На праве хозяйственного ведения шымкентский высший


«Медбике – емделушінің туысқандары (және жақындары)» арасындағы қарым-қатынастар



бет13/39
Дата10.01.2023
өлшемі1,05 Mb.
#60862
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Байланысты:
ҚРДСЖММ.1,6ж дайын

«Медбике – емделушінің туысқандары (және жақындары)» арасындағы қарым-қатынастар:

  • Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет;

  • Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау тәртібін түсіндіруі тиіс;

  • Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы жөнінде әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс;

  • Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.

Венгерлік психотерапевт И.Хардидің сараптамасындағы медбике типтері мен науқастармен қарым-қатынасының өзгешеліктері:

  • Рутинер-медбике.

Ондай медбике өз міндетін “машина” тәрізді бұлжытпай орындайды.Ол ұйықтап жатқан науқасты оятып, дәрігер ұсынған ұйықтататын дәріні ішіңіз деп оятуы мүмкін.

  • Артистік тип.

Мұндай типті медбикелер белгілі бір мақсатқа жету жолында түрлі рөлдерді ойнауы мүмкін. Науқаспен араласу нәтижесінде “Оған текке уақытымды кетіріппін....” немесе “одан түк пайда жоқ....” деген сияқты сөздерді айтуы жиі кездеседі.

  • Ер мінезді тип.

Негізінен денесі ірілеу, шешімді тез қабылдайтын, энергиясы толы, оларды науқастар жиі жүрген жүрісінен-ақ алыстан таниды, бірақ ыңғайсыз жағдайларда олар ашулы және қатал болып келеді.

  • Ана тәрізді тип.

Бұндай типті медбикелер науқастарға үлкен қамқорлықпен қарайды, бүкіл жерде бәріне үлгеріп, жас медбикелерден еш кем қалмайды, көбіне толықша келген адамдар жатады.

  • Ашушаң типі.

Медбике көбіне көңілсіз, шаршаған, жұмыс істеуге ниеті жоқ болып келеді. Бұл әсер науқастармен қарым-қатынаста теріс әсерін береді. Ондай медбикелер дәріге құмар болуы мүмкін.
Мейірбике науқаспен ғана емес,оның туған-туысқандарымен қарым-қатынасқа кіреді. Мейірбикенің науқастың туыстарымен әңгімесі оз міндеттік бабы шеңберінен шықпау керек. Орта буын медицина қызметкерлері науқастың туған-туысқандарымен қатынасы кезінде айқындалған әдептіл ікті талап етеді. Емделушінің туысқандары бірнеше сағат бойы медицина қызметкерлерімен әңгіме жүргізу үшін күтпеу керек.
Туысқандардың пікірдері науқасқа әсер етеді,жағымсыз қатынас пен сенімсіздік тудыртады және психикалық жүйесі мен соматикалық қалпына жағымсыз әсер етуін медқызметкерлер есепке алуы қажет. Медқызметкерлер науқастың жазылмас дерт-ауруын немесе нашарлық жағдайын жасырмай,түсінікті түрде оның туысқандарына хабарлауы керек. Бірақ олардың арасында ауру адам болуы мүмкін,сондықтан олармен әңгімелескенде үлкен сақтық пен әдептілікті білдіру қажет.
Науқастың (әйел адамға қатысты болса),жақын туған-туысқандарына,әсіресе қызметтестеріне кейбір операцияларды жүргізу туралы хабарлауы керек. Келісушілермен сойлесер алдында,дәрігермен ақылдасып алу керек,ал кейбір жағдайларда науқастың озінен нені хабарлауын,не хабарламауын сұрау керек. Әсіресе,телефон арқылы хабарды сақтықпен беру керек. Байсалды,әсіресе қайғылы хабарларды мүлдем айтпай-ақ,ауруханаға келуін және дәрігермен дербес сөйлесуі жөн болады. Телефон арқылы сөйлескенде, медбике өзінің аты-жөнін,мамандығын,бөлімін айтуы керек. Кейде науқастың туысқандары бөлімде жоқ емдік препараттарын алу үшін өз көмектерін көрсетеді. Мұндай ұсыныстарды сыпайы,бірақ анық түрде қайыру керек.
Дәрігерден гөрі мейірбике мен емделушілердің отбасы арасындағы тікелей қарым-қатынастары көбірек.Науқас мейірбикеден қолдауды және түсінушілікті іздейді.Бүгінгі күнге дейін мейірбикелік іс дәстүрлі техникалық күтім жасаумен дайындалып келеді. Әрине,оны алып таcтауға болмайды. Медицина қызметкерлерінің парызы:денсаулық сақтау заңдарына сәйкес кәсіби міндеттерін білікті және жауапты түрде атқару,сонымен қатар медициналық құпияны сақтай отырып,адами қасиеттерін қолдана білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет