21
бақылау идеялары. Қызметкерлердің қабілеттілігі марапат-
талады, олардың дамуы ынталандырылады, әріптестік пен өзара
көмекке, ынтымақтастыққа, корпоративтік рухтың қалыпта-
суына қолдау жасалынады. Қызметкерлердің моральдық көңіл-
күйіне үлкен зейін аударылады. Адамды жұмысқа қабылдай
отырып, әкімшілік оның кәсіби сапаларына ғана емес, сондай-ақ
моральдық-этикалық сапаларына, оның ерінбей еңбектену тала-
бына және топтық іс-әрекетке үйлесу шеберлігіне де қызығу-
шылық танытады [30].
Басқару теориясы дамуының қазіргі кезеңінде негізгі ағым-
дарды атап көрсетуге болады, олар:
1) ұйымның материалдық-техникалық базасына бұрынғыға
қарағанда әлдеқайда жоғары мән беру;
2) басқаруды әрі қарай демократияландыру, ұйымды басқару
объектісінен өзін-өзі басқару субъектісіне айналдыру;
3) менеджмент пен бизнесті және ол туғызған басқарудың
жаңа мәселелерін интернационалдау.
Барлық осы және басқа да ағымдар басқаруға деген көзқа-
растардың «тыныш басқару революциясы» деп аталатын жаңа
жүйесінің қалыптасуына алып келді. Оның негізгі сипаттары
мыналар:
1) ұйымның ішкі факторларына дұрыс әсер ету басқару
табысының негізі болып табылады деп есептейтін менеджмент-
тің классикалық мектептерінің басқарудағы ұтымдылығынан
бас тарту. Басқарудың стратегиясы мен тактикасын сыртқы орта
өзгерістеріне бейімдеу мәселесі әлдеқайда маңызды болып
есептелінеді;
2) басқаруды жақсартатын кез келген жүйенің бірқатар
әмбебап элементтерін анықтауға мүмкіндік беретін басқарудағы
жүйелер теориясын қолдану;
3) басқаруға жағдайлық бағыт, оның басты тезисі – кәсіп-
орынның ішіндегі бүкіл ұйымдастыру – бұл сыртқы әсерлерге
жауап;
4) менеджменттің бүкіл қоғам және адам алдындағы (ұйым-
да істейтін әрбір адамның) әлеуметтік жауапкершілігін
тану.
XX ғасырдың 90-жылдардағы басқару қағидалары:
22
– қызметкерлерге деген босаңдық;
– жауапкершілік;
– ұйымды тігінен де, көлденеңінен де көктеп өтетін комму-
никациялар;
– қызметкерлердің қабілеттілігін ашуға бағытталған ұйым-
дастыру мәдениеті;
– барлық жұмыс істеушілердің үлестік қатысуы;
– сыртқы ортадағы өзгерістерге пара-пар реакция;
– топ жұмысына тікелей араласу;
– менеджердің жұмысы бойынша барлығын тыңдау шебер-
лігі;
– бизнес этикасы;
– адалдық және адамдарға сену;
– менеджменттің іргелі негіздері: сапа, сервис, ресурстарды
бақылау, қызметкерлерге арқа сүйеу;
– алдағы болашақты ұйымдастыруды көре білу;
– жеке жұмыс сапасы және оны жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: