Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет175/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   184
ТЕРМИНДІК СӨЗДІК 

 

Адам – 


қоғамдық-тарихи процестің, жер бетіндегі мате-

риалдық  және  рухани  мәдениеттің  субъектісі, 

генетикалық  жақтан  өмірдің  басқа  формалары-

мен байланысты және ол формалардан еңбек құ-

ралдарын  өндіру  қабілетінің  арқасында  бөлініп 

шыққан,  түсінікті  сөйлей,  ойлай  алатын,  сана-

лы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Ол бірқатар ғы-

лымдардың:  антропология,  социология,  этно-

графия,  психология,  педагогика,  анатомия,  фи-

зиология және т.б. зерттеу нысаны болып табы-

лады.    

Адамның биотиптері – 

нейрогуморальды  негіз,  симпатико-адреналиндік 

жүйенің  (САЖ)  индивидуалды  ерекшеліктері 

бойынша іске асырылатын адам типологиясы. Үш 

түрлі биотип ажыратылады: адреналиндік (А-тип), 

норадреалиндік (Н – А-тип) және аралас. 

А-типтің  өкілдері  жоғары  мазасыздықпен,  жо-

ғары  жауапкершілік  сезімімен,  қол  жеткізгенге 

қанағаттанбаумен,  шектік  қысымдарға  талпы-

ныспен ерекшеленеді. 

Н  –  А-типтің  өкілдері  жоғары  ішкі  қысым-

дылықпен,  тұйықтықпен,  жасырындылығымен, 

билікшілдігімен,  мақсатқа  талпынғыштығымен 

сипатталады;  жолы  болмаушылық  адамдарды 

жүйке  жүйесінің  тозуына,  жүрек  қан  тамырла-

рының ауруларына алып келуі мүмкін. 

Аралас  типтің  өкілдері  жоғары  эмоционалды-

лығымен,  көңіл-күйінің  тұрақсыздығымен,  жо-

ғары сезімталдығымен, эмпатиямен бірге қайғы-

руға  қабілеттілігімен  сипатталады.  Төтенше  жағ-

дайларда  адамдардың  биотиптік  ерекшеліктері 

аса қарқынды көрінеді. 

Адамға  жүйелі  тұрғыдан 

қарау – 

адамның  даму  процесінде  табиғи  және  мәдени 

арақатынасы  нәтижесінде  оның  психикасының 

дамуы. 


Авторитаризм  –

 

(грек  сөзі 



«autoritas» –  «билік,  ықпал 

ету») – 


адам  мінез-құлқына  догматикалық  талап  қой-

ғыштық,  беделді  адамға  сілтеме  жасау  арқылы 

оның  аргументациясы,  жоғарыдан  жіберілген 

ережені еш қарсылықсыз орындауды талап ету, 

тұлғааралық  қатынастардың  объективті  негіз-

дерін асқындыру. 

Әлеуметтік-саяси  кесте  ретіндегі  авторитаризм 

–  мемлекет  пен  қоғамды  байланыстыратын  саяси 




435 

 

институттарды ығыстыру, биліктің бір адамның 



немесе  бір  органның  қолындағы  концентра-

циясы. 


Авторитаризмнің шеткі формасы – тоталитаризм – 

қоғамның  іс-әрекетінің  әмірлі,  қатал  репрессивті 

кестесін, басқарудың апелляциялық емес коман-

далық  әдісін  жасау,  тұлғаның  өзіндік  реттеу 

мүмкіндіктерін  шектеу.  Адамның  тоталитаризм 

жағдайында  ұзақ  уақыт  болуы  оның  тұлғалық 

деформациясына алып келеді. 

Ажитация  –  (латын  сөзі  –  

agitatio – «қозғалысқа алып 

келу») –  

өмірге,  қауіпке,  апаттық  жағдайларға  және  т.б. 

психогендік  факторларға аффективті жауап.  Дау-

дамай,  апаттық  жағдайлардағы  өте  күшті  қозу 

күйі,  әрекеттердің  мақсатқа  бағыттылығының 

бұзылуы,  асығуы,  пайымдаулы  іс-әрекетке  қа-

білеттіліктің  төмендеуі  –  аномальды  психика-

лық күй. 

Аморальдылық – 

қоғамның  моральдық  ұстанымдарын  қабыл-

дамау,  әдептілік  нормаларына  ингилистикалық 

қатынас,  тұлғаның  және  әлеуметтік  топтың  ру-

хани  күйреуі.  Аморальдылықтың  шеткі  фор-

масы  цинизм  болып  табылады,  ол  –  өз  қоға-

мының  мәдениетіне,  оның  рухани  құндылық-

тарына  жақтырмай  қарау,  идеалдар  мен  әлеу-

меттік ұстанымдарды менсінбеу. 

Амнезия  –  (грек  сөзі  –  ἀ  – 

«теріс бөлшектер» + mnesia  

«ес») – 

ұмытшақтық, есінен айрылу, естің бұзылуы. Ре-

троградты  амнезия  –  аурудың  алдында  болған 

жағдайларға  қатысты  естің  бұзылуы.  Антеро-

градты амнезия – ауру басталғаннан кейінгі бол-

ған  жағдайларға  қатысты  естің  бұзылуы.  Қор-

ғаныстық  амнезия  –  жаралайтын  жағдайларды 

естен ығыстыру, ұмыту. 

Андрогиния  – 

 

(латын  сөзі, 



andros  –  «ер»,  gunes  – 

«әйел») – 

бір индивидте ер адамның да, әйел адамның да 

қасиеттерінің  болуы,  әртүрлі  жағдайларда  мі-

нез-құлықтың  маскулиндік  немесе  феминдік 

ерекшеліктерін көрсете алу қабілеті. 

Антиципация – (латын сөзі, 

anticipatio – «күні бұрын») – 

индивидтің  жағдайдың  ары  қарайғы  дамуын, 

әрекеттің  барлық  мүмкін  болатын  нәтижелерін 

алдын ала көре алу қабілеті, ақиқаттықты алдын 

ала бейнелеуге қабілеттілік. 

Апатия  –  (грек  сөзі,  аnatheia 

– «бейтараптық») – 

селқостық  пен  қызығушылықтардың  әлсіреуі, 

қоршаған  шынайылықтың  жағдайларына  деген 

немқұрайдылық, эмоциялық енжарлық. 

Апперцепция – 

(апперцептио – латын сөзі, 

шынайылықтың заттары мен құбылыстарын қа-

былдаудың өткен тәжірибеге, тұлғаның индиви-



436 

 

«ап» – үстеме жұрнақ, 



«перцепцио» – «қабылдау») – 

дуалды ерекшеліктеріне және психикалық күйі-

не тәуелділігі. 

Ассоцианизм – (латын сөзі, 

associatio – «екі немесе 

одан да көп психикалық 

құрылымдарда туындаған 

психологиядағы 

байланыс») – 

психикалық  қызмет  етуін  ассоциациялардың  – 

құбылыстар  мен  бейнелерінің  арасындағы  тұ-

рақты  байланыстардың  қалыптасуы  арқылы тү-

сіндірілетін  әлемдік  психологияның  негізгі  ба-

ғыттарының бірі. 

Ең  алғаш  ассоциациялар  ұстанымын  Аристо-

тель қалыптастырған: «Көрінетін сыртқы себеп-

терсіз  пайда  болатын  бейнелер  ассоциацияның 

өнімі  болып  табылады».  ХІХ  ғасырда  ассоциа-

циялардың және олардың нейрофизиологиялық, 

шартты-рефлекторлық  механизмдерінің  қалып-

тасу жағдайлары зерттелген болатын. 

Астения – (грек сөзі, 

astheneia – «алқыну, 

әлсіздік») – 

жоғары деңгейде күшсіздік, қалжырау, тез шар-

шау мен тітіркендіргіште көрінетін нервтік-пси-

хикалық әлсіздік. 

Атрибуция – (латын сөзі, 

attributio – «иеленіп 

жабыстыру») – 

индивидке  немесе  әлеуметтік  топқа  тікелей  қа-

былданбайтын  ерекшеліктерді  немесе  басқа  тұл-

ғаның мінез-құлқының себептерін түсіндіру ме-

ханизмі.  Каузальды  атрибуция  –  мінез-құлық 

себептері туралы болжам.  

Аутизм –


 

(грек сөзі, Эйген 

Блейлер 1911 жылы ашқан  

«өзім» және 

ағылшын сөзі, infantile 

autism –  

 

«аут» – «тысқары кету») –



 

 

психикалық  шеттелудің  шеткі  формасы,  шынайы 



өмірден  алшақтап,  адамның  өзімен-өзі  болуы, 

сыртқы әрекеттер  мен  құбылыстарға  немқұрай-

лылығы,  индивидтің  қоршаған  әлеммен  байла-

нысынан  қашуы,  өзіндік  реттеу  мүмкіндігінің 

төмендеуі,  идеялар  мен  түсініктердің  тар  шең-

беріне жақындық, эгоцентризм, қоршаған адам-

дардың  мінез-құлқына  эмоциялық  реакциялар-

дың пара-пар еместігі. 

Аффект – (латын 

сөзі, affects – «жан 

толқынысы») –  

күтпеген жерден болған өте күшті эмоциогендік 

әсерден  туындаған,  күшті  импульсивті  әрекет-

термен  және  эндокринді  жүйенің  қызметтік  өз-

герістерімен бірге жүретін сананың уақытша па-

тологиялық  емес  ұйымдасуының  бұзылуы,  оның 

«тарылуы»; ақиқаттықтың индивидтің тұлғалық 

позицияларына қатал қарама-қарсылығынан, жан-

жалдан туындаған эмоциялық күй. 

Аффект субъектінің қатал, ординарлы емес жағ-

дайдан  пара-пар  шығу жолын  табуға  қабілетсіз-

дігінде шеткі жағдайларда  пайда  болады.  Аффек-

тогендік бейне индивидтің бүкіл психикалық іс-

әрекетінен  басым  болады,  онымен  байланысты 

емес барлық процестерді топтайды және биоло-



437 

 

гиялық  эволюция  процесінде  қалыптасқан  мінез-



құлықтың «апаттық» тәсілдерін (агрессияны, қа-

шуды, шынжырлануды) біріктіреді. 

Аффект  күйі  кейін  индивидтің  өткен  аффекто-

гендік  жағдайдың  жеке  элементтерімен  кезде-

суінде  көрінетін  аффективті  іздер  қалыптасты-

рады. 


Заңгерлікте  аффект  (күшті  рухани  күйзеліс), 

егер  бұл  күйді  айыптаушының  заңға  сәйкес 

емес әрекеттері туындатқан болса, жауапкерші-

лікті жеңілдететін және қылмыстық квалифика-

циясына  әсер  етуші  жағдай  ретінде  қарасты-

рылады. 


Аффективті әрекет – 

субъектінің  белгілі  бір  эмоциялық  күйлерімен 

бағытталатын  және  реттелетін  әрекет,  ондай 

күйлерге  батылдық,  құмарлық,  ұнатпаушылық, 

құштарлық,  кек  қайтару,  махаббат  және  т.б. 

жатады.  Аффективті  әрекет  түсінігін  Макс  Ве-

бер  оны  «Әлеуметтік  әрекет»  (мақсатқа  рацио-

налды  және  құндылық-рационалды)  түсінігінен 

бөліп алу үшін енгізген. 

Мақсатқа ұтымды әрекетке қарағанда және құн-

дылық-рационалды  әрекетке  ұқсас  аффективті 

әрекет  нақты  мақсатқа қол  жеткізуге  емес, әре-

кет  субъектісінің  эмоциялық  өзіндік  көрінуіне, 

оның  импульсивті  өзіндік  реттеуіне,  құмарлық-

ты  немесе  құштарлықты  қанағаттандыруға  ба-

ғытталған. 

Қозудан  туған  әрекет  саналы  мінез-құлық  пен 

бейсаналы  реакциялардың  арасындағы  шекте 

орналасқан.  Олар  ең  аз  саралануымен  сипатта-

лады;  осы  ең  аз  шектен  өту  психикалық  іс-

әрекеттің  ұйымдасуының  бұзылуына  –  аффект 

күйіне алып келеді («Аффект» қараңыз). 

Әдеттегі сана – 

әлеуметтік  қауымдағы  басым  эмпирикалық  бі-

лім және түсініктердің жиынтығы. 

Әлеуметтік бақылау  

әлеуметтік  нормаларға  сәйкес  адамның  мінез-

құлқын  реттеу  мақсатымен  қоғам  әлеуметтік 

және кіші топтағы тұлғаларға әсер ететін құрал-

дар жүйесі. 

Әлеуметтік бейімделу – 

индивидтің әлеуметтік орта жағдайларына үйре-

нуі. Әлеуметтік бейімделудің типтері: 1) ортаға 

белсенді әсер ету; 2) әлеуметтік топтық құнды-

лық бағдарлары мен мақсаттарын пассивті кон-

формды қабылдауы. 




438 

 

Әлеуметтік  бейімделу  индивидтің  өзінің  және 



өз әлеуметтік байланыстарының бейнесіне пара-

пар  әртүрлі  әлеуметтік  рөлдерді  қабылдауына 

байланысты.  Әлеуметтік  бейімделудің  бұзылуы 

әлеуметтік  емес  мінез-құлық,  маргиналдылық, 

ішімдікке  салыну  мен  нашақорлық  болып  та-

былады. 


Әлеуметтік ингибиция – 

бөгде  адамдарджың  қатысуында  іс-әрекеттің 

төмендеуі. 

Әлеуметтік-психологиялық 

ахуал – 

топ  деңгейінің  дамуына  тәуелді,  тиімді  бірлесе 

әсер ететін тұлғааралық қатынасының саласы. 

Әлеуметтік күту – 

әлеуметтік  қауымдастықтың  әрбір  тұрғыдан 

әлеуметтік-рөлдік талаптарын тиісті орындауын 

күту (ата-аналардың рөлдері, ұстаздардың, әкім-

шіліктің,  саяси  лидердің,  парламент  депутатта-

рының, т.б. қызметтері).  

Әлеуметтік стереотип – 

әлеуметтік  объектінің  тұрақты,  қарапайым  (үс-

тірт)  бейнесі,  бөгде  топтармен  қатынасындағы 

негативтік бағдарлар.  

Әлеуметтік қабылдау – 

адамдармен  әлеуметтік  объектілерді  (басқа  адам-

дар, өзін-өзі, әлеуметтік топ және қауымдастар) 

қабылдау, түсіну, бағалау ерекшелігі.  

Әлеуметтік-этностық 

қарым-қатынастар – 

ұлтаралық әлеуметтік қарым-қатынастардың кө-

рінісі. Әр ұлт өзінің ұлттық мәдениетімен, салт-

дәстүрімен, ұлттық өнерімен, ұлттық   талғамы-

мен  ерекшеленеді.  Басқа  ұлт  өкілдерімен  күн-

делікті өмірде қарым-қатынасқа түскенде өзінің 

ұлтына  тән  ерекшелікпен    көрінуге  тырысады. 

Әр ұлт өзіндік  өнер ерекшелігімен дараланады. 

Оны  ұлттық  сана-сезімнің,  ұлттық  мақтаныш-

тың көрінісі деуге болады. 

Әсер – 

индивидтің немесе әлеуметтік топтың басқа адам-

дардың  мінез-құлықтарын,  олардың  позицияла-

рын, бағалауы мен бағдарларын өзгерту процесі 

және оның нәтижесі. Бағытталған әсердің меха-

низмі  сендіру  мен  пайымдау  болып  табылады. 

Бағытталмаған  әсердің  механизмі  –  еліктеу  және 

жұқтыру. Әсер тура және жанама бола алады. 

Әлеуметтік позиция – 

бұл    –  индивидтің  немесе  топтың  қоғам  жүйе-

сіндегі орны. Адамның мінез-құлқы стилін рет-

тейтін,  тұлға  немесе  индивидтің  қоғам  жүйе-

сіндегі орны.    

Әлеуметтік рөл – 

тұлғаның  әлеуметтік  қызметі,  оның  әлеуметтік 

мекемелердің  қоятын  талаптарына,  әлеуметтік 

күтуіне сәйкес келуі, мінез-құлық моделі. 



439 

 

Әлеуметтік фасилитация – 



белгіленген  әрекетті  басқа  адамдардың  қатына-

сымен жеңілдету (соның ішінде қылмыстық топ 

жағдайындағы қылмыстық әрекеттер). 

Басқару – 

басқарудың  бағдарламасы  және  мақсаттын  іске 

асыру, іс-әрекет тәртібін өзгерту немесе қолдау, 

құрылымды  сақтау,  мақсаттың  дамуын  қамта-

масыз  ету  және  субъектінің  басқару  жүйесіне 

әсер ету процесі. 

Басқару психологиясы –  

басқару ісіндегі психологиялық заңдылықтарды 

зерттейтін  психологияның  бір  саласы.  Басқару 

психологиясының  негізгі  міндеті  –  басқару  жүйе-

сіндегі  жұмыстың  тиімділігі  мен  сапасын  арт-

тыру  мақсатында  басқару  қызметінің  психоло-

гиялық жағдайлары мен ерекшеліктеріне талдау 

жасайды.  

Басқару іс-әрекеті – 

берілген тапсырмаларды тиімді орындауға үлес 

қосатын «адам-адам» жүйесіндегі басшылардың 

аналитикалық-конструктивтік,  іс-әрекеттік-рет-

теулік,  коммуникативтік  және  бағалау-түзету 

функцияларын  іске  асырудан  тұрады.  Бұл  әре-

кеттің  ұжымдағы  қызметтік  және  басқа  да  тап-

сырмалардың  тиімді  шешімін  табуда  маңызы 

зор.  Сондай-ақ  бірлескен  іс-әрекет  міндеттерін 

орындау  үшін  қызметкерлер  тиімділігін  қамта-

масыз ету болып табылады. 

Басқару іс-әрекетін 

белсенді ету – 

үйлесімді  қағидаларды  айқындау  мен  дәлелдеу 

процесі,  сондай-ақ  басқаруды  іске  асырудағы 

объективті  заңдарының  талаптары  айтылады. 

Жетекшінің  басқару  функциясын  үздік  орын-

дауын қамтамасыз етеді.  

Басқару іс-әрекетінің 

психологиясы – 

психология  ғылымының  жаңа  жетекші  бағыты. 

Әртүрлі  жағдайларда  тиімді  басқарудың  шарт-

тары  мен  факторлары,  механизмдері,  заңды-

лықтарының қызметімен бекітіледі. Жетекшінің 

өзіндік  басқару  қабілеті  мен  ойлауын  қалып-

тастыру, қызметкерлердің өмірлік жаңа үлгілері 

мен  технологияларын  қолдана  отырып,  іс-әре-

кетін шығармашылықпен басқару. 

Басқару іс-әрекетінің стилі – 

(стиль  –  латын  сөзі,  жазуға  арналған  стержень) 

– жетекшінің жеке басқару қызметін іске асыру-

дағы қалыптасқан мінездің әдіс, тәсілдер жүйесі 

болып  және  ішкі  және  сыртқы  факторлардың 

әсерімен  дамиды.  Жетекшінің  жоғары  стилін 

таңдау белсенділеу көрсеткіштеріне сәйкес іске 

асып,  оның  белсенділігінің  құрылымдық-қыз-



440 

 

меттік,  психологиялық,  нәтижелілік  көрсеткіш-



тері арқылы көрініс тауып сыртқа шығады. 

Басқару іс-әрекетінің 

технологиясы – 

жетекшімен  басқару  құралдарын  қолдану  мен 

құрастыруы, ұйымдастыру-әдістемелік бағдары-

ның  жиынтығы.  Оған  басқарудың  тактикасы 

мен техникасы, стратегиясы жатады. 

Басқару менталитеті (ділі) –  бұл  жетекшінің  басқару  іс-әрекетіндегі  дара-

лығы және жүйелі еңбегінің қайталанбауы. 

Басқару өнері – 

жетекшінің  басқару  құзырлылығының  кемел-

денуі,  жетекші  өз  міндеттеріндегі  басқарудың 

тұрақты  жоғары  нәтижелеріне  қол  жеткізуі, 

жаңа технологияларын шығармашылықпен мең-

геруі және мықты ерік-жігерімен, адамгершілік-

патриоттық қарым-қатынасымен сипаттала-ды. 

Басқару функциясы 

(қызметі) – 

бұл тапсырманың орындалу кезеңіндегі басшы-

ның  міндеттерге  сәйкестенген  басшылық  қыз-

метін атқару рөлі. 

Басқару шеберлігі – 

бұл  жетекшінің  жоғары  деңгейдегі  құзырлылы-

ғымен,  тиімді  озық  технологияларды  қолдана 

отырып  жетістікке  жетуі,  яғни  жетекшінің  жо-

ғары деңгейде басқару қабілеттілігі және тұрақ-

ты нәтижелерге қол жеткізуімен сипатталады. 

Басшы – 


ұжымды басқару және оның қызметін ұйымдас-

тыру  функциялары  ресми  жүктелген  адам.  Бас-

шы өзін тағайындаған (сайлаған, бекіткен) инс-

танция алдында топтың (ұжымның) өз функция-

сын  атқаруы  үшін  заңдылық жауаптылықта бо-

лады және қатаң тиянақталған санкциялау – ба-

ғыныштылардың  өндірістік  белсенділігіне  ық-

пал  ету  мақсатында  жазалау  және  көтермелеу 

мүмкіндіктеріне ие. 

Баурап алатын көңіл-күй 

(навязчивые состояния) – 

ырықсыз  күйлерде  туындайтын  билеп  алатын 

түсініктер,  ойлар  мен  түрткілерді  ілестіріп  жү-

ретін  жағымсыз  эмоциялық  түрі  –  фобиялар 

(қорқыныштар). Дені сау адамдарда осы күйлер 

қатты шаршағанда, психикалық бәсеңдеу бары-

сында туындайды. 

Бақылау локусі (Locus - 

орны, бағыты) – 

сыртқы  күштерге  индивид  өзінің  іс-әрекетінің 

теріс  нәтижесін  жауапкершілікті  басқа  адам-

дарға  артады.  Мысалы,  сыртқы  күштерге  (экс-

терналды  бақылау  локусі  д.а.)  немесе  өзінің 

тұлғалық  ерекшеліктерінен  (интерналды  бақы-

лау локусі) көреді.  

Интерналды  бақылау  локусінің  иегерлері  өте 

әлеуметтік жағынан жауапты және мақсаты ай-



441 

 

қын,  мақсатқа  жету  жолында  қайсар,  өжет  бо-



лып келеді.   

Сыртқы  байқау  локусының  иегерлері  –  жауап-

кершілігі  төмен,  өз  шешімін  жүзеге  асыруда 

ұзаққа  созады,  көп  жағдайда  конформды  және 

агрессивті болады. 

Бейсаналылық – 

саналы  бақылаусыз  (инстинктер)  іске  асырыла-

тын психикалық процестер. 

Бәсекелестік –  

өзара  жарыс;  біреуден  озу  мақсаты  көзделген 

талас,  тайталасу,  ерегісу,  бәсекелесу.  Өндіріс 

құрал-жабдығы  жекеменшікке  негізделген  қо-

ғамда  тауар  өндірушілердің  тауар  өндіруде 

және өткізуде неғұрлым қолайлы жағдай туғызу 

жолдарындағы өзара күресі, неғұрлым көп пай-

да табу жолындағы күрес.  

Дарындылық – 

индивидке белгілі бағытта (математика, музыка, 

өнер,  әдебиет,  ғылым,  спорт)  жоғары  нәтижелі 

іс-әрекеттің мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.  

Дидактогения –

 

(грек сөзі, 



didasko – «оқу», genesis – 

«шығу тегі») – 

ата-аналар  мен  ұстаздар  және  тәрбиешілердің 

әдепсіздігінен  туындайтын  индивидтің  жағым-

сыз психикалық күйі. 

Динамикалық стереотип – 

әдеттер  мен  дағдылардың  нейрофизиологиялық 

негізі,  тұрақты  шартты  рефлекторлық  реакция-

сының тітіркендіргішке жауабының жүйесі. 

Дисфория – (латын сөзі, 

dysphoria – «ішкі 

тынышсыздық, қайғыны 

күту сезімі») – 

агрессивтік  көріністерге  дайын  болу,  ызалану, 

жағымсыз эмоциялық күй. 

Доминанта – (латын сөзі, 

dominans – «үстемдік ету») – 

мінез-құлыққа  белгілі  бағыт  беретін  жүйке  жүйе-

сіндегі басым ошағының қозуы. 

Ерік –  


адамның  өз  қызметін  және  әртүрлі  психикалық 

процестерді  өзі  детерминациялауынан  және  өзі 

реттеуінен  көрінетін  қабілеті.  Еріктің  негізгі 

функциялары  ретінде  мыналар  сараланады: 

түрткілер мен мақсаттарды таңдау, іс-әрекет мо-

тивациясы  жеткіліксіз  не  басы  артық  болғанда, 

іс-әрекетке  деген  ниет,  ынтаны  реттеу,  психи-

калық  процестерді  адам  атқаратын  іс-әрекетке 

барабар жүйе етіп ұйымдастыру, қойылған мақ-

саттарға  жетуде  кедергілерден  өтетіндей  жағ-

даятта  физикалық  және  психикалық  мүмкіндік-

терді жұмылдыру.  

Еске түсіру – 

бұрын  қабылданған  материалдың  өзектенуі, 

бұрын  қалыптасқан  бейнелердің  қайта  шығуы, 

олардың уақыт пен кеңістіктегі локализациясы. 




442 

 

Іштарлық – 



жетістік  мотивациясының  көріністері,  игілікті 

игеру  барысында  біреу  немесе  біреудің  артық-

шылығы  субúектімен  эмоционалüды  жағымсыз 

бағалаушы,  жеке  қол  жеткен  табысына  қысым 

көрсетуі  болғандай  сезінеді.  Жат  жетістіктерге 

тосқауыл  қоятындай  болып  көрінеді.  Оны  дис-

кредитациялау,  іштарлық  адамды  агрессивті 

әрекеттерге  итермелейді,  индивидтің  психика-

сына кері әсер етеді (бұзады, зақым келтіреді). 

Іштей сөйлеу – 

тілдік мәндерді ойлау, түсініктер мен операция-

лар  жасау  құралы  ретінде,  ойдағы  басқа  адам-

мен диалог ретінде шынайы коммуникация про-

цесінен тыс (ақылда) қолдану. Сырттай сөйлеу-

ден  іштей  сөйлеу  құрылымның  жасырынды-

ғымен ерекшеленеді. 

Жалғыздық – 

индивидтің  психикалық  күйі;  мазасыздану,  де-

прессия,  әлеуметтік-коммуникативтік  шеттету-

мен сипатталады. 

Жауапкершілік – 

тұлғаның  мінез-құлқы  әлеуметтік-нормалы  та-

лаптарға,  парызына,  міндеттеріне  сәйкес  әлеу-

меттік  бақылауға  тұлғаның  мінез-құлқы  бағы-

нышты.  Бақылау  түрлері  ішкі  және  сыртқы  бо-

лып бөлінеді. Жауапкершілік – ол тұлғаның қо-

ғамға,  қоғамның  тұлғаға  қойылған  обúективті 

талаптарын  бұжытпай  орындауы.  Индивидтің 

неғұрлым нақты мүмкіндігі және құқықтары кең 

болса,  соғұрлым  жауапкершілігі  жоғарылайды. 

Тұлғаның  әлеуметтік  міндеті  –  өзінің  мінез-

құлқын белгілі стандартқа бағындыруы. 

Жатсыну (отчуждение) – 

шынайы қоршаған ортаға индивид өзін-өзі қар-

сы  қоюы,  тұлғаның  деперсонализациясы,  инди-

вид базалық әлеуметтік  құндылықтарды қабыл-

дамауы,  бұл  –  тұлғаның  криминалды  мінез-

құлқының алғышарты. 

Жетекшінің авторитарлы 

стилі – 


адамдардың  іс-әрекетін  басқаратын  бұл  стиль-

дің бір түрі, қатаң басқару түріне жатады, яғни 

қоластындағы  адамдардың  пікірімен  санаспай-

тын,  олардың  демократиялық  мүмкіндіктерін 

шектейтін стиль болып табылады. 

Жеке тұлғалық – 

жеке  адамның  қайталанбас  өзіндік  ерекшелік-

терінің  жиынтығы,  басқа  адамдардан  өзінің 

әлеуметтік  мәнді  ерекшеліктері  тарапынан  си-

патталатын  адам;  индивидтің  психикасының 

өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Ж.т. 

темперамент,  мінез  белгілерінде,  мүдделер  си-




443 

 

патында, перцептивтік процестер мен зият сана-



сында,  қажеттіліктер  мен  қабілеттерінде  көрі-

неді. 


Жетекшілік –  

әлеуметтік-психологиялық  ерекше  құбылыс.  Топ-

тағы  тұлғааралық  қатынастар  жүйесінде  үстем-

дік пен бағыну, ықпал жасау және оған еру қа-

тынастары. Әлеуметтік топтың ішінде билік пен 

ықпал уәкілдіктерінің жүзеге асырылуын белгі-

лейтін термин.  

Жұқтыру – 

эмоционалдық күйдің бір адамнан екінші адам-

ға  психофизиологиялық  байланыс  деңгейінде 

өтеді;  әлеуметтік  кенеттен  ұйымдасу  факторы. 

Алайда  бақылаудан  шыққан  психикалық  жұғу 

мінез-құлықтың  нормалы-рөлдік  құлдырауына 

әкеп  соғады,  диструктивті  «тобыр  әсері»  туын-

дайды. 

Заңды жауапкершілік – 

бұл  әлеуметтік  жауапкершіліктің  түрі,  құқық 

нормалары санкцияларында белгіленген, мемле-

кет күшімен байланысты.  

Заң психологиясы – 

құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және әлеу-

меттік  қатынастарда  жалпы  психикалық  заңды-

лықтар  мен  механизмдерін  зерттейтін  қолдан-

балы психология саласы. ХІХ ғ. аяғында экспе-

рименталды  психологияның  дамуымен  байла-

нысты заң психологиясы қарқынды дами бастады. 

Зиялы қауым – 

мәдениет пен ғылымның, техниканың салалары-

нан арнайы дайындығы, білімі бар ой еңбегінің 

қызметкерлері. 

Идентификация – (латын 

сөзі, identifico – 

«сәйкестендіру») – 

әлеуметтік  психологияда  субъектіні  белгілі  әлеу-

меттік топппен теңестіреді (әлеуметтік теңестіру).  

Инстинкт (латын сөзі,

 

іnstіnctus – «соқыр сезім») – 



Мінез-құлықтың  туа  берілген  жүйесінің  жиын-

тығы. Негізгі тітіркендіргіштердің әсерінен бел-

сенділігі артады. 

Интеллект – (латын сөзі, 

іntellectus – «таным, 

ұғыну»)


 –

 

ақыл-ой қабілетінің тұрақты құрылымы. 



Интериопризация – (латын 

сөзі, interior – «ішкі») – 

мінез-құлықтың  бағдарлық  негізін  қалыптасты-

ру,  ішкі  психикалық  құрылымына  сыртқы  іс-

әрекеттің әлеуметтік шартталуы негізінде игеруі. 

Профессиограмма  –

 

(латын 


сөзі, Professio – 

«мамандық» + Gramma – 

«жазу»)

 –

 



нақты  кәсіпке  қойылатын  әлеуметтік,  психоло-

гиялық  және  басқа  талаптардың  жүйесі  және 

тұлға мен іс-әрекет сапасы (мамандықтың адам-

дағы  негізгі  әлеуметтік-психологиялық  сапа-

ларына қойылатын талаптар жүйесі). 



444 

 

Тұлғааралық қарым-қаты-



нас – 

 

бірлескен  іс-әрекет  процесінде  және  қарым-қа-



тынаста  адамдардың  өзара  объективті  әсер  ете-

тін әлеуметтік-психикалық құбылыс. 

Ұйымдастыру іс-әрекеті – 

бұл  субъектілер  мен  олардың  іс-әрекеттерін  бай-

ланыстыратын  практикалық  іс-әрекеттер  жиын-

тығы, сондай-ақ оның басқару процестері болып 

табылады.  Ұйымдастыру  іс-әрекеттері  жоғары  

ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. 

Қоғамдық пікір – 

қоғамдық ортаның әртүрлі құбылыстарға жалпы 

қызығушылықтарының  бағытталуы  және  ұжым 

қарым-қатынасындағы  бағаланған  пікірлер  мен 

ойлардың жиынтығы. 

Кәсіби құзырлылық – 

тұлғаның кәсіби іс-әрекетіне қатысты білімі, бі-

ліктілігі мен дағдысының өзара байланысқан са-

паларының жиынтығы. 

Кәсіби шеберлік – 

тұлғаның  бойындағы  кәсіби  іс-әрекетінің  қам-

тылған  жемісі,  тұлғалық  кәсіби  сапасы,  оның 

жоғары деңгейдегі білім, білік, іскерлігін дамы-

тудағы көрінісі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет