"Қырғыздардың мал шаруашылығы" (1888), "Қырғыздардың жер бөлісуі" (1889), т.б. барлығы
100-ден аса еңбек жазып қалдырған. 1896 ж. ел аузынан "Қобыланды батыр" жырын жазып алды.
1898 ж. Қазан ун-тінің жанындағы "Археология, тарих және этнография қоғамы хабарларында"
Байтоқ ақынның Жәңгір ханның өліміне арнап шығарған өлеңін жариялаған. "Дала уәлаяты"
газетінде А. жинастырған бірнеше қазақ ертегілері басылды. Аса құнды еңбектерінің бірі -
"Қырғыздар туралы кітаптар, журналдар мен газеттердегі мақалалар мен хабарлардың
көрсеткіші"(Казан,1900). Осы "Көрсеткіште" қазақ, орыс тілдерінде 19 ғ-дың аяғына дейін жарық
көрген қазақ елінің тарихы, этнографиясы, тілі, әдебиеті, шаруашылығы жөніндегі еңбектердің
мазмұны, олар жайлы айтылған сын-пікірлер, қосымша ретінде 50-ге тарта қазақ кітаптарының
мазмұндалған тізімі берілген. А. қазақ халқының қабілетін, дәстүрін, өнерін, музыкасын, фольклорын
аса жоғары бағалай келіп, "Қырғыздың халық әдебиеті" деген мақаласында былай дейді: "Ескі әндер
бір рудан екінші руға беріліп, жылдан жылға жаңарып отырады, қырғыз өздерінің халық әндерін,
халық әншілерін жақсы көреді, бір сөзбен айтқанда әрбір қырғыз әнші" ("Астраханский вестник",
1893. №117). Қазан төңкерісіне дейін Ақмола, Семей, Орал обл-ның қазақ мектептерінде
Ы.Алтынсариннің "Хрестоматиясымен" қатар А. құрастырған оқу құралдары да ("К мудрости
ступенька", М, 1891; "Киргизская хрестоматия", Орынбор. 1898) пайдаланылған. Миссионер ретінде
А. "Что нужно для обрусения инородцев", "Исламизм и киргизы", т.б. еңбектерінде қазақтарды
орыстандыру мәселелерін көтерген.
"АЛҚА" - ұлтжанды қазақ жазушыларының шығармашылық ұйымы. Қазан төңкерісінен кейін
көркем әдебиеттен де таптық принципті талап ете бастаған кезде қазақ қаламгерлерінің оған
қарсылық, балама бағыт ретінде құрмақшы болған шығармашылық ұйымының бағдарламасын
М.Жұмабаев бастаған алашшыл ақын-жазушылар 192-4 ж. дайындап, сол кездегі көрнекті
қаламгерлерге қолдан көшіріп 16 данасын пікір білу мақсатымен таратқан. "А-ның" бағдарламасын
Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, С.Дөнентаев, Ж.Тілеуұлы, Е.Омаров,
ЕАлдоңғаров, Ж.Сәрсенбіұлы т.б. қазақ зиялылары, мәдениет-әдебиет қайраткерлері қолдаған.
Сәдуақасұлы бағдарламаны "Еңбекші қазақ" газетіне жарияламақшы да болады. Бірақ РКП(б)
ОК-ның 1925 ж. 18 маусымдағы "Партияның көркем әдебиет саласындағы саясат туралы" қаулысы
негізінде Ресей пролетариат жазушыларының қауымдастығы (РАПП) құрылып, оның жергілікгі жердегі
бөлімшесі ретінде 1925 ж. 12 шілдесінен Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы
(ҚазАПП) жұмыс істей бастады да "А-ға" қатысы бар ақын-жазушылар "ұлтшыл" ретінде қуғынға
ұшырады. Сөйтіп "А-ның" шығарм. ұйым ретінде құрылып, жұмыс жасауына мүмкіндіктер берілмеді.
Қолжазба күйінде сақталып қалған "А-ның" бағдарламасы "Әдебиетіміз", "Бұл күнге шейін төңкеріс
һәм әдебиетіміз", "Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы", "Марксшілдік һәм әдебиет. Не жазуға"
деген негізгі бес бөлімнен тұрады. "Табалдырық" аталған кіріспесі "Қазақ әдебиеті тоғыз жолдың
торабында тұр. Артында бір жол, алдында мың жол" - деген жолдармен басталады да қазақ әдебиеті
қандай жолмен дамуы керек деген сауалға жауап іздейді. "Қазақ әдебиетінің алыбы Абайдың"
ақындығын аса жоғары бағалап, қазақ әдебиеті өзінен үлгі алатын дәрежеге жеткен жоқ деген сияқты
солақай пікірлерді теріске шығарады. Төңкерістің қазақ даласына сырттан әкелінгендігі, сол себепті
де қазақ әдебиетінің төңкерісті жырлауына негіздің жоқтығы "ұлттық әдебиет өз соқпағымен жүру
керектігі" айқын айтылды. "А-ның" алған бағытының өміршең болғандығы ұлттық әдебиетіміздің
даму тәжірибелерінен көрініп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: