қайтуы, Үркердін батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, айдың
тоғамы, тоқсанның кіруі
10
. Бұл тәрізді
жеті амалды білдіретін тұрақты
тіркестердің мағыналарын екінің бірі жыға тани бермейді деуге болады.
Сондықтан бұлардың әрқайсысын қысқаша баяндай кету артық емес.
Күннің тоқырауы - күннің қысқаруының аяқталуы (қысқы
тоқырау), күннің ұзаруының аяқталуы (жазғы тоқырау).
Қарашаның қайтуы - қараша айының аяқталып,желтоқсанның
кіруі.
Үркердің батуы - Үркердің түсуі. Үркер батқанда күн ашық
болса
,Үркер жерге батты, жаңбырлы болса
Үркер суға батты дейді
11
.
Есепшілердің айтуынша,
«Үркер төмен туса, қыс жайлы болады, Үркер
жоғары туса, қыс қатты болады».
Мұздың қатуы немесе
мұздың қаймақшуы, қарашаның қары
(қараша-қауыстың қары) деп аталады. Ұлбике қыз бен Күдері қожаның
айтысында:
Ақ тайлаққа жүк арттым қатар-қатар,
Шудасы шөгіп жатса, шаңға батар,
Қауыста қарашамен каймақшиды,
Жеті тоқсан айында дария қатар, – деп
жеті амалдың бірін өлең
жолдарына қосады. Мұндағы
жеті тоқсан (тоқсан қазіргіше бір ай) -
жедді (жеді) тоқсан. Бұл сөз дыбыстық жағынан қайта жаңғыртылып,
халықтық этимология бойынша
желтоқсан түрінде айтылып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: