152
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 1(147). 2014
Жүсіп Хас-Хажибтің «Құтадғу білік» атты
еңбегі (ХІ ғасыр) Орта Азия,
Шығыс Түркістан жəне Қазақстан түркі
халықтарының көркем əдеби шығармаларының
ішіндегі ең алғашқысы жəне ең көнесі болып
есептеледі. Мəдениетіміздің ерте дəуірінің ұлы
ескерткіші болып саналатын «Құтты білік»
дастаны – орта ғасырдың ірі құбылыстарының
бірі. Араб графикасымен жазылған, көлемді,
мазмұнды, құнды, тарихи маңызы бар, Орта
Азия түркі халықтарының ортақ мұрасы. Қайсы
халықтың болса да, тілі, оның тарихымен тығыз
байланысты. Аталған еңбек түркі халықтары-
ның тілін, əдебиетін, мəдениетін, дүниетаны-
мын, тарихын, салт-дəстүрін, зерттеуде бағалы
дерек екені сөзсіз
[1, 25].
Бұл мұраның тағы бір қайталанбас қасиеті –
түркілігі, түркілердің төл қазынасы болуы.
Қазіргі түркі халықтарының қайсы бірі болса
да, аталмыш еңбекте өз шығу тегін, өз тілінің
бұрынғы болмыс бітімін көз алдына елестеді.
Қазіргі тілдермен салыстырады.
Ж. Баласағұнның өзіндік əлеміне бойлай
ену үшін, оның «Құтты білік» шығармасын
терең зерттеп қарастырған жөн. Жалпы Жүсіп
Баласағұнды «тілдік тұлға» деңгейіне жеткен
ақын, білімді, шешен, ділмəр деп тануға болады.
Тілдік тұлғаның табиғатын ашып, суреткер-
лік шеберлігін тану үшін оның тілінде қолда-
нылған троп түрлеріне зер саламыз. «Жазушы-
ның дүниені ерекше көркем түсінуі, сезінуі, оның
көркемдік əдісі міндетті түрде оның шығар-
масында көрініс табады» [2, 112]. Ж. Баласа-
ғұнның тіліндегі теңеу, эпитет, метафоралар
қолданысы қазақ тіліндегі дəстүрлі қолданыс-
пен сабақтас. Көрнекті тілдік тұлғалардың
тілінде қалыптасатын мұндай жүйе – заңды
құбылыс. Ж. Баласағұн тіліндегі бейнелі теңеу-
лер эпитеттік сипатта түркілік дəстүрлі үлгісі-
нен туындаған, сондай-ақ, бұрын қолданылма-
ған тың теңеулер тобы да молынан ұшырасады.
В.А.Маслова теңеудің табиғатын лингвомəде-
ниеттану ғылымының өзекті мəселесі деп есеп-
тейді: «Халықтық діл (менталитет) жəне ру-
хани мəдени тіл бірліктері алдымен олардың
бейнелік мазмұндары арқылы жүзеге асады» [3,
145]. Жүсіпте дəстүрлі
tag, teg / дай, -дей, -тай,
-тей жұрнақтары арқылы жасалған теңеулер
көптеп кездеседі. Мысалы Құтты біліктің Герат
нұсқасының 57
29
жолында бұл дүниенің мүлігін
ашты суға теңейді:
aciγ sub teg kör ol bu dünja
neŋi бұл дүние мүлкі ашты судай көрінер [4, 4].
«Құтадғу біліг» тілінде кездесетін теңеулер:
Достарыңызбен бөлісу: