"АЛДАСПАН" - тәуелсіз журнал. 1997 ж. тамыз айынан бастап қазақ тілінде, Алматы қ-нда ай
сайын шығып тұрады. Құрылтайшысы - қоғамдық "Алдаспан" батырлар қоры. Журналдың негізгі
мақсаты - жас ұрпақты отаншылдық, патриоттық ата-бабалар дәстүріне адалдық рухында
тәрбиелеп, ел, жер тарихымен, имандылық қағидаларымен таныстыру.
"АЛДАСПАН" - 15-18 ғасырлардағы қазақ ақын, жырауларының шығармалар жинағы. 1971 ж.
Алматыдағы "Жазушы" баспасынан 17 дана таралыммен жарық көрген. Құрастырып, баспаға
әзірлеген.