На праве хозяйственного ведения шымкентский высший



бет28/39
Дата10.01.2023
өлшемі1,05 Mb.
#60862
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
ҚРДСЖММ.1,6ж дайын

2. Қоғамдық медицина. Қоғамдық дәрігерлер жеке физикалық тұлғалармен жұмыс істейді. Адамдардың қоғамдық дәрігеріге баруының негізгі себептері – адамның бір ауруға шалдыққан, жеке қайғылары, бір зорлық-зомбылыққа ұшыраған, террор болған жағдайлардан кейінгі туындаған қиыншылықтар мен мәселелер.
Қоғамдық дәрігер сонымен қатар, клиенттің қоғамдағы әлеуметтік, психосоматикалық статусы өзгерген жағдайда, отбасында қиыншылықтар – бала тәрбиесі, қартайған ата-ананың денсаулық жағдайлары, қызметіне байланысты туындаған мәселелерде – қызмет орнын ауыстыру, қызмет шені төмендеуі немесе жауапкершіліктің артуы және т.б, тұрғылықты жеріне байланысты – қоныс ауыстыру, жаңа көршілермен, жаңа заңдылықтарды меңгеру сияқты өмірлік мәселелер туындаған кезде қажет болады.
3. Әлеуметтанулық медицина. Бұл бағыт ең алдымен медицина , медициналық генетика, медициналық электрондық технологиялар салаларында бірқатар ғылыми жетістіктерге жетуге байланысты дамыды. Олар: клондау, адам организмінің мүшелерін трансплантациялау, табиғи емес жолмен бала тудыру, және т.б.
4. Пеницентарлы медицина. Бұл бағыт төмендегі салалар бойынша қызмет етеді:
• жабық қоғам – бас бостандығынан айырылған адамдар отыратын орындар(түрме);
• қылмыскер болып туғандар;
• агрессия мен зорлықтың әлеуметтік және психосоматикалық факторларының байланысы;
• түрмелердегі адамдардың қарым-қатынасы мен өзара байланыстарының заңдылықтары;
5. Әскери әлеуметтік медицина. Клиникалық медицина көз қарасы бойынша дені сау, бірақ өмірге бейімделу және өмір сүру сапасы төмен адамдарды емдеумен айналысады.
Әлеуметтік медицинаның шығу тарихы. ХХ жүзжылдықтағы медицина және қоғам.
Эхнатон перғауыны кезіндегі Египет.
Эхнатонтың – Аменхотеп 4 (1368-1351 б.э.д) тек дін саласында ғана емес, сонымен қатар медицина саласында да ұлы реформатор болғаны бәрімізге белгілі. Ол сол уақыттағы сиқыршыларды(колдун), магтарды, шамандарды елдің денсаулығымен айналысқандары үшін қатты қудалаған, ол дәрігерлердің мәртебесін көтерді. Эхнатонның кезінде Египетте халықтың денсаулығы мемлекеттің ең басты қазынасы болды. «Денсаулық» және «ауру» деген ұғымдардың мағыналары ашылып көрсетілді.
Гиппократ әлеуметтік дәрігер ретінде. Кез келген дәрігер Гиппократ (460-370 б.э.д) жайында жоқ дегенде төрт нәрсені біледі:
1.Гиппократ антын,
2.Гиппократ маскасын,
3.Гиппократ шапкасын,
4.Гиппократ темпераменттерін.
Гиппократ тек бір құдай – Асклепияға (римдік Эскулап) ғана табынған, осыдан дәрігерлерді «асклепиидтер» (эскулаптар) деп атау қалыптасқан.
Халифтердің басқаруы: Ибн Сина (Авиценна) әлеуметтік дәрігер ретінде. Адамзат тарихында ешқашан қоғамда дәрігерлердің лауазымы мен әлеуметтік маңыздылықтың жоғары болған басқару формасын білген жоқ. Осы шақта медицина дәстүрлі, ғылыми дисциплина ретінде қалыптасады. Ибн Сина медициналық этика және деонтология туралы пікірлердің ғылыми және дәрігерлік нұсқасын жасайды. Халифтер кезінде дәрігерлер ең бірінші әскери дәрігерлер ретінде қалыптасады.
Клиникалық әлеуметтік медицина: әртүрліліктегі ортақтық.
1. Әлеуметтік патология: социопатия
2.Қазіргі уақыттағы әлеуми-биологиялық мәселелер және медицина
3.Әлеуметтік қорғау, психологиялық қорғау және клиника
4.Әлеуметтік психосоматиканың негізгі категориялары.
Әлеуметтік медицинаны оқып-зерттеу оның іс-әрекетінің клиникалық медицинаның іс-әрекетінен айырмашылығын анықтаудан басталады. Бұл айырмашылықтар механикалық емес, құрылымдық болып табылады. Әлеуметтік медицинаны клиникалық медицинадан бөліп тұрған құрылымды - әртүрліліктегі ортақтық түсінігі арқылы анықтауға болады. Яғни, клинкалық медицинаның пациенті - әлеуметтік медицинаның болашақ пациенті, ал әлеуметтік медицинаның пациенті клиникалық медицинаның бұрынғы немесе болашақ пациенті болып табылады.
Әлеуметтік медицина ғылыми институттары және құрылымы бар жеке дисциплина ретінде жұмыс істемейтін елдерде оның функцияларын екі медициналық бөлімшелер атқарады: әлеуметтік гигиена және әлеуметтік психотрия. Екіншісі өз алдына қойылған талаптарға толық жауап бере алмағандықтан, яғни қоғамдық денсаулықты сақтауды дұрыс қанағаттандыра алмағандықтан (ал әлеуметтік гигиена тек ұсақ мәселелерді шешумен ғана айналысады), аралас мамандықтардың көмегіне жүгінеді. Олардың ішінде психоанализ жасайтын психотерапия, әлеуметтік конфликтерді коррекциялаумен айналысатын психология және т.б.
Біздің қоғамда болып жатқан және қоғамдық денсаулық пен қоғам денсаулығына (сонымен қатар, жеке адамға, топтарға, жұмыс барысында біріккен, үй жайына байланысты біріккен адамдардың тобына ) кері әсерін тигізетін жағдайлардың барлығы социопатияны туғызады. Бұл социопатияның ең кең тараған себептерінің бірі.
Өмірде адамдардың кез келген мазасыздануы мен қайғыруының өзінің емдеу жолдары мен «емханасы» болады. Бұл жерде «емдеудің» бір жолы – «пациенттің», дұрысырақ – клиенттің – әлеуметтік мәртебесін өзгерту. Социопатияға ұшыраған жанға әлеуметтік дәрігер керек. Социопаттар қатарына күнделікті ішкіштер, псевдодипсомандар, медикаменті препараттарға тәуелді жандар, яғни барлық дамыған капиталистік елдерде пайыздық көрсеткіші өте жоғары болып келетін созылмалы ауруларға ұшырағандар да жатады.
Мысалы АҚШ, англия, Германия, Жапония және басқа экономикасы жақсы дамыған мемлекеттерде созылмалы ауруларға ұшырағандарды «емдеуге» осы елдердің медициналық саласына бөлінген мелекеттік бюджеттің 75 % - ы кетеді.
Барлық социопаттардың әр қайсысы әр түрлі болғанмен, оларды біріктіріп тұратын белгілері болады. Біреулерінде ол - бір қайғылы жағдай болса, енді біреулерінде өз-өздерін қалыптастыра алмағандықтан фрустрацияға ұшырағандар болады. Елде социопаттардың көбеюі – үлкен амнистия жарияланғаннан кейін, қарулы күштердің қысқартылуынан кейін болып жатады. Яғни, пенитенциарлы және әскери дәрігерлердің клиенттері де көбейеді.
Халықтың соғыс нәтижесінде шығындануы, яғни қашқындар мен босқындардың, көшуге мәжбүр болғандардың есебінен де социопаттардың көбеюі анықталған. Техногендік және табиғи катакклизмалар да социопаттарды туғызады. Дегенмен, социопаттардың көбеюінің басты себебі, сонау замандарда пайда болған чума да, холера да емес, ол – соғыс. Мысалы, қазіргі уақыттың өзінде де АҚШ пен Канада елдерінде Вьетнам соғысынан кейін миллиондаған адамдардың моральды сынуы, олардың жартысынан көбі Вьетнамда болмаса да қатты қайғыға салынған. Вьетнам синдромы соғыс аяқталғаннан кейін көп жылдар бойы қайтпады. Ресей елінде Шешен соғысынан кейін неше мүгедек болатынын санауға әлі ерте, және шешен синдромы бізде қанша уақытқа созылатыны белгісіз.
Қазіргі таңда социопаттардың көбеюінің кеңінен тараған себебі – терроризм және адамдарда кепілдікке алу. Осындай синдромдардың таратушысы болып жүрген социопаттар әрине клиникалық дәрігердің және психиатрдың пациенттері болып табылады.
Социопаттардың көбісі жүрек, тыныс алу мүшелерінің, ас қорыту мүшелерінің, бауыр және бүйрек, периферлік жүйке жүйелерінің ауруларына ұшырайды. Олай болса, оларды әрине терапевтер, ортопедтер, нефрологтар және невропатологтардың емдеумен айналысатыны белгілі. Олардың әр қайсысы өз әдістері арқылы социопаттардың мәселелерін шешуге тырысады. Социопатия – ең біріншіден социопаттардың өздеріне қауыпты, себебі, олар қатты қиналған кезде өздерінің өмірілерін қиюға да барады.
Әдеби жанрлардың қаһармандарының ішінде социопаттар қатарына Макбет, Гамлет, Фауст, Евгения Гранде, Евгений Васильевич Базаров, Чайльд Гарольд, Евгений Онегин, Григорий Александрович Печорин және т.б. жатқызуға болады.
Социопатияға екі мысал.
Әлеуметтік медицинаның осы ең бұрмаланған түсінігіне тағы бірнеше мысал келтіру арқылы талдайық. Автор Чернобыль оқиғасы болған кейін бірінші күннен бастап-ақ 50 пациент адамға тәжірибие жасады. Содан социопатияның төмендегідей белгілері анықталды. Радиациялық жарақаттар ауыр болмаса да, Чернобыльде болған адамдардың барлығы тұлға ретінде тіпті өзгеріп кеткен. Ішпейтін адамдар алкоголиктер қатарына қосылған, жақсы отбасылар ажырасып кеткен, көп адамдар жұмыс орындарын ауыстырған, көбісі мамандықтарын ауыстырып жіберген, 50 жасқа келгендер өздерін қатты қартайғандар қатарына жатқызып, жүруге қиналып немесе қимылдауға жарамай мүгедектік анықтамалар жасатқан, жиі-жиі ауыратын болған, тіпті дәрігерлер олардан ешбір аурулардың белгілерін таппаса да олар өздерін аурулар санаған. Олардың көбісінің ойлары тек келе жатқан өліммен болған, олар өздері қашан өледі, соны күткен.
Клиникалық тәжірибеден емес, нақты өмірден алынған тағы бір мысал. Автор дәрігерлерден тұратын отбасын 20 жыл бойы зерттеген. Отбасында олар екі ұл баланы тәрбиелейді. Олар да өз ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрді жалғастырмақшы-болады. Алайда, үлкен ұлы медициналық институтты бітіріп, үйленгеннен кейін жол аптынан қайтыс болады. Екінші ұлы да төрт жылдан кейін медициналық институтты тәмәдап, үйленеді, бірақ та ол да жол апатынан қаза табады. Ата-анасы бұл қайғылы жағдайларды үлкен шыдамдылықпен бастан өткізеді. Олар психиатр немесе басқа да дәрігерлердің көмегіне жүгінбеді. Әкесі (55 жас) мінезі лезде өзгеріп кетті: жүрегі жұмсақ, ақкөңіл, басқа адамдарға деген қарым-қатынсы өте тиянақты (арақ ішпейтін, темекі тарпайтын) адам өте қатыгез, агрессивті, қызметінің бабын пайдаланып басқа адамдарға қысым көрсеткіш адам бейнесіне ауысты. Бұл іс-әрекеттерінен кейін оның бойындағы өзгерістерді психопатиялық белгілер деп атауға болар еді, дегенмен де бұл социопатия белгілері болып табылады.
1996 жылы Мадрид қаласында Х конгресс өтеді. Этика комитеті негізгі 5 тақырып бойынша талдау жасау керек деп шешті.
1.Эвтаназия. Дәрігердің ең басты міндеті пациенттің денсаулығын жақсарту, қайғысын жеңілдету, өмірін құтқарып қалу болып табылады. Психиатр өз пациентерімен жұмыс істегенде өте сақ болу керек, себебі, олардың ішінде өз сөздеріне жауап бере алмайтындар, іске жарамсыздар және ес білмейтіндер де болуы мүмкін. Өйткені олар кішкене сөздерді көтере алмай өлімге барулары да мүмкін. Психиатр пациентінің көңіл күйін де бірден анықтай алуы керек, мысалы онда депрессия болған кезде.
2.Қинау. Психиатр қандай жағдайда болмасын, пациентті қинау ісіне қатыспауы керек, тіпті оны жоғарғы билік талап етсе де.
3.Өлім жазасы. Ешқашан да психиатр өз пациентіне заңды түрде қабылданған жазалау ісіне немесе оны іске жарамды деп баға берген кезде қатыса алмайды.
4.Жыныстық селекция. Психиатр ешқашан өз пациентінің жыныстық селекция мақсатында жүктілігінің тоқтатылуы жайында шешім қабылдағанға қатыса алмайды.
5.Мүшелерді трансплантациялау. Шешім қабылдау кезінде психиатрдің ролі донорға қатысты мәдени, әлеуметтік, діни, отбасылық ақпарат анықтау. Психиатр пациенттің шешім қабылдауына бұйрық бермеуі керек, немесе оны ьбір нәрсеге байланысты үгіттемей керек, яғни пациент шешімді өз еркімен қбылдауы керек. Қандай жағдай болғанда да психиатрлар өз пациентерін қолдап отырулары керек және олардың өзін-өзі бағалауын жоғарлатуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет