ИБРАГИМОВШаһмұрат Мирасұлы (1838. Көкшетау өңірі - 1881. Өзбекстан, Ташкент) -
аудармашы, журналист. Омбы кадет корпусында оқыған. 1854 - 70 ж. Петропавл қ-лық
полициясында, 1870 - 72 ж. Сырдария обл. басқармасында аудармашы. 1872 - 80 ж. Түркістан
ген.-губернатор әкімш-нде аудармашы. 1880 ж. ген.-губернатордың аудармашысы болған. И. інісі
Шаһмардан Ибрагимов дипломатиялық жұмыспен іссапарда болған кезінде " Түркістан уәлаятының газетінде" жұмыс істеп, аталған газеттің шығарушысы ретінде қол қойып жүрген.
Екеуінің аты-жөні ұқсас болғандықтан, кейбір құжаттарда Шаһмарданның жасаған жұмыстары
Шаһмұратқа телінген жағдайлар да жиі кездеседі.