Дәрігердің тағайындағандарын уақытында және сапалы орындауға.
Наркотикалық және басқа да дәрі-дәрмек затарды дұрыс сақтап, қолдануға.
Науқастардың санитарлық жағдайы мен емдеу және қорғау тәртібін бұзбауына.
Медициналық аспаптар мен аппараттарды дұрыс сақтауға.
Науқастардың уақытында гигиеналық ванна қабылдап, төсек орнын ауыстыруға.
Бөлімшенің аурухана ішілік инфекциясын бақылауға және инфекция лық қауіпсіздікті сақтауға жауапты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 1944 жылы Ганноверде өткізген мейіргер ісі мамандары Конгресінде келесідей анықтама береді:
Мейіргер ісі - бұл өнер мен ғылым, ол пациенттің денесін, ақылы мен ішкі дүниесін толықтай қамтиды, үйрету немесе тәсіл арқылы рухани және физикалық қолдайды, денсаулықты сақтауға ерекше назар аударады, сондай-ақ пациентке көмек көрсеткенде физикалық сияқты пациентке рухани және әлеуметтік қамқорлықты қосады және отбасы, қоғам немесе мүгедектерді медициналық қызметті іске асырады.
Кейінірек Халықаралық мойындауға ие болған тағыда бір «ескірмейтін» мейіргер ісі анықтамасын 1967 жылы американдық мейіргер, ұстаз, ағартушы, зерттеуші және лектор В.Хендерсон берді.
Алғаш мейіргер ісі анықтамасын аты аңызға айналған Флоренс Найтингейл (1820-1910жж) 1959 жылы шыққан «Күтім туралы жазбалар» кітабында пациенттің жазылып кетуіне ықпал ету мақсатында пациенттің қоршаған ортаны қолдану бойынша қалай әсер ететінін анықтады.
Ф.Найтингейл денсаулыққа күтім көрсету дегеніміз – ауру кезіндегі адам жағдайына қолдау көрсету, ал пациентке күтім жасау – аурудан зардап шегушіге көмек. Ол алғаш рет мейіргер ісін дәрігерлік қызметтен мамандық ретінде бөліп алды және дәрігерлік білімнен , практикалық және ғылыми дайындықтан арнайы өзгешелікті талап етті. Алғаш мейіргер ісі анықтамасын аты аңызға айналған Флоренс Найтингейл (1820-1910жж) 1959 жылы шыққан «Күтім туралы жазбалар» кітабында пациенттің жазылып кетуіне ықпал ету мақсатында пациенттің қоршаған ортаны қолдану бойынша қалай әсер ететінін анықтады.
А.Нуттинг өз еңбегінде мейірбике науқасқа күтім жасау мен адамдардың денсаулығын қорғауда қорқыныштан арылумен байланысты екнін көрсетті. Көптеген адамдарда ауруханада ем алуына мүмкіндіктері жоқ, сондықтан үйде көмек көрсетуді қамтамасыз ету қажет және әрбір мейірбике екі бірдей пациент немесе әр түрлі пациенттердің бірдей қажеттіліктері болатынын есте сақтауы қажет. Демек, екі түрлі адамға бірдей күтім болмауы керек.