Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Өндірістік-технологиялық қызметтер



Pdf көрінісі
бет35/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   184
2.11 Өндірістік-технологиялық қызметтер 

 

Ұйымның іс-әрекеті сипаты бойынша алуан түрлі нақты бір 



өнім өндіруге бағытталады. Оны жасау іс-әрекетінің мазмұны да 

алуан  түрлі.  Бұлар  өндірістік,  білім  беру,  сервистік,  құрылыс-

тық,  медициналық  ұйымдар.  Дегенмен  әрбір  ұйымда  өзінің 

маңызды компоненті ретіндегі операциялық жүйе бар. Ол тіке-

лей  өндіріске,  сыртқы  орта  үшін  құндылыққа  ие  қорытын- 

ды  өнім  жасауға  бағытталған  іс-әрекетті  білдіреді.  Басқару 

қызметтері  және  ұйым  іс-әрекетінің  басқа  аспектілері  опе-

рациялық  шағын  жүйелерді  –  тауар  өндірісін,  қызметтерді, 

білімді,  т.б.  қамтамасыз  ету  мәселелеріне  қызмет  етеді.  Оны 

үйлестіру  –  басқарудың  тікелей  тәжірибесінің  әр  күн  сайынғы 

мазмұны.  

Кез  келген  өндіріс  үшін  оның  дамуы  мен  модификациялық 

қызмет осы топқа жатады. 



88 

 

Кез  келген  өндіріс  өнімді  өткізуден  ажырамайды,  сондық-



тан  осыған  байланысты  маркетингтік  қызмет  қарастыры- 

лады. 


Өндірістік-технологиялық  қызметтер  әкімшілік  және  кадр-

лық  қызметтерге,  басқару  іс-әрекетінің  құрылымын  әрі  қарай 

күрделендіре  отырып,  тәжірибелік  бағытталу  береді.  Жетек- 

ші  үшін  олар  өзінің  іс-әрекетінің  тікелей  мазмұны  ретінде 

болады. 

Басқару  теориясында  қызметтердің  бұл  жүйесіне  «класси-

калық», яғни әкімшілік, ұйымдастырушылық және кадрлық қыз-

меттерге  қарағанда,  зейін  кемірек  аударылады.  Бұл  өндірістік 

қызметтер басқарудың жалпы заңдылықтарына қарағанда, ұйым 

іс-әрекетінің  нақты  мазмұнымен  көбірек  анықталатындығымен 

түсіндіріледі. Оның үстіне, осы қызметтер жүйесін іске асыруда 

оның  негізгі  ұйымдастырушылық  принциптері  мен  психоло-

гиялық  ерекшеліктерін  сипаттайтын  бірқатар  жалпы  аспектілер 

бар. Олардың ең бастысы – ұсынылымдық шамасы.  

Жетекші  іс-әрекетіндегі  өндірістік  қызметтер  жүйесі  оның 

ұйымдағы  иерархиялық  жағдайына  өте  тәуелді.  Қызметі  неғұр-

лым жоғары болған сайын, жетекші өндірістік қызметтерді жү-

зеге асырумен соғұрлым аз айналысады. 

Өндірістік-технологиялық  қызметтердің  ұйымдастырушы-

лық  және  психологиялық  тұрғыдағы  мәні  өндірістің  белгілі  бір 

тізбекте  қайталанатын,  барынша  стандартталған  өндірістік 

циклдардан  тұратынында.  Олар  жедел  реттеуді  қажет  етеді, 

сондықтан  оның  әрқайсысына  қатысты  толық  басқару  циклі 

жүзеге асырылады. Бұл – мақсатты тұжырымдау, мақсатты іске 

асыру  тәсілдері  туралы  шешімдерді  жоспарлау,  қабылдау, 

атқарудың мотивациясын, оның ұйымдастырылуын, бақылауын 

және түзетілуін қамтамасыз ету [43].  

Негізгі  заңдылық  өндірістік  цикл  ауқымына  қарамастан, 

әрқашан  сақталады.  Бірақ  басқару  қызметтерінің  барлығы 

уақыттың  макроинтервалдарында  жүзеге  аспайды  және  бас-

қаруды  ұйымдастыруға  тұтастай  қатынаспайды,  нақты  өнді- 

рістік  мәселемен  шектелген  уақыттың  микроинтервалдарын- 

да  іске  асырылады.  Сондықтан  өндірістік  қызметтер  басқару-

дың  толық  түрде  емес,  қысқартыла  берілген,  басқа  қызмет-




89 

 

термен  өндірістік  мәселелердің  өзін  шешу  үшін  қаншалық- 



ты  қажеттілікте  интеграцияланатындай  кешенді  болып  табы-

лады.  


Өндірістік  қызметтерде  олардың  күрделілігі  мен  қара- 

ма-қайшылығын  анықтайтын  тағы  да  бір  маңызды  сипат  бар: 

олар  теріс  сипаттағы  және  нормативтік  іс-әрекетті  қиындата- 

тын,  үнемі  өзгеріп  отыратын  сыртқы  және  ішкі  жағдайларда  

іске  асады.  Жағдайлардың  тұрақтылығы  мен  өзгерімділігі- 

нің,  нормативтер  мен  нақты  мәселелердің  қарама-қайшы- 

лықтағы  сабақтастығы  түзіледі.  Жедел  басқарудың  мазмұны  

осы  қарама-қайшылықтың  алынуын  және  өндіріс  мақсаттары 

мен  міндеттерін  өзгеруші  шарттарға  сәйкес  келтірілуін  анық-

тайды. 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет