ISSN 1563-0223
Индекс 75878; 25878
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚазҰУ ХАБАРШЫСЫ
Филология сериясы
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ
ВЕСТНИК КазНУ
Серия филологическая
al-Farabi KazaKh NatioNal UNiversity
KazNU bUlletiN
Philology series
№ 3 (149)
Алматы
«Қазақ университеті»
2014
ИБ № 7312
Басуға 09.06.2014 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 1/8.
Көлемі 25,41 б.т. Офсетті қағаз. Сандық басылыс. Тапсырыс № 933.
Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасы.
050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71.
«Қазақ университеті» баспаханасында басылды
© Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ғылыми басылым
ҚазҰУ хаБаршысы
ФИЛОЛОГИЯ сЕрИЯсы
№3 (149)
З1992 жылдың 22 сәуірінен бастап шыға бастады
Тіркелу куәлігі № 766
Жылына 4 рет шығады
Редакциялық алқа:
Қ. Әбдезұлы (ғылыми редактор),
Ж.Д. Есімова, Б.У. Джолдасбекова (ғылыми редактордың орынбасарлары),
Н.Ю. Зуева (жауапты хатшы), О.Б. Алтынбекова, Г.Б. Мәдиева,
Б.К. Момынова, А. Салқынбай, А.С. Тарақ, А. Темірболат,
С.А. Кибальник (Ресей), А.И. Ковтун (Литва), В.А. Курдюмов (Ресей),
Гусман-Тирадо Рафаэль (Испания), Сойлемез Орхан (Түркия),
Хаяти Девели (Түркия), Хенрык Янковский (Польша), Жан Динг Жин (Қытай)
Компьютерде беттеген А. Алдашевой
Шығарушы редакторлары: З. Усенова, Г. Рүстембекова
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
ӘДЕБИЕТТАНУ
ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ
ӘОЖ 94 (574) 63.3 (5 каз) Д 79
З.-Ғ. Қ. Бисенғали
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінiң профессоры, ф. ғ. д.,
Алматы қ., Қазақстан
e-mail: zinolgabden@hotmail.com
Қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық роман тұңғышы
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың тарихи еңбегінің мазмұны мен тақырыбын, әдеби-көркемдік бөлік-
терінің баяндау, бейнелеу құралдарын зерттеу барысында ғалымдар қолданатын теориялық еңбектер мен
әдіснама, түрлі әдіс-тәсілдер нақты әдеби-тарихи деректерді жан-жақты талдаудың қажеттілігін көрсетеді.
«Тарих-и Рашидиді» тереңдей зерттеу үшін заман талабына сай жаңа тәсілдер мен технология қажет. Бүгінге
дейінгі қол жеткізген табыстарымыз бен алдымызда тұрған мәселелер болашақ зерттеушілерге аса пайдалы
болмақ. Бұлар болашақ зерттеулерге мықты іргетас болуға әбден жарайды. Бұл нәтижелер мен теориялық тұ-
жырымдардың құндылығын, практикалаық мәнін жоққа шығаруға, ескермеуге болмайды. Мырза Мұхаммед
Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің құндылығын қазақ тарихына, әдебиетіне қатысты зерттеу еңбектер
жазған Ш.Уәлиханов, С.Аспандияров, Ә.Марғұлан, т.б. ғалымдар айтқан. Олардың «Тарих-и Рашидиді» зерт-
теудегі басты еңбектері көпшілікке жақсы таныс. Сонымен қатар көрнекті шығыстанушы ғалым Ә.Дер-
бісәлінің М.Дулаттануда атқарған еңбегіне де тиісті баға беруге міндеттіміз. Сол тәрізді осы еңбектің түркі
әдебиеті мен тарихына қосқан үлесі туралы жазған ғалымдар: С.Қасқабасов, Р.Бердібай, Н.Келімбетов,
Б.Қожабекұлы, Т.Омарбеков, Б.Көмеков, И.Жеменей т.б. еңбектерін де жоғары бағалауымыз керек. «Тарихи
Рашидидегі» көркем әдебиетке тән баяндау тәсілдері мен стильді, поэтикалық бейнелеу құралдарын көрсету,
талдау барысында қазақы ұлттық танымға байланысты түсінік, ұғымдарды айқындайтын сөздерді кездес-
тіреміз. Бұлардың кейде орта ғасырлық терминдермен үндестігін де атап көрсетуге болады. Олардың қол-
данылу ерекшелігіне ретіне орай дәйекті салыстырулар жасап, тиянақты байламдар жасауға болатын тәрізді.
Түйін сөздер: Мұхаммад Хайдар Дулаты: «Тарих-и Рашиди», әдеби-тарихи деректер, заман талабына
сай жаңа тәсілдер, «Тарих-и Рашиди» еңбегінің құндылығы, поэтикалық бейнелеу құралдарын көрсету.
Z.-G. K. Bisengali
The first biographical novel of Kazakh literature
Theoretical works and techniques, different techniques and methods that scientists use in the study of the content
and subject matter, presentation of literary and artistic pieces and explore ways of describing in historical works of
Mirza Muhammad Haidar Dughlat, indicate the need for a comprehensive analysis of specific literary and historical
facts. For in-depth study of "Tarikh-i-Rashidi" requires modern new techniques and technologies. Our achievements
so far and the challenges that lie ahead of us will be very useful for future researchers. This is enough to become a
strong foundation for future researchers. One can not deny and not take into account the importance of the theoretical
conclusions and practical values of these findings. The value of "Tarikh-i-Rashidi" of Mirza Muhammad Haidar
Dughlat once told Sh.Valihanov, S.Aspandiyarov, A. Margulan and other research scientists of
Kazakh history and literature. Their main works on the study of "Tarikh-i-Rashidi" are well known to the general
public. In addition, we must pay tribute to the outstanding scientist-orientalist A.Derbisali for his contribution to
"Dulativedenie." We also need to appreciate the works of scientists: S.Kaskabasov, R.Berdibay, N.Kelimbetov,
B.Kozhabekuly, T.Omarbekov, B.Komekov, I.Zhemeney and others who have written about the contribution of this
work in Turkish literature and history.
In "Tarikh-i- Rashidi" we find the presentation, the methods and style inherent in literature, in determining the
methods of poetic description and analysis see the words that define the ideas and concepts inherent in the Kazakh
4
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
national knowledge. Sometimes it is possible to note their accord with medieval terms. It seems, on the specifics of
the order we can make their consistent comparison and make solid conclusions.
Кеу words: Mirza Muhammad Haidar Dughlat, historical facts, "Tarikh-i-Rashidi", useful for future researchers,
the theoretical conclusions, the Kazakh national knowledge.
З.-Г. К. Бисенгали
Первый биографический роман казахской литературы
Теоретические труды и методики, различные приёмы и методы, которые применяют учёные в ходе изу-
чения содержания и тематики, изложения литературно-художественных частей и изучения способов описа-
ния исторического произведения Мирзы Мухаммеда Хайдара Дулати, указывают на необходимость все-
стороннего анализа конкретных литературно-исторических фактов. Для углубленного изучения «Тарих-и
Рашиди» необходимы современные новые методы и технологии. Успехи, достигнутые нами до сих пор и
задачи, что стоят перед нами будут весьма полезны для будущих исследователей. Этого вполне достаточно,
чтоб стать крепким фундаментом для будущих исследователей. Нельзя отрицать и не учесть важность
теоретических заключений и практических значений этих выводов.
О ценности произведения «Тарих-и Рашиди» Мирзы Мухаммеда Хайдара Дулати в своё время сказали
Ш. Валиханов, С. Аспандияров, А. Маргулан и др. учёные-исследователи казахской истории и литературы.
Их главные труды по изучению «Тарих-и Рашиди» хорошо известны широкой публике. Кроме того, мы
обязаны воздать должное видному учёному-востоковеду А. Дербисали за его вклад в «Дулативедение».
Также мы должны высоко ценить труды таких учёных, как С. Каскабасов, Р. Бердибай, Н. Келимбетов,
Б. Кожабекулы, Т. Омарбеков, Б. Комеков, И. Жеменей и др., писавших о вкладе этого произведения в
тюркскую литературу и историю.
В «Тарихи Рашиди» мы встречаем изложение, способы и стиль, свойственные художественной лите-
ратуре, при определении способов поэтического описания и их анализе видим слова, определяющие пред-
ставления и понятия, присущие казахскому национальному познанию. Иногда можно отметить их созвучие
со средневековыми терминами. По особенностям и порядку использования можно сделать их последова-
тельное сопоставление и сделать основательные выводы.
Ключевые слова: Мирза Мухаммед Хайдар Дулати,конкретные литературно-исторические факты,
«Тарих-и Рашиди», современные новые методы и технологии, полезны для будущих исследователей, вклад
произведения в тюркскую литературу и историю.
_________________________________________
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-
и Рашиди» атты тарихы шығармасы - жарық
көрген күннен бастап күні бүгінге дейін ға-
лымдар мен зиялы қауымның назарынан түс-
пей келе жатқан белгілі туынды [1]. Мұның
басты сыры ескерткіштің өз заманының ғана
емес, орта ғасырларға дейін сауатты қауымды
қызықтырған тарихи уақиғалар мен тұлғалар
туралы деректер мен өзекті мәселелерге сәу-
лесін түсіргендігінде. Оның авторы талай та-
рихи жайлардың куәгері болған және өз зама-
нына дейінгі уақиғалар мен жазылған шежіре,
кітаптарды жақсы білген. Сондықтан да Орта
Азия мен Шығыс Түркістан, Индия, Ауғанстан
(кейбір деректері), Тибет туралы зерттеу жүр-
гізген ғалымдардың көпшілігі, тіпті 16-18 ға-
сырларда өмір сүрген замандастары да тарихи
уақиғалар мен қажет географиялық мәлімет-
терді содан алады. Шығармада тарихи тұлға-
лар өмір сүрген кеңістік пен заманға қатысты
деректер ғана емес, оның авторының филосо-
фиялық ойлары мен толғамдары, сезімдерінің
көркем суреттері бар.
Шығарма көшірмелерінің тізімдері адамзат
руханияты мен тарихына мәдениеті мен әде-
биетіне қатысты маңызды қолжазбаларды сақ-
тайтын арнайы мұрағат орындарында бар.(2)
«Тарих-и Рашиди» бүгінге дейін талай тіл-
дерге: ағылшын, түрік, ұйғыр, орыс, өзбек, қа-
зақ т.б. аударылса да зерттейтін мәселелер әлі
де ұшан теңіз. Шын мәнінде жан-жақты ке-
шенді зерттелген емес. Алайда соңғы жылдар-
да оған сүйенуші, сілтеме жасаушы ғалымдар
көбейіп келеді. Өйткені. қазақ, түркі халықта-
рының көне дәуірлері мен орта ғасырлық мә-
дениеті, әдебиеті тарихына қатысты Монғо-
лия мен Орта Азия мен Индия туралы зерт-
теулерде оның орны ала-бөтен.
Елімізде күн санап қарқын алып келе жат-
қан көне тарихымызды зерттеудің мемлекеттік
бағдарламаларының аса бағалы табыстарының
бірі де осы зерттеу материалдарымен байла-
нысты.
«Тарих-и Рашиди»дің» Еуропа мен Ресей
ғалымдарына белгілі болып әдеби айналымға
түсуіне себепкер болған тұлғаныі бірі хан
Жәңгір (Бөкеев Жәңгір – Бөкей Ордасының
ханы). «...кезінде Жәңгір Бөкеев тапқан қол-
жазба өзінің деректік құндылығымен Шоқан
мен Вельяминов-Зерновқа кәдеге жараған.
Әрине, жорамал, дегенмен көшірмесін, бәлкім,
Жәңгірден алған нұсқасының өзін Қазымбек
Лондонға жөнелткен десек – Росстің аударма-
сына да кірпіш болып қаланған. Петербург уни-
верситетіндегі нұсқасы арқылы да, Росс аудар-
масы бойынша да – «Тарихи - Рашидидің» Таш-
З.-Ғ. Қ. Бисенғали
5
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
кенттік басылымына түпдеректің бірі болған.
Бұған кітапты әзірлеуші ғалымдардың Өзбек
Ғылым академиясындағы, Петербург универ-
ситетіндегі және ағылшын басылымындағы
мәтіндердің о бастағы түпнұсқасы ортақ еке-
нін анықтауы айқын дәлел.» [3]
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Ра-
шиди»ді жазу барысында тарихи деректер мен
тұлғалар туралы қажетті мәліметтердің шы-
найы сипатын атап көрсету үшін 65 шығар-
маға сілтеме жасайды екен. Бұл тарихи, де-
ректі көркем шығарма жазу барысында бүгінгі
замандастарымыз үшін де үлгі алатын жай ғой.
Шығарма екі бөлімнен тұрады. Бірінші
бөлім - «бірінші дәптер» деп аталады, Шаға-
тайлық хандардың ел басқару тарихы мен ха-
лықты билеуі жүйелі түрде баяндалады. Мұны
кейде «тарихи бөлім» деп те атайды. Екінші
бөлімде, шығармада «екінші дәптерде»- деп
көрсеткен, Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати
бастан кешкен, естіген уақиғалар мен тарихы
тұлғалардың өмірі, іс-әрекеттері суреттеледі.
Мұны кейде зерттеушілер мемуарлық бөлім
немесе автордың мемуары деп те айтады.
Бірінші дәптер екіншісінен кейін жазылған.
Бірақ бұл бөлімдердің арасында тарихи тұр-
ғыда алшақтық болғанмен тығыз байланыс
бар. Оны автордың өзі: «бұл туралы екінші
дәптерде толығарақ баяндалады» - деп ескер-
тіп отырады.
«Тарих-и Рашидидің» екінші мемуарлық
бөлігі біріншісіне қарағанда төрт еседей көп.
Онда суреттелетін уақиғалар мен баяндалатын
тарихтар - Мұхаммед Хайдар Дулатидің бас-
тан кешкен немесе жақсы білетін жандардан
естіген хикаялар. Замандастарының өмірін бір-
шама толықтау баяндайтын тұстары да жоқ
емес. Қаламгер қабылдаулары мен толғамда-
рын бірде суреттей, бірде баяндай отыра ой-
лары мен дүниетанымын көркем жеткізеді. Бұ-
ған тұрмыстық суреттемелер мен қаламгер-дің
авторлық өлеңдері, «жалған өмір» туралы фи-
лософиялық тоғаныстары қосылады. Барлығы
метафоралар мен эпитеттер, теңеулер арқылы
көркем жазылған.
Мұхаммед Дулатидің көркем әдебиетке
деген таланты шығармасынан көрініп тұрады..
Талай ғасырлар артында қалған уақиғалардың
шебер суреттелуі оқырманды бей-жай қалдыр-
майды. Бірақ, шығарма уақиғаларының баян-
далу, суреттелу деңгейі біркелкі емес Қалам-
гер кейбір уақиғаларды дәл, ширақ баяндап
жазса, кейде көбірек қиялдар мен бөгде көрі-
ністерге де орын береді, мұндайда ойын да,
мазмұнды да бұлдыратып алады .
«Тарих-и Рашидің» әдебиетіміз бен әде-
биеттануға қатысы күні бүгінге дейін арнайы
толық күйінде қарастырылған емес. Алайда
еңбекті қай тілде болса да оқыған адам оның
тіліндегі образды бейнелерді, түрлі деңгейдегі
пернелеулерді бірден аңғарады. Шығармада
тарихи тұлғалардың портреттері мен мінез-
құлықтарын, іс-әрекеттерін, ойлары мен сезім-
дерін, суреттейтін тараулар аз емес. Оның
үстіне жер-су атаулары мен елді мекендер,
мемлекеттер туралы асқан шеберліктен жа-
зылған баяндар, суреттемелер, тарихи сипат-
таулар бар. Оларды қоғамдық санаға қатысы
бар жандардың қызыға оқитыны айдан анық.
«Тарих-и Рашиди» көшірмелерінде өзге
мәтіндердің ұшырасуы да кездеседі. Әрине
әлденеше ғасырлар бұрын жазылған шығарма-
лардың кейінгі көшірушілер тарапынан аз-кем
болса да редакциялануы, сәл өзгерген тұста-
рының болуы кездесетін жай. Бұл әрине өкі-
нішті, бірақ адамзат қоғамының болмысы со-
лай. Алайда, автор мақсатын бөтен көрінетін
кейінгі қоспалардан, әсіресе, идеологиялық
жапсырмалардан аршып оқуға да болады.
Бүгінде Ресей ғылым академиясының Азия
халықтары институтында сақталған 2 көшір-
месі бар. Біздің ғалымдар көбіне осы нұсқа-
лармен жұмыс істеген. Осы көшірмелерде
төмендегідей қоспалардың кездесуін ғалымдар
жазды. Мәселен, түсініксіз мәтіндерді қыс-
қартып тастаған. Себебін: бұл мәтін авторлық
текстен бөлек, алыс дейді??? Ташкенттік кө-
шірме өзгелеу, бірақ, оны да тап таза деп ай-
туға болмайтын шығар.
«Тарих-и Рашиди»дің стилі біртекті емес.
Автор бір уақиғаны, құбылысты суреттеуден
екіншісіне көшкенде кейде мәтін өрнегі де өз-
геріп отырады Мәселен, баяндаудан суреттеу-
ге ауысқанда. Кейде, алғашқы уақиғаға, баян-
дауға қайта оралады. Сол сияқты ауысулар әл-
денеше қайталануы да мүмкін. Ауық-ауық
ұшырасып отыратын қайталаулар Мұхамед
Хайдар Дулати жазу өрнегіне тән тәрізді. Қа-
ламгер шығармасын қайталап оқымай-ақ бір-
ден жазып шыққандай әсер қалдырады. Бұл -
ескертулер қолжазба туралы айтылып жүрген,
зерттеушілерге мәлім деректер.
Шығарма бейнелі әдеби тілде жазылған,
лексикасы бай, араб сөздері де мол кездеседі.
«Тарих-и Рашидиді» аударушылар оның
тек қана тарихи шығарма емес, әдеби туынды
екенін байқаған. Сондықтан аудармада шы-
ғарма стилін, авторының бейнелі сөйлемдерін,
мәтінін сақтауға тырысқан. Ондағы Мұхаммед
Хайдар Дулатидің сақталған өлеңдері, өмір,
Қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық роман тұңғышы
6
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
тіршілік туралы философиядық толғамдары,
қаламгердің замандастары туралы трактат-
тары бұған дәлел бола алады.
Алматы қаласындағы «Санат» баспасынан
шыққан соңғы басылымында ғалымдар айтын
жүргендей түп нұсқадан ауытқудың себепте-
рін атайды: алдымен, көшірмеде кейде маз-
мұндауға ғана ұшыраған беттердің барлығы:
олар: басқа авторлардың шығармаларынан ен-
гізілген стилі тым ауыр, әдейі әлеміш өрнек-
терді көп қолдана жазылған үзінділер; бұлар-
дың М.Хайдар шығармасына қосары жоқ;
аударуға да оқуға да қиындық келтіреді - деп
ескертеді зерттеушілер; шығарма соңындағы
Аллаға алғысын білдіретін қортынды да қыс-
қартылған.
Зерттеушілер М.Хайдар Дулати шығарма-
сын қазақ, түркі әдебиеттеріндігі ғұмырнама-
лық (мемуарлық) шығармалардың бастауы
ретінде
Қарастырады [4]. Оның әдебиетіміз бен
өнерімізде ғана емес әлемдік әдебиет контесін-
дегі өзіндік орны туралы ғылыми негізді пі-
кірлер де айтылды (Ш.Уалиханов, В.В.Вель-
яминов-Зернов, В.Бартольд, А.Н.Бернштам,
Ә.Марғұлан,
В.П.Юдин,
К.А.Пищулина,
М.К.Қозыбаев, М.Мырзахметұлы, И.Жеменей
[5] т.б. Өйткені бұл шығарма көптеген ха-
лықтардың орта ғасырлық әдебиеті мен мәде-
ниетіне белгілі деңгейде ықпал жасаған туын-
ды. Сондықтан да бұл шығарманы парсы тілі-
нен өзге тілдерге аудару, ондағы тарихи дерек-
тер мен адам өмірі, заман жайлы толғамдарды
пайдалану үдей түсуде. Ағылшын, түрік, орыс,
қазақ өзбек т.б. елдер ғалымдарының осы ба-
ғыттардағы аса маңызды жұмыстарында те-
реңдеуді қажетсініп тұрған талай құнды пі-
кірлері бар.
Мырза Мұхамед Хайдар Дулатидің даңқты
шығармасында шығыс өркениетінің аса көр-
некті өкілдері Қ.Ясауи, Н.Кобра, Нәкшбанд,
Атай, Жәми, Фердоуси, Сағди, Науаи т.б ту-
ралы да тың ойлар кездеседі.
Ескерткіштің әдеби сипаты туралы еңбек-
терде шығарманың көркем әдебиетке қатысы
– көркемдік сипаты, поэтикалық ерекшеліктері
туралы кейде үстіртіндеу ғана пікірлер ай-
тылады. Өйткен бұл шығарманы жан-жақты
талдау үшін оны арнайы зерттейтін мамандар
қажет.
«Тарих-и Рашиди» де кездесетін өлеңдер
орта ғасырлардың поэзиясынан мол мәлімет-
тер береді. Біздің орта ғасырлардағы әдебие-
тіміздің тарихы мен көркемдігі, жанрлары
туралы айтып, жазып жұрген материалдары-
мызда жүйесіздік мол, үстіртін, дерексіз пікір-
лер аз емес. Оның көркемдік болмысын, бей-
нелеу құралдары мен жанрлық жүйесін талдау
барысында осы тұстағы араб, парсы, түркі ха-
лықтарының туындыларымен салыстыра тек-
серу жаңа нәтижелерге жеткізері сөзсіз.
«Тарихи Рашиди» дің қай қай бөлімдерін
алып қарасаңыз да, әсіресе екінші бөлімінде,
қазақ, түркі халықтарының тарихына қатысты
мәдени, әдеби деректер жеткілікті. Рухани құ-
былыстардың сан алуан үлгі, түрлері, бейта-
ныстау жанрда берілетін көркем қыстырмалар
аз емес. Әдебиет пен өнер шеберлерінің өмірі
мен шығармашылығы туралы сирек кездесетін
мәліметтер мен талдауларға негізделетін
байымдаулар бар.
Ескерткішті зерттеуші ғалымдардың ғы-
лыми тұжырымдары бұгінгі таңда қойылатын
барша жоғары талап деңгейінен табылмаса да
әлемге әйгілі шығарманың негізгі мазмұны
мен мақсатын, құрылысы мен кейбір ерекше-
ліктерін көпшілік оқырманға танытты.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің та-
рихи еңбегінің мазмұны мен тақырыбын, баян-
дау, бейнелеу құралдарын зерттеу барысында
ғалымдар кешенді, жан-жақты талдаудың қа-
жеттілігін айтуда. Қолданылған теориялық ең-
бектер мен әдіснама, түрлі әдіс-тәсілдер нақты
әдеби-тарихи деректерді жан-жақты салғас-
тыра, салыстыра талдаудың нәтижелеріне не-
гізделуі керек. «Тарих-и Рашидиді» тереңдей
зерттеу үшін заман талабына сай жаңа тәсіл-
дер мен технология қажет. Бүгінге дейінгі қол
жеткізген табыстарымыз бен алдымызда тұр-
ған мәселелер - болашақ зерттеушілерге аса
пайдалы. Бұлар болашақ зерттеулерге мықты
іргетас болуға әбден жарайды. Бұл нәтижелер
мен теориялық тұжырымдардың құндылығын,
практикалаық мәнін жоққа шығаруга, ескер-
меуге болмайды.
Мырза Мұхаммад Хайдардың «Тарих-и Ра-
шиди» еңбегінің құндылығын қазақ тарихына,
әдебиетіне қатысты зерттеу еңбектер жазған
Ш.Уәлиханов [6], С.Аспандияров, Ә.Марғұлан
[7] т.б. ғалымдар айтқан. Олардың «Тарихи
Рашиди»ді зертеудегі басты еңбектері көпші-
лікке жақсы таныс. Сонымен қатар, көрнекті
шығыстанушы ғалым Ә.Дербісәлінің Дулатта-
нуда атқарған еңбегіне де тиісті баға беруге
міндеттіміз [2, 259-287: 8]. Сол тәрізді осы ең-
бектің түркі әдебиеті мен тарихына қосқан
үлесі туралы жазған ғалымдар: С.Қасқабасов,
Р.Бердібай,
Н.Келімбетов,
Б.Қожабекұлы,
Т.Омарбеков, Б.Көмеков, И.Жеменей т.б. ең-
бектерін де жоғары бағалауымыз керек.
З.-Ғ. Қ. Бисенғали
7
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
«Тарихи Рашиди»дегі көркем әдебиетке
тән баяндау, тәсілдері мен стиль, поэтикалық
бейнелеу құралдары жүйелі, жан-жақты тал-
дауды қажетсінеді. Қазақы ұлттық танымға
байланысты түсінік, ұғымдарды айқындайтын
сөздердің шығу тегін, қолданылу аясын ай-
қындау керек. Бұлардың кейде орта ғасырлық
терминдермен үндестігін де атап көрсетуге бо-
лады. Олардың қолданылу ерекшелігіне реті-
не орай дәйекті салыстырулар жасап, тиянақ-
ты байламдар жасауға болады. Мұндай пікір-
лер кейде зерттеушіге ғана мәлім субъективті
байлам болуы да мүмкін. Бірақ, дерек пен
дәйекке қатысы байқалатын болжамдардан
үрейленудің қажеті жоқ емес пе? Бұл нәтиже-
лердің шынайылық дәрежесі зерттеу объектісі-
не сай таңдалған әдіс-тәсілдер мен әдеби-та-
рихи дерекгерді түрлі бағыттарда байқап көру-
ден туындайтыны белгілі ғой. Осы жолда тек
қана, орыс, не өзге тілдегі аудармаларға ғана
сүйенген нағыз дұрыс нәтижелерге жеткізеді
деп ойламаймыз.
М.Хайдар Дулати шығармасын сол дәуір-
дегі әдебиетті, тарихты жете білетін ғалымдар-
дың еңбектерін мейілінше толық қолданғанда
ғана байсалды нәтижелерге жеткізеді. Және
зерттеулерді жүйелі түрде жүргізіп отыру
қажет. Атап айтқанда, Хұсейін Рәзмжу, Ахмет
Татави, Асевхан Кәзвини, Ахмет Рази, Сирус
Шәмиси, Шарафеддин Әли Иазди, Хафиз Та-
ныс әл-Бұхари, М.Хайруллаев, Азамат Зия,
Аюпжан Илиюп, Рахметтола Жары, Р.Гроссе,
В.Ерскин, Росс, В.Таксон, А.Текин, В.Бартольд,
В. Вильяминов-Зернов, Т.Сұлтанов, Әзиз
Мирәһмедов, М.Қ.Үндішах т.б.
Дұрыс таңдалған теориялық, әдіснамалық
әдеби-тарихы талдауларға сүйенген зерттеу-
лердің тұжырымдары мен қорытындыларында
болашақ еңбектерге тиянақты негіз болатын
дерекнамалақ мәліметтердің болатыны белгілі.
Тарихи-әдеби деректер қолданылу мақса-
тына орай түрі ман өрнектеріне байланысты
өзара кірігіп тартымды және деректі шығар-
маға айналуы мүмкін. Түптеп келгенде бұл
құбылыс қаламгердің талантына, өнерге қаты-
сына тәуелді болады.
«Тарих-и Рашиди» авторы Мырза Мұхамед.
Хайдар Дулати - ақынжанды өнерпаз жан. Ол
туралы мәліметтер жеткілікті. Оның қаламы-
нан туындаған тарихи-әдеби жазбаларда шы-
ғарманы жазу кезіндегі уақыт пен ортаның
автор сезімдеріне әсері де бейнеленеді. Қа-
ламгер өз ойларын ірікпей жазып, өлеңдерден
үзінділер келтіріп отырады. Кейде, оған өзінің
дәйектемелері мен талдауларын да қосады.
Сондықтан шығармадағы әдеби тарихи дерек-
терді бөле, даралай талдау тиісті нәтижеге
жеткізбейді. Дұрысы тұтастықта қарастырған.
Тарихи деректі көзімен көрген адам қа-
былдауын қоса бейнелеу талай тарихи шын-
дықты ашуы да мүмкін. Сондықтан да бола-
шақ жұмыстарда жасалынған тұжырымдар-
дың осындай ерекшеліктерін мұқият ескергені
жөн. Бұл бағытта біраз жаңалықтардың да
табылары даусыз.
«Тарих-и Рашиди» ғұмырнамалық шығар-
ма және осы жанрдағы туындылардың түркі,
қазақ әдебиетіндегі басы болып табылады.
Оны Захриддин Бабырдың «Бабырнамасы-
мен» салыстыра талдау және көркемдік даму-
дағы сабақтастық ретінде көрсету де үлкен
жаңалық. Бұл бағытта біраз пікірлер айтылып
келеді [9].
Сөз болатын поэзия жанрлары туралы
байымдауларда да жаңалық мол. Рубай жанрын
незінде қазақ, түркі әдебиетіне кірме ретінде
есептеп келдік. «Тараих-и Рашиди»дегі көпте-
ген мысалдар салыстыра талдай қарағанда бұл
туралы мүлде жаңа пікірлер айтуға негіз бола
алады. Оны парсы әдебиетіне түріктерден кел-
ген өлең үлгісі деп көрсетуге де болатын тә-
різді. Шығарманы қазақ тіліне парсы тілінен
аударған, және үлкен зерттеулер жүргізген
И.Жеменей өз еңбектерінде осы пікірлерді
дәлелдейді.
М.Хайдар шығармасының көркемдік қуаты
Шығыс халықтарының исламдық даналық
қасиеттерінен бастау алатынын да дәйекті түр-
де дәлелдеуде.
М.Хайдар шығармасы - күрделі теңеулер
мен метафораларға, ұтымды сөз тіркестеріне
толы. Оларды түске, сапаға, қасиетке және сын-
сипаттық т.б мағынасына қарай топтастыруға
болады. Нақты ескеркіш тіліндегі поэтикалық
өрнектердің пайда болуы мен танымдық қа-
сиеттерін жіктей топтастыра талдау жаңа
нәтижелерге жеткізеді.
М. Дулатидің «Тарих-и Рашиди»ін әдеби
жәдігер ретінде көрсету, талдау, дәйектеу біраз-
дан бері сөз болып келеді. Бірақ, шығарма мә-
тіндерін түбегейлі, тереңдей, жан-жақты зерт-
теуге ұмтылу - тек қана тарихи жәдігер ретін-
де қарастыруға байланысты болды. Соңғы
жылдарда бұл түсінік өзгерте бастады. Жаңа
көзқарас ғылыми тұрғыда жан-жақты дәйекті
пікірлермен әдеби тархи деректермен негіз-
делуде.
Тарихи деректер мен тұрмыстық жайлар-
дың, адамдар арасындағы түрлі қарым қаты-
настардың сабақтастығы бірден көзге түседі.
Қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық роман тұңғышы
8
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014
Осы күнделікті жайлар мен адамдар тірші-
лігінің бейнеленуі шығармаға көркемдік сапа
дарытқан. Мәселен, тараулар мен бөлімдердің
бірінде басталып мақсатты түрде қолданыла-
тын қыстырма тәрізді мәтіндер қаламгердің
тиянақталған ойын ғана емес, сол уақиға мен
тарихқа қатысты сезім сырларын да жеткізеді.
Ал осы сырлар мен түрлі сезімдердің сурет-
телуі тарихи деректің қозғаушы күші, түрткісі
немесе нақты тұлға әрекетінің басты себебі
тәрізді. Сондықтан кейде қыстырма, еске алу
тәрізді берілетін әдеби мәтін келесі тарауда
жалғасып, М.Дулати ой-идеяларын жаңа саты-
ға, көркемдік сапаға қөтереді. Мұны тараулар
ман тараушалар аттарына көз жүгірту арқылы
оңай көруге болады.
«Тарих-и Рашидиге» қатысты зерттеу-
лердің бүгінгі таңдағы қол жеткізген басты
нәтижелері қоғамдық – гуманитарлық ғылым-
дар алдында тұрған басты мәселелерді: қазақ-
стан тарихы мен әдебиеті, өнері мен мәде-
ниеті, философиясы мен әлеуметтануы т.б.
алдында тұрған көптеген мәселелерді ғылыми
негізді шешуге жәрдемдеседі. Оқулықтар мен
оқу құралдарын, монографиялар мен зерттеу-
лер жазуда бұл деректердің аса құндылығы
даусыз.
Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайрат-
кері, әдебиетші және тарихшы, қолбасшы, за-
манының озық ойшылы Мырза Мұхаммед
Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты
шығармасы ХҮІ ғасырдан бізге жеткен Мон-
голия мен Орта Азия және Индия халықтары-
ның мәдениеті мен әдебиетіне, этнографиясы
мен тарихи мұраларына тікелей қатысы бар
сирек кездесетін ескерткіш болып табылады.
Аталған шығарманы жан-жақты зерттеу – бү-
гінгі таңда әлем халықтары болып назар ау-
дарып жатқан игілікті істердің бірі. Солардың
арасында Қазақстан тарихы мен қазақ хал-
қының рухани, әдеби мұраларына тура қаты-
сы бар мәдени мұраны замана талабына сай
деректі, дәйекті негізде түптей зерттеу біздің
ең басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |