ИБРАГИМОВӘбіқұл (15.5.1937 ж. т., Жамбыл обл. Мойынқұм ауд. Ерназар а.) - жазушы. ҚазҰУ-ды
бітірген (1954). 1958 ж. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде тілші, 1958-67 ж. жастар
газетінде тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1967 - 71 ж. Шу ауд. "Шу өңірі", "Чуйская
долина" газеттерінде редактор. 1971 - 73 ж. респ. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен
Қазақстан"), 1973- 76 ж. Алматы обл. "Жетісу" газеттерінде жауапты қызметкер, Алматы обл.
радиохабарлар тарату к-тінің бас редакторы, директор қызметтерін атқарған. 1985 - 89 ж. "Қайнар"
баспасында редактор болған. И-тың "Нағыз қайнар", "Азамат ажары" атты очерк кітаптары, "Ел
шырайы", "Академик Қалиев" көркем повесть-әңгімелері, "Ақпейіл", "Наз", "Жазым", т.б. кітаптары
жарық көрген.