Начало. Окончание на 3-стр



жүктеу 444.32 Kb.

бет1/5
Дата06.02.2017
өлшемі444.32 Kb.
  1   2   3   4   5

(Начало. Окончание на 3-стр.)

Армысың,Ұлыстың Ұлы күні!

Единство и гармония НАУРЫЗА

Наурыз в переводе с древнеперсидского означает новый день: "нау" – новый, 

"руаз" – день. Раньше наурызом называли не весь месяц, а только 22 марта – день 

весеннего равноденствия, когда ночь и день пусть на одни сутки, но становились 

равными. В представлении древних тюрков это символизировало всеобщую 

гармонию и то особое состояние умиротворенности в природе, когда зима 

еще не ушла, а весна – уже на пороге. Природа подает нам, своим неразумным 

детям, пример великого сосуществования противоположностей: не борьбы, не 

взаимоисключения, а единства. 

По давнему поверью, в ночь с 21 по 22 марта приходит на землю святой 

Кыдыр, и от одного его взгляда тает снег, превращаясь в звенящий ручей, а на 

реках начинается ледоход. И, если он заглянет к тебе в дом, и дом твой будет 

чист и ухожен, и одежда твоя – будет новой и праздничной, а стол – ломиться от 

угощении, – то благополучие воцарится в доме, и счастье придет к тебе.

Утром 22 марта приготовьте праздничное блюдо, наурыз-коже и созовите 

на него гостей. В это необыкновенное коже должны войти 7 компонентов, 

символизирующих единство природы, они объединяют также все цвета жизни. 

Пшеница или пшено символизирует все, что есть в природе красного, лапша 

– коричневый цвет, вода – голубой (цвет неба, цвет васильков), молочные 

продукты (на выбор – молоко, кефир, размолотый курт) – символ белого цвета, 

мясо – зеленого, то есть цвета жизни, развития, роста. Мясо для наурыза-коже 

обычно используется не свежее, а сушеное или вяленое, его специально хранят 

с зимы.

университетi



№ 5-6 (210-211)

наурыз, 2016 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Қазақ халқының тіршілігінде ерекше орын алатын, ертеден аталып 

келе жатқан мейрам – Наурыз. Бұл күн жыл сайын наурыз айының  22-де 

мерекеленеді. Бұл мезгіл күн мен түннің теңесетін, қардың еріп, көктем 

шыға бастайтын кезі. Осы  күнде  мал төлдеп, жұрттың аузы аққа тиген. 

Сондықтан наурыз күнін жаңа жылдың басы – «ұлыстың ұлы күні» деп 

есептеп, зор қуанышпен қарсы алған.

Елбасымыз ірге тасын қалаған Еуразия ұлттық университеті Ұлыстың 

Ұлы күнін ерекше жағдайда қарсы алып отыр. Биыл университет ұжымы 

оқу ордасының құрылғанына 20 жыл толуын толымды табыстармен 

қарсы алмақ. 

Өткен оқу жылы университет үшін табысты жыл болды, Халықаралық 

және ұлттық рейтингтегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. Астананың 

әрбір оныншы жас тұрғыны – ЕҰУ студенті. Университет «еуразиялық 

кеңістіктегі зерттеу орталығы ретінде қалыптасу» жолындағы 

стратегиялық бағытын орындау аясында маңызды нәтижелерге қол 

жеткізуде. 

Құрметті профессор-оқытушылар, сала қызметкерлері, студент-

жастар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық еңбектеріңізге 

табыс тілеймін. Ұлыстың Ұлы күні,  Жыл басы – Наурыз құтты болсын! 

Құрметпен,  ректор  Е. СЫДЫҚОВ

Наурыз айы туғанда,  

Той болушы еді бұл маңда.  

Сақталушы еді сыбаға,  

Сапарға кеткен ұлдарға,  

Наурыз айы туғанда.  

 

Наурыз, наурыз, күн игі!  



Күні игі жердің – түрі игі.  

Бауыры жылып науат-қар,  

Бабымен ғана жібиді.  

Шашылып ырыс  

 шанақтан, 

Шақырып бір үй бір үйді,  

Шаттанушы еді бір игі.  

 

Осынау игі кең жерге,  



Наурыз айы келгенде,  

Наурыз тойын бергенде,  

Көрмегендер де –      

арманда, 

Арманда – оны көрген де.  

Келіп ем өмір-орманға,  

Наурыз айы келгенде. 

Мұқағали МАҚАТАЕВ

Наурыз 


– думан

2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 5-6 (210-211), 

наурыз, 2016 жыл



Мерейтойымен  

құттықтады

Ақпарат айдыны

Құрмет  грамотасымен марапатталды

ЕҰУ – сала 

көшбасшысы   

2016  жылы  10  наурызда   Қазақстан   

Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы 

Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан 

Бәтташұлы Сыдықовты еліміздің әлеуметтік-

экономикалық дамуына және отандық білім 

мен ғылымға қосқан зор үлесі үшін Құрмет 

грамотасымен  марапаттады. 

Қоғамдағы қайраткерлігі мен білім саласындағы 

еңбегі тағы да жоғары бағаланған оқу орнының 

басшысы Ерлан Сыдықовты Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің ұжымы осынау 

наградасымен құттықтай отырып, алдағы уақытта 

білім, ғылым және шығармашылық еңбектеріне зор 

табыстар тілейді.



2016 жылдың 29 ақпанында Еуразия ұлттық 

университетінің ректоры өзінің 60 жылдығын 

атап өтті. 

Алпыстың асқарына шыққан Қазақстанның 

жетекші ЖОО басшысы, ҚР ҰҒА академигі, 

тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан 

Сыдықовты құттықтауға білім ордамыздың 

студенттері, оқытушы-профессорлар қауымы 

мен қызметкерлері, сондай-ақ, ЕҰУ-дің мәртебелі 

меймандары жиналды.    

Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми 

кеңесінің отырысы  мерейтой иесі Ерлан 

Сыдықовты құттықтаудан бастау алды.  

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт 

Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан 

құттықтауды Қазақстан Республикасы Президенті 

Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан 

Майлыбаев оқыды. Сонымен қатар ректорға 

Елбасының атынан алғыс хат табыс етілді. ЕҰУ 

ректорын 60 жылдығымен ҚР Білім және ғылым 

министрі Ерлан Сағадиев пен ҚР Мәдениет және 

спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана 

қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев 

құттықтап келді. Ректор Ерлан Сыдықов "Кітап 

мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін" медалімен 

марапатталды. Білім ордамыздың басшысына басқа 

да естелік сыйлықтар табыс етілді.  

Атақты ғалым-тарихшы, беделді жетекші 

Сыдықов Ерлан Бәтташұлы 2011 жылдан бастап 

Еуразия   ұлттық  университетіне басшылық 

 

 

етіп  келеді.  Бұған дейін Семей мемлекеттік 



педагогикалық университетінің (2004-2008 

жж.), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік 

университетінің (1997-2004, 2008-2011 жж.) 

ректоры қызметін атқарған. 

Ерлан   Сыдықовтың      жетекшілігімен    Л.Н.Гуми-

лев атындағы ЕҰУ отандық және халықаралық білім 

беру кеңістігінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді: 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті «Ұлттық бизнес-рейтинг» 

атты  халықаралық  рейтингтік  бағдарлама 

құрастырған  Қазақстан  Республикасы 

кәсіпорындарының 2014-2015 жылдар 

қорытындысы  бойынша «жоғары  білім» 

санатында жалпы мемлекеттік екі рейтингте 

көш бастап отыр. 

Қазақстан  Республикасының  салық 

төлеушілерін 

жалпы 


мемлекеттік 

саралаудың 

қорытындысы 

бойынша 


Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті «Сала көшбасшысы–2015» 

марапатының  иегері  атанды. «Қазақстан 

Республикасы  кәсіпорындарының ТОП-

85» рейтингі бойынша аталмыш жоғары оқу 

орны «алтын рейтингіне» еніп, «Астана 

қаласының  көшбасшы  кәсіпорындарының 

ТОП-7» рейтингінде  бірінші  орын 

иеленген. 

Қазақстан Республикасының кәсіпорын-

дарын  бағалау  барысында  сандық (өндіріс 

көлемінің  көрсеткіштері)  және  сапалық 

(еңбек  өнімділігі,  өндірістің  еңбек 

сыйымдылығы,  қуат  сыйымдылығы,  өрлеу 

және  өсім  қарқыны)  көрсеткіштер  есепке 

алынды. 


Жалпы саралауға 92 кәсіпорын қатысып, 

олардың  ішінде 32 кәсіпорын «алтын», 

30-ы «күміс», 30-ы «қола»   рейтінгісін 

иеленді. 

Жеңімпаздарды  ресми  марапаттау 

салтанаты Астана қаласында 2016 жылдың 

11 наурызында өтті. 

Айта кету керек,  Еуразия  ұлттық 

университеті  бұл  рейтингте  бірнеше  рет 

көш бастаған. 

«Сала көшбасшысы–2015»  мәртебесі 

Еуразия  ұлттық  университетін  нарықта 

қызмет көрсететін үздік кәсіпорын ретінде 

есептеуге толық құқық береді. 

Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия 

ұлттық 


университеті 

жылдан-жылға 

білім беру мен ғылым  саласында  озат 

екенін  дәлелдеп  келеді.  Олар:  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің 

«Алтын  


Сапа» сыйлығының «Қызмет  көрсететін 

үздік  кәсіпорын» номинациясындағы 

жеңіс, «Сала көшбасшысы–2014» 

атты 


Ұлттық бизнес-рейтингісінің 

марапаты,  Қазақстанның  үздік  жоғары 

оқу  орындарының  ұлттық  рейтингінде 

біріншілік, QS университеттердің  әлемдік 

рейтингінде жетекші позиция және т.б. 

Бұл  алынған  марапаттар  оқу  орнының 

мінсіз беделін, Қазақстан Республикасының 

экономикасына  қосқан  қомақты  үлесін 

растай түсетіні анық. 

  

Баспасөз қызметі 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын 

сапа» сыйлығының лауреаты (2012 ж.) атанып, 

2013 жылғы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы 

елдерінің қызмет көрсету және өнім сапасы 

жөніндегі сыйлығына ие болды, Орталық  Азия 

аймағы бойынша әлемдік білім беру рейтингілерінде 

жетекші сатылардан көрінді. Оқу орда басшысы 

лауазымы орасан зор ұйымдастырушылық күш-

жігер мен толыққанды қызмет етуді, білім және 

ғылым қызметін басқаруда заманауи тәсілдерді, 

отандық дәстүрді сақтау және шетелдік білім 

берудің инновациялық тәжірибесін енгізуді талап 

етеді. Мұнымен қоса, ЕҰУ басшысы – белгілі ғалым-

тарихшы, Шәкәрім, Жамбыл, Лев Гумилев туралы 

кітаптардың авторы. 

Ғылыми  кеңестің  жұмыс  бөлігі  Технологияларды 

коммерцияландыру департаментінің  директоры 

Жұмат Қарғынның аталмыш бөлімшенің қызметі 

туралы есебінен басталды. 

Ғылыммен айналысатын әрбір адам мына 

сөзді жиі еститін болса керек: «Нарық сіздің 

инновацияңызға мұқтаж». Коммерцияландыру 

мен ақпараттық-патенттік қызмет бөлімінен 

тұратын аталған департаменттің жұмысы Еуразия 

ұлттық университеті ғалымдарының инновациялық 

идеяларын іздестіру мен оны әрі қарай 

коммерцияландыру және жаппай өндіруге шығару 

болып табылады. 

Жұмат Қарғын Қазақстан экономикасының 

технологиялық жағдайына талдау жасап, ЭЫДҰ 

елдері бойынша технологиялық құрылыс жөнінде 

құрылымдарды салыстырды, сонымен қатар оның 

ішінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ рөлі жайында 

сөз етті. 

Ғылыми кеңестің келесі отырысы 2016 жылдың 

31 наурызында өтеді деп жоспарлануда. 



3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 5-6 (210-211), 

наурыз, 2016 жыл

Единство и гармония

НАУРЫЗА


Наурыз – 

Жыл басы

Тұсаукесер

Қаламгердің кеудесінде – «Күлтегін» медалі



Ғылыми кітапханада академик, жазушы 

Ғарифолла Есім «Наурыз – жыл басы» атты өзінің 

көпшілікке арналған дәрісін оқыды. Оған оқу 

орнының әлеуметтік даму жөніндегі проректоры, 

филология ғылымдарының докторы, 

профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі 

Дихан Қамзабекұлы бастаған бір топ ғалымдар, 

философия кафедрасының оқытушылары мен 

қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері 

қатысты. 

Наурыз мейрамы – адам теңдігінің ғарыштық 

үндестігі. Адам табиғаттан, ғарыштан тыс болмақ 

емес. Күн мен түннің теңесуі - адам бойындағы асыл 

қасиеттердің таразылануы, реттелуі, айқындалуы. 

Сондықтан бұл мейрамның теңдесі жоқ, дей келе 

дәріс оқушы – Наурыз мейрамына жаңаша көзқарас 

мынадай бірнеше мәселелерге назар салуды қажет 

ететіндігін атап өтті.

Біріншіден, Наурыз – Жыл басы. Осы ұғым өз 

мағынасында қалыптасуы керек. Наурыз Жаңа 

жыл емес, оны Жыл басы деп қабылдау – табиғатты 

мойындау.   Жыл басының символын атамыз қазақ 

қызғалдақтар деп анықтаған. Қызғалдақ немесе 

жауқазын – Жаңа жылдың символы. Солай көне 

заманнан келе жатыр.   Жауқазынның отаны – қазақ 

даласы. 

 Міне, осы жауқазын Наурыз жыл басының 

символы, оны қабылдауымыз табиғи жағдай. 

Екіншіден, Жыл басының символы шырша 

емес, оның символы – жауқазын, яғни наурыз 

айында мекемелер, көшелер, т. б. көпшілік болатын 

орындарда молынан жауқазынмен көмкерілген 

абаттандыру ісі қолға алынады. Бұл бағытта 

кәсіпкерлеріміз, мамандарымыз жауқазын гүлін өсіру 

ісін мықтап қолға алғандары жөн. Сондықтан да Жыл 

басының жаңа атрибуттарын қалыптастыруымыз 

керек.   Наурыз – құт мерекесі. Құттың халқымызда 

қалыптасқан символы бар. Ол – Қыдыр ата. Демек, 

Наурызда аяз ата емес, Жыл басында жұртшылыққа 

шапағат тілейтін Қыдыр ата, қасына Наурыз 

айын бейнелейтін бозбала – Наурызды ертіп, 

бүлдіршіндерге молынан сыйлық таратып, ән-күймен 

қауышқан балабақшалардан бастап мерекелер 

жүргізуін дәстүрге айналдыру қажет.  

Үшіншіден, Наурыз мейрамын он төртінші 

жұлдызынан көрісуден бастаған абзал. Елбасы 

айтқандай, «Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы 

қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта 

түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, 

жоқ-жетімге жәрдемдескен, алыс кеткен ағайын 

Со времени обретения Независимости 

Наурыз стал государственным праздником.  

И еще: раньше в дни Наурыза люди дарили 

друг другу подарки, не забудем об этом.

Девушки готовили специальное блюдо 

– ұйқыашар (пробуждающий ото сна), это 

молозиво с кусочками мяса. Оно и в самом деле 

бодрило, прибавляло сил, повышало тонус, 

мужественные парни становились нежнее, 

мягче, ласковее со своими избранницами. 

И тоже одаривали их. Подарок юноши 

назывался «селк еткізер» или «дір еткізер», 

что буквально означало – заставляющий 

вздрогнуть, трепетать.

И в самом деле было от чего трепетать

ведь подарок означал признание в любви. 

Девушкам вручали красивые гребни, яркие 

платочки, душистое мыло, флакончики духов. 

Взволнованные и растроганные, они заводилы 

веселые игры, пели песни, участвовали в 

веселых розыгрышах.

А какие вы знаете семь богатств, 

необходимых человеку? Не знаете? 

Подскажем: здоровье, воля, язык, сила, жена, 

дитя, сто овец, то бишь деньги. Заметьте, 

у древних материальных достаток был на 

последнем месте. 

После танцев и занимательных игр гости, 

расходятся со свертками в руках. Это тоже 

древняя традиция: передать оставшимся дома 

сарқыт, что-нибудь вкусное с праздничного 

стола. И в этом тоже есть своя символика – 

передавая сарқыт, вы как бы желаете вашим 

гостям благополучия и достатка в их доме и 

выражаете им свою признательность за то, 

что они разделили вместе с вами трапезу. Не 

правда ли, мудро?

Так здравствуй же, Наурыз!

Будь благословен и добр к нам!



Раушан КОШЕНОВА,

 доктор философских наук, 

профессор ЕНУ имени Л.Гумилева, 

член Союза журналистов РК 

Зиялы қауым өкілдері – ақын-

жазушылар мен ғалымдар қатысқан 

шараны ашқан Әлеуметтік-мәдени 

даму жөніндегі проректор Дихан 

Қамзабекұлы алғашқы сөз кезегін 

айтыскер ақын, филология ғыл-

ымдарының кандидаты Серік 

зат 

Дүйсенғазинге берді. Жырдан шашу 



шашып, ақжарма тілегін өлең тілімен 

өрген дарын иесі кеш қонағын ғана 

емес, сондағы жиналған қауымды да 

бір желпіндіріп тастады.

Содан кейін сөз алған жазушы 

өзінің шығармашылық жолы туралы 

әңгімелей келіп, «Семей қасіреті» 

атты деректі хикаятының жазылу 

тарихына тоқталды және осындай 

кездесуді ұйымдастырған Л.Н. 

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің ректоры Ерлан 

Сыдықовқа, жаңа кітаптың жарық 

көруіне демеушілік жасаған Шығыс 

Қазақстан облысының әкімі Даниал 

Ахметов пен сегіз жүз беттен тұратын 

кітапты заманауи талапқа сай басып 

қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан. 

Міне, көрісудің мақсаты осы». «Көрісу» дәстүрі 

Батыс өңірімізде әуел бастан қалыптасқан, соны 

жалпы елдік дәстүрге айналдыру маңызды іс.

Төртіншіден, Наурыз мейрамын тойлауда 

біз өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінен 

үлгі алғанымыз жөн. Дамыған елдер өздерінің 

Жаңа жылдарын «Рождество Христово» деген 

лейтмотивпен өткізеді де, жұртқа Рождестволық 

каникул жариялайды. Бұл күндерді халық тегіс 

мерекелейді. Сондықтан он төртінші наурыздан 

бірінші сәуірге дейін мектеп, орта және арнаулы және 

жоғары оқу орнының оқушылары және студенттеріне 

наурыз демалысын жариялау керек. 

Бесіншіден, әрине, Наурыз – жыл басы, бұл 

шығармашылық мейрам. Әрбір шығармашылық 

ұжым, әрбір қоғамдық ұйым Наурыз — Жыл басы 

мазмұнын, оның тәрбиелік мәнін, оның өркениеттік 

сипатын, оның шын мәніндегі адам теңдігінің 

ғарыштық негізі барлығын мүмкіндігінше әрі қарай 

жетілдіріп әкетуі керек.

Алтыншыдан, әсіресе, Наурыз мейрамы 

күндерінде әрбір адам өзінің қолынан келетін 

қайырымдылық іс-шараларын жасауы керек. Бұл – 

жан жомарттығы, бұл – тәрбие, Жаңа жылға деген 

құрмет, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың 

ізгілік жолындағы көріністері болмақ.

Жетіншіден, Наурыз мейрамын Қазақ елінің 

имиджі ретінде, өркениетті елдің мейрамы ретінде 

өткізу мақсатында жыл сайын «Наурыз – Жыл 

басы» деген мейрамды өткізудің жаңаша, мағыналық, 

мазмұндық жағын кемелдендіру мақсатында, 

патриоттық тәрбие беру мақсатында бәйге жариялап, 

үнемі жетілдіріп отырудың маңызы зор. 

Дәріс соңында осы жиынға арнайы шақырылған 

жас бүлдіршіндерге сыйлықтар тапсырылып, оған 

келген қонақтар Наурыз мейрамының дастарханынан 

дәм татты.

М. ЖҮНІС

шығарған «Фолиант» баспасына 

ерекше алғыс білдірді.

Бояуы кеппеген кітаптың 

тұсаукесер рәсімі одан әрі салтанатты 

жағдайда жалғасын тауып, Сейіт 

Қасқабасов, Серік Негимов, Нәубет 

Қалиев, тағы басқа профессор-

ғалымдар өз ой-пікірлерін ортаға 

салды.


Бас қосу соңында жазушы Медеу 

Сәрсекеге Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің 

«Күлтегін» медалі табыс етілді. 



Баспасөз қызметі

(Окончание. Начало на 1-стр.)

2016 жылдың 11 наурыз 

күні Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

орай Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінде 

 

жазушы Медеу Сәрсекенің «Семей 



қасіреті» атты деректі тарихи 

хикаятының тұсаукесер рәсімі 

болып өтті.

Қайсар қаламгер есімі 

ұлтымыздың біртуар ғұлама 

перзенттерінің ғибратты ғұмырын 

толғаған «Қазақтың Қанышы», 

«Біртуар Бөкетов», «Ноқталанған 

тарихшы» (Е. Бекмаханов жайлы) 

деректі роман-эсселері мен қалың 

қазаққа кеңінен танымал. Сексеннің 

сеңгіріне шыққан қарымды қалам 

иесінің бұл жолғы шығармасының 

жөні тіпті бөлек: деректі жанрдың 

хас шебері күллі семейліктер 

зардабын тартқан зұлматтың 

шынайы бет-пердесін бұлтартпас 

ауыр айғақтармен түре ашқан. 



4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 5-6 (210-211), 

наурыз, 2016 жыл

Біздің

Сәті түскен сұхбат

– Еуразия ұлттық университетінің та-

рихы Сіздің педагогикалық институтқа 

ректор болғаннан  басталады... Сол күн-

нен бастап жаңа оқу орнын құру, Пре-

зиденттің тапсырмасын орындау Сіздің 

алдыңызға үлкен мәселелер қойды?

– Иә, әлі есімде 1992 жылдың екінші 

сәуірінде Целиноград педагогикалық ин-

ститутына ректор болып тағайындалдым. 

Бұл 90-жылдардың аса бір қиын кезеңі еді. 

Біздің ұжым да тәуелсіздіктің алғашқы жыл-

дарының қиыншылықтары мен ауыртпа-

лығын өзінің басынан өткізді. Қазір біреу-

лерге сол кезде оқытушыларға жалақы, сту-

денттерге шәкіртақы бере алмай, жылу мен 

электр жүйесіне қаражат болмай, төлем ақы 

төлей алмадық десек, таңданыспен қарауы 

мүмкін. Бірақ та  бұл болған шындық. Басқа 

облыс орталықтарында бірлі-жарым жоға-

тұңғыш

Үстіміздегі жылы еліміздегі таңдаулы жоғары оқу          

орындарының бірі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт-

тық университетінің құрылғанына 20 жыл толады. Осы 

датаға орай алдағы уақытта газет ұжымы оқу ордасы-

ның қалыптасу кезеңі мен оның жетістіктері жайлы 

материалдар мен топтамалар беруді жоспарлап отыр. 

Солардың ішінде университетті әр кездері басқарған 

ректорлар мен департаменттер басшылары, жетекші 

мамандары жайлы жазылған мақалалар жарияланбақ. 

Төменде біз Еуразия университетінің тұңғыш ректоры, 

қазіргі кезеңде Еуразия Гуманитарлық институтының 

ректоры,  тарих ғылымдарының докторы, профессор 

Амангелді Құсайынұлы Құсайыновпен болған сұхбатты 

жариялап отырмыз.

ры оқу орны болғандықтан, жағдайлары 

онша жаман болмауы да мүмкін. Ол кездегі 

Целиноградта төрт институт болатын, ал 

солардың ішінде ең жағдайы нашар біздің 

пединститут еді десем, өтірік айтқандық 

болмас. 

Жатақханаларға, тіпті оқу корпуста-

рының өзіне ешбір негізсіз кіріп алған 

жеке сау да орындарын, жеке меншіктегі 

арендаторларды, институт аумағындағы 

автотұрақты олардың қарсылықтарына қа-

рамастан екі айдың ішінде тазарттық. Әри-

не, қарсылық аз болған жоқ. Бұл мәселеде 

институт ұжымы мені бірауыздан қолдады, 

қолдарынан келген көмектерін көрсетті. 

Алдымен тәртіп пен тазалықты қолға ал-

дық. Ол кезде институтта бар-жоғы бір док-

тор, 27 ғылым кандидаты ғана бар екен. Ин-

ституттағы ең күрделі мәселе - кадрларды 

пәтермен қамтамасыз ету болатын. Бірінші 

күннен бастап, қаңырап бос қалған екі 

жатақхананы жас мамандарға баспана 

етіп беру мәселесін қолға алдық. Осы екі 

жатақханадан жас мамандар үшін 98 күннің 

ішінде қажетті жағдайларымен бір және екі 

бөлмелі тұрғын пәтерлер жасадық.

Алғашқы кезде Еуразия университетін 

ашу жөнінде әртүрлі әңгімелер көп болды. 

Біреулер Алматыда, екіншілері Оралда 

ашылады екен деп айтып жатты. Соған 

қарамастан біз де өзімізше дайындалып, осы 

университетті ашу жөніндегі Президент 

Жарлығын асыға күткен едік. Біздің 

бағымыз шығар, астананың Целиноградқа 

көшуіне байланысты университет өзіміздің 

оқу  орнынан  ашылды. Бұл 1996 жылдың   

23 мамыры болатын.

Бүгінгі Еуразия  ұлттық университеті 

қай институттардың негізінде құрылды? 

Оның құрылуына байланысты қандай 

мәселелер қолға алынды?

Сол жылдары облыс орталықтарында 

аймақтық университеттерді құру ісі қолға 

алынған болатын. Соның нәтижесінде 

Целиноград педагогикалық және 

инженерлік-құрылыс институттарының 

негізінде Ақмола аймақтық университеті 

құрылды.

Астананың Алматыдан Ақмолаға 

көшірілуіне орай  Ақмола университеті 

Еуразия университеті болып қайта 

құрылғаны баршаға аян. Оның тұңғыш 

ректоры етіп мені тағайындады. 

Жаңа университеттің құрылуына 

байланысты ұжымның алдына жаңа талаптар 

мен міндеттер жүктелді. Ең алдымен оқу 

әдістемелік жағдайын жақсарту, жаңа 

мамандықтар ашу, материалдық базасы мен 

оқу сапасын көтеру мәселелері қойылды. 

Университетте барлық мамандықтарға 

қазақ тілімен қатар (180-нен 300-ге дейін) 

шетел тілдерін оқыту мәселесі де көтерілді. 

Шетел тілін екінші мамандық етіп оқыту, 

сағат санын 320-дан 1618 сағатқа дейін 

көбейту, осыған орай оқу-әдістемелік 

бірлестікті (УМО) университетке алу, 

университет түлектерінің дипломдарына 

екінші мамандық ретінде шетел тілінің 

маманы деген квалификация жазу мәселесі 

де министрлік тарапынан қолдау тапты. 

Сондай-ақ, университет болғаннан кей-

ін шет елдермен де байланыс жандана түсті. 

Атап айтқанда Германия, Франция мем-

лекеттерімен және Каир университетімен 

екіжақты келісімдер жасалып, түрлі орта-

лықтар жұмыс істей бастады.

Оқу ордасында спорт пен дене шы-

нықтыру мәселесіне де көңіл бөліне баста-

ды. Оны жақсарту мақсатында универси-

тетке жеңіл атлетикадан еліміздің екі дүркін 

чемпионы В. Кононов, бокстан республика 

чемпионы Станислав Гущин, волейболдан 

республикаға еңбегі сіңген жаттықтырушы 

И.Титов шақырылды. Факультетке респуб-

ликалық жарыстардың жүлдегерлерін, 

облыс жарыстарының жеңімпаздарын 

емтихансыз қабылдау мәселесі шешілді. 

И.Титов 

тың жетекшілігімен волейболдан 

жоғары топта ойнайтын қыздардың «Уни-

верситет» командасы құрылды. Команда 

капитандығына бір кезде Алматыдағы АДК 

командасында ойнаған, КСРО құрама ко-

мандасының белсенді ойыншысы Е.Беспа-

лова келді. Міне, осы «Университет» ко-

мандасы 1996-1999 жылдары республика-

ның бірнеше дүркін қола медаліне ие болды. 

Университеттегі музыка факультетінің 

базасында импровизатор, ақын, Ақмола 

өңірінің тумасы, ұлы Құлтума атындағы 

филармония ашылды. Филармония жетек-

шілігіне Абай атындағы опера және балет 

театрының жетекші әншісі, Қазақ КСР-ның 

еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржық-

баев шақырылды. Консерватория түлектері 

Г.Хамзина, Г.Байгазинова, Т.Руднева, Е.Ка-

закеевич және басқалар осы филармонияға 

келді. Бүгінде олар – опера және балет теа-

трының жетекші әншілері. 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын-

да, өнер ошақтарының жабылған кезінде 



5

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 5-6 (210-211), 

наурыз, 2016 жыл

Писатель Мурад Аджи. Презентация  книги "Кипчаки"

Встреча в Каирском университете (Египет)

ректор

құрылған бұл өнер ұжымдарының өмірге ке­



луіне, олардың қалыптасып, қанат қағуына 

Ақмола облыстық мәдениет бөлімінің бас­

тығы Дүйсен Мұсабековтің, Ақмолада Қа­

зақ музыкалық­драма театрының іргетасын 

қалаған марқұм Жақып Омаровтың сіңір­

ген еңбектерін ерекше атап өтуге тиістіміз. 

Аты аталған адамдар дер кезінде қол ұшын 

бермесе, бұл өнер ордалары болар ма еді, 

болмас па еді?.. Сол жылдары К.Мыржық­

баевтың жетекшілігімен Конгресс­Холлда 

«Евгений Онегин» операсы қойылды. Оны 

қалай ұмытамыз. Спортшыларға жарысқа 

қатынасуы үшін жасалған жағдайларды, 

филармонияның, оркестрдің әртістерін 

киіндіру мәселелерін сол кезеңдегі қиын 

қаржылық жағдайында жүзеге асыру біздер­

ге оңайға соқпағаны белгілі. 



  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал