұқсас болуға тиіс. Нашар оқыту басқару 
іс-әрекетінің негативтік факторы болып табылады, бірақ жақсы
оқыту да басқару тиімділігіне оң ықпал етпейді. Басқару іс-
әрекетінің репродуктивтік стратегиялары күшейе түседі. Оның
жоғары сенімділігін қамтамасыз ете отырып, олар өнімді стиль-
ге қарағанда, максималды нәтижелер бермейді. Сонымен қатар



220
тым жоғары оқытулық іс-әрекеттің тәуекелділігін арттырады 


және тұрақты эксперименттеу, неге үйренгенін бірден сынауға


ұмтылу үшін алғышарт бола отырып, оның сапалық көрсеткіш-
терін төмендетеді [12, 13, 14].
Арнайы қабілеттер басқару іс-әрекетінің табыстылығымен 
тура тәуелділікпен байланысқан. Арнайы қабілеттер неғұрлым
жоғары дамыған сайын, барлық тең жағдайларда іс-әрекет тиім-
ділігінің көрсеткіштері соғұрлым жоғары болады. Мысалы, ұзақ
мерзімді ес (кәсіби тәжірибенің психологиялық негізі) және 
оперативтік ес (жедел басқарудың функцияларын жүзеге асыру
негізі) жетекші іс-әрекетінің объективті шарттары болып табы-
лады. Ойлау қабілеттерінің басқару іс-әрекетінің табыстылығы-
мен тікелей, тура байланысы да сондай-ақ айқын. Дәл осындай 
рөлді перцептивтік, еріктік, аттенциялық (зейіннің дамуы), има-
жинативтік (қиялдың дамуы) қабілеттер де атқарады. 
Келесі жағдайды да ескеру қажет. Негізгі психикалық про-
цестер мен функциялар басқару іс-әрекетінде өзіндік байқалу-
лары және қырларымен көріне отырып, өзіндік қасиетке ие
болады. Қабылдау процесі үшін – бұл олардағы әлеуметтік 
перцепцияның айрықша рөлі, ойлау процестері үшін бұл прак-
тикалық ойлау. Демек, басқару іс-әрекетінде жеке қабілеттер де 
өзінің негізгі екі аспектісінде болады: қандайда бір психикалық
процестер мен функциялардың даму деңгейі ретінде және 
сапалы өзіндік нақты басқару іс-әрекетінің компоненттері үшін
ең қанықты спецификалық ретінде. 
Жетекшіге жоғары дамыған, бірақ абстрактілі теориялық
ойлауды емес, орташа практикалық ойлауды және «өткір әрі да-
мыған» емес, дамыған әлеуметтік қабылдауды, әлеуметтік пер-
цепциялы қабілетті игергені жөн. 
Психика негізгі үш шағын жүйеден тұрады: когнитивтік, 

реттеулік және коммуникативтік. Басқару іс-әрекетінде бай-
қалатын жекелеген қабілеттер, тиісінше, когнитивтік, реттеулік 
және коммуникативтік топтарға бөлінеді.

Когнитивтік – бұл жекелеген негізгі психикалық процестер
мен функциялардың қасиеті.


Реттеулік шағын жүйеге тиесілі процестердің барлығында
байқалулардың жеке шамасы бар. Сондықтан мақсат түзу, бол-


221
жау, шешім қабылдау, өзін-өзі бақылау қабілеттері айқындала 


түседі. Басқару және психикалық іс-әрекеттің өзінің құрылысы


мен ұйымдастырылуының байланысы бұл қабілеттердің құра-
мының әлдеқайда жалпы қабілеттерден және жоғарыда сипат-
талған іс-әрекет бойынша атап көрсетілетін әлдеқайда жалпы 
қабілеттерден байқалады.
Психикалық та, басқару іс-әрекеті де ұқсас механизмдер мен 
процестерге негізделеді, олардың қалыптасуының жоғары дең-
гейін талап етеді және тиісті реттеулік қабілеттердің болуын 
білдіреді. Аталған қабілеттерден басқа, бұл әлдеқайда инте-
гралды реттеулік-когнитивтік қабілет болып табылатын белгісіз-
дікке толеранттылық.

Коммуникативтік шағын құрамына кіретін және оның қыз-
мет етуін қамтамасыз ететін процестер, сондай-ақ айқындалу-
дың, қалыптасудың жеке шамасына ие болады. Бұл эмпатия,
аттракция, идентификация, сөз туғызу, т.б. процестер. Коммуни-
кативтік қабілеттер деңгейіндегі айырмашылықтар осы процес-
тердің қалыптасу шамасына тәуелді болады. 
Психика құрылымына негізделген өзіндік реттеулік және
коммуникативтік қабілеттер қабілеттің жалпы жүйесін олар- 
дың тағы бір типімен толықтыруды талап етеді. Олар жекелерге,
арнайыларға қарағанда әлдеқайда интегративті, бірақ бір мез-
гілде жалпыларға – интеллектіге, креативтілікке, т.б. қараған-
да азырақ қорытылған болып табылады. Қабілеттердің пси-
хологиялық құрылымында жалпы қабілеттер макродеңгейді, ал
жеке, арнайы қабілеттер микродеңгейді құрайды. Олардың 
арасында орналасқан мезодеңгейді интегралдық қабілеттер
алады.

Қабілеттердің психологиялық құрылымы:


Макродеңгей 

Жалпы қабілеттер


Мезодеңгей 
Интегралдық қабілеттер
Микродеңгей 
Арнайы қабілеттер
Басқару іс-әрекетінің табиғаты үшін орталық, өтпелі деңгей 

ең маңызды және өзіндік қасиетке ие. Оның құрамына кіретін


қабілеттер негізгі басқару функцияларына (мақсат түзуге, жос-
парлауға, т.б.) теңдес.



222
Басқару іс-әрекетін жүзеге асырудың көптеген алуан түрлі 


тәсілдеріне ие – ол поливариантты. Бұл жетекшіліктің бірнеше


негізгі стильдері бар екендігінен байқалады. Әртүрлі стильдер 
қабілеттердің әртүрлі сабақтастығының болуын білдіреді. Ал
жеке симптомдық кешендердің айырмашылығы тұлғалық қабі-
леттер құрылымына қатысты өтемдік (компенсаторлық) функ-
циялар атқаратын жетекшілік стилін анықтайды. Жетекші таң-
дап алған белгілі бір стиль оған өзінің жеке тұлғасының күшті
жағына сүйенуге, ал әлсіз жақтарын «кері итеруге» мүмкіндік 
береді. Жетекшіліктің әртүрлі стильдерінің болуы адами жеке-
ліктердің алуан түрлілігінің және басқару қабілеттерінің 
вариативтілігінің нәтижесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет