ЗУЕВ-ОРДЫНЕЦМихаил (1.6.1900. Мәскеу - 1967) - жазушы. 1924 ж. уездік "Наш край" газетінде
жұмыс істеген. Мақалалары, очерктер мен әңгімелері "Известия", "Комсомольская правда",
"Беднота", "Литературная газета", "Труд", "Ленинская правда", "Казахстанская правда", т.б.
газеттерінде сондай-ақ, "Безбожник", "Прожектор", "Комсомолия", "Наши достижения"
журналдарында жарияланған. "Жиырма бес" атты таңдамалы шығармаларының бір томдығы
жарық көрген.
ЗҰЛҚИЯ Оспанбайқызы (1881, Ақмола обл. Көкшетау қ-ның маңы -1919. сонда) -ақын.
Жастайынан жоқшылық, кедейшілік көріп өскен. Ел билеуші шонжарлардың әділетсіз қылықтары
мен жүгенсіздігі, қарапайым халықтың ауыр тұрмыс-тіршілігі З. өлеңдерінің басты тақырыбы
болған. Бойжеткен кезінде қарт адамға өз ықтиярынсыз күшпен ұзатылған З-ның жас басына
еркіндік алу үшін болысқа жазған арыз өлеңі халық арасына кең тарап кеткен. Ақынның нақгы
өмірбаяны туралы деректер аз, шығармалары да толық сақталмаған.