Мұның өзі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай
обл-ның барлық уездерінде қыздар уч-щелерін ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат ол қайтыс
болған соң, екі жыл өткеннен кейін, Торғайда (1891), Қостанай да (189 3), Қарабұтақта (1895),
Ақтөбеде (1896) жанында интернаттары бар қыздар уч-щелері ашылды. А. орыс-қазақ мектептері
үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды,
оқытуды ана тілінде жүргізді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік
құралдар жазды. 1879 ж. оның "Қазақ хрестоматиясы" атты оқулығы және "Қазақтарға орыс тілін
үйретудің бастауыш құралы" жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица қарпі
негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. А. жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің
қалыптасуына қомақгы үлес қосты. Жастарды өнер-білім, техниканы игеруге үндеу ақынның
"Өнер-білім бар жұрттар" деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Табиғат көріністерін жеке алып,
нақты суреттеу А-нің лирик. өлеңдерінен басталады. Ақын өзінің "Жаз", "Өзен" атты
өлеңдерінде жыл мезгілдерін шеберлікпен сипаттайды. А-нің төл әңгімелері қысқа да нұсқа
құрылып, мазмұны жағынан ұтымды келеді. Осыған орай оның "Қыпшақ Сейітқұл", "Киіз үй мен
ағаш үй" тәрізді новеллаларын тілге тиек етуге болады. Бұлармен үндес "Аурудан аяған
күштірек", "Асыл шөп", "Шеше мен бала", "Бай мен жарлы баласы", "Таза бұлақ", т.б. әңгімелері
әсерлі де көркем шығармалар. А. әлем әдебиетінен К.Ушинский, Л.Толстой, И.Кры-лов,
И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын
қалыптастырды. Қазақстан Үкіметінің 1989 ж. 11
желтоқсандағы қаулысымен А-нің туғанына 150
жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғыл., тарихи, пед. еңбектер
жарық көрді. Арқалық қ-нда
Алтынсарин мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы
жанында, мүрдесі қойылған жерде, А-ге күмбезді мазар орнатылды. Казақстанда А. атында
аудан, Қостанай обл. ауылдар, жоғары оқу орындары, шың және мұздақ (Жетісу Алатауында), т.б.
бар. Қазақ білім академиясы (бұрынғы Қазақ пед. ғыл-зерт. ин-ты) А. есімімен аталады. Білім беру
саласында үлкен табыстарға жеткен білікті педагогтар мен ғалымдарға 1983 жылдан бері
Алтынсарин медалі беріліп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: