Н. Т. Байкадамов А. К. Абжанова


 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің ӛтімділігін



Pdf көрінісі
бет16/18
Дата21.12.2023
өлшемі1,34 Mb.
#142055
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
 
5.2 Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің ӛтімділігін 
басқару әдістерін жетілдіру жолдары 
Банк ӛтімділігін басқару банктің қаржылық менеджменттің маңызды 
элементі болып табылады. Ӛтімділікті басқарудың негізгі мақсаты 
міндеттемелерді дер кезінде ӛтеу үшін қолма-қол қаражаттарға деген 
қажеттілікті әрқашан қанағаттандырып отыру. Банктің ӛтімділігін басқаруда 
ӛтімділік мынадай екі қызмет атқарады: 

несиеге деген сұранысты қанағаттандыру; 

салымшылардың депозиттерді алу сұранысын канағаттандыру. 
Қазақстандық банктер тәжірибесінде ӛтімді қаражаттардың ұсынысының 
негізгі кӛздеріне мыналар жатады: 
- клиенттердің банктік және жинақ шоттарына түсетін қаражаттары; 
- клиенттердің ссудалық қарыздарын қайтаруы; 
- банкаралық несиелер; 
- бағалы қағаздарды ӛтеу; 
- сыйақы (мүдделендіруді) тӛлеу; 
- банкаралық нарықтан ақшалар тарту; 
- депозиттік емес банктік қызмет кӛрсетуден түсетін табыстар; 
- банктің активтерін сату; 


77 
- ӛзге дебиторлық қарыздардың ӛтелуі. 
Ӛтімді қаражаттардың негізгі пайдалану бағыттарына мыналар жатады: 
- банктерге және ӛзге қаржы ұйымдарына несиелер беру; 
- клиенттерге несиелер беру; 
- ӛзге активтерді сатып алу. 
Банктің тӛлемдік міндеттемелерінің негізгі бағыттарына мыналар жатады: 
- заңды және жеке тұлғалар алдындағы депозиттік міндеттемелері; 
- банкаралық несиелер; 
- есептелген сыйақылар (мүдделендірулер); 
- есеп айырысу қызметі бойынша міндеттемелер; 
- бюджетке тӛленетін салықтар мен ӛзге де тӛлемдер; 
- кредиторлық қарыздар. 
Ӛтімді қаражаттар мен тӛлемдік міндеттемелер арасындағы айырма 
банктің ағымдағы ӛтімділік ұстанымын кӛрсетеді. Оның мәні теріс болса, онда 
ол банктегі ӛтімді қаражаттарының жеткіліксіздігін, ал оң болса, онда артық 
ӛтімділікті кӛрсетеді. Банктің күнделікті ағымдық ӛтімділігінің ұстанымын 
есептеу, оның ӛтімділігінің жағдайын анықтау және ӛтімділік тапшылығының 
болуын ескерту мақсатында жүзеге асады[ 46]. 
Банктік ӛтімділікті қамтамасыз етуді ішкі және сырткы кӛздерге 
бӛліп қарайды: 
1) ішкі кӛздер, яғни банк активтерін қолма-қол ақшаларға айналдыру 
және резерв (корршот және кассада қаражат ұстау арқылы) құру; 
2) сыртқы кӛздер, яғни ӛтімді активтерді (бағалы қағаздар, депозиттік 
сертификаттар және т.б.) сатып алу. 
Әлемдік банктік тәжірибеде банктің активін басқару бірқатар әдістер 
арқылы жүзеге асырылады. 
Дағдарыс жағдайында депозиттерді мерзімінен бұрын алу қаупі пайда 
болатындықтан, бұл жағдайда барлық депозиттер талап еткенге дейін 
депозиттер болуы мүмкін.
Сондықтан банктің бұл міндеттемелерді ӛтеуге дайын болуы және ол үшін 
бұл кӛлемге жеткілікті ӛтімділігі жоғары қаражаттардың болуы қажет. Ең 
бастысы ортақ қор құру қажет. 
Бұл қордан қаражаттар мынадай бағыттарды үлестіріледі: ең алдымен 
алғашқы резервтер (қолма-қол ақшалар, Ұлттық банктегі депозиттегі 
қаражаттар, резвертер), кейіннен қысқа мерзімді ӛтімділігі жоғары бағалы 
қағаздар есебінен қосымша резервтер құралады. 
Ары қарай, қор қаражаттары қарыз алуға негізделген барлық ӛнімдерді 
қаржыландыруға жіберіледі, бұл жерде несие қоржыны ӛтімділікті қамтамасыз 
етудің әдісі болып табылады.
Несиеге деген сұраныстарды канағаттандырғаннан кейін қалған 
қаражаттар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалады.
Олар, бір жағынан, табыс кӛзі болып табылса, екінші жағынан, ӛтеу 
мерзімінің қысқа болуына қарай қосымша резервтер қатарын толықтырады [ 47. 
464б. ]. 


78 
"Қаражаттардың ортақ қоры" әдісі негізіне банк ресурстарының жалпы 
сомасын ресурстардың құралу кӛздеріне қарамастан, активтердің түрлеріне 
бӛлу жатады. Сызба түрінде бұл әдісті тӛмендегідей түрде кӛрсетуге болады 
(17 сурет). 
Қаражаттардың кӛздері Қаражаттарды орналастыру 
Ескерту: 46,466б 
Сурет 17 - Қаражаттардың орналастырудың жалпы қор үлгісі арқылы 
активтерді басқару 
Берілген бұл әдіс банк басқармасынан ӛтімділік және табыстылық 
қағидаттарын бірдей сақтауды талап етеді.
Сондықтан да каражаттар осы қағидаттарына толық сәйкес келетін 
активтік операциялардың түрлеріне орналастырылады. Қаражаттарды 
орналастыру белгіленген бір артықшылықтарға сәйкес жүзеге асады.
Әрбір теңгенің қандай да бір үлесі алғашқы немесе қосымша резервтерге 
орналасуды қажет етеді, табыс әкелетін несие немесе бағалы қағаздар үшін 
қолданылуы қажет екендігін анықтайды. 
Жер телімшелерін, ғимараттарға және басқа да жылжымайтын мүліктерге 
қаражаттарды инвестициялау мәселесі жеке қарастырылады. 
Қаражаттарды алғашқы резервтерге орналасу жүйесін анықтау кезінде ең 
бірінші мәселе бұл алғашқы резервтер түрінде бӛлінетін олардың үлесін 
анықтау болып табылады.
Активтердің бұл санаты функционалдық сипаттамаға ие және ол 
коммерциялық банктердің баланстық есебінде кӛрсетілмейді.
Талап ететін 
салымдар 
Мерзімді салымдар 
Жинақ салымдары 
Ӛзге қарыздар 
Акционерлік капитал 
және резервтер
Қаражаттардың 
ортақ қоры 
Алғашқы резервтер 
Қосымша резервтер 
Ӛзге бағалы қағаздар 
Несиелер 
Ғимараттар мен 
құрылғылар 


79 
Сонда да банкирлер оларға кӛп мән береді және алғашқы резервтерге 
алынатын салымдар мен несиеге деген сұраныстарды қанағаттандыруға 
тӛлемдер үшін қолданылатын активтерді қосады. Бұл банк ӛтімділігінің басты 
кӛзі болып табылады. 
Қаражаттарды орналастыру кезінде екінші бір мәселе бұл белгілі бір табыс 
әкелетін «кассалық емес» немесе қосымша резервтерді жасау болып табылады. 
Қосымша резервтердің негізгі қолданысы бұл алғашқы резервтерді 
толықтыру кезінің болуында.
Қосымша резервтерге бағалы қағаздар қоржынын құрайтын активтер және 
де кейбір жағдайларда ссудалық шоттағы қаражаттар жатады. 
Қаражаттардың ортақ қоры әдісі бойынша қаражаттарды орналастырудың 
үшінші сатысы несие қоржынын құру. 
Банк алғашқы және қосымша резервтердің мӛлшерін анықтағаннан соң, ол 
ӛз клиенттеріне ссуданы ұсына алады. Бұл табыс әкелетін банк қызметтерінің 
маңызды түрі. Займдар бұл банк активтерінің ең маңызды бӛлігі, ал займдар 
бойынша табыстар банк табысының ең ірі құраушысы болып табылады.
Займдық операциялар банк қызметінің ең тәуекелді түрі болып табылады. 
Ең соңында құжаттарды алмастыру кезінде бағалы қағаздар қоржынының 
құрамы анықталады. 
Активтерді басқару бойынша қаражаттардың ортақ қор әдісін қолдану 
банкке активті операциялар санаттарын таңдауда үлкен мүмкіндіктер береді. 
Бұл әдіс ортақ қалыптасатын артықшылықтарды белгілейді.
Бұл әдісте активтердің санаттары бойынша қаражаттарды бӛлу үшін нақты 
критериялар жоқ және бұл әдіс «ӛтімділік - табыстылық» дилеммасын шеше 
алмайды.
Соңғысы банк басқармасының кәсіби белсенділігі мен интуициясына 
тәуелді болып келеді. Банк қаражаттарының "конверсиялау" әдісі бос ақша 
қаражаттарын тарту кӛздерінің кӛп түрлілігіне негізделеді. Әрбір кездің ӛзіне 
тән ӛзгерімділігі, құны бар және оған белгілі бір талаптар қойылады.
Сондыктан әрбір қаражат кӛзі жеке қарастырылады және оларды сәйкес 
ету мерзімі бар активтермен сәйкестендіру қажет.
Мысалы, талап ететін салымдар депозиттердің үлкен бӛлігі бірінші және 
екінші реттегі резервтерді толықтыруға, ал облигацияларды орналастырудан 
түсетін табыстар - ұзақ мерзімді несиелерді қаржыландыруға жұмсалады 
(Сурет 18). 
Осы әдіске сәйкес әр түрлі кӛздерден тартылған қаражаттарды 
орналастыру 
үшін 
пайдаланатын 
"табыстылық-ӛтімділік" 
орталары 
анықталады.
Талап ететін салымдары ӛтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз 
етілуді талап етеді, сондықтан талап ететін салымдарының үлкен бӛлігін 
алғашқы резервтерде орналастыруға тиіс[47. 467б.]. 
Ал, талап ететін салымдарының қалған бӛлігі қосымша резервтерге 
бағытталады және аз бӛлігі ғана қысқа мерзімді ссудаларға беріледі.


80 
Мерзімді 
салымдардың 
басым 
бӛлігін 
қосымша 
резервтерді 
қалыптастыруға, орта және ұзақ мерзімді ссудаларға, сондай-ақ ұзақ мерзімді 
бағалы қағаздарға бағыттайды.
Қаражаттардың кӛздері Қаражаттарды орналастыру 
Ескерту: 46,467б. 
Сурет 18- Конверсиялау арқылы активтерді басқару 
Ӛзге қарыздарға бұл жерде банктердің Орталық банктен және ӛзге банктер 
мен қор нарығынан тартқан қаражаттары жатады.
Оларды қосымша резервтерге, несиелерге, бағалы қағаздарға бағыттаған 
дұрыс. 
"Конверсиондық" әдістің "қаражаттардың ортақ қоры" әдісінен 
артықшылығы есептеудің арқасында жоғары ӛтімді активтердің үлесін дәлірек 
анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары ӛтімді 
активтерге салуға мүмкіндік береді. 
Бұл әдістің басты артықшылығы банк табыстылығына жету болып 
табылады. Активті және пассивті операциялар арасындағы теңгерімділікті 
ұстау теориясында банктің ӛтімділігі жүз пайызды қамтамасыз етілер еді деген 
кӛзқарас бар.
Бірақ, тәжірибе жүзінде оған олардың серпінін болжау қиын болып 
табылатын факторлар үлкен әсер етеді.
Мысалы, клиенттерге несиелерді ӛз уақытында қайтару банктің 
қаражаттарына қайтару мүмкіндігіне байланысты емес, ол бірқатар 
тәуекелдерге байланысты.
Соңғы он жылда ӛтімділікті басқаруда тәжірибе жүзінде барлық теориялар 
қолданылды деп айтуға болады. 
Отандық банктер тәжірибесінде бүгінгі күні ӛтімділікті басқару жоғарыда 
аталған бастапқы екі әдістің кӛмегімен іске асырылуда: 
- жиынтық қор әдісі, яғни бұл әдіс басымдықтармен колданылуда; 
- конверсиондық әдіс, яғни бұл әдіс жекелеген жағдайларда ғана 
қолданылуда. 
Жинақ салымдары 
Мерзімді салымдар 
Несиелер 
Талап етеін салымдар 
Екінші ретті резервтер 
Ӛзге бағалы қағаздар 
Ӛзге қарыздар салымдары 
Ғимараттар мен құрылғылар 
Акционерлік капитал және 
резервтер 
Алғашқы резервтер 


81 
Жиынтық қор әдісі бұл банктің ӛтімді қаражаттарға деген жалпы 
қажеттілігін, банктің ӛзінде бар барлық ӛтеу кӛздерімен салыстыруды 
сипаттайды. 
Ол үшін банктің балансының ӛтімділігін бағалау кӛрсеткіштері 
қолданылады.
Әр түрлі кӛздерден алынған банктің барлық қаражаты туралы акпарат 
жинақталып, банктің ӛзінде бар жиынтық қор ретінде қарастырылады. Сӛйтіп, 
ӛтімділікті қамтамасыз ету мақсатында алғашқы және қосымша резервтер 
құрылады. 
Алғашқы резервтер құрамына жоғары ӛтімді қаражаттар: касса және ҚҰБ-
гі шоттағы қаражаттар кірсе, ал қосымша резервтер құрамына да тез сатуға 
болатын банктің ӛтімді активтері, соның ішінде мемлекеттің қысқа және ұзақ 
мерзімді қаражаттары жатады.
Егер де ұзақ валюталық ұстанымнан банк ұзақ мерзім ішінде табыс алатын 
болса, онда қосымша резервке шетел валюталары да жатуы мүмкін. Банктің 
күнделікті операциясына қажетті немесе ӛтімділік мәселесі туындай қалған 
кезде шешуге қажетті ақшалай резервінің болуы қажет [48]. 
Екінші әдіс, яғни конверсиялау әдіс банктің қаражаттарын кӛздеріне және 
бағыттарына карайбайланыстыруда қажет етеді.
Бұл әдісті қолдану барысында, біріншіден, банктер қаражаттарды 
қалыптасу кӛздеріне қарай және оларды қайтарылу мерзімдеріне қарай 
орналастыруға тиіс, екіншіден, әрбір қаражат кӛзін тиісті қаржыландыру 
бағытына бӛлуі қажет. 
Аталған әдістің жекелеген элементтері белгілі бір бағдарламалармен 
(ЕҚДБ-нің несиелік желісі, АДБ-нің ауылшаруашылық бағдарламалары) 
тартылған қаражаттарды орналастыру барысында қолданылады. 
Отандық банктерді банк ӛтімділігін банктегі талдаушылық қызметі тікелей 
жауапты, олар ӛз кезегінде банктің каражаттарды тарту және орналастыруына 
жауапты құрылымдық бӛлімшелерінің қызметтерін бақылай отырып, олардың 
қызметтерін үйлестіреді.
Демек талдаушылық қызмет қана банктің ағымдағы ӛтімділік жағдайын 
және пруденциалдық нормативтердің сақталуын бақылауға қажетті барлық 
ақпараттарды ала алады. 
Банктің ӛтімділік жағдайын талдауға қажетті ақпараттары ішкі және 
сыртқы кӛздер жүйесінен тұрады. 
Сыртқы кӛздерден ақпарат алу, негізінен банктің бәсекелестері мен 
клиенттер нарығындағы және т.б. нарықтардағы жағдайлар туралы әр түрлі 
мәліметтерді жинақтауды білдіреді. 
Ішкі кӛздер жүйесі банктің қызметіне байланысты жағдайлар туралы 
мәліметтерді қамтиды және ол кез келген уақытта банктің ағымдағы жағдай 
туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге тиіс. 
Банктің ағымдағы ӛтімділігін талдауға қажетті ішкі ақпараттарды 
анықтайтын құжаттарды берілу мерзімдеріне қарай, ақпараттарға қолжетімді 
жекелеген лауазымды және жауапты тұлғалар бере алады. 


82 
Банктің ӛтімділігін бағалау Қаржылық қадағалау комитетінің ӛтімділікке 
және резвертерге қатысты қоятын талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 
Банк ӛтімділігін жеткілікті деңгейін сақтай отырып, оның активтерінің 
пайдалылығын арттыру үшін қайтару мерзімдеріне байланысты тарылған 
қаражаттар мен активті операциялардан алынатын табыстар салыстырылады. 
Ӛтімділікті бақылау шегінде мұндай салыстырулар банктің ағымдағы 
ӛтімділік ұстанымын анықтау жолымен жасалады. 
Банктің жалпы ӛтімділік ұстанымы тартылған және орналастырылған 
қаражаттарды мерзімдеріне қарай салыстыру арқылы анықталады. 
Бұл жерде тартылған және орналастырылған қаражаттар түрлеріне қарай 
топтастырылады. Банктің қысқа мерзімді ӛтімділігі үш айға дейінгі мерзіммен, 
ал ұзақ мерзімді ӛтімділігі үш айдан жоғары мерзіммен анықталады.
Болашақтағы тӛлемдік міндеттемелер мен әр күндегі талаптарды 
салыстыру нәтижесінде банк түсетін және шығатын, яғни сол күні тӛлеуге 
жататын ақша қаражатарының шекті қатынасын айқындайды.
Егер банктен шығатын ақша қаражаты кіретін сомадан артық болса, онда 
банкте ӛтімділік жеткіліксіз болып табылады.
Егер керісінше болса, онда ӛтімділік артық болады. 
Аталған жағдайларды талдаушылық бӛлім қаражат тарту немесе 
орналастыру туралы шешім қабылдау үшін банктің тиісті бӛлімшелерімен 
байланысады. 
Банктің талдаушылық бӛліміне ӛтімділікті басқару барысында мынадай 
қызметтер мен міндеттер жүктеледі: 
- ӛтімділік жағдайына күнделікті мониторинг жасау және қазынашылық 
бӛліміне жедел ақпарат беру; 
- ӛтімділік коэффициенттердің орындалуына мониторинг жасау; 
- банктің ӛтімділігін терең талдауға арналған коэффициенттер жүйесін 
есебінің жетілдірілген әдістерін жасау; 
- ӛтімділіктің нашарлауын куәландыратын нақты немесе әлуетті 
теріс үрдістерді айқындау; 
- үрдіс туғызатын факторларды талдау; 
- ӛтімділікті басқару стратегиясын анықтауға арналған ұсыныстарды 
жасау; 

мӛлшері мен мерзімдері бойынша теңгерімді активтер мен 
міндеттемелердің оңтайлы құрылымын анықтау; 
- валюталық тәуекелді және пайыздық мӛлшерлемелердің ӛзгерісінен 
туындайтын тәуекелді талдау және бағалау. 
Банктің ағымдағы ӛтімділігін басқаруға байланысты Қазынашылықтың 
қызметтері мыналар: 
- белгі болған және болжанған талаптарды есепке ала отырып, күн 
сайынғы міндеттемелерді ӛтеуге қажетті қолма-қол акшалай қаражатпен 
қамтамасыз ету; 
- артық ақша қаражат қорларын тәуекелдер бойынша стратегияда 
бекітілген ӛлшемдер шегінде орналастыру. 


83 
Қорыта айтқанда, отандық банктердің ӛтімді қаражаттарға деген 
қажеттілігін қамтамасыз етуге банктің активі мен пассивін теңгерімді басқару 
арқылы қол жеткізуге болады. 
Активтер мен пассивтердің теңгерімділігі бұл банктің кейбір тартылған 
және орналастырылған қаражаттары мӛлшері мен мерзімдері бойынша бір 
бірімен сәйкес келуін білдіреді. 
Қаражатты тарту және оны орналастыру туралы шешім қабылдау 
барысында банк ең бастысы клиент алдындағы міндеттемесін орындауға аса 
кӛңіл аударуға тиіс.
Яғни банк ӛтімділікті басқара отырып, бірінші кезекте қарызға алған 
қаражаттарын міндетті түрде уақытылы қайтаруды, содан кейін пайда алуды 
ойлауға тиіс. 
Біздің банктеріміздің бүгінгі күні ӛтімділік дағдарысты басына кешіруінің 
ең басты себебі осы теңгерімсіздіктің сақталмауында болып отыр. Нақтырақ 
айтсақ, олардың тартылған қаражаттарының басым бӛлігі әлі де болса қысқа 
мерзімді болса, ал орналастырылған қаражаттары ұзақ мерзімді. Ендеше бұл 
арадағы теңгерімділіктің бұзылуы ӛтімділіктің сақталмауына жол беруде және 
бұл жағдай әлі біраз уақыт жалғасуы мүмкін [49].
Зерттеу жұмысында жоғарыда айтылғандардың барлығының нәтижесі 
ретінде, банктің ӛтімділігін арттыру жолдарын атап ӛтуге болады. 
Біріншіден, қажетті деңгейде ӛтімділікті қолдау нақты ақшалай қаражат 
жағдайы мен орындалатын операциялар ерекшеліктері есебінен банктің 
пассивті және активті операциялары облысындағы белгілі бір саясатты жүргізу 
кӛмегі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар банкте активтерді басқаруда 
келесі жағдайларға кӛңіл аудару қажет: 
1. Қолма-қол ақшаны басқару тиімді болуы қажет, яғни қолма-қол ақшаны 
құйылуы мен қайтуын жоспарлау және тӛлем кестесін құрған жӛн. 
2. Банк қаражаттарын орналастыратын мерзімдер тартылған ресурстардың 
мерзіміне сәйкес келуі қажет. Актив шотындағы ақшалай қаражаттар пассив 
шотындағы ақшалай қаражаттардан аспағаны дұрыс.
3. Толығымен жұмыс тиімділігін және ішін- ара жеке оперциялардағы 
табыстылықты жоғарлатуға назар аударған жӛн.. 
4. Операциялардағы қауіп-қатер деңгейін тӛмендету жұмыстарын жасау.
5. Банк ӛтімділігін басқару процесінде қаражаттарды активтерге, бір 
жағынан, олар сәйкес табыс әкелетіндей, екінші жағынан, банктің осы 
қаражаттарды жоғалту тәуекелін ұлғайтпайтындай, орналастыруы тиіс, яғни 
максималды табысқа және минималды тәуекелге ұмтылыс арасындағы қажет 
тепе-теңдікті әрдайым объективті түрде қолдап отыруы керек.
6. Сонымен қатар ӛзінің ӛтімділігін қолдау үшін несиелік институттармен 
қабылданатын жедел шаралар, кӛбінесе банктің шығындарының ӛсуімен және 
пайданың қысқаруымен байланысты болып келеді. Банктің тӛлем қабілетсіздігі 
мен баланстың теңсіздігінен туындайтын қауіп-қатерді басқару жүйесі едің 
Ұлттық банкінің коммерциялық банктер үшін белгіленген тӛлемқабілеттілік 
және ӛтімділік нормаларын сақтау туралы талаптарына негізделген. 


84 
Пассивті басқаруда банкке келесілерді ұсынуға болады: 
1. Пассивтерді олардың мерзімдері бойынша орналастыруды талдау 
әдістерін қолдану, ол банктің міндеттемелерін басқаруға, болжамдауға және 
оның құрылымын ӛтімділік коэффициентінің деңгейіне байланысты ӛзгертуге, 
ресурстарды шоғырландыру облысында мӛлшерлі саясатты жүргізуге, 
тӛлемқабілеттілікке әсер етуге мүмкіндік береді.
2. Капиталды және резервтерді басқару саясатын құру. 
3. Меншікті капиталдың тартылған капиталға қатынасын бақылау. 
4. Банктің депозиттік базасын талдау: 
Толығында, коммерциялық банктердің тӛлемқабілетсіздігі мен ӛтімділік 
балансының теңсіздік қаупін анықтау үшін бірінші және екінші бӛлімінде 
келтірілген кӛрсеткіштер деңгейіне, оларға әсер ететін факторлардың 
талдауына күнделікті бақылау жасауда арнайы жүйені құруды талап етеді.
Ол үшін аналитикалық талдау жұмыстарын орындауға барлық қажетті 
ақпаратты жедел алуға мүмкіндік беретін мәліметтер базасын мақсатты түрде 
құру керек, оның негізінде банктің саясаты құрылады.
Бұл қаражаттарды орналастыру, ресурстарды тарту, банктің меншікті 
қаражаттарын артыру, басқа кәсіпорындар мен банктерде банк қатысуын 
үлкейту бойынша қосымша кірістер кӛздерін іздеу және коммерциялық банктің 
ӛтімділік талаптарын сақтай отырып жаңа операцияларды дамыту бойынша 
сұрақтар шешімдерін ӛзара байланыстыруға мүмкіндік береді.
Қарастырылған талдау коммерциялық банктің ӛтімділік деңгейінің әр 
түрлі ӛзгеру мүмкіндігін кӛрсетуге және оны тұрақтандыру бойынша уақтылы 
қажетті шараларды қолдануға мүмкіндік береді.
Екіншіден, банкке баланс ӛтімділігін ӛтімділік коэффициентін есептеу 
жолымен бағалау қажет.
Ӛтiмдiлікке балансты талдау процесінде минималды 
мүмкiн мәндердiң тӛмендеуi сияқты, олардың маңызды асып кету ауытқулары 
айқындала алады.
Бірінші жағдайда коммерциялық банктер бір айлық мерзімде нормативтік 
мәндерге сәйкес ӛтімділік кӛрсеткіштерін қалпына келтірулері керек. Бұл ең 
алдымен банкаралық несиелерді, кредиторлық берешектерді және басқа да 
тартылған ресурстарды қысқарту есебінен, сонымен қатар банктің меншік 
қаражаттарын арттыру есебінен болуы мүмкін.
Басқа жағынан, әрбір басқа кәсіпорындар сияқты коммерциялық банк үшін 
де жалпы ӛтімділік негізі ретінде ӛндірістік қызметтің табыстылығын 
қамтамасыз ету кӛрінеді. Коммерциялық банктердің жұмыс тәжірибесі банктер 
ӛтімділік 
нормативтерінің 
мүмкін 
минималды 
мәнінің 
шегінде 
қалыптастырғанда ғана жоғары пайда алатынын кӛрсетеді, яғни несие 
ресурстары түріндегі ақша қаражаттарын тарту бойынша оларға берілген 
құқықты толық қолданады. 
Сол уақытта, ӛз қызметін клиенттер қаражаттарын қолдануға негіздейтін
ұйым түріндегі оның жұмысының ерекшеліктері ӛтімділіктің кӛрсеткіштерін 
қолдану қажеттілігін кӛрсетеді. 


85 
Үшіншіден, банк ӛтімді қаражаттарға қажеттілікті анықтау керек. Алдында 
айтылғандай, бұл қажеттілікті болжамдау екі әдіспен жүзеге асуы мүмкін.
Солардың бiрi қаражаттардың орналастырудың жалпы қор үлгісі арқылы 
активтерді басқару, берілген бұл әдіс банк басқармасынан ӛтімділік және 
табыстылық қағидаттарын бірдей сақтауды талап етеді, ал басқасы – 
конверсиялау арқылы активтерді басқару, осының нәтижесінде әр түрлі 
кӛздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын 
"табыстылық-ӛтімділік" орталары анықталады.. 
Осының барлығын зерттеу және де жобалау банкке бүгінгі күні ӛтімділікті 
басқаруда жоғарыда аталған бастапқы екі әдістің кӛмегімен іске асырылуына 
кӛмектеседі.
Сонымен қатар, банк ӛзінің тәжірибесіне жүгінуі қажет.
Қорытындылай келе, коммерциялық банктердің ӛтімділігін басқару 
әдістерін жетілдіруде бірінші әдісі бойынша банктің барлық ресурстары негізгі 
кӛздерінің түрлерінен тәуелсіз бірігеді және ұтымды болып саналатын активтер 
түрлері арасында, яғни банктің алдына қойылған мақсатына жауа бере отырып 
бӛлінеді.
Екінші әдісі бойынша пассивтің жеке баптары нақты актив баптарына 
сәйкес бекітіледі.
Осыған байланысты салымдардың әр түрлерінің кӛлемінің ара -қатынасын, 
сондай -ақ ақшалай нарықтағы қарыз кӛлемін және банк міндеттемесінің жалпы 
кӛлемін қадағалаған жӛн және әрбір коммерциялық банк, нақты уақыт кезеңіне 
құрылатын, және де ӛзінің ӛтімділігін оның жағдайын талдауға негізделе 
отырып белгіленген деңгейде, оның жағдайын талдау негізінде, нақты уақыт 
кезеңіне құрылатын және де жарғылық капиталды, арнайы тағайындалған 
қорлар мен резервтерді, басқа шет ұйымдардың қарыздық қаражаттарын 
тартуды, активті несиелік операцияларды жүзеге асыруды қалыптастыру 
облысындағы ғылыми негізделген экономикалық саясатты жүргізу және 
қызметтің нәтижелерін болжамдау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет