өтеуі ретінде қолдануға көп көңіл бөле бермейді.
Нәйеті, ексемдеп,
әлімәлі, кермалдасып, шеккі емес, бәткерде қылды, мәнейі, аңыстама т.б.
тәрізді. "Жергілікті маңызы бар" сөздердің арқалап тұрған жүгі болмаса,
қазіргі оқырмандарды баурай қоюы екіталай. Әрине, жазушы
(К.
Ахметбеков. Егіз қайың. "Жалын", 1985. №5) нәйеті мен
мәнейілердің
бәрімізге түсінікті әдеби тілдегі баламаларын білмеген деуден аулақпыз.
Алайда дағдыда бар сөзден (әдеби тілде баламасы бар атаулардан)
қаламын
аулақ салып, автордың экзотикалық лексика іздеуін сәтті дей
аламыз ба? Мұндайлар көбіне ауылдастың сөзі жерде қалмасын деген
ниетпен төркіндес тәрізді көрінеді.
* * *
Әдетте көркем шығарма тілі тілге тиек бола қалса, әңгіме көбіне
диалектизмдердің орынды немесе орынсыз қолданылуына тіреледі. Әрине,
көркем шығарманың тіл кестесі
бұлардан өзге де лексикалық
құбылыстармен астасып жатады. Солардың бір алуаны – көркем шығарма
тілінде көріне бастаған этнографиялық лексика мен кәсіби сөздер легі.
Әлеуметтік диалектизмдерді, оның ішінде кәсіби сөздерді әдеби
тілге тән өзге жүйедегі сөздерге қарама-қарсы қоя отырып, эстетикалық
мақсатта жұмсау 20-30 жылдарда, мысалы, Ж.Аймауытовтың "Баушы мен
бала" әңгімесінде («
Жас алаш», 1992, сәуір) айқын аңғарылады:
– Бау-бақша деген немене?
– Жеміс егетін жер емес пе?
– Бауда қандай жеміс өседі?
– Алма өседі, кауын-қарбыз өседі. Жүзім өседі....
– Білмедің, балам, білмедің.
– Неге?
– Неге екенін айтайын, бау бір басқа, бақша бір басқа. Бауда
алуан-алуан жеміс ағаштары өседі: алма, өрік, мейіз, жүзім, жиде, тұт,
бадам сияқты. Міне, мұны бау дейді (...)
– Ал бақша деген немене?
– Башада қауын, қарбыз, буылдық, сәбіз, қияр, пияз, карпосте.
памадор, қабақ, күнге бағар сияқты жемістер егетін жерді айтады.
– Мен
,
бау-бақша дегенді бір сөз екен деп ойлаушы ем.
– Сен білмейсің. Өйткені біздің Арқада бау болмайды. Бау – әкесі
де, бақша – баласы. Сіздің жақта "тайынша" дейді. Біз "тана" дейміз.
Сөздің әкесі – Сырда, баласы – қырда, Арқада ғой (...).
Шағын әңгімеде жазушы
кейіпкер сөзімен жергілікті, кәсіби
сөздерді бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып, жалпыхалықтық сипат
ала қоймаған кәсіби лексиканың
можа болу ("ағаштың
қартайып,
мүжіле бастауы"),
қыл буыттау ("ағашты екі жағынан керте шабу"),
тұжыру ("жайыла өсу үшін тораңғы сияқты ағаштардың басын
83
қырқу") тәрізді түрлерін қолданады. Жазушы мұндай "бейтаныс"
сөздерді оқырман жатырқамас үшін контекст арқылы, мәндес
сөздермен
қабаттастыра қолдана отырып, олардың мағынасын
аңғартып отырады. Сөйтіп бейтаныс сөздерді етене таныс сөздерге
айналдырады.
Кейіпкер тілінің лексикалық құрамы, әсіресе соңғы жылдарда
кәсіби
сөздермен, этногфизмдермен байи түсті. Жазушы
қарамағындағы мұндай пассив лексиканың түрлері кейіпкер сөзінің
дәл, нақты болуына қызмет етті.
Достарыңызбен бөлісу: