Заключение
Рассмотрев международно-правовые стандарты в области прав человека, мы приходим к
выводу, что в действительности принцип приоритета жизни и здоровья участников дорожного
движения над экономическими результатами хозяйственной деятельности не соблюдается
надлежащим образом на территории нашей страны. Более того, права человека лиц, участвующих
в дорожном движении в Республике Казахстан, в том числе с особыми нуждами, систематически
нарушаются в силу отсутствия соответствующего законодательства либо слабой эффективности
правоприменительной практики. Необходимо в срочном порядке разработать и принять
соответствующие меры для улучшения ситуации с безопасностью дорожного движения в стране.
Конечно, принятие отдельных мер потребуют существенных финансовых затрат, однако, как
закреплено в нашем законодательстве, жизнь и здоровье человека имеют приоритет над
экономическими выгодами государства, и этот приоритет должен быть не только на бумаге, но и в
действии.
ЛИТЕРАТУРА
1
Центр новостей ООН, «Новая декада безопасности дорожного движения призвана спасти жизни пяти
миллионов человек в мире» от 12 мая 2011 года // https://www.un.org/russian/news/story.asp?newsID=15567
2
Закон Республики Казахстан от 15 июля 1996 года № 29-I «О безопасности дорожного движения» (с
изменениями и дополнениями по состоянию на 04.07.2013 г.)// http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=1006177
[последний просмотр 20 октября 2013 г.]
3 Международный пакт о гражданских и политических правах от 16 декабря 1966 г. (ратифицирован Законом
Республики
Казахстан
от 28 ноября 2005 года
№ 237-IV ЗРК) //
http://www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/pactpol.shtml
4 Международный пакт об экономических, социальных и культурных правах (16 декабря 1966 г.) Ратифицирован
Законом Республики Казахстан 21 ноября 2005 года № 87-III, вступил в силу для РК 24 апреля 2006 года //
http://www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/pactecon.shtml
5 Декларация
Рио-де-Жанейро
по
окружающей
среде
и
развитию 1992 г.//
http://www.un.org/ru/documents/decl_conv/declarations/riodecl.shtml [последний просмотр 20 октября 2013 г.]
6 Информационный портал Today.kz, В Алматы количество автомобилей за 20 лет увеличилось в три раза» //
www.today.kz
7 Газета «Время», «Разборки на дорогах» от 24 октября 2013 года // http://www.time.kz/articles/risk/2013/10/24/razborki-
na-dorogah
8 Информационный портал KN.kz, “ИНФОГРАФИКА: Активный рост ДТП в Алматы” от 29 октября 2013 года//
http://www.kn.kz/ru/news/view/id/45475/
9 Информационный портал iDrive.kz “Казахстан захлестнула волна ДТП» от 9 октября 2013 года //
http://www.idrive.kz/clubs/154/kazahstan_zahlestnula_volna_dtp___3
10
Pulitzer Centre // http://roadskillmap.com/
11
Информационный портал Капитал «4 города СНГ попали с топ-30 самых грязных мегаполисов мира» от 30
июля 2013 года // http://kapital.kz/world/18999/4-goroda-sng-popali-v-top-30-samyh-gryaznyh-megapolisov-mira.html
12
Свободная
энциклопедия
«Википедия»,
статья
«Выхлопные
газы»
http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D1%8B%D1%85%D0%BB%D0%BE%D0%BF%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B
3%D0%B0%D0%B7%D1%8B [последний просмотр 22 октября 2013 г.]
13
Конвенция о правах ребенка (20 ноября 1989 г.) (Ратифицирована постановлением Верховного Совета РК
от 8 июня 1994 г. № 77)// http://www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/childcon.shtml
14 Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2012 года № 730 «Об утверждении Отраслевой
программы обеспечения безопасности дорожного движения в Республике Казахстан на 2012-2014 годы»//
http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1200000730
15 Конвенция о правах инвалидов (13 декабря 2006 г.) (Подписана Указом Президента РК от 11 декабря 2008 года
№ 711) // http://www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/disability.shtml
REFERENCES
1 The center of news of the UN, "New decade of safety of traffic is urged to save lives of five million people in the world" of
May 12, 2011/https:/ www.un.org/russian/news/story.asp? newsID=15567
2 The law of the Republic of Kazakhstan of July 15, 1996 No. 29-I "About safety of traffic" (with changes and additions as of
04.07.2013) /http:/online.zakon.kz/Document/?doc_id=1006177 [the last viewing on October 20, 2013]
3 The International Covenant on Civil and Political Rights of December 16, 1966 (ratified by the Law of the Republic of
Kazakhstan of November 28, 2005 No. 237-IV ZRK) /http:/www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/pactpol.shtml
4 The International Covenant on Economic, Social and Cultural Rights (on December 16, 1966) Is ratified by the Law of the
Republic of Kazakhstan on November 21, 2005 No. 87-III, came into force for RK on April 24,
2006/http:/www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/pactecon.shtml
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
136
5 The declaration Rio de Janeiro on environment and development of
1992/http:/www.un.org/ru/documents/decl_conv/declarations/riodecl.shtml [the last viewing on October 20, 2013]
6 Information portal of Today.kz, In Almaty the number of cars in 20 years increased three times"/www.today.kz
7 The newspaper "Vremya", "Razborki na dorogakh" of October 24,
2013/http:/www.time.kz/articles/risk/2013/10/24/razborki-na-dorogah
8 Information portal of KN.kz, "INFOGRAFIKA: Active growth of road accident in Almaty" of October 29,
2013/http:/www.kn.kz/ru/news/view/id/45475/
9 Information portal of iDrive.kz "Kazakhstan was overflowed by a wave of road accident” 9 October, 2013
/http:/www.idrive.kz/clubs/154/kazahstan_zahlestnula_volna_dtp___3
10 Pulitzer Centre /http:/roadskillmap.com/
11 Information portal the Capital "4 cities of the CIS got with top-30 the dirtiest megalopolises of the world" of July 30, 2013
/http:/kapital.kz/world/18999/4-goroda-sng-popali-v-top-30-samyh-gryaznyh-megapolisov-mira.html
12 Free encyclopedia "Wikipedia", article "Exhaust Gases"/
http:/ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D1%8B%D1%85%D0%BB%D0%BE%D0%BF%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B
3%D0%B0%D0%B7%D1%8B [last viewing on October 22, 2013]
13 The Convention on the Rights of the Child (on November 20, 1989) (ratified by the resolution of the Supreme Council of
RK of June 8, 1994 No. 77) /http:/www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/childcon.shtml
14 The resolution of the government of the Republic of Kazakhstan of June 1, 2012 No. 730 "About the approval of the
Industry program of safety of traffic in the Republic of Kazakhstan for 2012-2014" /http:/adilet.zan.kz/rus/docs/P1200000730
15 The Convention on the Rights of Persons with Disabilities (on December 13, 2006) (It is signed by RK Presidential decree
of December 11, 2008 No. 711)//http:/www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/disability.shtml
Х.К. Ажигулова, ғылыми қызметкер, заң магистрі (Ұлыбританияның Оксфорд Университеті), заң
докторанты(Ұлыбританияның Лестер Университеті)
əл-Фараби атындағы ҚазҰҮ Мемлекет жəне заң ғылыми институты, Алматы қ.
ЖОЛ-ТРАНСПОРТТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ САЛАСЫНДЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ
СТАНДАРТТАРЫ
Резюме
Осы ғылыми мақалада автор жол-транспорттық қатынастарға байланысты халықаралық құқықтық стандарттарын
қарастырып, адам құқықтары Казақстан Республикасы жəне оның ең үлкен Алматы қаласының ауқымындағы жол
қозғалыс кауіпсіздігін реттеуде сақтайтын деңгейді талдап жіктейді.
В данной научной статье автор рассматривает международно-правовые стандарты, применимые к дорожно-
транспортным отношениям, а также проводит анализ законодательства и правоприменительной практики Республики
Казахстан, чтобы выявить, насколько права человека соблюдаются при обеспечении безопасности дорожного движения в
Республике Казахстан, в целом, и в крупнейшем городе страны - Алматы, в частности.
Azhigulova Khalida, research fellow, Magister Juris (University of Oxford, UK), PhD Law postgraduate (University of
Leicester, UK)
Research Institute of State and Law, al-Farabi Kazakh National University, Almaty
INTERNATIONAL HUMAN RIGHTS STANDARDS IN REGULATION OF ROAD TRAFFIC RELATIONS
Summary
In this research article, the author examines a number of fundamental international human rights standards that are, inter alia,
applicable to road traffic relations, and further analyses the legal framework and administrative practices of the Republic of
Kazakhstan to identify to what extent these standards are observed in road safety regulations in the Republic of Kazakhstan, in
general, and its largest city Almaty, in particular.
Сведения об авторе
Ажигулова Халида Канатбековна, магистр права Университета Оксфорд Великобритании, докторант Университета
Лестер Великобритании
Место работы: Научный институт государства и права КазНУ им. аль-Фараби:
№6. 2013
137
УДК: 341.229
С.Ж. АЙДАРБАЕВ
1
, П.Р. СТАМҒАЗИЕВА
2
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы
1
,
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасының магистранты
2
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАРЫШ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ
САЛА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖƏНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
КЕЛІСІМ-ШАРТТАРДЫҢ РОЛІ
Аннотация
Мақалада халықаралық ғарыш құқығының қазіргі халықаралық жария құқығы саласы ретінде
қалыптасуы қарастырылады. Жаңа сала болып қалыптасуының міндетті элемент процессі ретінде
кодификациялық мінезді келісім актілердің ролі туралы тұжырымдама жасалынды.
Адамзат тарихындағы жаңа дəуір, атап айтқанда ғарыш кеңістігін зерттеу жəне пайдалану
дəуірі 1957 жылы 4 қазан күні басталды. Тұл күні Кеңес Одағында халықаралық геофизика жылы
шеңберінде əлемдегі ең бірінші Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ғарыш саласын зерттеудің
бастапқы қадамдарынан-ақ жаңа саланы құқықтық реттеу қажеттілігі мен маңыздылығы танылды.
Заңи нормалардың жиынтығы ретінде халықаралық ғарыш құқығы 1959 жылдан бастап
Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан əрі - БҰҰ) Бас Ассамблеясының қарарларында қалыптаса бастады,
ал 1967 жылы алғашқы кодификациялық акт қабылданды – Ай мен өзге де аспан денелерін қоса
алғанда ғарыш кеңістігін зерттеу жəне пайдалану бойынша мемлекеттер қызметінің қағидалары
туралы Шарт (бұдан əрі – Ғарыш бойынша Шарт).
Ғарыш бойынша Шарт 1967 жылдың 10 қазан күні күшіне енді жəне оның мəтінінде 1963
жылдың 13 желтоқсан күні БҰҰ Бас Ассамблеясымен бір ауыздан қабылданған Ғарыш кеңістігін
зерттеу
жəне
пайдалану
бойынша
мемлекеттер
қызметінің
құқықтық
қағидалары
Декларациясының барлық ережелері бекітіліп, жетілдірілді.
1963 жылғы Декларацияда келесі қағидалар көрініс тапқан болатын, атап айтқанда:
- ғарыш зерттелуі жəне пайдалануы барлық адамзат игілігіне жəне мүддесінде жүзеге
асырылуы тиіс;
- ғарыш пен аспан денелері барлық мемлекеттердің игеруіне теңдік негізінде ашық болып
саналады;
- ғарыш пен аспан денелерін ешқандай құралдар арқылы иемденуге болмайды;
- ғарыш қызметі халықаралық құқық, оның ішінде БҰҰ Жарғысына сəйкес жүзеге асырылуы
тиіс;
- мемлекеттер ғарыштағы қызметі үшін, оның ішіндегі үкіметтік емес заңды тұлғалардың
қызметі үшін халықаралық жауапкершілікке тартылады;
- ғарышты зерттеу жəне пайдалану кезінде мемлекеттер ынтымақтастық жəне өзара көмек
көрсету қағидаларын басшылыққа алады жəне басқа мемлекеттердің мүдделерін тиісті түрде
ескеруі тиіс;
- мемлекет ғарыштағы өзінің ғарыш объектілері мен олардың экипаждарына юрисдикциясы
мен бақылауын сақтайды;
- шетелдік аумаққа қонған объектілер оларды ұшырған мемлекетке қайтарылады;
- ұшырушы мемлекеттер өздерінің ғарыш объектілерімен келтірілген зиян үшін халықаралық
жауапкершілікке тартылады;
- ғарышкерлер ғарыштағы адамзат елшілері ретінде қарастырылады, апат болған жағдайда
оларға түрлі көмек көрсетіледі жəне олар ұшырушы мемлекетке тез арада қайтарылуы тиіс.
Бұл қағидаларға қоса Ғарыш бойынша Шарт ғарышты əскери мақсатта қолдану саласында
шектеулер белгіледі.
Шарттың IV бабына сəйкес Жер төңірегіндегі орбитаға ядролық қару мен басқа да жаппай
жою қару түрлерін шығаруға, мұндай қаруды аспан денелерінде орналастыруға немесе басқа да
түрде оларды ғарышта орналастыруға тыйым салынады. Ай мен өзге де аспан денелері тек бейбіт
мақсатта ғана пайдаланылуы тиіс, оларда əскери базаларды, қондырғыларды, бекіністерді құру,
қарудың кез келген түрін сынақтан өткізуге жəне əскери маневрлер жүргізуге тыйым салынады.
Заңгерлердің басым көпшілігінің пікірінше ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында халықаралық
ғарыш құқығы саласы қалыптасты. Оның негізгі қайнар көздерін БҰҰ шеңберінде дайындалып
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
138
қабылданған бес халықаралық келісім-шарт жəне қағидалар деп аталатын БҰҰ Бас
Ассамблеясымен қабылданған əрі заңи күші жоқ құжаттар құрайды [1, с.29].
Халықаралық ғарыш құқығының басты бес негізгі қайнар көзіне келесі арнайы халықаралық
келісім-шарттарды жатқызамыз:
1) Ай мен өзге де аспан денелерін қоса алғанда ғарыш кеңістігін зерттеу жəне пайдалану
бойынша мемлекеттер қызметінің қағидалары туралы 1967 жылғы Шарт (бұдан əрі бұл құжатты
1967 жылғы Ғарыш бойынша Шарт деп атаймыз). Шарт мемлекеттердің қол қойуы үшін 1967
жылдың 27 қаңтар күні ашылды, ал сол жылдың 10 қазан күні өз күшіне енді.
Бұл Шарт ғарыштағы мемлекеттер қызметін реттейтін келісімдер ішінде ерекше орынға ие.
Мəселен, əйгілі кеңестік-ресейлік заңгер-ғалым Г.П.Жуков бұл құжатта бекітілген қағидаларды
Халықаралық ғарыш кодексі деуге толық негіз бар деп айтады [2];
2) Ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлерді қайтару жəне ғарыш кеңістігіне ұшырылған
объектілерді қайтару туралы 1968 жылғы Келісім (бұдан əрі - 1968 жылғы Құтқару туралы
Келісім);
3) Ғарыш объектілерімен келтірілген зиян үшін халықаралық жауапкершілік туралы
Конвенция (бұдан əрі – 1972 жылғы Жауапкершілік туралы Конвенция);
4) Ғарыш кеңістігіне ұшырылған объектілерді тіркеу туралы Конвенция (бұдан əрі – 1975
жылғы Тіркеу туралы Конвенция);
5) Ай мен өзге де аспан денелеріндегі мемлекеттер қызметі туралы Келісім (бұдан əрі – 1979
жылғы Ай туралы Конвенция).
Бұларға қосымша халықаралық ғарыш құқығының заңи күші жоқ келесі қайнар көздерін атап
көрсетуіміз керек:
- 1963 жылғы Ғарыш кеңістігін зерттеу жəне пайдалану бойынша мемлекеттер қызметінің
құқықтық қағидалары Декларациясы;
- 1982 жылғы Халықаралық тікелей теледидар көрсетілімдері үшін Жердің жасанды
серіктерін мемлекеттермен пайдалану қағидалары;
- 1986 жылғы Жерді ғарыштан алыс қашықтықтан тексеру (зондылау) қағидалары;
- 1992 жылғы Ғарыш кеңістігінде ядролық энергия көздерін пайдалануға қатысты қағидалар;
- 1996 жылғы Дамушы елдердің қажеттіліктерін ерекше ескеру арқылы барлық
мемлекеттердің игілігі мен мүдделерінде ғарыш кеңістігін зерттеу жəне пайдаланудағы
халықаралық ынтымақтастық туралы Декларация.
Осы қатардағы халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздеріне БҰҰ Бас Ассамбеясының
əрбір кезекті сессиясында жыл сайын қабылданатын «Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта
пайдаланудағы халықаралық ынтымақтастық» деп аталатын қарарларды да жатқызамыз. Бұл
қарарларда Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану бойынша БҰҰ Комитетіне (бұдан əрі –
Ғарыш бойынша БҰҰ Комитеті) арналған маңызды ұсыныстар жасалады.
Көрсетілген қайнар көздермен қатар ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдаланудың
халықаралық қырларын реттейтін екі жақты жəне көп жақты халықаралық келісімдерді де қайнар
көздер қатарына жатқызуға болады.
Келісім-шарттық қайнар көздермен бірге халықаралық ғарыш құқығында халықаралық əдет-
ғұрыптың да маңызы зор екенін ұмытпауымыз керек, өйткені халықаралық ғарыш құқығының
қалыптасуы кезінде «бірқатар əдет-ғұрып нормалары тиісті келісім-шарттық нормалардың негізін
құрады» [3, с.12].
А.В. Яковенконың пікірі бойынша, ғарыш құқығының кең мағынадағы қайнар көздері
қатарына халықаралық уағдаласуларда осы күнге дейін өз көрінісін таппай келе жатқан, бірақ
бірқатар мəселелерді реттеуде айрықша роль атқаратын əртүрлі ұлттық заңнамаларды да
жатқызуға болады. Мысал ретінде бұл ғалым ғарыш қоқыстарына қатысты кейбір елдердің ұлттық
заңнамаларын келтіреді [4, с.3-4].
Біздің ойымызша, бұл көзқарас халықаралық құқық теориясы мен тəжірибесіне қайшы
келеді, өйткені жекелеген ірі ғарыштық державаларының заңнамаларын халықаралық келісім-
шарттар деңгейіне теңестіру, біріншіден, халықаралық құқық деңгейін төмендетеді, екіншіден,
мемлекеттердің егеменді теңдігі қағидасына жəне тағы да бірқатар қағидаларға қайшы келеді.
Сондықтан ғылымдағы мұндай көзқарастарға басынан бастап қарсылық білдіру керек деп
ойлаймыз.
Көп заңгерлердің ойы бойынша халықаралық ғарыш құқығы халықаралық жария құқықтың
саласы ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болғанымен, құқықтық ғылым ретінде
халықаралық ғарыш құқығының пайда болуын ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына апарып тастауға
болады, өйткені осы кезде чех ғалымы В. Мандл мен кеңестік ғалым А. Коровинның ең бірінші
ғылыми еңбектері жарық көрген [5, с.582].
№6. 2013
139
Теориялық əдебиеттерде халықаралық ғарыш құқығының халықаралық жария құқығы
саласы ретінде қалыптасуы мен дамуын үш кезеңге бөліп қарастыру жиі кездеседі. Мəселен,
мұндай сыныптама А.В. Лукьянованың ғылыми еңбегінен көруге болады [6, с.5-7].
Аталған сала дамуының бірінші кезеңіне ХХ ғасырдың 50-60 жылдары жатқызылады.
Ғылымда бұл кезеңді «жер серігін жіберуге дейінгі» кезең деп атайды.
Екінші кезеңге халықаралық ғарыш құқығының халықаралық құқықтық (келісім-шарттық)
негізін құру кезі жатқызылады. Мұндай негізді құрайтын халықаралық құқықтық актілер қатарына
жоғарыда көрсетілген бес негізгі халықаралық келісім-шартты жатқызамыз.
Екінші кезең шеңберінде осыншама халықаралық құқықтық құжаттардың қабылдануы,
халықаралық құқық ғылымында олардың жан жақты зерттелуіне алып келді. Бұл кеңестік те,
шетелдік те халықаралық құқық ғылымына тəн қасиет болды.
Мəселен, бұл кезеңде кеңестік халықаралық құқық ғылымында Ай мен өзге де аспан
денелерінің, сондай-ақ олардың мəртебесі мен режиміне арналған Э.Г.Василевская-Жукованың екі
бірдей монографиясы шықты. Сонымен қатар, В.Д. Бордунов, B.C. Верещетин, В.В. Марков,
A.A. Рубанов, М.Н. Штерн сияқты ғалымдардың монографиялық еңбектері жарық көргенін айтып
кету керек. Бұл еңбектерде ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың басты бағыты ретінде оның
бейбіт сипаты мен соған байланысты артықшылықтар қарастырылған болатын.
Халықаралық ғарыш құқығы саласының қалыптасуы мен дамуындағы үшінші кезең – ХХ
ғасырдың соңғы онжылдығы мен осы күнге дейін созылуда. Бұл кезеңнің келесі ерекшеліктерін
атап айтуға болады:
- уақытша жəне тұрақты сипаттағы мемлекетаралық ғарыш ұйымдары мəртебесінің нығаюы
арқылы халықаралық ғарыш құқығы саласының субъектілік құрамы толықтырылды;
- ғарыш қызметіне қатысатын мемлекеттер саны артты;
- ғарыштың коммерциялануына əкеле жатқан жаңа ғарыштық экономика белсенді дами
бастады;
- халықаралық ғарыш құқығы саласының анықтама аппаратын кеңейту жəне нақтылау
бойынша доктриналық талпыныстар едəуір күшейе түсті [6, с.5-7].
Халықаралық ғарыш құқығы дамуының үшінші кезеңіне қатысты ресейлік ғалым
А.В.Яковенко мынадай сипаттама береді [4, с.3-5].
ХХ ғасырдың аяғына қарай əлемдік ғарыштық индустрияда Шығыс пен Батыс арасындағы
саяси текетірестің аяқталуына байланысты кең ауқымды өзгерістер орын алды. Осының
нəтижесінде ғарышты игеру саласындағы халықаралық ынтымақтастық ауқымы аяқ асты ұлғая
бастады, ғарыш қызметінің лезде коммерциалануы жəне оның мемлекетпен реттелуі бəсеңдене
бастады.
Осы үдеріс салдарынан ғарыш қызметінің 1960-шы, 1970-ші, 1980-ші жылдары болжауға
мүмкін болмайтын жаңа түрлері мен ұйымдық нысандары туындады. Мұның ең жарқын
көріністерінің бірі ретінде ғарыш саласындағы қолданылып келе жатқан бірқатар халықаралық
шарттардың негізгі ұғымдарының бірі – «ұшырушы мемлекет» ұғымының қанағаттанарлықсыз
жағдайын келтіруге болады, - дейді А.В. Яковенко.
Мəселен, соңғы жылдар бойы іс жүзінде нақты «ұшырушы» ретінде мемлекет емес жеке
компания жұмыс атқаратын жағдайлар жиі кездесіп тұрады жəне мұның өзінде осындай компания
ғарыш қызметіне ешбір қатысы жоқ үшінші елдің аумағынан ұшыруды жүзеге асыратын əрі
компанияның оффшорлық аймақта тіркелген жағдайлары да көптеп кездесіп жатады.
Осындай жағдайларда ғарыш аппаратын тіркеу, болашақта орын алуы мүмкін жауапкершілік
мəселелері қалай шешілуі тиіс деген көптеген əрі күрделенген сұрақтар пайда болады.
Қазіргі кезде мұндай мəселелер жеке-құқықтық сипатқа ие келісім-шарттар арқылы шешіліп
келе жатыр жəне олардың өзінде көп жағдайлар іс жүзінде «мейрімді ерікке» байланысты болып
келеді. Соңғы кездерде кездесетін ең жарқын мысал ретінде «Теңіз старты» жобасын келтіруге
болады. Бұл жоба бойынша ғарыш аппараттары ашық теңізден, нақтырақ айтқанда либериялық
туы бар Кайман аралдарында тіркелген компанияның иелігінде жүзгіш платформа үстінен
ұшырылады. Халықаралық теңіз құқығы нормаларына сəйкес ғарыш аппараттарын ұшыруға
арналған платформа Либерия юрисдикциясында болады. Демек 1972 жылғы Жауапкершілік
жөніндегі Конвенция мен 1975 жылғы Тіркеу жөніндегі Конвенция бойынша Либерия «ұшырушы»
мемлекет ретінде танылуы тиіс жəне белгілі бір апаттық жағдайларда барлық тиісті салдар оның
мойнына жүктелуі тиіс [4, с.3-5].
Халықаралық ғарыш құқығының сала ретінде қалыптасуына тікелей байланысты
мəселелердің бірі ретінде ғарыш қызметіне қатысы бар мемлекеттердің ұлттық заңнамаларының
қалыптасуын да жатқызуға болады деп есептейміз. Əрине, жекелеген мемлекеттердің ұлттық
заңнамасы халықаралық ғарыш құқығының қайнар көзі ретінде қарастрыла алмайды, бірақ оның
жетілдірілуіне өз əсерін тигізуі мүмкін деп есептейміз.
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
140
Ресейлік зерттеуші-ғалым С.П. Малков бұл мəселе төңірегінде былай дейді. Кеңес Одағында
ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу жəне игеру жөніндегі ауқымды бағдарламалардың
болуына қарамастан, ғарыш қызметінің кеңестік кезеңі ғарыш қызметін заңнамалық реттеудің
болмауы мəселесімен сипатталады. Бұл кезеңде ғарыш қызметі қатал əкімшілдік реттеу арқылы,
яғни Министрлер Кеңесі, Жалпы машина жасау Министрлігі, Қорғаныс өнеркəсібі министрлігі,
КСРО қорғаныс Миністрлігі сияқты органдардың қабылданған шешімдері мен енгізілген ғарыш
қызметінің ережелері арқылы басқарылып отырды. Ғарышты пайдалану бойынша ұлттық
бағдарламаларын жүзеге асырып отырған бірқатар мемлекетерге қарағанда (олар, АҚШ, Франция,
Австрия жəне т.б.) КСРО-да ғарыш саласын басқаруға арналған мамандандырылған үкіметтік
орган құрылған емес.
1991 жылы КСРО-ыдырауына байланысты заңнамалық-құқықтық реттеудің болмауы
ғарышты игерудің ресейлік бағдарламасын жоққа шығару қауіп-қатерін төндірді. Осыған
байланысты Ресей Федерациясында ғарыш қызметі жөніндегі заңнамалық актілерді қабылдау
бойынша объективтік қажеттілік туындады, сондай-ақ ресейлік космонавтиканың басқарылуын
ұйымдық-құқықтық
ресімдеу,
яғни
ғарыш
қызметі
бойынша
атқарушы
биліктің
мамандандырылған федералды органын құру қажеттігі пайда болды, - дейді С.П. Малков. Оның
айтуы бойынша бүгінгі күні Ресейдегі ғарыш қызметін құқықтық реттеу отандық ғарыш
саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды элементке айналды əрі маңызды орынға
ие болды [7, с.3-5].
Ресейлік зерттеушінің қорытындыларын біздің еліміз Қазақстан үшін де аса маңызды əрі
өзекті деп санауға болады. Бұл мəселелер біздер үшін де көкейкесті болып отыр.
Жоғарыда келтірілген мəліметтерді талдай келе, халықаралық ғарыш құқығының
қалыптасуына қатысты бірқатар қорытындыларды түйіндеуге болады:
1) халықаралық ғарыш құқығы халықаралық жария құқығының басқа салаларына қарағанда
қысқа уақыт мерзімі ішінде қалыптасты жəне оның негізгі қалыптасу межелерін былайша
белгілеуге болады:
- 1957 жыл – ғарышқа алғашқа жасанды жер серігінің ұшырылуы; 1963 жыл – ғарыш
саласына қатысты БҰҰ шеңберінде алғашқы Декларацияның қабылдануы;
- 1967 жыл – ғарыш саласына арналған кодификациялаушы сипатқа ие алғашқы
халықаралық келісім-шарттың қабылдануы;
- 1979 жыл – қазіргі халықаралық ғарыш құқығының негізін қалайтын басты бес
халықаралық келісім-шарттың соңғысы - Ай мен өзге де аспан денелеріндегі мемлекеттер қызметі
туралы Келісімнің қабылдануы.
Халықаралық теңіз құқығы немесе дипломатиялық құқық сияқты ғасырлар бойы
қалыптасқан халықаралық жария құқықтың басқа салаларына қарағанда халықаралық ғарыш
құқығы не-бəрі жиырма жыл ішінде халықаралық жария құқықтың өз алдына бөлек, дербес саласы
ретінде қабырғасын көтерді;
2) халықаралық ғарыш құқығының сала ретінде қалыптасуында халықаралық келісім-
шарттардың ролі ерекше болды деуге болады, өйткені бұл келісім-шарттар арқылы оның басты
қағидалары мен институттары, нормаларының жүзеге асырылу тетіктері бекітілді жəне əрбір
мұндай келісім-шарттың қабылдануы мен жүзеге асырылуы халықаралық ғарыш құқығының
белгілі бір бағытын əлдеқайда алға жылжытып отырды;
3) халықаралық ғарыш құқығының сала ретінде қалыптасуындағы халықаралық келісім-
шарттардың ролі мен маңыздылығын ескере отырып, болашақта халықаралық жария құқығының
басқа да жаңа салаларының туындауы мен қалыптасуы осындай халықаралық келісім-шарттар
арқылы ғана іске асырыла алады деген жалпылама түрдегі қорытынды жасауға толық негіз бар деп
есептейміз.
Мұндай халықаралық келісім-шарттарға бір ғана талап қойылуы мүмкін деген ойдамыз, ол –
мұндай келісім-шарттың кодификациялаушы сипатқа ие болуы.
ƏДЕБИЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |