25
Ақпараттық рөлдер:
«Ақпарат қабылдаушы» рөлі.
Ақпарат таратушының рөлі.
Уәкілдің рөлі. Осы сала мәселелері бойынша сарапшы.
Шешім қабылдауға байланысты рөлдер:
Кәсіпкер рөлі. Жетілдірудің алуан түрлі жобаларын жасай-
ды және бақылайды.
Тәртіп бұзушылықты жоюшы рөлі. Маңызды шешімдер ке-
зінде іс-әрекетті реттеуге жауапты адам.
Ресурстарды таратушының рөлі.
Келіссөз жүргізуші адам рөлі.
Г. Минцберг бойынша бұл рөлдерді жүзеге асыру тәсілі
дегеніміз – басқару іс-әрекеті процесінің мазмұны.
Басқару іс-әрекетін талдауға дименсионалдық тәсіл. Бұл
тәсілді Г. Юкл жасаған. Ол басқару іс-әрекетін талдау бірлігі
үшін «менеджерлік мінез-құлықты өлшеуді» (дименсияны)
қабылдауды ұсынды. Басқару іс-әрекеті бірқатар дименсия-
лардан тұрады:
1)
тәртіпке
деген ынта;
2)
жұмысқа
қолдау көрсету;
3)
мәселені шешу;
4)
мақсат қою;
5)
рөлді (орнын) түсіндіру;
6)
тиімділікке зейін аудару;
7)
жоспарлау;
8)
үйлестік;
9)
автономия (дербестік) беру;
10) әзірлік;
11) ынталандыру;
12) зейін аудару;
13) шешім қабылдауға қатысу;
14) қолдау;
15) марапаттауды түрлендіру мүмкіндігі;
16) қарым-қатынасқа ықпал ету;
17) уәкілеттік;
18) ақпарат тарату;
19) кикілжіңдерді басқару.
26
Бұл тәсіл аса бөлшектенгеніне қарамастан, басқару іс-әре-
кетінің мазмұны жөнінде барынша толықтай түсінік береді.
Басқару іс-әрекетін нормативтік тұрғыдан талдау. Бұл
басқа іс-әрекеттерге қатынасы бойынша қосымша ретінде қол-
данылады және оларды жүзеге асыру әдістерінің бірі болып
табылады. Мұндағының негізгісі – іс-әрекеттің нормативтік ма-
құлданған тәсілі ұғымы (ІHMT). Кәсіби іс-әрекет теориясында
ІHMТ іс-әрекетті орындаудың қорытылған және нұсқаулық-
тармен бекітілген тәсілі ретінде анықталады.
Нормативтік талдау екі кезеңнен тұрады: 1) ІHMT мазмұ-
нын қызметтік міндеттер мен оларды орындау талаптары тұр-
ғысынан талдау; 2) іс-әрекеттің нормативтік және жеке тәсіл-
дерінің алшақтауын талдау. Соңында осы екі кезеңнің нәти-
желері қорытылады және талданады.
Басқару іс-әрекетін функционалдық талдау. «Әкімшілік
мектеп» саласында пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейін
басқару іс-әрекетінің табиғатын түсінуде және оны қарастыру-
да айқын басымдықта. А. Файоль еңбектерінде, сондай-ақ аме-
рикалық менеджмент мектебінде қазіргі кезде осы іс-әрекет-
ті қарастыру нормасы пайда болған, функционалдық талдау-
дың негіздері тұжырымдалды. Дидактикалық әдебиеттерде
басқару іс-әрекетін талдау – басқарудың негізгі функцияларын
ашу негізінде (жоспарлау, мотивация, мақсат қою, т.б.) келтірі-
леді.
Басқару іс-әрекетін зерттеудің басты психологиялық бағыт-
тары негізгі қызметтерімен тікелей қарым-қатынаста болады.
Мысалы, басқаруда шешімдерді қабылдау психологиясы,
жетекшіні мотивациялау психологиясы, т.б. Бұл тұрғыдан іс-
әрекетті талдаудың бастысы – жекелеген басқару қызметтері
қарастырылатын «бірліктерді талдау» мәселесі шешіледі. Бұл
бірліктер кешенді, мазмұнға бай және қосымша мүшелеуді
талап етеді. Басқару іс-әрекеті күрделі және кешенді болған-
дықтан, оның бірліктері қарапайым бола алмайды. Сондықтан
теория мен тәжірибедегі функционалдық талдау әлдеқайда
конструктивтік болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: